"Жас Ұлан" ұйымы Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы туралы ережесі



бет1/4
Дата04.10.2022
өлшемі49,94 Kb.
#151641
  1   2   3   4
Байланысты:
Жас Ұлан2022
-ерік психология, 1513833808, 15.01 Әдебиет. Қмж. Мухамедова Д. Х, Бала және Отбасы рейд анықтама мәліметі, 1 топ Сақтар

"Жас Ұлан" ұйымы
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы туралы ЕРЕЖЕСІ
"ЖАС ҰЛАН" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас Ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.


"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ: ту, галстуг, төсбелгі, эмблема


ҰЙЫМҒА ҚАБЫЛДАУ ЖЫЛЫНА 3 РЕТ: 1 - мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 6-шілде - "Жас ұлан" құрылған күні, 16- желтоқсан - Тәуелсіздік күні.


ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫНАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Қоғамдағы өзгеріске бейімделген, әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамдағы бірлестіктің ғылыми - әдістемелік қызметін жандандыру. Тәрбиелік - оқыту бағдарламасын тиянақты өткізу, ұйым жұмыстарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттау.

1. Жалпы ережелер
1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
1.2. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
1.3. «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.
1.4. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.
2. Мақсаты мен міндеттері
2.1. «Жас Ұланның» мақсаты:
- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
2.2. «Жас Ұланның» міндеттері:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет