Жаратылыстану-математика факультеті деканы



бет6/8
Дата18.02.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10337
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәрістің мазмұны


1.Атмосфера ластануының жалпы заңдылығы.

2.Атмосфера ластануының картографиялық қоры.



Мақсаты: атмосфера құбылыстарын картаға түсіру әдісімен танысу.

Тірек сөздер: атмосфералық ластанудың тасымалдау сипаты.

Негізгі сұрақтар: атмосфералық құбылыстар түсінігіне нелер жатады?

1. Экологиялық дағдарыс жағдайында адамзатты қоршаған ортаның динаммикалық сапасы мен жағдайы жөніндегі ақпарат пен қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуде экологиялық картографияның ролі зор болады. Экологиялық картографияның басты міндеті – антропогендік әсерге ұшыраған орта жағдайының сипатын беру болып табылады. Картада берілетін көрсеткіштердің басты қасиеті – оның мазмұнын, уақытын және кеңістікте шоғырлануын көрсету. Осыған байланыстыкарталардағы ақпарат әрқашан бастапқы табиғи ақпараттарға қарағанда аз болып келеді. Сондықтан карталардағы объективті және репрезентативтік нәтижелерді сақтау үшін кейбір ерекшеліктерді қарастыру қажет. Соның ішінде жалпы картографиялық әдістерді алудағы айырмашылықтарды интеграциялау және интерпретациялау, көрсеткіштерді және оларды қолдану ерекшеліктерін картаға түсіретін объектінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді.



Ластанудың атмосферада таралу сипаты ол 1-ден циркуляциялық фактормен анықталады. Ауа ортасының жоғарғы деңгейі қозғалыстағы басқа да табиғи шекараларға қарағанда климаттық шекаралар дәл анықтаумен ерекшелене алмайды. Жер бетінде мұндай шекаралар саны көп емес. Олардың ені ( шамамен бірнеше жүздеген км қамтиды) көптеген поллютанттардың максимальды таралу қашықтығымен салыстыруға болады. Сондықтан климаттық шекаралар геоэкологиялық маңызын анықтайды. Оның ғаламдық деңгейдегі атмосфераның ластануы тұрақты поллютантарға белгілі болады. Мысалы атмосфералық фронттардың ролі Антарктиданың шегінде озон тесігінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Атмосфераның аймақтық және жергілікті ластану ерекшелігі ластану көздерінің орны, параметрі, сонымен қатар олардың төсеніш эелементерінің әсерінен қайта бөлінуі салдарына болады. Ал жалпы циркуляция элементтері жалпы фонды құрайды. Жергілікті циркуляцияға әсер ететін төсеніш беті элементтеріне жер бедері, өсімдік жамылғысы, су айдыны, т.б. жатады. Поллютанттардың жергілікті циркуляция жолына кедергілер (әсіресе төменгі қабаттағы аэрозолдық тасымалдар) төмендегідей жағдайлардан тұрады:

-жергілікті бедердің оң сызықтық пішіні;

- су айдынының жағалауы, бриздік циркуляцияның қалыптасуына әсер етеді;

- орман алқаптарының шекарасы (орман алқаптары бетінің және одан да тыс жерлердегі кедір бұдырлардың дәрежесінің анықталуы).


6 дәріс

Тақырып:Құрлық суының ластануын картографиялау.

Дәрістің мазмұны

1.Құрлық беті суының ластануының жалпы заңдылығы.


2.Құрлық беті суының өзіндік тазаруын картографиялау.

Мақсаты: құрлық суының ластануын картаға түсіру әдісімен танысу.

Тірек сөздер: құрлық беті суының ластануының жалпы заңдылығы, өзіндік тазаруы.

Негізгі сұрақтар: құрлық суының ластануы дегенді қалай түсінесің?

Беткі сулардың өзінен өзі тазаруы сандық және сапалық деңгейде зерттеледі: 1-сі: ірі территориялар бойынша ұсақ және орта масштабтағы жұмыстарға баға беруде қолданылса, 2-сі: ірі масштабта зерттелуіне мүкіндік болады. Ол дәл жағдайды мүмкін болады және мүмкін болатын салдарды болжауға арналады.

Өзін өзі тазартудың сапалық жағын картографиялау параметрі бойынша өзін-өзі тазарту жағдайын анықтайтын су объектілері бөлімі жатады.

-араластыру қарқындылығы

-жаз айларындағы судың температурасы

-ластанушы заттардың қосылған жағдайы.

Өзендегі судың араласу қарқындылығы жер бедерімен, түпкі шөгінділермен,реттеліп отыратын турбуленттік ағынға байланысты болып келеді.Осы жағдайларға байланысты өзендер жазықты, аласа таулы және таулы болып бөлінеді. Оларға судыңәлсіз, орта және күшті араласу қарқындылығы сәйкес келеді. Температуралық сипатына байланысты жазғы айлардағы орташа температураға 3 категория сәйкес келеді. Олар: температурасы 15° С-қа дейін, 15°-20° С және 20° С-тан жоғары. Араласу мен температураның бірігу сипатына байланысты ластанушы заттарды тасымалдануына қарай судың өзін-өзі тазарту жағдайын 4 категорияға бөлуге болады: жайлы, салыстырмалы жайлы, орташа, жайсыз.
7 дәріс

Тақырып:Физикалық ластануды картографиялау.

Дәрістің мазмұны


1.Радиациялық жағдайды картографиялау.

2.Дыбыстық ластануды картографиялау.



Мақсаты: физикалық ластануды картаға түсіру әдісімен танысу.

Тірек сөздер:радиациялық, дыбыстық ластану.

Негізгі сұрақтар: физикалық ластану дегенді қалай түсінесің?

1.Картографиялық семантика пәні шарты белгілерді пайдана отырып бейнелейтін объектілер мен құбылыстардың арақатынасын зерттейді. Сондықтан экологиялық карталардың өзіне тән мазмұны және олардың картографиялық семантика негізінде қарастыратын бейнелеу құбылысын жасақтаудағы әсері мәселелерін қарастырады. Картографиялық семантика картографиялық семиотика ғылымның құрамдас бір бөлімі болып табылады. Ол карталардың тілі болып келетін картаның белгіленуінің мәселелерін жасақтаумен айналысады. Картографиялық семиотиканың басқа да 2 бөлімі бар: картографиялық синтактика – белгілеу жүйесінің тұрғызу және қолдану, олардың құрылымының қасиетін карта тілінің грамматикасын зерттейді, картографиялық прагматика – ақпараттарды беру құралы болып табылатын белгілердің ақпараттық бағасын және олардың картаны қабылдау ерекшеліктерін қарастырады. Олар жалпы картографиялық сипатын береді, бірақ экологиялық картографияның өзіне тән мазмұнының мәселерімен байланысты болмайды.


8 дәріс

Тақырып:Топырақтың ластануын картографиялау.

Дәрістің мазмұны

1.Топырақ ластануының зерттеу міндеті.

2.Экологиялық-геохимиялық түсіріс әдісі.

Мақсаты: топырақтың ластануын картаға түсіру әдісімен танысу.

Тірек сөздер: сынақ алу, аналитикалық өңдеу, нәтиженің интерпретациясы.

Негізгі сұрақтар: топырақтың ластануы дегенді қалай түсінесің?

1.Топырақтың ластануын зерттеу әсіресе кең түрдегі өндірістері дамыған елдерде тарайды. Ластанушы заттартопырақта көп жылдар бойы сақталып отырып, адамдардың денсаулықтарына қауіп туғызады. Ескі өнеркәсіп заттары қоқыс орындарындағы қалған ластаушы заттардың барлығы тұрғын үйлерді салуда және территорияны рекреациялық тұрғыда игеруде түрлі қайшылықтар туғызып отырады. Сондықтан қазіргі кезеңде инженерлік-экологиялық ізденіс жұмысын жүргізу нормативтік құжаттар бойынша міндетті түрде топырақтың ауыр металдармен ластану көрсеткіші, олардың индикациялық маңызы негізінде анықталуы тиіс. Егерде олардың концепциясы фондық көрсеткіштерден аспаса, басқа да ластанушы заттардың түріне зерттеу жүргізілмейді. Топырақтың ластануы 2 жақты зерттеледі:

-жеке экологиялық мәселе ретінде

-жайсыз территорияның жалпы экологиялық индикаторы ретінде.

Топырақтың ластануын жеке экологиялық мәселе ретінде таңдамалы түрде зерттеледі. Мұнда негізінен жоғары кластағы қауіпті заттар болып табылады (радионуклиндер, пестицидтер, т.б.). Мұндай зерттеулер шектеулі аймақтарға ғана жүргізіледі. Олар жоғары дәлдікпен ерекшеленеді (яғни картаның масштабы 1:200 000 – 1:10 000 аралығында болады) және қаіп туғызатын шоғырланған ластаушы заттарды көміп, аластату мақсатында жасалады. Жұмыс аяғынан кейін тазарту үшін 2-ші қайтара бақылау мақсатында зерттеу жүргізіледі. Топырақтың ластануын зерттеу экологиясы жайсыз территорияның жалпы деңгейін салыстырмалы бағалау бағытында жүргізіледі. (экологиялық-геохимиялық түсіріс).Олар ірі және орта масштабта ( 1:200 000 – 1:10 000) және қалалар территориясын, оның кейбір бөліктерін, кейде тұтас аймақтарды қамтиды.
9 дәріс

Тақырып:Геологиялық-геоморофологиялық ластануды картографиялау.

Дәрістің мазмұны

1.Геодинамикалық процестерді картографиялау.



Мақсаты:геологиялық-геоморофологиялық ластануды картаға түсіру әдісімен танысу.

Тірек сөздер: геодинамикалық процестер

Негізгі сұрақтар:геологиялық-геоморофологиялық ластану дегенді қалай түсінесің?

Экологиялық карталарда берілетін құбылыстардың жалпы саны қазіргі кезеңде өсуде және маңызы артуда. Экологиялық картографиядағы негізгі көріністер экологиялық мәселелерге байланысты төмендегідей кластарға бөлінеді. Олар: атмосфералық, су, жер, биологиялық, геолого-геоморфологиялық және кешенді (ландшафтылық). Картада бейнеленетін барлық табиғи және қоғамдық құбылыстар объективті түрде картографиялық көзқарас тұрғысынан кеңістікте шоғырлану сипатына байланысты 5 ірі топқа бөлінеді.

Экологиялық карталарда графикалық бейнелеу құралын қолдану басқа да карталардың жасақталуы сияқты масштабтан тыс белгілер (белгілік, әріптік, сандық) сонымен қатар сызықтық және аудандық болып табылады. Картаның легендасын жасақтаған кезде жоғарыда аталған топтардың көптігі графиканың пішіні, мөлшері, бағытына қарай, бояуына, бояудың түрлілігіне, бейнеленудің ішкі құрылымына қарай белгілер түрінде қолдану арқылы жүзеге асады. Картаға түсірілетін құбылыстардың шоғырлану типіне қарай ақпарттың сипатына (сапалық және сандық) және қолданатын графикалық құралдар картографиялық бейнелеу әдісін құрастырады. Экологиялық картографияда басқа да тақырыптық саларда қолданылатын картогрфиялық бейнелеу әдісін пайдаланады. Олардың ерекшелігі картаға түсірілетін құбылыстардың ерекшелігіне байланысты болып келеді.
10 дәріс

Тақырып:Картографиялаудың биоэкологиялық аспектілері.

Дәрістің мазмұны

1.Биоэкологиялық картографиялау.



Мақсаты: картографиялаудың биоэкологиялық аспектілерімен танысу

Тірек сөздер: биоэкологиялық картографиялау.

Негізгі сұрақтар: биоэкологиялық картографиялау деген не?

Экологиялық-геохимиялық түсініктердің әдістемесі өткен ХХ ғасырдың 80 жылдарында Ресейде жасақталды. Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген рудалы пайдалы қазбаларды барлаудағы ( литологиялық-геохимиялық зерттеулер) және геологиялық түсірістегі құрал-жабдықтармен нормативтік әдістемелерді пайдаланды. Экологиялық-геохимиялық түсірістің құрылыс бөліміне: сынақтар алу, аналитикалық өңдеу, нәтижелерді интерпретациялау және карталарды жасақтау жатады. Сынақ алу 10х10м мөлшердегі алаңда жүргізіледі. Ол «конверт» әдісімен, яғни орталық және әрбір бұрыштардан түрлі үлгілер алу арқылы жасалады. Сынаққа топырақ бетінің жоғарғы 10см-лік беткі қабаты алынады. Ал шымтезекті күлгін топырақтар тараған аймақтарда беті 5см қабатты алады. Осыған байланысты сынақ алудың тығыздығы жұмыстың масштабымен анықталады. Оның саны 1км²аумақта 1-ден 50-100-ге дейін сынақ алынуы тиіс. Сынақ алудың орнын таңдау зерттеудің міндетіне байланысты болады. Тығыз қалалардың құрылыс жағдайында берілген мөлшерде геометриялық дұрыс тор әдісін пайдалану жарамсыз болады. Сондықтан төмендегідей әдіспен сынақ алу ұсынылды:

- қолайлы ұзақ уақыт атмосфералық түсім жиынтығын сақтайтын, қалалардың тұйық және шартты тұйық кеңістікті аулалар алаңы, скверлер мен газондар аймақтағына тән сипаттағы нүктелер;

- қауіпті заттардың жоғары деңгейі жинақталған орындар, өндірістік қалдықтардың болатынын көрсететін рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстар, өткен кезеңде болған және қазіргі уақыттағы қауіпті нысандар;

- адам организміне енуіне мүмкін болатын топырақ бөлшектері бар орындар, (геофагия), яғни мектепке дейінгі мекемелердің ойын алаңы, спорт алаңы, мектеп стадионы, рекреациялық зоналар т.б.
11 дәріс

Тақырып:Кешенді экологиялық картографиялау.

Дәрістің мазмұны

1.Кешенді экологиялық картографиялаудың міндеттері.

2.Экологиялық жағдайдың сапалық бағасы.

Мақсаты: кешенді экологиялық картографиялаудың міндеттерімен танысу.

Тірек сөздер:экологиялық жағдайдың сапалық бағасы.

Негізгі сұрақтар: кешенді экологиялық карта жасаудың маңызы неде?

1.Экологиялық картографиялаудың кешендігіг бір кезеңде төмендегідей көріністерді бейнелей алады:

-географиялық ортадағы (ландшафтағы) табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің арасындағы экологиялық қатынастардың әсерін және дамуын;

-табиғи ортаның техногендік және антропогендік әсерге реакциясын;

-бір-біріне әсері нәтижесінің бағасы, яғни табиғи орта элементтерінің экологиялық жағдайы.

Сондықтан картографиялау объектісі – ол географиялық ортаның қазіргі, өткен (белгілі бір уақыттағы) немесе болашақтағы жағдайы. Кешенді экологиялық картографиялаудың негізі күрделілігінің бірі – ескерілетін көптеген сипатталардың байланысы болып табылады. Бұл жағдайда кешенді экологиялық картографиялау бірде бір тақырыптық саламен (геологиялық, топырақ, әлеуметтік-экономикалық, және т.б. картографиялаумен), тіпті тұтас тұтас картографиялаумен салыстыруға болмайды. Кешенді экологиялық картографиялаудың практикалық міндеттерін түрлі атластар және бір біріне байланысты экологиялық мазмұндағы немесе бөлек кешенді карталар тұрғызу жолдары арқылы шешеді. Атластар мен карталар серияларында ортаның жекелеген компоненттерін сипаттайтын карталар басым болып келеді. Атластық картографиялаудың кешенді зерттеуінің нәтижесіне сүйене отырып, территорияның экологиялық жағдайын терең, жан-жақты сипаттайды. Бірақ жан-жақты сипаттауға кіретін салыстырмалы бағалаудағы қоғамның және практикалық жағын бөлек тұжырымдау карталарында беріледі. Сондықтан кешенді экологиялық картографиялау ерекшеліктерін толық жан-жақты ашу кешенді экологиялық карталарды жасақтау арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазіргі уақытта кешенді экологиялық картографиялаудың 3 түрі бар:

-инвентаризациялық;

-инвентаризациялық-бағалау;

-кешенді –бағалау.


12 дәріс

Тақырып: Қолданбалы экологиялық картографиялау және экологиялық карталарды қолдану.

Дәрістің мазмұны

1.Қаржыландыру негізіндегі экологиялық картографиялау.



Мақсаты: қолданбалы экологиялық картографиялаудың міндеттерімен танысу.

Тірек сөздер:экологиялық карта.

Негізгі сұрақтар:қолданбалы экологиялық карта жасаудың маңызы неде?

1.Геологиялық-геоморфологиялық ластануды картографиялау табиғи-техногендік жаңарған және сыртқы, ішкі литогендік, және геодинамикалық-техногендік процестердің аралық шекарасының толық айқын болмауының күрделі себептерінен жеке ғылыми бағыт болып жасақталмаған. Практикалық бағыты тұрғысынан картографиялаудың пайда болуына қарағанда процестердің сипаты және оның нәтижесі маңыздырақ болып келеді.

Геологиялық-геоморфологиялық ластануды картографиялаудың жасақталуына жер қойнауын және бетін зерттеу процесіндегі практикалық жұмыстарды жүргізгенде пәнаралық байланыстардың болмауы кедергі келтіруде, бірақ кейбір пәндермен тығыз байланыста болады. Мысалы: геоморфогендік изостазия және геоэкологиялық жағдайлардың тектоникалық құбылысы жағын анықтап бейнелегенде байқалады. Құбылыстардың ішкі біртұтастығы ол түрлі көріністердің бір-бірімен тығыз байланысын береді. Оның құрылымының шағын көрсеткіштерін жоққа шығармайды. Бұл жағдайда элементтердің құрылымы болып төмендегілер жатады:


  • литолгиялық-геодинамикалық процестер: (әрі қарай көп баспалдақты бөлімдерімен),

  • геодинамикалық процестерінің заттық нәтижесі (жинақтар, сұйық және қатты кірмелер, тұтас тау жыныстарының бұзылуы)

  • геологиялық-геоморфологиялық ластанудың сыртқы әсері (салдары). Геологиялық-геоморфологиялық ластанудың барлық көрсеткіштері картографиялаудың басты мәселелері, соның ішінде антропогендік әсерлерді бөлектеу.

13 дәріс



Тақырып:Қоршаған ортаны бағалау әсері - картографиялаудың құрамдас бөлігі.

Дәрістің мазмұны

1. Қоршаған ортаны бағалау әсері - картографиялаудың құрамдас бөлігі.



Мақсаты: қоршаған ортаны бағалау әсерінің маңызын анықтау.

Тірек сөздер:қоршаған орта

Негізгі сұрақтар:қоршаған ортаны бағалаудың әсері қандай?

Қазіргі геолинамикалық процестерді картографиялаудың практикалық мәселелері табиғи және техногендік құрылымдарға бөлмеу арқылы шешіледі. Қарқындылықты және нәтиженің даму процесін картографиялау арнайы жасақталған классификация негізінде жүргізіледі, яғни бейнелеу көрсеткіштері мен әдістері көріністерінің әр уақыт аралығындағы жағдайын көрсету арқылы беріледі, яғни сапалық және сандық деңгейдегі зерттеу негізінде жүргізіледі. Сапалық картографиялауға процестердің жүру фактілері, оның шоғырлануы және қарқындылығын балдық тұрғыда бағалау кіреді. Қазіргі геодинамикалық процестер жер бедерін, топырақты, өсімдікті, беткі және жер асты суларын қарастырады. Геокомпоненттердің әрбір өзгерісін дешифрлеу (анықтау) белгісі ретінде қарасытрады. Сондықтан геодинамикалық процестердің шоғырлануын және олардың санын анықтауда әртүрлі спектральдық диапазондағы қашықтарды зондтау әдісін қолдану тиімді болады. Дешифрлеу белгілері геодинамикалық процестердің мазмұны мен және олардың сыртқы көріністері – фотобейнелер арқылы беріледі де, олар жергілікті және аймақтық таралу сипатына ие болады. Сондықтан геодинамикалық процестерді картографиялаудың жалпы қабылданған әдісіне дешифрлеу белгілерін және келесі камеральдық жағдайда толық, тұтас анықтау мақсатында басты негізгі (ключевые) телімденуге түсірілген материалдарды толық дешифрлеуде таңдап алынады.


14 дәріс

Тақырып:Кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілері.

Дәрістің мазмұны

1. Кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілері.



Мақсаты: кадастрлік картографиялаудың экологиялық аспектілерімен танысу

Тірек сөздер:кадастр

Негізгі сұрақтар: кадастрлік картографиялаудың экологиялық маңызы қандай?

Техногендік негізгі процестерді анықтауда, сонымен қатар әр кезеңде түсірілген суреттерді салыстыру, олардың динамикалық сипаты септігін тигізеді. Контурды дешифрлеу 2 және одан да көп бірдей процестер сипаты арқылы беріледі. Геодинамикалық процестердің сапалық жағын картографиялауды 2 тұрғыда жүргізуге болады:

-дешифрленген контурдың сипаты (процестер тізімі, олардың ішінен бастысын бөлу, қарқындылықты бағалау).

-процестердің көріну контурын бақылау, кей уақытта белсенді жүрген телімденуді бөлу.

Бірінші тұрғыда кешенді зерттеу міндетімен зерттеледі, екіншісінде 1 немесе бірнеше процестерді зерттегенде арнаулы жұмыстарды орындауды алға қояды. Контурлар бойынша картографиялауда көп қолданатын әдістердің бірі – түрлі түсті әдіс, процестердің көрінісін, контурын бақылауда ареалдық әдісті қолданады. Сандық картографиялауда белгілі бір уақыт аралығындағы процестердің көрінуін, шын мәнін өлшеуге сүйенеді. Геодинамикалық поцестерді сандық әдіспен сипаттауда қолданылған аппаратураның техникалық деңгейіне байланысты қарапайым, орта және күрделі болып бөлінеді. Осыған байланысты алғанда территорияның үздіксіз картографиялауға негізінен зерттегенде қолданатын сандар басым болады. Өте сирек жағдайда өзен бассейніндегі эрозиялық-аккумуляциялық процестерді зерттеуге арналған кешенді процестер алынады. Олардың қарқындылық сипаты ретінде төмендегі жағдайлар қызмет етеді:

-шайынды материалдардың көлемі (жыралар мен денудациялық кемерлердің (уступ) жоғарғы бөлігінің өсуін қадағалау жолымен тегіс шайындыларды зерттеудегі шпилек әдісімен анықтау).

-жаңа пайда болған шөгінділердің қалыңдығы және көлемі (бұл тоғандағы, өзен арнасындағы, жайылмаларда және жасалынған шұңқырларда пайда болған ил шөгінділердің жиналуы арқылы анықталады).

-қалдықты гумустың болуы (топырақты зерттеу нәтижесі арқылы анықталады).

Нәтижелерді салыстырғандағы басты жағдай- белгілі бір уақыт аралығында нормаларға сәйкес келетін сандық сипаттамалар арқылы анықталады. Мысалы: жылдамдығы т/км² қатты ағын модулін алуға болады.

Геодинамикалық процестердің дамуын және қарқындылығы фактілері жөніндегі эмпирикалық деректердің ірі көлемдері арқылыоларды болжауға мүмкіндік береді. Осы негізде топырақ эрозиясы теңдеуінің пайдалануы кең түрде болады. Олар шайынды аудандардың белгілі бір уақыт бірліктерімен қатар климатологиялық, геоморфологиялық топырақтың және агрономиялық сипатымен байланысады.Мұндай теңдеулер топырақ дефляциясын сипаттауда да қолданады. Геодинамикалық процестердің сандық болжамы картографияны жасақтауда бастамасында фактілер карталар серияларын құрастырады.


15 дәріс

Тақырып:Ластануды географиялық талдау.

Дәрістің мазмұны

1.Ластануды географиялық талдаудың міндеттері.



Мақсаты: ластануды географиялық талдау әдістерімен танысу.

Тірек сөздер:кадастр

Негізгі сұрақтар:ластанудың географияға тигізетін әсері қандай?

Атмосфералық ауаның экологиялық жағдайы тұтас жүйелер көрсеткіштерімен анықталады. Олар өндірістік және транспорттық ластанушы көздерден атмосфераға түсетін заттардың әсерінен ауаның түрлі заттарымен қосындылардан ластану дәрежесін бағалауға негізделген. Ауаның ластануы төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады.



  • ауадағы қоспаның орташа концентрациясы ( )

- толық емес деректерде немесе алаң аспанынан алынып бақыланған ауа қоспасының ең жоғарғы концентрациясы, яғни бақылау саны n < 200;

- осы қоспадағы концентрацияның ПДК-дан жоғарғы %-тік қайталануы;

- 5 ПДК-дан жоғары қайталануы

- 10 ПДК-дан жоғары концентрацияның қайталану саны.

Ауаның ластану дәрежесі ауаның ластану индексі арқылы ПДК-дан жоғары көрсеткіштерінің пайдалануы бойынша анықталады. ПДК-дан жоғары қайталануы ластанушы заттардың шектеулі концентрациясының гигиеналық нормалары, қауіпті заттардың класын ескеру, ПДК-ның жоғарлау жиілігі және ауаны ластауға биологиялық әсерлер қосындысы әсер етеді. ПДК – бұл адамдарға және оның ұрпақтарына тікелей немесе жанама түрде залаларды әсер ететін ластаушы заттардың концентрациясы болып табылады. ПДК 50-ден жоғары заттарға анықталған ( максимальды 1 рет және орташа тәуліктегі мг/м³). Бір затқа арналған атмосфераның ластану индексінің есебі төмендегідей формула бойынша есептеледі.
6.ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ.



Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұыны

апта

әдебиет

1

2


3

4


5
6

7

8


9

10



11

12

13



14

15



Экологиялық картографиядағы квалиметрия әдістерімен принциптері.


Экологиялық картография көздері.

Экологиялық карталардың ландшафтылық негізі.


Картографиялық бейнелеу әдістері.

Атмосфераның ластану қорын картографиялау.

Беткі сулардың ластануын картографиялау әдісі.


Топырақтың ауыр металдармен ластану картасы.

Экологиялық-геохимиялық карталарды құрастыру.
Мұнай өндіруші ауданның экологиялық-геоморфологиялық картасы.
Медико-географиялық картографиялау.

Кешенді экологиялық карта.


Далалық инженерлі-экологиялық зерттеулер.
Орманның экологиялық жағдайын бағалау картасы.
Атмосфераның ластану картасы.


Ландшафт және экологиялық жағдай.


1-тапсырма: Экологиялық картографиядағы Г.Г.Азгальдов пен Э.П.Райхманов ұсынған квалиметрия принциптерін талдау.


2-тапсырма: Экологиялық картографиядағы квалиметрия әдістері ұғымын анықтау, оның құндылық, эксперттік, ықтималдық, аралас түрлеріне анықтама беру.

1-тапсырма: Мекемелер (ведомствалық) бойынша ақпараттық көздерді классификациялау.

1.Мемлекеттік органдар.

2.Ғылыми мекемелер.

3.Коммерциялық ұйымдар.

4.Коммерциялық емес ұйымдар.

1-тапсырма: Қазақстанның ландшафтылық картасын пайдалана отырып, табиғи орта ластану картасының фрагментін жасақтау.


1.Тақырыптық экологиялық карта легендасымен танысып, картографиялық бейнелеу әдістеріне талдау жасап, анықтау.

2.Картада бейнеленген құбылыспен картографиялық бейнелеу әдістерінің сәйкестілік дәрежесін анықтау.

3.Сараптама және бағалау нәтижелерін кесте түрінде толтыру.

1.Метеостанция бақылау мәліметтері бойынша бір жыл аралығындағы атмосфераның ластану қорын есептеу. Есептеу нәтижелерін таблица түрінде толтыру.

1. Статистикалық материалдар негізінде ірі масштабты картаны пайдаланып беткі судың сапасын анықтау әдісін меңгеру.


1.Ірі өнеркәсіпті қаладағы топырақтың ауыр металдармен ластану картасын тұрғызу.

1. Ластану көздеріне қарай экологиялық-геохимиялық карталарды құрастыру әдісімен танысу.

1.Беткі шөгінділердің геологиялық стратиграфиялық кешенін, морфоструктура элементін пайдаланып карта тұрғызу.

1.Ортаның абиотикалық факторын медико-географиялық тұрғыдан картографиялау әдісімен танысу.

2.Ортаның биотикалық факторын медико-географиялық тұрғыдан картографиялау әдісімен танысу.

1.Атмосфераның, судың, жердің ластануы жөніндегі мәліметтерді пайдаланып кешенді экологиялық картаны тұрғызу.


1.Маршруттық геоэкологиялық зерттеу әдісімен танысу.

2.Экологиялық-гидрологиялық, газгеохимиялық, топырақ, зиянды заттар әсері, өсімдік жамылғысын зерттеу әдістермен танысу.

1.Ағаш түрлері және олардың таралу контурын картаға түсіру.
1.Өнеркәсіпті аймақтың атмосфералық ластануының экологиялық жағдайды бағалау картасын тұрғызу.
1.Ірі аймақтың салыстырмалы картасын құрастыру.


1

2


3

4


5
6

7


8

9

10



11

12

13



14

15


1

1


1

1


1
1

1


1

1

1



1

1

1



1

1



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет