Жаратылыстану-математика



бет5/6
Дата29.01.2017
өлшемі0,89 Mb.
#8173
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1.Ломброзо теориясы адамгершілікке жата ма, әлде адамға қарсы ма?

2.Ғылыми тәжірибен үшін балаларды мысалы бала бақшадағы балаларды пайдалануға бола ма?

Әдебиеттер:

1.Костюк В.М. Методология научного исследования. Киев, Одесса, Высшая школа, 1976, 180 с.

2.Малиновский А.А. Биология человека. М.: Знание, 1983 (сер.»Биология», №8) с.33-36.
10,11 лабороториялық сабақ.

Тақырыбы:Жаратылыстық–ғылыми зерттеудің методологиясы. (Жаратылыстанудың әдістері).
Теориялық бөлім.

Ғылыми танымның әдестеріне сәйкес ғылыми зерттеу жүргізу бірнеше кезеңдерден тұрады. Оның ішінде зерттеу объектісі мен зерттеу әдісін таңдау, тәжиребелер жүргізіп және оның алғашқы нәтижелерін өңдеу, оларды талдап жүргізілген зерттеу жұмысынан қортынды шығару немесе синтездеу. Сырт көзбен бір қарағанда әрбір көрсетілген кезеңнің тұжырымдары (формулировка) қарапайым болып көрінгенмен нақтылы іске асыру көптеген қиындықтар туғызады да зерттеушіден үлкен өнер мен жоғары дәрежелі білімділікті қажет етеді. Тіпті бұл көрсетілеген сапалардың өзі де зерттеудің тез нәтижесін бере қоймайды, ол кейде көптеген, тіпті кейде ондаған жылдарға созылады. Өз кезегінде зерттеу нәтижесінде ашылған жаңалықтар көп жағдайда жаңа ғылыми сұрақтарды туғызады, ол ғылыми мәселені қайта тұжырымдауды (кейде тіпті мәселені түгел қайта қарауды) талап етеді. Ол жаңа ғылыми жұмысты жұргізуге әкеледі. Ғылым мен әлемді танып білу қаблеті бар ғалымдар барда осылай жалғаса береді, барлық уақытта да осылай бере береді.


Жұмыстың барысы:

Ескерту. Бұл жұмыс откен жұмыс тақырыбының жалғасы және сол сияқты алға мақсат қою әдісімен өткізіледі.

1. Қылмыстық құқықтың антропологиялық мектебінің (АШУП) көптеген қылмыскерлердің шежірсіне (родословной) жасаған байқауларының нәтижелерін талдаңыз. Бір типтегі қылмыс жасағандарды зерттеу нәтижесінде олар тұқым қуалаған ұрылар, жезөкшелер мен бандиттер және тағы басқалардың түгел династиясын анықтаған. Бұл нәтижелер Ломброзо теориясының ақиқат екенін дәлелдей ме? Ломброзо теориясын қолдаушылардың тектік (генеалогический) зерттеулерінің нәтижесін осы заманғы генетиканың көзқарасымен карастырған биология ғылымдарының докторы Александр Алексндрович Малиновкийдің дәлелдерін талдаңыздар.

1973 жылы ол былай деп жазған:

Бұл пікірді оқығаннан кейін;

«При этом забывается, что сын преступника имеет только половину наследственных задатков отца или матери, внук и племянник – 1/8, правнук – всего 1/16 и т.д. предположим, что преступность наследуется одним или двумя генами, но даже и тогда, чтобы поддержать в семье преступные задатки, необходим приток «преступных» генов извне. А это означало бы, что подобные гены не уникальны и не специфичны для данной семьи, а широко распространены. В действительности же дело не в существовании ка-ких-то генов, а в воспитании. Как в средние века путем обучения и воспитания передавались специальности от отца к сыну (независимо от его склонностей), так и в преступной среде существует определенная преемственность».

2. Қылмыстық тәртіпке тәрбиенің сонымен қатар әлеуметтік жағдайлардың әсерін ескермейтіндей етіп, қалайша зерттеу жүргізуге болатынын ойластырыңыз. Қолайлы әдістердің бірі-« егіздік әдіс». Қылмыстық құқықтың антропологиялық мектебінің (АШУП) өкілдерінің ойлары бойынша бұл әдіспен алынған нәтижелер Ломброзо теориясының дұрыстығын сөзсіз дәлелдейді деп есептейді. Егіздердің арасындағы қылмысты зерттегенде бір жұмырытқадан пайда болған егіздер арасында, екі жұмырытқадан пайда болғандардан қылмыс 2-3 рет жиі болған. Егіздерге тәрбие мен әлеуметтік жағдай екі жағдайда да бірдей болады, демек қылмыстың бұл егіздерде (бір жұмыртқадан пайда болғандар мен екі жұмыртқадан пайда болғандарда) әр түрлі көрніс беруі биологиялық себептерге байланысты. Дәлірек айтқанда, тектік жағынан біріншісінде бағыныштылық екіншісіне қарағанда басымырақ.

Бірақ ғылыми қарсы шығушылар (оппоненты) бұл келтірілеген дәлелдерге қарсылық жасап, өздерінің тәрбие мен әлеуметтік жағдайлар арқылы тәжірибеден алған нәтижелерін қарсы қояды. Егіздер арасындағы айырмашылықтарды олардың мінезінен іздеу керек, ойткені оларға тәрбие мен әлеуметтік жағдайдың әсері бердей болатындығы белгілі. Бір жұмыртқадан пайда болған егіздердің мінезі ұқсас, сондықтан дұрыс берілмеген тәрбие мен қылмыстық ортаның әсері оларға көбірек әсер етеді. Екі жұмыртқадан пайда болған егіздердің көбіне мінездері әртүрлі болады, сондықтан қарастырылған жағдайлардың оларға бірдей әсері болмауы мүмкін (қылмыстық жағдайдың). Қарастырылған дәлелдер бірдей нәрсеге жасалған тәжірибелердің өзі әртүрлі талқыланатынын көрсетіп, маңызды методологиялық заңдылықты дәлелдеп отыр. Сондықтан әр түрлі жағдайда зерттеуді көп рет қайталап жүргізіп, қортындының нақтылық дәрежесін айқынрақ дәлелдеу керек болдады.


  1. Көптеген жағдайларда тәжірибелердің нәтижесі бір жақты бола бермейді. Сондықтан нәтижеге қортындысы мүмкін болатын жағдайды көрсеткен сипатта болуы да мүмкін. Осыған байланысты тәжірибе арқылы алынған мәліметердің нақтылық нәтижесіне баға беру үшін арнайы сандық әдіс ойластырылған. Осындай бір әдіс математикалық статистика мен салыстырмалы теориясына қарасты алынған бөліктердің (жиіліктердің) арасындағы айырмашылықтардың дәлдігін бағалау деп аталады. Ол біздің мақсатымызды орындауға көбірек қолайлы.

Нағыз қылмыскердің (сотталғандар) тобы санында n1 арасында, талдау жасалатын белгі жеке адамдарда (индивидов) m1-де санын көрінеді.

Ал бақылау жасау үшін алынған топта n2 , осы белгі m2, адамда көрінеді. Қарастырылып отырған белгінің f 1 мен f2- нің әрбір топта кездесу жиілігі мен бұл белгінің кездесуінің жалпы жиілігін f –ті табу керек.

F 1= m1/n1; f2= m2/n2; f = m1+ m 2/ n 1+ n2

Ломброзо болжамын тексеру үшін, қалай етіп тиімді бақылау тобын таңдап алу керектігін ойлаңыздар.

Бұдаң соң айырмашылықты көрсететін шаманы td –ны мына формула бойынша td= (f1- f2) V n 1 n2/ f(1- f)( n 1+ n2) есептеп шығару керек және мұны қалыпты сәйкес дәлдіктің үш көрсеткішінің b мағынасымен салыстыру (95%; 99%; 99,9%) қажет.

Ескерту. Математикалық статистикада дәлдіктің белгісі ретінде Р (Р=1- β), қолданады, ол салыстырмалы бірлік арқылы дәлдік дәрежесін көрсетудегі қатенің мүмкіндігін көрсетеді.


Р≤

(β≥)


0,10

(0,90)


0,05

(0,95)


0,02

(0,98)



0,01

(0,99)



0,002

(0,998)


0,001

(0,999)



tр

1,645

1,960

2,326

2,576

3,09

3,291

Өздерін алған мәліметтермен td коэффициентін есептеп, оны кестеде берілегн tр –мен салыстырыңыздар. Егер td≥tр болса, онда талдап отырған белгінің қайталану жиілігіндегі айырмашылықтың зерттеліп отырған топта, бақылауға алынған топпен салыстырғанда дәлдігін көрсетеді.

Мұнда міндетті түрде алынған мәнді (критерий значимости) көрсету керек (оның қалыпты мәні кестеде көрсетілген). Мәнді белгі Р>0,05 бола, нәтиже дәл емес, зерттеуді дәлірек қайта жүргізу немесе тұжырымдалған болжамнан бас тарту керек.

4. Жоғарда сипаттталған жолмен бірден артық бірнеше (екі, үш т.б. с.с.) белгілердің қайталану жиілігін талдауға бола ма, сұраққа жауап беріңіздер?

Жиынтық белгілерді қарастырған тәжірибеден, бір белгіні қарастырғандағымен саластырғанда қандай нәтиже күтуге болады? Жауаптарыңызды негіздеңіздер.


  1. 1965 жылы Шотландияда жасалған ғылыми бақылаудың нәтижесіне талдау жасаңыз. Ақылы айқын кеміс кісі өлтірушілер арасында қалыптыдан ауытқыған хромосомдардың ХYY қайталану жиілігі 3,5%, ол заңды сыйлайтын ақылы дұрыс адамдар арасындағылардан әлде қайда жоғары (бұл адамдарда ол 0,1-0,2%). Бұл және де осыған сәйкес тәжірибелер басқа да елдерде де жүргізілгенде нәтижелері ұқсас болып шыққан. Бұл Ломброзо теориясының адам денесінің сыртқы белгілеріне қарап бағаламай, фундаментальды тектік көқараспен дәлелдей ме?


Түйін.

Методологиялық дұрыс жоспарланып және тиянақты жүргізілген ғылыми жұмыс, көп жағдайда ғылымның алдына қойған міндетін шешуге мүмкіндік береді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Егер зерттелетін жағдай тек сапалық жағынан ғана көрінбей, сонымен қатар сандық басқыштаушылықты (градация) көрсетсе, жоғарыда қарастырылғандай зерттеу жұмысын жүргізуге бола ма?

  2. Егер тәжірибе жүзінде дәлелденген нәтижелер болмаса, тәртібіндегі туғаннан қылмысқа бейімділік болады деген болжамды түпкілікті жоққа шығаруға бола ма? Жауабыңыздыды түсіндіріңіз.

  3. Қылмыстық тәртіптің биологиялық жағын ескермей, оны әлеуметтік және психология-педагогикалық жағынан ғана қарастырып зерттеуге бола ма?

Әдебиеттер:

  1. Генетика и наследственность /Под ред.Е.А.Яновской/ Пер.с фр. М.: Мир, 1987. С.191-193, 244-247.

  2. Малиновский А.А. Биология человека. М.: Знание, 1983 (сер. «Биология», №8). С.33-36.

  3. Венчиков А.И., Венчиков В.Д. Основные приемы статистической обработки результатов наблюдений в области физиологии. М.: Медицина, 1974. С.52-59.

12,13 лабороториялық сабақ.



Тақырыбы:Жеке адам организміндегі ырғақтылықты зерттеп тану.
Теориялық бөлім.

Осы заманғы жаратылыстанудың тұжырымдарына сәйкес табиғаттағы барлық құбылыстар белгілі бір ырғақтылыққа бағынады. Бірақ қазіргі кездегі ғылымның мүмкіндіктері барлық уақытта бірдей көрсетілген ырғақтылықты тіркей алмайды. Тіркегеннің өзінде бұл ырғақтылықтың түзілу механизімін және оны ұстап тұрған жағдайды барлық уақытта аша алмайды. Толық себептері қазіргі уақытта белгісіз табиғи ырғақтылықты «автоматты ырғақтылық» немесе автоырғақтылық деген жалпы атқа біріктіреді.

Бұлардың ішінде бәрінен де көп қолданбалы маңызы бары биологиялық автоматтық ырғақтылық немесе тірі организмдер автоырғақтылық. Соның ішінде бірінші орында адам организміндегі ырғақтылық. Мұндай ырғақтылықтың бар екеніндігін көрсететін әдістердің біреуі «жеке дара минуттарды» (ЖМ) есептеуге негізделген тәсіл.(подход). Бұл тәсіл ғылымда және практикада (көбіне өндірістік әрекеттерді жүргізуші адамдарды-операторларды оқытқанда, төтенше қолайсыз жағдайларға мінез-құлықты тәрбиелеу т.б.) кеңінен пайдаланылады. ЖМ-сағатты пайдаланбай астрономиялық уақыттың минуттарын өз пікірінше шығару (субъективное отсчитывание).
Жұмыстың барысы:

Ескерту: Жұмысты орындау үшін студенттер жұптарға бөлініп, әрбір жұп бөлек жұмыс істейді. Зерттеуді жүргізу үшін әрбір студенттер жұбына секундты көрсететін стрелкасы бар сағат, не секунд өлшеуіш қажет.

1. ЖМ-ды санамай және кедергісіз анықтау.

Ол үшін студенттердің әрбір жұбы, сағаты алдарына қойып, секундтың стрелкасының қозғалысын 0,25-0,5 минут тиянақты, мұқият бақылап отырады. Бұдан соң жұптағы бір студент сағатты алып қасындағы жолдасына көрсетпей қарап отырады. Сағатқа қарап отырған студенттің берген белгісі бойынша, қасындағы бірінші студент сезім арқылы «ішкі уақытты қабылдай бастайды» (интуитивно «воспринимать внутреннее время») бірақ ішінен санамайды. Ол бір минут (60 секунд) болды-ау деген кезде, қасындағы сағатқа қарап отырған студентке айтады. Ол сағатпен салыстырып студент айтқан нақты уақытты жазып қояды. Бұл «ЖМ-санамай және кедергісіз анықтау» болады. Нәтижені бірінші студентке айтпайды. Бұдан соң да тәжірибе екі рет қайталанады, сосын үш тәжірибенің орташасы шығарылады, нәтиже 1 секундқа дейін дөңгелектенеді. Бұл шығарылған қортынды да тәжірибе жасап отырған студентке белгісіз қалуы керек.

2. ЖМ-есептеу арқылы, кедергісіз анықтау.

Бірінші кезеңдегіден айырмашылығы, сағаттың секундтық стрелкасына қарап отырып, өзі ішінен санап отырады. Оның санауы сағаттың 1 секундымен сәйкес келуі міндетті емес, ол студенттің өзіне қолайлы ырғақтылықпен саналады. Мысалға, 10 секундта – 17 санауы және т.с.с. Осылай студент көрсеткен көрсеткішті өзінің жауабындағы екінші студент бұған айтпай жазып отырып, үш рет жасалған тәжірибенің қосындысын шығарып, оны үшке бөліп, тағы да орташа көрсеткішін шығарады. Нәтижесін айтпайды.

3.ЖМ-санамай, бірақ кедергімен анықтау.

Біріншіден айырмашылығы үнемі кедергі-кесел болады. Кедергі ретінде сөйлеп тұрған радионы, сылдырмақ ойыншықты немесе оқытушы ойды бөлетіндей бір нәрсені оқуын пайдалануға болады. Екінші студент үш нәтижені алып оның қортындысын айтпай орташа мәнін есептеп шығарады.


  1. ЖМ-есептеу және кедергі арқылы анықтау.

Бұл кезең дәл жоғарыдағы кезеңдердей орындалады. Осы төрт кезеңді аяқтаған соң тәжірибеден өткен студентке нәтижелері айтылады, ол оны өзінің дәптеріне жазып алады.

Бұдан соң



  1. Тәжірибе жасалған студентпен нәтижелерін жазып отырған студент орындарын ауыстырады. 1-4 кезеңдерді түгел жасап болғаннан кейін, екінші студентке де оның нәтижелері жарияланады.

  2. Өздеріңіздің ДМ-тарыңыздың төрт жағдайдағы нәтижелерін график түрінде көрсетіңіз. Нәтиженің мүмкін болуы мүмкін бір нұсқасының графигінің үлгісі төмендегідей

  1. Өздеріңнің нәтижелеріңізді талдап, қортынды шығарыңыздар.

ЕСКЕРТУ: Тәжірибе көрнекілік жағдайда өтетіндіктен, қортындысы шамамен алынған мәнге ие болады, сондықтан бұл негізінен оқу мақсатына пайдаланылады.
Қортынды шығарғанда төмендегі жағдайларды басшылыққа алыңыздар.

А. Егер барлық көрсеткіштер 80 секундтан артық болса, сіздің организміңіздегі жүйке-психологиялық және физиологиялық-химиялық процесстер өте баяу-тежелген.

Б. Егер барлық нәтиже 40 секундтан аспаса, сіздің айқын көрінетін қызбалығыңызды, ішкі дүниеңіздің үнемі абыржыған (ашу кернеген) күйде болатынын көрсетеді.

В. Егер барлық нәтижелер 60 секундтан 5 секундтан артық-кем ауытқымаса (мінсіз жағдай -1-2 с), онда сіздің жүйкедегі процестеріңіз бірқалыпты, организміңіздегі биохимиялық және физиологиялық құбылыстар жақсы бірқалыпта (сбалансирован).

Г. Егер ДМ-дың есептеп отырғандағы нәтижесі есептеп отырмағаннан көп айырмашылығы болмаса, ол ішкі ұйымдасқандық ойды әдейі қадалып көңіл аударғанда жоғарылайтындығын көрсетеді. Мұндай жағдай көптеген адамдарда болады. Бұл жағдайға қарама-қарсы жағдай сыртқы әдейі жасалған шарттқа көңіл бөлмейтін, өз ісіне берілген адамдарға тән.

Д. ДМ-дың кедергімен нәтижесі, кедергісізден төмен.

Бұл «кедергімен» деген атынан-ақ көрінуге тиіс нәтиже. Бірақ кедергімен жасалған тәжірибеден алынған нәтиже жоғары, жақсы болса бұл еркі күшті адам деген сөз. Ол адам төтенше қолайсыз жағдайларда өзін жинақтап алып, осы арқылы ол өте жақсы, қалаған нәтижесіне жете алатын адам.
Түйін

ДМ-ды анықтау организмде автоматтықырғақтылықтың барлығын анықтау үшін ғана әсерлі әдіс емес, ол сонымен қатар әркімнің өз организмінің биологиялық және психологиялық ұйымдасқандығын білу үшінде әсерлі әдіс.



Бақылау сұрақтары:

1.Адамдағы автоматтықырғақтылық тәуліктегі уақытқа немесе жыл мезгілдеріне байланысты өзгеруі мүмкін бе?

2.Егер студентке әрбір есептеу соңында нәтижесін айтса, қортындының өзгеруі мүмкін бе ?

Әдебиеттер:

1.Ягодинский В.Н. Ритм, ритм, ритм. М.:Знание, 1985. С.73-101.

2.Циклические процессы в природе и обществе. Ставрополь: Изд-во Ставропольского ун-та, 1993. С.195-263.
14,15 лабораториялық сабақ.

Тақырыбы: Жеке адамдағы автоматтық ырғақтылықты анықтау. (Биологиялық ырғақтылық)
Теориялық бөлім.

ХХ ғасырдың басында австрия писхологі Герман Свобода (1873-1963) және неміс дәрігері Вильгельм Флисс (1859-1928) ауруханадағы созылмалы аурулары бар науқастардың көптеген өздеріне мәлім ауруларының тарихындағы көрсетілген материалдарды жинақтап, жүйелегенде олар бір-біріне қатыссыз қызықты математикалық заңдылықты көреді. Сөйтсе, аурудың күшейіп, науқастардың дәрігерге көрнетін күндері 23 және 28 күнде мезгіл-мезгіл қайталанып отырады екен. Бұл кезеңдерді В.Флисс адамның физикалық және сезім әрекетіне берілгіш (эмоциональный) жағдайда болатын кездері деп атаған. Кейіннен австриялық оқытушы Альфред Тельшер, студенттердің оқу материалдарын қабылдауында да белгілі бір кезеңдердің бар екенін (цикличность) байқаған, бірақ оның қайталанып отыратын мезгілі 33 күнге сәйкес келген. Бұл ырғақты ақыл-ой кезеңі деп атаған.

Сол уақыттан бері дүние жүзінің көптеген елдерінде мыңдаған статистикалық материалдардың мәліметтерін өңдеген зерттеулер жүргізілді. Олар тек ауруларды, не ақыл-ой қабілеттілігін ғана зертеп қоймай, олар өндіріс орындарындағы бақытсыздық жағдайларды, транспорттағы жол апаттарын, өлімді, спорттағы нәтижелерді және т.б. зерттеген.

Нәтижесінде адам организмінде дүниеге келген сәттен бастап беріліп, оның бүкіл өмірі бойына жалғасатын флиссов ырғақтары деп аталатын тұжырым қалыптасты. Әрбір ырғақтың өзгерісі оның атына сәйкес адамның физиологиялық (әрекет етуіндегі) жағдайының жоғары болатын кезін көрсетеді: (1 сурет)


А – белсенділік, t-уақыт,

«+» - оң нәтижелі кезең,

« - » - теріс нәтижелі (шамалы) кезең,

«•»- өте қиын кезең.



Егер адамның дүниеге келген күнінен зерттеу жүргізілген күнге дейінгі барлық үш ырғақты (физикалық сезім әрекетіне берілгіш, ақыл-ой) үлгі график түрінде тұрғызып көрсетсек, график шамамен 2-суретте көрсетілгендей түрде болады.

«—» - физикалық айналым.

«----» - сезім әрекетіне берілгіш кезеңнің айналымы.

«—•—» - ақыл-ой кезеңі айналымы.

«х» - зерттеу жүргізілген күн.

Бұдан көретініміз айналымға түсетін кезеңдердің мезгілі әртүрлі болғандықтан зерттеу жүргізетін күн бұлардың көрсеткіштері мүлдем әр түрлі болады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет