«Жас тұлпар» ұйымы туралы


Олжас Сүлейменов «Аз и Я» кітабы туралы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата26.11.2023
өлшемі131,82 Kb.
#193553
1   2   3
Байланысты:
ҚОСЫМША
Áîëüíîé, 62 ëåò, ïîñòóïèë â êëèíèêó ïîñëå àâòîìîáèëüíîé êàòàñòðî, 6 кл сор 3, 4 токсан
Олжас Сүлейменов «Аз и Я» кітабы туралы
1975 жылы «Жазушы» баспасынан өте сирек кездесетін және ерекше «Аз и Я» деген атпен 
О.Сүлейменовтің кітабы жарық көрді. Онда автор көне славян және түркі ескерткіштерін зерттеген еді. 
Бұл кітаптың ой тағылымынан туындаған, жалпы тілтану ғылымынан алшақ ақ ниетті оқырмандарға 
арналған. Автор шыққан кітабының өзі түгіл таратылып үлгермей жатып, есімдері әлемге белгілі 
мәскеулік ғалымдар мен сыншылдардың орынсыз шабуылына душар болды. Олар кітапты 
«антирусский» деп жариялап үлгерді. «Москва», «Жас гвардия», «Тарих мәселесі», тағы басқа Ресей 
журналдары бұл кітапты ұлтшылдық қатарына жатқызды. Орталық қаһарына іліккен аталмыш кітапты 
дүкен сөрелерінен, кітапханалардан алып тасталынды. Осылайша жазықсыз кітап. 1976 жылы 13 
ақпанда кітапты КОКП Орталық комитетінің үш бөлімі: ғылым, мәдениет, үгіт және насихат талқыға 
салды. Оған орыстың мықты деген тілтану ғалымдары қатысты. Талқылау біржақты, айыптау 
бағытында өтті. Белгілі академиктер Д.С.Лихачев, Б.А.Рыбаков және басқалары кітапты былай қойып, 
автордың жеке басына тиісті. Олардың қынжылу себебі ақынның көне славян жазбасы «Игорь жасағы 
туралы жыр» туралы айтқан кейбір пікірлері. Сондай-ақ О.Сүлейменов «Жырға» талдау жасап, кейбір 
«көлеңкелі тұстарына» жеке пікір білдіргені оларға тағы ұнамады. Ал оның түпнұсқасына күмән 
келтіргені ғалымдарды одан сайын түршіктірді. Орталық Комитеттің бюросы «Аз и Я» кітабын басып 
шығарған Геннадий Толмачевқа партияның есеп кітапшасына қатаң сөгіс жариялап жазып, ал Олжас 
Сүлейменовке ескерту жасады. Мәжіліс соңында Д.А.Қонаев ақынның жаңа өлеңдер мен поэмалар 
жазуына тілектестік білдірді. Міне, бір кездері Шығыс халықтарының рухын көтерген «Аз и я» кітабын 
қазір бүкіл ғылым әлемі мойындап, кейбір көне тарихи сөздеріне берген түсініктемелерін ғылыми 
айналымға енгізді.
https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-24736
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет