Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет1/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a
Қыз-Жібек


Жапбаров Амангелді
Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс
қою икемділігі мен дағдыларын
қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік
негіздері
 
10-кітап
1


Шымкент. 2011 ж.
УДК 378.(075.8): 811.512.122
ББК 74.268.1Қаз
Ж 30
Пікір жазғандар:
1. Ысқақ Б. – Академиялық инновациялық университеті, профессор, 
п.ғ.к., 
2. Жапбарова Г.А. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 
университеті, пед.ғыл, кандидаты. 
Жапбаров А. Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі
мен дағдыларын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері – Шымкент
«ИП Валиев» баспасы. 2011. -249 бет.
ISBN 9965-03-080-4
Бұл монографияда оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен
дағдыларын қалыптастыра оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздері, оның
мақсаты мен мазмұны, сауатты жазу дағдысын қалыптастыра оқыту жүйесі
мен әдістемесі сипатталды. Онда жазудың емлелік икемділік пен
дағдыларының жүйесі, тіл білімдік негізі, жаттықтырудың әдіс –тәсілдері
қарастырылды.
Еңбек педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне,
магистрант, докторанттарға және мектеп мұғалімдері мен зерттеушілерге
арналған.
УДК 378.(075.8): 811.512.122
ББК 74.268.1Қаз
ISBN 9965-03-080-4
Жапбаров А.
2


Кіріспе
Егемендікке қол жеткізіп, еліміздің экономикалық, саяси-
мәдени дамуы бір бағытқа түскеннен кейін, негізгі көңіл
бөлініп отырған мәселе - білім беру. «Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау» болып табылады [1,9]. Демек, білім – қоғамды
әлеуметтік, мәдени-ғылыми дамуды қамтамасыз ететін
ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де, ең жоғарғы
құндылық. 
Білімді халықаралық деңгейге көтеру мақсатында
жүргізіліп жатқан жұмыстар аз емес. Білім беруді дамытудың
2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,
білім беруді дамыту тұжырымдамасы, әр түрлі қаулы-
қарарлар, ағымдық іс-шаралардың барлығының да мақсаты -
білімді де білікті тұлға тәрбиелеу. «Бәрі мектептен
басталады» деген Елбасының жолдауы мектептегі білім беру
ісіне үлкен жауапкершілік, сенім мен үміт артып отырғанын
байқатады [2]. Осыған байланысты Қазақстан
Республикасының «Орта білім беруді дамыту»
тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық
қасиеттерін ашу, оның мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету
арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне,
бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру
үшін жаңа рухани күш беру - білім берудің түпкілікті
мақсаты» [2, 5] екендігі анық айтылған. Сондықтан
мектептегі өтілетін әрбір пән оқушының жеке басының
қасиеттерінің ашылуына, дамуына, қалыптасуына, терең де
сапалы білім алуына мүмкіндік жасалуы тиіс. 
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Білім беру
жүйесінің негізгі және бағдарлы мектеп сатыларындағы
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық-
әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген,
қарым-қатынастың біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің
талаптарына сай іскерліктерді меңгерген дара тұлға
даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп анықталған [3,7]. Ал бұл
мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді белгілейді:
3


« - оқушыларға әдеби тіл нормаларын меңгерту;
-
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру» [3,7]. 
Негізінде, мектеп оқулығында орфографиялық білім,
білік пен дағды беру тіл мәдениеті мен стилистикамен
байланысты қарастырылған. Мәселен, «Тіл мәдениеті:
Ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениеті. Ауызша сөйлеу
мәдениетіндегі орфография қағидалары... », -деп көрсетілген
[3,13]. Ал тыныс белгілерді «Стилистика және пунктуация
қазақ әдеби тілінің стильдері, олардың тілдік ерекшеліктері.
Тыныс белгілерінің түрлері, қызметі», -деп қарастырылған
[3,13]. 
Нақтылағанда, орфография, пунктуация жазбаша
сөйлеуге байланысты қарастырылады. Ал жазбаша сөйлеуді
«Қазақ тілі терминдерінің сапалық ғылыми түсіндірме
сөздігінде»: «Жазбаша сөйлеу – жазбаша мәтіндер арқылы
вербальдық (сөздік) тілдесу», -деп анықталады [4, 84]. 
Дұрыс жазу орфографиялық қағидаларға негізделеді.
Қазақ тілі энциклопедиясында: «Орфография – сөзді бірізді
жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже... . Кейде орфография
кең түрде емле мағынасында қолданылып, тыныс
белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді», -деп нақтыланған
[5, 304].
Бұл пікірлерді негізге алғанда, орфография, пунктуация
сөйлеу әрекетімен байланысты. Ал сөйлесім әрекеті –
белгілі бір ойды, хабарды немесе мәліметті баяндау, яки
екінші біреуге жеткізу арқылы онымен түсіністікке жету
мақсатындағы қатысымдық әрекет. Тілдік қатынасқа
байланысты іске асатын сөйлесім әрекеті бес түрлі
формада жүзеге асады: оқылым, жазылым, тыңдалым,
айтылым, тілдесім [6]. 
Жазылым – тілдік тұлғалардың жүйесіне негізделген,
лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік
ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдардың мазмұны
мен формасын бірдей қамтитын, адамдарды, ұзақ мерзімдегі
қарым-қатынасқа мүмкіндік жасайтын әрекет. Басты шарт -
тілдік нормаларды меңгеру. Демек, оқушылардың тілін
дамыта оқыту үшін орфографиялық және пунктуациялық
білім, біліктілік пен дағдылар жүйелі нормалық түрде
қалыптастырылады. 
Сондықтан болар, жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарында: «Бүгінгі таңда әлі де
толық шешімін таппаған бір мәселе – қазақ тілі пәнінің
орфографиялық нормаларындағы, көптеген ғылыми
терминдердің аталымындағы бірізділіктің жоқтығы. Бұлар тіл
4


білімінде нақты шешілгенде, қазақ тілінің фонетика, лексика
салаларына арнайы тақырыппен енгізілетін болады», - деп,
орфографиядағы лингвистикалық зерттеулердің қажеттігін
көрсетеді [3, 3]. 
Ал мектеп бағдарламасында: «оқушының тіл мәдениетін
қалыптастыру, ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің
талаптарына сай дағдыларын жетілдіру: оқушының
сауаттылығын арттыру, әдеби тіл нормаларын меңгерту», -
деген талап қойылған [7, 4]. 
Тұжырымдағанда, оқушылардың орфографиялық
сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мектептегі ең
өзекті мәселенің бірі ретінде саналады. Жазуда тыныс
белгілерін дұрыс қоя білу-сөйлемді, мәтінді оқуда оны дұрыс
оқи білу - адамның жалпы мәдениеті мен сөйлеу
мәдениетінің көрсеткіші. 
Қазақ тіл білімінде тыныс белгілері жөніндегі алғашқы
ережелерді тұжырымдауда А. Байтұрсыновтың еңбегі басым
болды. Мұнда: «үлкен сызықша (-) жинақтау белгісі,
бытыранды ұғымдарды шоғырландырып, жалқыланған
ұғымдарды жалпыландырып, теңерлік нәрселерді теңеп,
балап айтатын орындарға қойылады», - деп, «Қасқыр-аң, көк
шалғын, ағаш, бұтақ - бәрі жақсы» сияқты мысалдар береді.
Жазу тілінің дамуына байланысты қазір сызықша қойылатын
басқа орындар да бар. Бұл еңбекте сонымен қатар ноқат
(нүкте), үтірлі ноқат, теріс үтір (, ) қос ноқат (:), сұрау, леп
белгісі, көп ноқат, қабат үтір, қос тырнақша (« ») тәрізді
тыныс белгілері және олардың қойылатын орындары
көрсетілген [8,25]. 
Тыныс белгілер және оларды қолдану жөнінде әр
кезеңде С.Жиенбаев, Ә.Хасенов, Ф.Мұсабекова, Р.Сыздықова
сияқты ғалымдардың еңбектері бар. Алғашқы анықтағыш
1957 жылғы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі
ережелерін» басшылыққа алып, 1960 жылы жасалған
болатын. Одан бері ол өңделіп, толықтырылып үшінші рет
басылды. Осылардың өзі-ақ тыныс белгілері мен оқыту
мәселесінің жеке нысан ретінде қарастырылмай, синтаксис
мәселелерімен бірге айтылып жүргендігін байқатады. 
Тұжырымдағанда, оқушылардың орфографиялық
сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру – өзекті мәселенің
бірі. Өйткені қазіргі мектеп оқушыларын оқыту арқылы тілдік
білімнің әрі оқушылардың лингвистикалық дүниетанымының
қалыптасуына, әрі олардың тәжірибелік іскерлік-
дағдыларының базасы ретінде қызмет етуіне негіз қалайды.
Мұның қай-қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық
5


ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын
жетілдіруге, яғни сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты
машықтарын шыңдап, сапалы білім беруге септігін тигізеді. 
Мектептерде оқушылардың сауатын арттыруға мән
беріледі. Өйткені жазу - адамдардың кеңістік пен уақытқа
тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-
қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз
мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық
пен сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-
бірімен жазбаша қарым – қатынас жасауының ең тиімді де
қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып
табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің
негізі мектептен қаланады. Жазудың маңызы туралы ғалым
А.Волков мынадай пікір білдіреді: «Письменная словесность –
важнейший предмет филологического исследования, т. к.
языковая культура сохраняет, воспроизводится и
приумножается главным образом в произведениях
письменности. В условиях современности проблемы письма
выходят далеко за рамки вспомогательных исторических и
филологических дисциплин, изучающих письменные
памятники» [9, 3]. Ал ондай мүмкіндіктің басты жолы – оқыту
үдерісіне жаңаша көзқараспен қарау, яғни берілетін білім
мазмұнын, оны жеткізудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін,
әдістемесін заман талабына сай құру. «Мектептерге дәстүрлі
әдістер мен тәсілдерден гөрі тиімділігі жоғары, жаңа
сападағы дидактикалық құрал қажет. Дүние жүзі педагог-
ғалымдарының пайымдауынша, мұндай құрал болып
оқытудың педагогикалық технологиясы болып табылады. Сол
себепті қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде
құру - педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа,
болашағы мол бағыты болып отыр», - дейді педагогика
ғылымдарының докторы Ж.Қараев [9]. 
Педагогикалық технологияның дүние жүзі педагог-
ғылымдарының мақұлдаған бірден-бір дидактикалық
құралға айналуының басты себебі, оның бағдарланған
нәтижеге құрылуы екендігі даусыз. Өйткені игерілген білім
сапасы нәтижемен өлшенетіні белгілі. Демек, мақсат –
нәтижеге құрылған оқыту технологиясын оқыту үдерісіне
енгізу арқылы оқушының орфографиялық дағдысын яғни
сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру. 
“Тыныс белгілер, пунктуациялар” –айтайын деген ойды
нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу үшін, баяндалмақшы
пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты
белгі. Бұл – тыныс белгінің ең басты қасиеті. Тыныс
6


белгілерін тіл білімінде пунктуация деп те атайды.
Сондықтан сауатты жазудың негізі – емле ережелері. Қазақ
тіліндегі емле ережелері негізінен бір ізге түсіп,
қалыптасқанымен, әлі де қиындық туғызып жүрген
мәселелері аз емес. Солардың бірі тыныс белгілерді дұрыс
қою. Пунктуациялық жинақталған білім беру 9-сыныпта
қарастырылған, бірақ тыныс белгілер туралы білім мен дағды
бастауыш мектептен-ақ берілу талап етілгенімен мектеп
бітірушілердің жұмысында тыныс белгілері бойынша
кемшіліктер кездеседі. Себебі: біріншіден, жазу мен тыныс
белгілерімен емлесін оқытуға байланысты арнайы зерттеу
жұмыстары және әдістемелік құралдар жоқ. Екіншіден,
оқулықта берілген ережелер мәселенің табиғатын толық аша
бермейді. Мысалы, «біріккен сөздер бірігіп жазылады, үтір
сөйлем арасына қойылады» деген ереже оқушы үшін
ешқандай жаңалық емес. Үшіншіден, тыныс белгілер мен
емлеге байланысты оқулықта жаттығу өте аз беріледі және
оның өзі оқушының сауаттылығын қалыптастыратындай
мазмұнда емес. Төртіншіден, мектеп мұғалімдері оқулықпен
шектеліп, емле тыныс белгі туралы ғылыми ізденістерге,
оқытудың тиімді жолдарына, белсенді әдістеріне көп мән
бере бермейді. Сондықтан тыныс белгінің қойылуы бойынша
әлі де шешімін таппаған мәселелер аз емес. Осымен
байланысты бұл еңбектің өзектілігін мына мәселелер
айқындай алады:
-
тыныс белгіні оқытуды ғылым негіздеріне, ғылыми
ізденістерге негіздеу арқылы сөздердің жазылуын ғылыми-
теориялық негіздерін айқындау;
-
тақырыптың әдістемелік негізін оқытудың жаңа
технологиясына негіздеу арқылы әр оқушының өз
мүмкіншілігіне қарай өз бетімен жұмыс істеуіне, ізденуіне,
сауаттылығының қалыптасуында белгілі бір нәтижеге
жетуіне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, интелектуалды-
әрекет деңгейінің дамуына мүмкіндік жасау. 
- Пунктуациялық сауатты жазу әдістемесін жасау. 
Бұл мәселеге байланысты мынадай міндеттер қойылды:
1. Тыныс белгілердің ғылыми-теориялық негіздерін
белгілеу;
2. Пунктуациялық дағдыларын қалыптастырудың
мазмұнын, көлемін және оның жүйесін нақтылау;
3. Пунктуациялық икемділіктері мен дағдылар және
сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. 
4. Оқушылардың пунктуациялық икемділіктері мен
дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау;
7




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет