"Жас Ұлан" ұйымы Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы туралы ережесі



бет2/4
Дата04.10.2022
өлшемі49,94 Kb.
#151641
1   2   3   4
Байланысты:
Жас Ұлан2022
-ерік психология, 1513833808, 15.01 Әдебиет. Қмж. Мухамедова Д. Х, Бала және Отбасы рейд анықтама мәліметі, 1 топ Сақтар
3. Қызметтері мен қағидалары
3.1. Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:
- тәрбиелік;
- танымдық;
- коммуникативтік;
- әлеуметтік;
- ақпараттық;
- шығармашылық.
3.2. Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:
- азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;
- еріктілік және қол жетімділік;
- ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;
- ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі;
- қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.
4. Мүшелік, оған қабылдану және шығу тәртібі
4.1. Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.
4.2. Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
4.3. «Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.
4.4. «Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару.
4.5. Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде ⅔-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.
5. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:
- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;
- «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;
- «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);
- «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;
- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;
5.2. «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;
- «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау;
- «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;
- оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;
- салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;
- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет