сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады. Оңашаланған
мүшелер, оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма, одағай) сөйлем
құрамындағы өзге мүшелерден, негізінен, үтір,
сызықша
арқылы ажыратылады. Сондай-ақ жалпылауыш сөз сөйлемнің
біріңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң
қос нүкте қойылады да, ол керісінше келетін болса,
жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады.
Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы сөйлемдегі кейбір
сөздердің, сөйлемнің мағынасына тікелей байланысты.
Мысалы,
Мен оның сөзінен байқаймын
деген сөйлемді
Мәлғұн
шалдың сөздері, байқаймын, Пугачевты ойландырған сияқты
(Пушкин)
деген сөйлеммен салыстыратын болсақ, бірінші
сөйлемдегі
байқаймын сөзі, аңғарамын, білемін деген
мағынада жұмсалып, белгілі бір сөйлем мүшесі (баяндауыш)
қызметін атқарып тұрса, екінші сөйлемдегі байқаймын
сөзінде ондай қасиет жоқ. Бұл -
меніңше, байқауымша,
тәрізді
мәнде қолданылып, оқшау сөздің бірі – қыстырма сөз
қызметінде
жұмсалып тұр, сондықтан оның екі жағынан
бірдей үтір қойылады. Сондай-ақ көп нүкте, тырнақша,
жақша, сұрау, леп белгілері сөйлемнің мағынасына қарай да
қойылады.
Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей
байланысты. Мысалы, жай, құрмалас, сұраулы, лепті
сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілері
интонацияға негізделеді.
Бастауыштан кейін қойылатын
сызықшада интонацияның ролі айрықша көрінеді. Мысалы,
Еменнің иілгені – сынғаны. Көптің ісі – көл
(мақал).
Ол -
Әбіштің туған елінде, аулында ешкімге айтпаған, аша
алмаған сыры (
М. Ә. ). Бірінші, екінші сөйлемдердегі
сызықшылар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе
заттанған есімшеден болғандықтан қойылып тұрса, үшінші
сөйлемдегі сызықша сілтеу есімдігінен болған бастауыш
анықтауышқа ұқсап кетпес үшін қойылып тұр.
Қазақ пунктуациясы – қазақ
тыныс белгілері жөніндегі
ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін
және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады.
Қазақ пунктуациясы грамматикаға, мағынаға және
интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің
грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына
қарап қойылады.
Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі –
тілдің ішкі
заңдылықтарына сүйеніп, сөйлесімді сөйлемдерге,
сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып, жазу
және оларды дұрыс, мәнерлеп,
нақышына келтіріп, оқуға,
13
сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс
түсінуге мүмкіндік жасау. Мәселен, нүкте сөйлеуді
сөйлемдерге саралайды да, аяқталған жай немесе күрделі
ойды білдіреді. Мәселен, егер бір мәтінді алып, төмендегідей
сөйлемдердің ара жігін ажыратпай жазсақ, оқушылар оны
оқығанда, қатты қиналып, тіпті оның мағынасына да түсінбей
қалуы ықтимал:
Достарыңызбен бөлісу: