Құжаттың атауы


-тапсырма. Бағалау тәсілдерінің сипаттамалары



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі117,51 Kb.
#93165
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Якубасова Лаура 1 күн тапсырмалары
Якубасова Лаура 1 күн тапсырмалары, Бизнес жоспар., Гос экзамен Геогр.оқ.әдістеме. ШПОР, -163175062, срс ОДМ Диканбаева С.А
1.5-тапсырма. Бағалау тәсілдерінің сипаттамалары
Бағалау әдістерінің валидтілігін, сенімділігін және объективтілігін бағалаңыз:
Ж (жоғары деңгей)
Т (төмен деңгей)





Бағалау тәсілдері

Валидтілік

Сенімдік

Объективтілік

1

Көп таңдауы бар тест тапсырмалары

+







2

Эссе




+




3

Сәйкестендіру

+







4

Топтық жоба

+







5

Тәжірибелік жұмыс

+







6

Бақылау







+

7

Сауалнама







+

8

Өзін-өзі бағалау




+




9

Бірін-бірі бағалау




+




10

Рөлдік ойын







+

1.6-тапсырма. Төменде берілген үзіндіні оқып шығып, тест әзірлеу процесі бойынша өз түсінігіңізді тұжырымдаңыз.
Тест тапсырмаларын құрастыру – өнер ме, әлде ғылым ба?
«Білім берудегі өлшем» (Educational measurements, 2006) кітабынан үзінді

Тест әзірлеудің тиімді тәжірибесі туралы бізге белгілі бірқатар деректер соңғы 60 жыл ішінде осы тақырып бойынша бірнеше табысты оқу құралын шығарған сарапшы мамандардың пікірлерінен, сондай-ақ тәжірибе жүзінде тест әзірлеумен айналысқан мамандардың тәжірибесінен туындайды. Тест тапсырмаларын әзірлеуге эксперименттік тұрғыдан дизайнды зерттеуге арналған зерттеулер де біршама әсер етті.


Мән-мағынасы айқын, күрделілік деңгейі жоғары тест тапсырмасын әзірлеу процесі нағыз өнер деп санайтын тест әзірлеуші мамандар бар, олардың бұл пікірінің де жаны бар. Бағалау тарихында әлі күнге дейін айқындалмаған мәселе – тест әзірлеушілердің тест тапсырмаларының мазмұнын, оны әзірлеу ресімдерін қандай дәрежеде зерттеп-зерделегені болып табылады, бұл тест әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде, яғни тест дизайнын ойластырудан бастап тестілеу және бағалауға дейінгі тест әзірлеудің тұтас процесін бағыттап отыратын дәлелдемелерге ғылыми тұрғыдан берік негізделуі тиіс. Тест әзірлеудің ғылыми негізделуі бұл кәсіби тұрғыдан зерттеп-зерделеуді қажет ететін мәселе болып табылады.
Тест құрастырудың қажеттілігіне орай ғылыми компонентке негізделетіні туралы тұжырым жасау тест құрастырудың валидацияда (дұрыстығын растауда) маңызды рөл атқарады деп тұжырымдағанмен бірдей болады. Тест әзірлеудің білім алушылардың оқу нәтижелерін және соларға негізделген қорытындыларды айқындап, тұжырымдауда аса маңызды екендігі сөзсіз.
Тест нәтижелерін дұрыс қорытып шығаруы тиіс тест әзірлеуші маман ең алдымен ​​тест спецификациясын мұқият зерделеп, олардың қалай есептелгенін, тест құрастыру процесін және мүмкіндігінше, бір немесе бірнеше қолданылған тест формаларын зерттеуі тиіс. Бұл тест «мазмұнының валидтілігін» бағалау мәселесі ғана емес; тест әзірлеу көптеген валидтілік аспектілеріне, көптеген қорытынды түрлеріне әсер етеді. Бұрын тест әзірлеу жалпы өнер ретінде қарастырылды деуге болғанымен, бұл оны толыққанды сипаттай алмайды. Қазіргі кезде тест құрастырудың анағұрлым берік ғылыми негіздемесін қамтамасыз етуге баса назар аударылуда.
Қорытынды:
Тест деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалар. Тест сынаққа түскендердің биология пәні бойынша білімінің сапасын анықтайды. Басқа тапсырмалармен салыстырғанда тесттің артықшылығы көп нұсқалы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеші нұсқасы болу керек.
Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті артырады, өйткені мұнша тапсырмалардың барлығын жаттап алу, есте сақтау, көшіріп алу мүмкін емес.Тест тапсырмалары тек тек бақылау үшін емес, оқушыларды машықтандыру, үйрету ұшінде тиімді. Тест арқылы әрбір оқушының деңгейін анықтауға болады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет