Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә


§ 112. ЖАЛҒАУЛЫҚ ШЫЛАУЛАР



бет15/16
Дата22.03.2017
өлшемі5,44 Mb.
#12079
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
§ 112. ЖАЛҒАУЛЫҚ ШЫЛАУЛАР.
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен),

112
да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, өйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т. б.

Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сынарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар.

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, әрі.

2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: Бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

4. Себеп-салдарлык, қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулыктар: егер, егер де.

Жалғаулықтар орыс тіліндегі "союзы" деп аталатын көмекші

сөздермен сәйкес келеді. Жалғаулық шылаулар мен септеуліктерді салыстыра қарасақ, мынадай ерекшеліктер байқалады. 1. Екеуі де сөз бен сөзді, сейлем мен сөйлемді байланыстырады. Бірақ септеуліктер бір сөзді екінші сөзге бағындыра байланыстырып, сөз тіркесін кұрауға немесе бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемді байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрауға негіз болса, жалғаулықтар екі сөзді тең дәрежеде байланыстырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрауға немесе жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырып, салалас кұрмалас құрауға негіз болады. Тек шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар ғана (егер, егер де) бағыныңқы сөйлсм мен басыныңқы сөйлемді байланыстырады. 2. Септеуліктер де, жалғаулықтар да, өздері байланыстыратын сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнін арасындағы мағыналык катынасты білдіреді. Бірақ септеуліктер өзі шылауындағы сөзге не сөйлемге белгілі бір қосымша мән үстеп, екінші басыңқы сөзге, я сөйлемге сабақтаса байланыстырса, жалғаулықтар тен, дәрежелі (бірыңғай) сөздер мен сөйлемдердің арасындағы мағыналык қатынастарды білдіреді.

Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйіне қарай бет алды (Б. М.) Алтынсары қадалған сайын, оның кескіні кұбыла бастады. (С. М.). Жомарт пен Жанат Буданкекті женіл арбаға жегіп, жолмен келеді (Ғ. Мұст). Абай көше ортасында ақырын тосып калып еді, бірақ топ ішінен мұны байкап елеген бір адам да жоқ. (М. Ә.).

Бірінші сөйлемдегі қарай септеулігі үйіне деген сөзге бағыттық-мекендік мән үстеп, оны бет алды деген баяндауышқа меңгерте байланыстырып тұрса, екінші сөйлемдегі сайын септеулігі бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш құрамында келіп, оны басыңқы сөйлемге бағындырып, мезгілдік дүркінділік қатынасты білдіріп тұр. Ал үшінші сөйлсмдегі пен жалғаулыгы Жомарт, Жанат деген бірыңғай бастауыштарды ыңғайластық қатынаста, төртінші сөйлемдегі бірақ жалғаулығы екі жай сөйлемді қарсылықты мәнді қатынаста салаласа байланыстырып тұр.

113
§ 112. ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАР.
Демеулік шылаулар демеуліктер деп те аталады. Олар өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдык, күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеулік пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды. Мысалы: Алдымда толған мақсат, толған тандау, Алайын мынасын ба, анасын ба? (С. Т.). Ертең емес, бүгін-ақ қазір-ақ жүрсек етті (М. Ә.). Үлкен үйге кірген соң бәрі де кішірейіп кеткендей, отырғанда құмандай ғана болып қалыпты (Ғ. М.).

Бірінші сөйлемде ба демеулігі сөйлемге сұрау мағынасын үстеп, мынасын және анасын сөздерімен ғана тіркесіп тұр. Екінші сөйлемде –ақ демеулігі бүгін, қазір сөздерінің шылауында қолданылып, ол сөздерге күшейткіш мән үстеген. Үшінші сөйлемде ғана демеулігі құмандай сөзінің шылауында жұмсалып, оған шектік мән үстеп тұр. Бірақ олардың бірде бірі сөз байланыстыру қызметін атқармайды. Демеуліктер орыс тіліндегі "частицы" деген көмекші сөздерге сәйкес келеді.

Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына карай бірнеше түрге бөлінеді.

1. Сұраулық демеуліктер: ма (ме, ба, бе, па, пе), ше.



2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да (де, та, те). Да, (де, та, те) шылауы күшейткіш мәнді білдіріп бірде демеулік болса, енді бірде бірыңғай мүшелереді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырып, жалғаулық шылау болып қызмет атқарады. Мысалы: сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан (А). Бұл сөйлемде де шылауы — демеулік, ол сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, бірақ оны басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ. Ал, та шылауы — жалғаулық, ол тап және бар деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр.

3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана (қана), тек, кейде-ақ.

4. Болжалдық демеуліктер: -мыс (-міс) және кейде-ау.

5. Болымсыздық, немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ.



6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), -ды, (ді, ты, ті).
§ 113. ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЕМЛЕСІ.
Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөздерден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады. Бөлек жазылатын шылаулардың көбі кейбір грамматикалық тұлғалармен сырт жағынан ұқсас болып келеді. Кейбір шылаулар өздері қатысты сөздердің әуеніне түсіп үндесіп, бірнеше тұлғада қолданылады. Мысалы, мен (беп, пен), қана (ғана), қой (ғой) шылаулары өзінен бұрынғы сөздің соңғы дыбысына, -ды, (-ді), -мыс (-міс) демеуліктері соңғы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне, да (де, та, те) және ма (ме, ба, бе, па, пе) шылаулары өзінен бұрынғы сөздің әрі соңғы дыбысына, әрі соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне

114
қарай түрленіп отырады. Мысалы: Шығанақ пен Олжабек соңына ала кірді (Ғ. Мұст). Құнанбай мен Ізғұтты алда келеді екен. (М. Ә. ) Толкын да, ағыс та күшейген. (Ғ. М.)
1. Және, мен, (бен, пен) шылауларының емлесі.
Және, мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай мүшелер мен ынгайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырып, қайталанбай колданылды. Сондықтан бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Жомарттың бүгін жүре қоярлық ниеті жоқ еді және онын ниетіне қарай даяр көлік те болмайды. (Ғ. Мұст.) Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Бірінің сөзі жамау, бірі құрау (А).

Мен (бен, пен) жалғаулығы түбірге қосылып жазылатын көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас. Оларды бір-бірінен ажыратудың жолы мынадай. Көмектес септік жалғауын сөйлемде түсіріп айтуға болмайды. Ал мен (бен, пен) жалғаулығын түсіріп айтуға да (онда жалғаулықтың орнына үтір қойылады), басқа жалғаулықпен (мысалы, және, немесе да, де, та, те) ауыстырып айтуға да болады. Мысалы: Жақсымен жанас деген сөйлемді жақсы жанас деп,— мен тұлғасынсыз (көмектес септігінсіз) айтуга болмайды. Жақсылық пен жамандық кейін алдыңнан кайтады деген сөйлемді, жақсылық, жамандық кейін алдыңнан қайтады деп те, Жақсылық және жамандык, кейін алдыңнан қайтады немесе Жақсылық та, жамандық та кейін алдыңнан кайтады деп те айтуға бола береді.

Мен (бен, пен) жалғаулыгы байланыстырған бірыңғай сөздердің алдыңғысындағы септік жалғауы түсіріліп айтыла береді: Мысалы: Алыс пен жақынды жортқан білер (макал). Әке мен шешенің еңбегін ұмытпа деген сөйлемдерде алыс сөзі табыс септікте (алысты), әке сөзі ілік септікте (әкенің) тұрғаны белгілі.

Және, мен (бен, пен) жалғаулықтары бірнеше бірыңғай мүшелердің соңгы екеуінің арасын байланыстырады немесе бірыңғай мүшелерді екі-екіден топтап барып байланыстырады. Мысалы: Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Бірінің сөзі жамау, бірі құрау (А). Омар, Оспан және Ахмет — үшеуі сабақ оқып отыр. Күрес пен күлкі, қайғы мен шаттық алыс пен жеңіс, жеңіліс пен жетістік болмаса, бұл шіркіннің өзі де тоңған мұз, ұйыған айран емес пе? (Ғ. М.).
2. Да, (де, та, те) шылауының емлесі.
Бұл шылау өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бірде де, бірде та, бірде те болып өзгеріп отырады. Да (де, та, те) бірде жалғаулык, бірде демеулік ретінде қолданылып, өзі қатысты я байланыстырып тұрған сөзден бөлек жазылады. Егер өзі қатысты сөзге күшейткіш мән үстеп қана тұрса, онда ол — демеулік те, ыңғайластық мәңде сөздерді я сөйлемдерді байланыстырып тұрса, онда ол — жалғаулық.

115
Демеулік мәнінде бұл шылау қайталанбай, бір ғана сөздің жетегіңде тұрады да, жалғаулық мәнінде ол көбіне кайталанып келіп, не кейде қайталанбаса да екі сөзге я сөйлемге ортақ болып отырады немесе оны басқа жалғаулыкпен ауыстыруга болады. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан (А). Сөйлемдегі де демеулік, сен деген сөзге ғана қатысты болып, оған күшейткіш мағына үстеп тұр, ал та — жалғаулық, ол тап және бар қалан деген бірыңгай баяндауыштарды ыңғайластыра (бірінен кейін бірі болған қимыл) байланыстырып тұр. Бұны қайталап та (тап та, бар да қалан түрінде) қолдануға болады.



Да (де, та, те) жалғаулығы да, демеулігі де сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен ұқсас келеді. Жатыс септік жалғауы (-да, -де, -та, -те) сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал да (де, та, те) шылауы бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы, жоғарыдағы сөйлемді Сен бір кірпіш дуниеге, кетігін тап (және) бар қалан деп айтуға болса, Жасымда ғылым бар деп ескермедім (А). дегенді жасым ғылым бар деп ескермедім деп, жасымда сөзіндегі -да жатыс септігін түсіріп айтуға болмайды.
3. Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауының емлесі.
Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасаудың бір жолы болып табылады да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Мысалы: Бұрын мұндай самғарлық күйіміз мұндай болды ма? (Н. Б.) Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе деген болымсыз етістік жасайтын жұрнақпен ұқсас келеді. Бірақ шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып, бұйрықты мағынаны білдіріп, бірге жазылады. Мысалы: Ғылым таппай мақтанба! (А). Ақын аты ақын ба, Құрғақ сөзбен мақтаса? (Ж.)

Ма, ме, ба, бе, па, пе демеулігі кейде әр бірыңғай мүшеден кейін қайталанып та жұмсала береді. Мысалы: Ерте ме, кеш пе, пайдаға ма, зиянға ма сен де барыңды бересің (Ғ. М.). Көбінесе бұл шылау сөйлемнің баяңдауышынан кейін келеді. Мысалы: Аңсаған шелде су тапса, Бас қоймай ма бастауға? (А). Кейде бұл шылау жіктік жалғауынан бұрын да келеді. Ондайда оның тұлғасы -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі болып өзгеріп, сөзбен қосылып бірге жазылады да, одан кейін жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы: Баласысың ба?Баласымысың? Көресің бе?Көремісің? Жақсысың ба?— Жақсымысың? Келгенсің бе?— Келгенбісің?
4. Дефис арқылы жазылатын шылаулар.
Тілімізде -ақ, -ай, -ау, -мыс, (-міс), -ды, (-ді) демеуліктері өзі шылауында жұмсалған яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис (-) аркылы жазылады.

116
Мысалы: Өзің-ақ бар! Күннің суығын-ай! Орнын жаңа тауыпты-ау! Кісілер келді-ау деймін. "Үйлесер едік" деп айтады-мыс (Б. М.) Олар елге пана-ды (Н. Б.) Осындай көп хабарға қанып келген-ді. (М. Ә.)


Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар? 2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды? 3. Шылаулар қандай сипатына қарай септеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінеді? 4. Септеуліктер мен жалғаулықтардың бір-бірімен ұқсастықтары қандай? 5. Септеуліктер мен жалғаулықтар қандай мағыналық катынастарды білдіреді? 6. Демеуліктің мағыналық ерекшеліктері мен септеулік, жалғаулық шылаулардан айырмашылықтары қандай? 7. Қандай шылаулар қандай грамматикалық тұлғалармен ұқсас келеді және олар қалай жазылады? 8. Қандай шылаулар өздері қатысты сөздің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес дыбыстық өзгеріске түсіп қолданылады? 9. Қандай жағдайда сұраулық шылаулар -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі болып өзгереді және калай жазылады? 10. Қандай шылаулар дефис арқылы жазылады?
ОДАҒАЙ.
§ 114. ОДАҒАЙ СӨЗДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай деп аталады. Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйлерін білдіреді немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады. Мысалы: Япырмау, қайда сол күндер?1 (А). Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ. М.) Моһ-моһ кешкі тымық даланы басына көтерді (С. М.).

Берілген мысалдағы япырмау, қап деген одағайлар арманды, өкінгендікті білдіріп тұрса, моһ-моһ деп сиырға қаратылып я сиырды шақыру үшін айтылады.

Бірақ одағайда, біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
§ 116. ОДАҒАЙДЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді. 1. Көңіл-күйі одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді

117
білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, бәрекелді, туу, уһ, аһ, әй, еһе, әттеқ, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, қап, ау т. б.

2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек, жә т. б.

3. Шақыру одағайлары мал, ит-құсты шақыру, куумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс т. б.

Одағайлар сөйлемге, сөйлем білдіретін ойға қатысты болғанмен, ондагы жеке сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Әрі одағайдың толық мағынасы болмайды. Сондықтан одағайларға сұрақ қоюға болмайды, олар сөйлем мүшесі қызметін де атқара алмайды.

Одағай сөйлемнін басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай сөйлемнің басында келсе, онан кейін үтір койылады. Мысалы: Япырау, осы сізге түсер пайда бар ма? (М. Ә.) Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Тұрсам, о шоба-ай, айнала көк шалғын! Сізге, тәйірі, со да сөз болып па?1 Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы: Мұны бастаған кім, ә?! Соны айтшы, бәсе! Әдетте одағайлы сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Одағай ерекше көтеріңкі дауыспен айтылса, одағайдан кейін де леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай-пай! Шіркін, қазақтың келіндері-ай!

Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: құрау-құрау, пай-пай, әй-әй, құр-құр т. б.

Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес яғни әр түрлі көңіл күйін, жекіру мәндерді білдірумен байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнің орнына да жұмсала береді. Мысалы:

— Жаңа бір күш біткендей болды!

Бәрекелді!

Япырай, ә!
Пысықтау үшін сұрақтар:

1. Одағай нені білдіреді? 2. Одағай білдіретін мағыналар толық (лексикалық) мағына бола ала ма? 3. Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады? 4. Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде? 5. Одағайдың қандай түрлері бар? 6. Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?


Сөздерді морфологиялық талдаудың тәртібі.
Сөйлемдегі сөздер морфологиялық жағынан тұрған орнына қарай рет-ретімен төмендегідей тәртіппен талданады.

118
1. Ең алдымен талданатын сөздің қай сөз табына жататыны (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау т. б.) анықталады.

2. Одан соң сөз морфологиялық құрамына қарай (негізгі түбір, туынды түбір, біріккен я қосарланған түбір) талданады да, сөздің қосымшалары анықталады.

3. Зат есімді талдағанда, қалай жасалғаны (негізгі түбір, қосымша, бірігу, қосарлану, тәсілдерінің бірі), мағыналық түрлері (деректі немесе дерексіз, жалқы немесе жалпы есім), қай тұлғада тұрғаны (көптік, тәуелдік, септік, жіктік), қосымшалары аталып көрсетіледі. ч

4. Сын есімді талдағанда, қалай жасалғаны: (негізгі түбір, қосымша, бірігу, қосарлану тәсілдерінің бірі), мағыналық түрлері (сапалық, қатыстық), бар болса, шырай қосымшасы аталып көрсетіледі.

5. Сан есім, есімдік, үстеу, одағайды талдағанда, қалай жасалғанын, мағыналық түрлерін, бар болса, жалғанған қосымшаларын көрсету қажет.

6. Етісті талдағанда, калай жасалғанын, түбірін (негізгі, туынды), құрамын (негізгі, көмекші, күрделі), мағынасын (салт, сабақты), қандай тұлғада тұрғанын (етіс, болымсыз етістік, рай, шақ және есімше, көсемше, тұйық етістік, жақ) анықтап көрсету кажет.

7. Шылауды талдағанда, түрлері (жалғаулық, септеулік, демеулік), мағыналары мен қызметі анықталады. Мысалы: Мүсінші де сол сәтті айнытпай ұстап қалыпты (Қ. Жұмаділов)

Мүсінші — зат есім, деректі, жалпы есім, туынды түбір, мүсін деген зат есімнен -ші жұрнағы арқылы жасалған, атау тұлғада тұр;

де — демеулік шылау, мүсінші сөзіне күшейтпелі мағына

үстеп түр;

сол — сілтеу есімдігі, түбір тұлға;

сәтті — зат есім, түбірі — сәт, -ті — табыс септік жалғауы;

айнытпай — етістік, түбірі — айны, -т — өзгелік етіс; -па болымсыз етістік, -й — көсемше жұрнағы.

Ұстап қалыпты — күрделі етістік, ұстап — негізгі етістік, түбірі — ұста, -п — көсемше жұрнағы, қалыпты — көмекші етістік, түбірі — қал, -ып — көсемше жұрнағы, бұрынғы өткен шақ мағынасын білдіріп тұр, -ты — 3-жақтың жіктік жалғауы.


СИНТАКСИС
§ 116. СИНТАКСИС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Синтаксис — гректің құру, біріктіру деген мағынаны білдіретін сөзі. Ол грамматиканың бір саласы болып есептеледі де, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысын, сөз тіркесін, сөйлемнің кұрамы

119
мен құрылысын, түрлерін және сөйлем мүшелерін зерттейді. Қазақ тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі.
§ 117. СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ.
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста қолданылады, сөйтіп барып белгілі бір ойды білдіре алады. Әрине, кез келген қатар тұрған сөздер бір-бірімен байланыса бермейді! Бір-бірімен грамматикалық байланысқа түспеген сөздер бір-бірімен тіркеспейді де, сөз тіркесін де құрай алмайды. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысады. Мысалы: Сендер де атты қарасуға шықтыңдар ма? (С. Сейфуллин) деген сөйлемдегі сөздер бір-бірімен былай байланысқан: сендер(де) шықтыңдар ма, қарасуга шықтыңдар ма және атты қарасуға.

Сөздердің сөйлемде байланысын түсініп, білудің мәні зор. Сөздер, біріншіден, байланысу тәсілдері арқылы тіркесіп, сөз тіркесін құрайды. Сондықтан сөздердің байланысу тәсілдері сөз тіркесіне негіз болады. Екіншіден, сөйлем мүшелері сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы анықталады. Сөйлем мүшесін анықтайтын сұрақтар сол сөздің байланысына қарай қойылады. Мысалы, жоғарыдағы сөйлемді талдайық: кімдер шықтыңдар ма?сендер — бастауыш, сендер қайттіңдер?шықтыңдар ма?— баяндауыш, не мақсатпен шықтықдар ма?қарасуға — пысықтауыш, нені қарасуға?атты — толықтауыш.

Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады: 1) жалғаулар арқылы; 2) шылаулар арқылы; 3) сөздердің орын тіртібі арқылы және 4) интонация арқылы.

1. Сөздер сөйлемде септік, тәуелдік, жіктік жалғаулар арқылы байланысады. Жалғаулардың катысуымен сөздердің өзара байланысы, белгілі синтаксистік катынас, грамматикалық мағына туып отырады. Мысалы: Мен өз Отанымды сүйемін деген сөйлемдегі Отан сөзіндегі тәуелдік жалғауы (-ым) мен табыс септіктің жалғауы (-ды) бұл сөзді екінші бір сөздермен өз(імнің) Отаным және Отанымды сүйемін түрінде байланыстырып түр және біріншісінде меншіктілік — тәуелділік мағына, екіншісінде тура объектілік мағына беріліп тұр. Жіктік жалғауы (-мын) арқылы мен және сүйемін сөздері I жақ, жекеше мәнде байланысып тұр, қимыл мен қимыл иесі (атқарушы) яғни субъектілік-предикаттык катынаста жұмсалған.

2. Сөздер сөйлемде шылаулар арқылы да байланысады. Мысалы: Біздің еліміз бейбітшілік үшін күреседі дегенде бейбітшілік сөзі мен күреседі сөзінің тіркесіп байланысуына үшін шылауы септігін тигізіп, мақсаттык мағынаны тудырып тұр. Сөздерді жалғаулық шылаулар мен септеулік шылаулар байланыстырадьг. Жалғаулык шылаулар бірыңгай мүшелерді яғни тең дәрежелі, бір тұлғадағы сөздерді салаластыра байланыстырса, септеулік шылаулар бір сөзді екінші сөзге бағындыра, сабактастыра байланыстырады.

120
Сондықтан септеулік шылаулар байланыстырған сөздер сөз тіркесін құрайды да, жалғаулық шылаулар байланыстырған сөздер сөз тіркесі бола алмайды, тек бірыңғай мүшелер болады. Ал демеулік шылаулар сөздерді байланыстыра алмайды. Сөздерді сабақтастыра байланыстыратын шылаулар: сайын, үшін, жөнінде, туралы, дейін, шейін, тарта, таман, соң, кейін, бірге, қатар т. б.

3. Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады. Мысалы: Тас



жолды ағаш күрекпен күредік деген сөйлемде тас пен жол, ағаш пен күрек сөзі қатар тұруы арқылы анықтауыштық қатынаста байланысқан. Ал осы сөздердің орнын өзгертіп жіберсек, мүлде басқа мағына немесе мағынасыздық туады (тас күрек, ағаш жол). Бұл сөздер бір-бірімен тиянақты орын тәртібі арқылы байланысқа түскен.

4. Байланысудың соңғы тәсілі — интонация. Мұнда екі сөздегі орын тәртібі тиянақты болумен бірге, екеуінің арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екінші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда ол сөздер сызықшамен ажыратылады. Мысалы: Талғат ұшқыш. Сәуле мұғалім. Интонация арқылы байланысқан сөздер сөйлем құрайды да; алдыңғы сөз бастауыш, соңғысы баяндауыш қызметін атқарады. Мұндай жалаң сөйлемдегі сөздердің орындары ауысса, ол сөздердің кызметі де өзгереді. Айталык, Ұшқыш Талғат, мұғалім Сәуле болған жағдайда, бастауыш — ұшқыш, мұғалім, баяндауыш — Талғат, Сәуле сөздері болады.


§ 119. СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ.
Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан байланысу түрлері болады. Ондай байланысу түрлері бесеу: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.

Қиысу. Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы аркылы бір жақта және 1—2 жақтарда жекеше я көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Ілияс үйінен жүгіріп шықты. (С. Е.) деген сөйлемде бастауыш пен баяндауыш III жақта қиысып тұр. Егер Ілияс деген сөздің орнына біз деген I жақтағы сөзді қойсақ, баяндауыш та өзгеріп, I жақ көпше түрде айтылады: біз жүгіріп шықтык.

Матасу. Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысу түрін матасу деп атайды. Менің әкем Бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді. (Ә. Нұрш.) Осындағы менің әкем, Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матаса байланысып тұр.

Меңгеру. Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сынардағы сөздің атау мен іліктен баска септік жалғауларының біреуі жалғану не шылаулар арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды.



Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. (Ғ. Мұс.) Сөйлемдегі Қызылжардан қайтып еді меңгеріле байланысып тұр.

Қабысу. Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.



121
Одағым десем ойыма Айдын шалқар көл түсер (Жамбыл.) Осындағы айдын шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.

Жанасу. Басыңқы сыңары мен бағыныңқы сыңарының орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрі жанасу деп аталады. Мысалы: Ол мектепті биыл бітірді деген сөйлемде биыл сөзі бітірді деген сөзге қатысты болып, оның тұрған орны арқылы байланысқан. Кейде Ол биыл мектепті бітірді немесе Биыл ол мектепті бітірді болып, араға сөз салып та байланыса береді.


§ 119. СӨЗ ТІРКЕСІ.
Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады.

Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады. Мысалы: самал жел, оқыған жігіт дегенде самал, оқыған — бағыныңқы сыңарлар, жел, жігіт — басыңкы сыңарлар. Мысалы, ағаш үй, алтын сағат, темір күрек, ойлап сөйлеу, ақырын жүру дегендер — жай тіркес те, ақ боз ат, ойға беріліп кетпеу, жүз шақты кісі, теңіз жағасында жүру, сары ала тон дегендер — күрделі тіркестер. Өйткені бұл тіркестер сөз бен күрделі сөздердің өзара бірі екіншісіне бағына байланысуы арқылы жасалған. Сөздер бір-бірімен тіркескенде, кейбірі есім сөздің, кейбірі етістіктің айналасына топталады. Осыған сәйкес сөз тіркесі есімді сөз тіркестері және етістік сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Қабыса байланысқан есім сөз тіркестерінің құрамы былай болады.

1. Зат есімді тіркестер: алтын қасық, темір балға.

2. Сын есім мен зат есім тіркесі: ақ құба жігіт, боз інген, сұлу қыз.

3. Сан есім мен зат есім тіркесі: бес ешкі, алты комбинат.

4. Есімше мен зат есім тіркесі: жаңарған дала, дамыған ел.

5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі: сол сәт, бұл фабрика.

Матаса байланысқан есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары ілік

септігіндегі зат есім немесе заттанған сөздер, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауындағы зат есім немесе заттанған сөздер болады. Алматы Отанымыздың жүрегі. Осы сөйлемдегі Отанымыз-дың ілік септігіндегі зат есім жүрегі деген тәуелдік жалғаулы зат есіммен матаса байланысып тұр. Ал жақсының ісі, аттың жүйрігі, білгеннің сөзі, баланың жақсысы т. б. дегенде бірде ілік септіктегі сөз, тәуелдік жалғаулы сөз заттанып тұр. Кейбір сын есімдер септік жалғаулары арқылы зат есімді меңгеріп тұрады. Малға бай, сөзге жүйрік.

Етістікті тіркестердің сыңарлары бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле байланысады. Үстеу мен етістіктен құралған сөз тіркесі

122
жанаса байланысады: биыл бітіреді, кеше келді т. б. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері төмендегідей түрге бөлінеді:

1. Үстеу мен етістік тіркестері: төмен түсті, тез жүгірді.

2. Еліктеуіш сөзді етістік тіркестері: жылт-жылт көрінді, сырт-сырт соғады.

3. Көсемшелік етістік тіркестері: сөйлей кірді, жүре сөйледі.

4. Сын есімді етістік тіркестері: жақсы сөйледі, әдемі жазды.

5. Сан есімді етістік тіркестері: екі келіп, екі кетті.

6. Сан есім мен зат есімнен тіркескен тізбектер орын тәртібі арқылы етістікпен қабыса байланысады: екі рет айтты, бес метр өлшеді. Меңгере байланысқан етістікті тіркестердің басыңқы сыңары салт және сабақты етістіктер болады да, бағыныңқы сыңары шылау тіркескен сөздерден немесе барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерден құралады: шығысқа қарай ауысты, темірден жасалды, хатыңды оқыды.

Сөз тіркесі кем дегенде екі толық мағыналы сөзден құралатындықтан және олар бір-бірімен сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысатындықтан, онда сөз байланысының матасу, меңгеру, қабысу түрлері болады да, қиысу болмайды. Өйткені қиысу — бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланыс түрі, сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, негізгі ойды білдіреді. Сөз тіркесі сөйлем ішіңде болады да, ойды білдіре алмайды.
Пысықтау үшін сұрақтар.
1. Сөздердің қандай байланысу тәсілдері бар? 2. Сөздердің кандай байланысу түрлері бар? 3. Сөз тіркесі деген не? 4. Сөз тіркесінде сөздер қалай байланысады? 5. Сабақтаса байланысу дегенді қалай түсінесің? 6. Сөз тіркесінің түрлері қандай? 7. Сөз байланысының түрлері мен сөз тіркесінің түрлері сәйкес келе ме?
ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ.
§ 120. СӨЙЛЕМ.
Сөйлем — ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлемнен кіші - тілдік бөлшектер, мысалы, жеке сөздер, сөз тіркестері ойды білдіре алмайды, олар тек жалаң (жеке сөздер) я күрделі (сөз тіркестері) ұғымды ғана білдіре алады. Мысалы: Шай алдында тысқа шығып, далада бой жазып жүрген уақытта Тоғжан жатқан үйді ойша іздеді. Сүйіндіктің үлкен уйіне жақын тұрған кішілеу ақ үй бар. Асылбектің отауы болуы керек. (М. Әуезов). Бұл мысалда бір-біріне жалғасқан 3 түрлі ой айтылған: 1) (Абайдың) Тоғжан жатқан үйді ойша іздеуі; 2) кішілеу ақ үйдің орналасуы; 3) оның Асылбектің отауы болуы; Әрбір ой әрбір сөйлемге қатысты. Сондықтан да кез келген сөйлемін жеке алып

123
қарасақ, осы көрсетілгендей, белгілі ойды білдіреді. Ал сол сөйлемдерді құрап тұрған жеке сөздер мен сөз тіркестері ой білдіре алмайды: шай, тысқа, шай алдында шығып, үйді іздеді т. б. дегендер тек ұғымды, түсінікті білдіреді. Соңғы тіркес (үйді іздеді) ойды білдіріп, сөйлем болып тұрған сияқты. Ондай мән білдіріп тұруы іздеді деген баяндауыштың тиянақты, жақ тұлғасында тұрып, ол (Абай) деген бастауышпен қиысып қолданылуы да ойда әбден қалыптасқандығынан екенін естен шығармау керек.

Сөйтіп, бір шама тиянақты ойды білдіре алатын сөздер тобын (кейде жеке сөзді де) сөйлем дейміз.

Сөйлем — жеке сөзден де, сөз тіркесінен де бөлек тілдік единица. Сөйлем әдетте бірнеше сөздер тобынан тұрады: ойды білдіруге тікелей қатысты тұрлаулы (бастауыш және баяңдауыш) мүшелер мен тұрлаусыз мүшелер сөйлем құрайды. Бірақ кейде сөйлемде сөздердің көбі түсіп қалып та жұмсалады, қойылған сұракка бір сөзбен жауап беріледі, мекендік, мезгілдік ұғымды білдіру үшін бөлек-бөлек сөйлемдер арасында атаулық мәнде жеке сөздер қолданылып, сөйлем мәнінде жұмсалады. Міне, осыңдай ерекшеліктерді ескеріп, сөйлем жеке сөзден де тұрады дейміз. Мысалы: Оспан мен Смағүлды жалындырып алды да, екі үйректі канжығасынан шешіп беріп жатып:

— Ертеңді-кеш суды лайлағанша, тым құрыса бүлдірген терсеңдерші,— деді.

Бүлдірген? (М. Әуезов)



Түн. Қараңғылық. Алып шахта құрылысына қарай Рахмет келе жатыр. (С. Ерубаев)

Бірақ жеке сөзден тұратын сөйлем сол контекст ішінде ғана сөйлем деп танылады, оның сөйлем болу қасиеті сол контекстегі алдынғы, соңғы сөйлемдерге тікелей катысты. Берілген мысалдағы бүлдірген, түн, қараңғылық деген сөздерді контекссіз тұрганда сөйлем деуге болмайды.

Сөйлем ойды білдірумен бірге екінші бір ерекшелігі оның белгілі дауыс ырғағы, интонациясы болады. Сөйлем тұлғасы жағынан да тиянақты болады. Сөйлемнің тұлға жағынан тиянақтылығы көбіне ондагы баяндауыш тұлғасына байланысты болады да, сол тұлғада сөйлемді аяқтап бітіруге болады. Мысалы, Айша келіншектің қасына келді деп сөйлемді аяқтауга болады да, Айша келіншектің қасына келіп (немесе келсе, келгелі т. б.) деп сөйлемді аяқтап бітіруге болмайды.

Ал дауыс ырғағы, интонация жағынан сөйлемнің тиянақтылығы сөйлем соңында дауыс ырғағының бәсеңдеп барып бітетін кідірістен көрінеді. Оны схемамен былай көрсетуге болады: астыңғы сызық — сөйлем де, үстіңгі сызық — дауыс ырғағының басталып, көтеріліп, бәсеңдеп кідіруі.


Жазуда сөйлем бір-бірінен айтылу мақсатына лайық нүкте, леп белгісі, сұрау белгісі сияқты тыныс белгілері аркылы ажыратылады. Әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.

124
§ 121. СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.

Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да, екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Өзі мықтап жүдепті. Тар қапастан шыққанмен, бірақ сағы сынбаған (Ә. Н.). Бірінші сөйлемде өзінің мықтап жүдеуі туралы бір ғана ой айтылса, екінші сөйлемде (ол) тар капастан шықса да (бір ой екінші оймен жалғасып), сағы сынбау туралы (қарсылықты мәндегі күрделі ойға ұласып кеткен) күрделі ой білдіріп, құрмалас сөйлем болып тұр. Ол айырмашылық бұл сөйлемдердін интонациясынан да байқалады.

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.

Айтылу мақсаты хабарлау, сүреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрін хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Күн еңкейді Оңтустіктен ақырын ғана майда жел білінді. Еңкейген алтын күннің лебі денеге жібек торғындай жұмсақ тиді (С. С.)

Бұнда күннін еңкеюі, майда желдің білінуі және күн лебінің денеге жұмсақ тюі жайында үш түрлі ой хабарлана баяндалып айтылган. Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында жазуда нүкте (.) қойылады.

Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Мысалы:

Қазір осы елдің жүн-жұрқасын жиятын кім?— деді ол. Оның сөзіне жөнді жауап бермеймін. Бұл жолы да оны жұрт тәлкек қып:

Е, оны қайтесің? Қай түйенің жүнін өткізейін деп едің? (Ә. Н.).

Мысалда сөйлемдер 1) жүн-жұрқаны диятын кім екенін; 2) оны қайтетінін; 3) қай түйенің жүнін өткізетінін білу және жауап алу максатында айтылған. Сұраулы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып бәсеңдемей, көтеріңкі қалпында бітеді. Сөйлем соңында жазуда сұрау белгісі (?) қойылады.

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады.

1. Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не айтасыз? Неге күлдіңіз? От неге жақпайсыңдар? От қайда, отын қайда? (Ғ. Мұст.)

2. ма, ме, ба, бе, па, пе, ша, ше шылауларының қолданылуы арқылы. Жерім жаман ба? Мен жаман ба?Ремонт бітті ғой?

— Бітті.— Тұқым ше?— Тұқымды да тазартып сайлап койдық (Мұст.).

125
3. -ғой, -қой, -ау, -еу шылауларының, ә, сірә сияқты оқшау сөздердің, болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы.— Осы ғой алған жоспары?— Ия, осы. Көп керек шығар?— Екі жүз елу пұт жетеді.— Біздің Ақтөбеден үлкен болды-ау ол?— Дегенмен ойымыз үйлесті білем?— деп, жымыңдаған Төкенге агроном қостамай, не қарсылық айтпай, кенеттен бір сұрау берді. (Мұст.)

4. Сұрау интонациясы арқылы.— Япырай, ие бермей кетпесе? Қалай ұғындырарын білмей:

— Жүрек?— деді тракторист.

Жүрек? Мұның да жүрегі бола ма? (Мұст.)

Біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз.

Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында (.)я леп белгісі (!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді -шы, -ші жұрнағының үстелуі арқылы жасалады.

Күрек-шоттарын ала келсін. Қойларын қорыққа салып, қар аршып, жан сауғаласын! ...Бар! Шап. Жиып кел тегіс!— деді...— Сондықтан таныдың ғой. Бір сәтін ұмытсамшы!... (М. Әуезов)

Айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, аяу, екіну т. б.) білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып

Жә, тоқтат!— деді.

Мынау өзі аттатар емес! Бас салып, қарап тұр ғой!— деп қалды. (М. Әуезов)


§ 122. СӨЙЛЕМ МҮШЕСІ.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себін тигізіп тұрады. Мысалы, Айша да томсарып отыр (С. Сейфуллин) деген сөйлемде 4 сөз қолданылған, бірақ оның бәрі бірдей сөйлем мүшесі бола алмайды, бұндағы да деген сөз жеке тұрып мағына білдіре алмайтындықтан, ол сөйлем мүшесі бола алмайды, ол тек Айша деген сөзге күшейтпелі мағына үстеп тұр. Ал қалған үш сөздің әрқайсысы мағына білдіре алады, сөйлемде бір-бірімен граммати-калық байланысқа түскен: Айша отыр және томсарып отыр. Осы ізбен бұларға сұрақ та қоюға болады Кім (Айша) отыр? Айша не істеп отыр (отыр)? қалай (томсарып) отыр?

Сөйтіп, сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді және сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейді. Сөйлем мүшесі болу үшін, ең алдымен, бір сұраққа жауап бере алатын толық мағыналы сөз я сөз тізбегі болу керек екен, екіншіден, ол сөйлемде

126
қолданылуы керек, сөйлемнен тыс сөйлем мүшесі болмайды, үшіншіден, сөйлемдегі сөздер грамматикалық байланысқа түсуі қажет. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды (Ж.) дегенде дала сөзі толық мағыналы сөз (сұрақ коюға болады) және сөйлем ішінде қолданылғанмен, сөйлем мүшесі бола алмайды, өйткені ол сөйлемде басқа сөздермен байланыска түсіп тұрган жоқ — оқшау (қаратпа) сөз.

Сөйлем мүшесі құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. бір ғана сөзден болған мүше дара мүше де, екі және одан да көп сөзден болған мүше күрделі мүше деп аталады. Мысалы: Айғайлап жер мен көктен жәрдем сұрағандай болды (С. Сейфуллин) дегенде, қайтті? деген бір сұраққа жауап беріп, жәрдем сұрағандай болды деген үш сөз бір күрделі мүше (баян-дауыш) болып тұр, ал айғайлап (қалай жәрдем сұрағандай болды?), жерден және көктен {неден жәрдем сұрагандай болды?) деген сөздер әрқайсысы жеке-жеке дара сөйлем мүшесі болып тұр.

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Бұлардың ішінен сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүше дейді, өйткені бұл екі тұрлаулы мүшесіз сөйлем құралмайды, ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышсыздар сөйлем бола береді, бұлар сөйлемде айтылған ойды толықтыра, кеңейте түседі, сондықтан оларды тұрлаусыз мүшелер дейді. Мысалы: Қара қазан бұрқ-бұрқ қайнап жатыр (Мұст.) деген сөйлемді қазан қайнап жатыр деп құрсақ та, ол белгілі бір ойды білдіріп, сөйлем болып қала береді. Ал оңдағы қара, бұрқ-бұрқ деген сөздер өз алдына жеке сөйлем бола алмайды, сөйлемдегі басқа мүшелерді толықтыра түседі: қазанның түсі, қайнап жатудың амалы.
§ 123. БАСТАУЫШ.

Сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және баска сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына (қаншасы? нешесі, нешіншісі? қайсы? қандайы? т. б.) жауап береді. Бастауыш баяндауышпен жақ арқылы, кейде жекеше-көпше (1—2 жақта) түрде де қиыса байланысады.

Шеткі үйлерден бір-екі адам шығып айқайлады. Сендер де атты қарасуға шықтыңдар ма? Қызыл күн бұрынғысынан да қызарды. Тымақтылар да көрінеді. (С. Сейфуллин) Бұл төрт сөйлемде адам, сендер, күн, тымақтылар атау септігінде тұрып, баяндауышпен қиыса байланысып (адам айқайлады — екеуі де 3-жақта, сендер шықтыңдар ма —2 жақ, көпше, күн қызарды — 3-жақ, тымақтылар көрінеді — 3-жақ), негізгі ойдың қазығы болып бастауыш қызметін атқарып тұр.



127
Бастауыш құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Олжабек не болғанын білмеді. Егіс даласы ирек-ирек бел болып калған (Мұст.) деген екі сөйлемнің біріншісінде бастауыш — Олжабек дара бір ғана сөзден болып тұрса, екіншісінде бастауыш — егіс даласы екі сөзден құралып күрделі болып тұр. Бұл жерде даласы дегенді егіс сөзінен бөліп алуға болмайды. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға беріледі. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз (Мұстафин).

Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз таптары да (сын есім, сан есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т. б.) бастауыш қызметін атқарады.


§ 124. БАЯНДАУЫШ.
Сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше, (1 — 2 жақта) түрде қиыса байланысып қолданылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейді.

Баяндауыш не істеді? қайтті? кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтар жақ түріне байланысты не істедім? не істедің? т. б. тұлғаларда да болуы мүмкін. Абай қайта-қайта сонда қарайды. (М . Ә.) деген сөйлемде ойдың иесі Абай (кім?) деген сөздің іс-әрекетін, кимылын (Абай не істейді?) қарайды сөзі білдіріп, онымен 3-жақта қиыса байланысып, баяндауыш қызметін атқарып тұр: Абай сөзі 3-жақта тұрғандықтан (жалпы зат есім 3-жак мәнін білдіреді, сондықтан оның орнына ол сөзін алмастырып қолдануға болады) қарайды деген де 3-жақ жіктік жалғау (-ды) тұлғасыңда жұмсалған. Ал бастауышты 1-жақ я 2-жақ түріне қойып өзгертсек, баяндауыштың жіктік жалғау тұлғасы да соған лайық өзгереді. Абай я ол сөзінің орнына мен болса, баяндауыш қарай-мын, сен болса, қарай-сың болар еді.

Ол (Абай) қарай-ды III жақ

Мен қарай-мын I жак және жекеше

Біз қарай-мыз I жақ және көпше

Сен қарай-сың II жақ және жекеше, анайы

Сіздер қарай-сыздар II жақ және көпше, сыпайы

Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.


§ 125. БАСТАУЫШ ПЕН БАЯНДАУЫШТЫҢ АРАСЫНА

ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША.
Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады. Сызықша койылатын жерлер:

128
1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: жастар біздің болашағымыз. Еңбек ету ардақты іс. Ел намысы ер намысы. (Мақал). Ол инженер. Баяндауыш болған сөздердегі жіктік тұлғаның үшініш жағыңда арнайы қосымша жоқ. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы синтаксистік қатынас интонация арқылы беріледі. Бірінші сөйлем баяндауышындағы -ымыз — жіктік жалғау емес, I жақ тәуелдік жалғау; сондықтан да ол бастауыштың қай жақта тұрғанын білдіре алмайды.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы. (А. X.) Бұл үлкен қуаныш. (А. Лекеров) Ол үлгілі пионер.

3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган Алматы. Келген Айбек. Үш тақ сан.

4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов) Менің ұмтылған тілегім қалай да пайдалы адам болып шығу (Ы. Алтынсарин).

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес жиырма бес. Үш жердегі үш тоғыз.

6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов) Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай). Әлі де беделі бедел (Ғ. Мұстафин).

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады: Жүз — жиырма беске бөлінеді. Елу — беске қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер астында. (Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады). Мен білмейтін — жер астында түрінде білмейтін деген бастауыштан кейін сызықша қойылмаса білмейтін нәрсе емес, жер деп түсінілуі мүмкін.

8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады: Асыл тастан, ақыл жастан (Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады). Біреуі көк, біреуі жер тағысы. (Абай).

9. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша

129
қойылады: Гипотеза дегеніміз ғылыми жорамалдар. Көрдім деген көп сөз (Мақал). Балалар әдебиеті дегеніміз балалар тәрбиесі деген сөз (Ш. Ахметов).
ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕР.
Сөйлемде өзі байланысқа түскен тұрлаулы я басқа мүшелерді анықтап, толықтап, пысықтап тұратын сөздерді тұрлаусыз мүше дейді. Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі ойды толықтырып, анықтай, пысықтай түсіп тұрғанмен, тұрлаулы мүшелерсіз өз бетімен сөйлем құрай алмайды. Олар тікелей немесе басқа өзі байланысқан сөздер арқылы тұрлаулы мүшелерге (бастауыш пен баяндауышқа) бағынышты болады. Мысалы: Кешегі соғыста жараланған бір жігіт сол түні таң алдында жан тапсырды. (Ә. Нұрпейісов). деген сөйлемде жігіт (кім?)— бастауыш, жан тапсырды (не істеді?)— баяндауыш та, таң алдында (қашан?) және сол түні (қашан?) сөздері баяндауыштың (жан тапсырды) мезгілін, бір (қай?) және жараланған (қай? қайткен?) сөздері бастауыштың (жігіттің) сынын білдіріп, ал соғыста (қайда?) жараланған сөзінің мекенін, кешегі (қай?) соғыста сөзінің қатыстық белгісін білдіріп және сол сөздер арқылы бастауышқа (жігіт) қатысты болып тұр.
§ 126. ТОЛЫҚТАУЫШ.
Сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім(не) туралы? кім (не) жөнінде? кім (не) жайында?

Толықтауыш құрамына қарай бір сөзден ғана болып дара толықтауыш және бірнеше сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөзден құралып күрделі толықтауыш болып бөлінеді. Мағынасы мен тұлғасына қарай тура толықтауыш және жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді. Табыс септік тұлғасындағы толықтауышты тура толықтауыш, ал атау, ілік, табыстан басқа септіктердің бірінде немесе туралы, тақырыпты, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың тіркесінен болған толықтауышты жанама толықтауыш дейміз. Сөйтіп, табыс септігінің сұрағына (к і м д і? н е н і?) жауап беретін сөз тура толықтауыш болады да, барыс (к і м г е? неге?), жатыс (кімде? неде?), шығыс (кімнен? неден?), көмектес (кіммен? немен?) септіктердің және кім (не) туралы? кім (не) жайында? тәрізді сұрақтардың біріне жауап беретін сөз жанама толықтауыш болады. Тура толықтауыш сабақты етістікпен ғана байланысып қолданылады.

Толықтауыш пен толықталатын сөздің арасындағы байланыс түрі меңгеру болады, өйткені толықтауыш белгілі септік (табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес) тұлғасында немесе туралы, жай-

130
ында, жөнінде, тақырыпты деген шылаулар арқылы то-лықталатын сөзге бағына (меңгеріле) байланысады.

Толықтауыш зат есім мен есімдіктен, атау мен іліктен басқа септік тұлғаларының бірінде тұрып заттанған өзге де сөз таптарынан (сан есім, сын есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері), негізгі сөздің туралы, жөнінде, жайында деген шылаулармен тіркесінен болады. Мысалы: Тәңірберген жаз бойы теңіз жағасын торуылдап кетті. Қарт ана балаларын өлдіге қимайды. Еламан карт балықшыдан бұл ауылдың таяуда ауыр қазаға ұшырағанын есіткен-ді. (Ә. Нүрпейісов) деген сөйлемдерде теңіз жағасын (нені торуылдап кетті?), балаларын (кімді қимайды?), қазаға ұшырағанын (нені есіткен-ді?) сөздер мен тізбектер сабақты етістіктерге табыс септік жалғауы арқылы меңгеріліп, тура толықтауыш болып тұр, ал өлдіге (неге қимайды?), балықшыдан (кімнен есіткен-ді) деген сөздер барыс (-ге), шығыс (-дан) септік жалғаулары арқылы меңгеріліп, жанама толықтауыш болып тұр. Балаларын және балықшыдан дегендер зат есімнен болған, өлдіге деген етістік тұлғасының барыс септігі арқылы заттанып қолданылуынан болған дара толықтауыштар да, теңіз жағасын екі зат есімнің (теңіз және жаға) тіркесуінен, қазаға ұшырауынан тұрақты тіркестен болған күрделі толықтауыш болып саналады.


§ 127. АНЫҚТАУЫШ.
Сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік — қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейді.

Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткен? не еткен? деген сұрақтардың біріне жауап береді.

Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, есімдіктен, түбір тұлғалы зат есімнен, етістіктің есімше түрінен, ілік септік жалғанған зат есімдер мен заттанған сөздерден болады.

Құрамына қарай анықтауыш бір сөзден болып дара анықтауыш, сөз тіркесі, күрделі сөз бен тұрақты тіркестерінен , құралып күрделі анықтауыш болады.

Анықтауыш ілік септік тұлғасында ашық я жасырын (түсіп қалып) түрінде келіп, анықталатын сөзбен матаса байланысады да, ешбір жалғаусыз айтылса орын тіртібі арқылы анықталатын сөзбен қабыса байланысады. Мысалы, Екі қыздың еңіреген үні алқаптың үстіндегі кештіқ әуесін қозғап ызыңдатты. Ал, бұл жалпақ бет, жалпақ жауырынды қара жігіт дамыл көрмей қысы-жазы солардын, жылқысын бағады. Ашынған әйел мән-жайын айтады (С. Сейфуллин). Бірінші сөйлемде екі деген анықтауыш сан есімнен болып (неше қыз?), қыз сөзімен кабыса байланысып, қыздың және кештің деген анықтауыштар ілік септік жалғауы арқылы (кімнің үні?) ненің әуесі?) үні және әйелі сөздерімен матаса байланысып, еңіреген деген анықтауыш етістіктің есімше түрінен болып (қандай немесе қайткен үні?), орын тәртібі арқылы үні сөзімен қабыса байланысып тұр.

131
Бұлар — дара анықтауыштар. Ал алқаптың үстіндегі деген анықтауыш зат есім (алқаптың) мен көмекші есім (үсті) тіркесінен құралып кеш сөзімен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр. Бұл — күрделі анықтауыш. Екінші сөйлемде бұл (қай жігіт?) сілтеу есімдігі мен қара (қандай жігіт?)— сын есімі де жігіт сөзін анықтап, қабыса байланысып тұр. Дәл сондай жалпақ бет және жалпақ жауырынды (кандай жігіт?) деген күрделі анықтауыштар да сын есім мен зат есімнен және сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнен құралып, жігіт сөзімен қабыса байланысып тұр. Солардың деген ілік септігіндегі есімдік жылқысы сөзін анықтап, онымен матаса байланысып тұр. Соңғы сөйлемде ашынған деген есімше де әйел сөзін анықтап (қайткен әйел?), онымен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр.
§ 128. ПЫСЫҚТАУЫШ.
Сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейді. Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не ушін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? деген сұрақтарға жауап береді.

Пысықтауыш болатын сөз табы — үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім, етістіктің көсемше түрі, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын, бірге, қабат, қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын септеулік шылауларының тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін атқарады.

Пысықтауыш барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктің бірінде тұрған сөзден немесе негізгі сөз бен септеулік шылаулардың бірі тіркесінен болғанда, пысықталатын сөз арасындағы байланыс меңгеру де, ешбір жалғаусыз, септеулік шылауларсыз қабыса байланысады. Үстеуден болған пысықтауыштар өзі пысықтайтын сөзімен іргелес те, алшақ та тұрып байланыса береді. Құрамы жағынан пысықтауыш дара және күрделі болып, мағынасы жағынан пысықтауыш бес түрге бөлінеді: қимыл-сын пысықтауыш, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауьш, себеп пысықтауыш, мақсат пысықтауыш.

Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы? деген сұрақтарға жауап беріп, көбіне-көп етістіктің көсемше түрінен, қимыл-сын, мөлшер үстеулерінен, сын есімнен, сан есімнен, көмектес септік жалғаулы сөзден, негізгі сөз бен арқылы шылауының тіркесінен болады. Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? деген сұрақтарға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздер мен тіркестерден, негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болады.

132
Мекен пысықтауыш, қайда? қайдан? қалай қарай? деген сұрактарға жауап беріп, мекен үстеулер мен барыс, жатыс, шығыс, септіктегі сөздер мен кейде оларға септеулік шылаулар тіркесінен болады. Себеп пысықтауыш ңеліктен? не себепті? не үшін? деген сұрақтарға жауап беріп, барыс, шығыс септіктегі есімше мен есім сөздердің үшін шылауымен тіркесінен болады. Мақсат пы-сықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін? деген сұрақтарға жауап беріп, мақсат үстеулерінен, есім сөздерге үшін шылауының, тұйық етістік пен көмектес септігіндегі зат есімнің және барыс септіктегі сөз бен бола шылауынын тіркестерінен болады. Мысалы: Оларды әкесі ежелгі дағдысы бойынша әдейі шақыртып алған сияқты. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. Үлкендер ақырын мырс-мырс күлді. Шешесінің үйіне қарай беттеді. (М. Ә.) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін (Абай).

Бірінші сөйлемде ежелгі дағдысы бойынша (қалай шақыртып алған сиякты?) үш сөздің тіркесуінен кұралып, күрделі қимыл-сын пысықтауыш пысықталатын сөзбен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр да, әдейі (қалай? не мақсатпен шақыртып алған сияқты?) мақсат үстеуі баяндауышпен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып, дара мақсат пысықтауыш болып тұр. Екінші сөйлемде бүгін (қашан алғызып отыр?) мезгіл үстеуі мен әдейі (не мақсатпен? неге алғызып отыр?) мақсат үстеуі дара мезгіл және мақсат пысықтауыш болып, пысықталатын сөзбен орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, бірінші рет (қалай алғызып отыр?) сан есім мен зат есімнен кұралған сөз тіркесінен жасалып, күрделі қимыл-сын пысықтауыш болып, пысықталатын сөзбен орын тәртібі арқылы кабыса байланысқан. Үшінші сөйлемде ақырын (қалай күлді?) қимыл-сын үстеуі мен мырс-мырс (қалай күлді?) қайталама еліктеуіш сөз қимыл-сын пысықтауыш (ақырын — да-ра да, мырс-мырс — күрделі) қызметін атқарып, пысықталатын сөзбен ешбір қосымшасыз орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан. Төртінші сөйлемде үйіне қарай (қайда беттеді) күрделі мекен пысықтауыш зат есімнің барыс септік тұлғасына қарай шылауының тіркесуінен болып пысықталатын мүшеге (беттеді) меңгеріле байланысқан. Соңғы сөйлемде ермек үшін, термек үшін (не үшін жазбаймын?) деген зат есім (ермек) мен етістікке (тер-мек) үшін септеулік шылауының тіркесі арқылы болған күрделі мақсат пысықтауыш пысықталатын мүшемен (жазбаймын) үшін шылауы арқылы меңгеріле байланысқан.


Сөйлем мүшесіне талдау тәртібі
1. Ең алдымен сөйлемнің баяндауышын табамыз. Баяндауыш сөйлем білдіретін ойдың негізгі іс-әрекеті, қимылы, сөйлемді, құрайтын басты діңгек мүше болатындықтан, ол айқын көрініп тұрады, көбіне баяндауыш сөйлемнің соңында келіп, ойды аяқтап тұрады.

133
2. Баяндауыш арқылы басты қимыл, іс-әрекеттің иесіне сұрақ қойып бастауышты табамыз. Баяндауыштан бастауышқа да, бастауыштан баяндауышқа да сұрақ қоюға болады. Бастауыштан бұрын баяндауышты табу себебіміз — баяндауышсыз сөйлем болмайды, кейде сөйлемде бастауыш болмауы мүмкін, не түсіп қалады.

3. Баяндауышқа катысты басқа мүшелер, мысалы, толықтауыш, пысықтауыштар, рет-ретімен баяндауыштан сұрақ қою арқылы табылып отырады.

4. Баяндауышқа бағына байланысып тұрган мүшелерге қатысты мүшелер де рет-ретімен өздерінің грамматикалық байланысының ізімен олардан сұрақ қою арқылы айқындалып отырады.

5. Бастауышқа қатысты мүшелер де сұрақ қою аркылы анықталады.

6. Сұрақ сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысының ізімен анықтап алған белгілі болган мүшеден белгісіз мүшеге қойылады. Сөйлемдегі кез келген сөзді жұлып алып, оған жеке сұрак қойып, кандай мүше болып тұрғанын анықтауға болмайды. Мысалы: Олжабек сол түтіннің дәл түбінде көк егізшені жіліктеп бұзып отыр. (Мұст.)

1. Не істеді?— бұзып отыр — баяндауыш.



2. Кім бұзып отыр?— Олжабек (бұзып отыр)— бастауыш.

3. Қалай бұзып отыр?— жіліктеп (бұзып отыр)— кимыл-сын пысықтауыш.

4. Нені бұзып отыр?— өгізшені (бұзып отыр)— тура толықтауыш.

5. Қай өгізшені?— көк (өгізшені)— дара анықтауыш (бұл жерде ол өгізше деген толықтауышты анықтап тұр).

6. Қайда бұзып отыр?түтіннің дәл түбінде курделі мекен пысықтауыш.

7. Қай тутіннің дәл түбінде?— сол (түтіннің дәл түбінде) — анықтауыш (бұл жерде сол түтіннің дәл түбінде — деген пысықтауышты анықтап тұр).


§ 129. СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ.
Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді бірыңгай мүшелер дейді. Бірыңгай мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар аркылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге қатысты болады. Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Мысалы: Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді. Шиделі күпілі, сенсең тымақты бұжыр қара кісі ат үріккен жаққа жылан көзін жылдам тастады да, тізгінін сәл тежеді. (Ә. Н.) Құланиек таңды, шашырап шыққан кунді оған биік таулар көрсетпеді (Ғ. Мұст.) Бет-аузына адам тұра карай алмайтын қара шұбар орта бойлы Есенейге аға сұлтан әрі таңдана, әрі қауіптене қарайтын еді. (Ғ. М.)

134
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Бірыңғай мүшелерді ыңғайлас жалғаулықтар (да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен), талғаулы жалғаулықтар (я, не, немесе, әлде), қарсылықты жалғаулықтар (бірақ), кезектес жалғаулықтар (бірде, біресе, кей-де) байланыстырады.

Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, олардың арасына үтір қойылады. Мысалы: Осының бәрін бір сұмдықпен, кулықпен істемейді (С. С). Сондай-ақ жалғаулық бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып қолданылса да, арасына үтір қойылады. Мысалы, Атын да, кісісін де болжай алмады (М. Ә.) Бірақ деген шылау қарсы мәндес екі бірыңғай мүшені байланыстырады да, бірақ шылауының алдынан үтір қойылады. Мысалы: Ол — батыр, бірақ қолбасы емес. (Ғ. М.) Бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай келген мен, бен, пен, және жалғаулықтары болғанда және да, де, та, те, әрі, не, немесе, яки қайталанбай бір-ақ рет келгенде, үтір қойылмайды. Мысалы: Олжабек пен Жамал қоңыр шокыны бетке ұстап тарта берді. (Мүст.) Ашық та ақ жарқын сөйлейтін сырлас адамдар екен (Ғ. М.)

Бірыңгай мүшелер екеу болмай, одан көп болып, олар жалғаулықсыз байланысып, тек соңғы екеуі гана жалғаулык шылау арқылы байланысса, жалғаулықсыз жерде үтір қойылады да, жалғаулық арқылы байланысқан жерде үтір қойылмайды. Мысалы, Бухара, Ташкент, Түркістан және Жоңғар қалмақтары билеушісі Қалдан Шерінің күнгей шығыс маңын қоныстанады. (Ә. К.)

Сөйлемде бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, барлық бірыңғай мүшенің ортақ жинақтау аты есебінде айтылатын да сөздер болады. Олар жалпылауыш сөз деп аталады.

Жалпылауыш сөз сілтеу (мыналар), жалпылау (бәрі, баршасы, барлығы) есімдіктері мен жинақтау сан есімі, зат есімдерінен болады.

Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. Бұндай жағдайда егер бірыңғай мүшелерден кейін оған ұқсас сөздер тұрса, бірыңғай мүшелерді одан ажырату үшін, ол мүшенің алдынан сызықша қойылады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, оның алдынан с ы з ы к ш а қойылады.


§ 130. айқындауыш.
Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп тұрады. Мысалы: Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де — бірі кәрі, бірі жас бала — қызғана да, тамашалай да қараған еді. (М. Әуезов). Бұл сөйлемде екеуі деген сөзді (бастауышты) бірі кәрі, бірі жас бала деген сөздер тіркесі айқындап, нақтылап, яғни екеудің нақты кімдер екенін анықтап тұр. Сондықтан да бұл (екеуі) сөздің сөйлемде атқаратын

135
қызметіне, грамматикалық байланысына айқындауыштың қатысы болып отырады: кім қараған еді?— екеуі де ягни бірі кәрі, бірі жас бала — бастауышты айқындап тұр және бастауыш мәнінде атау тұлғада қараған еді деген баяндауышпен байланысып тұр. Міне осындай белгілі бір мүшені (сөзді) заттық, мекендік, мезгілдік т. б. жағынан дәлдеп, айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы айқындауыш деп аталады. Кейде бұндай айқындауышты оңашаланған айқындауыш деп те атайды, өйткені ол өзі айқындайтын мүшені оңашалап, ерекшелеп тұрады және одан кейін тұрады.

Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, тіпті кейде анықтауышты да айқындай береді. Мысалы: Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есембайдан, кеткен болатын (М. Әуезов). Біздерге, қарттарға, жастар сиякты өмір сүруге тура келеді. (Н. Островский).

Оңашаланган айқындауыш әдетте сөйлемде екі жағынан үтірмен ажыратылады. Кейде оңашаланған айқындауыштың өз ішінде немесе айқындалатын сөздер тізбегінде үтір болса, екі жағынан сызыкшамен де ажыратылады.
§ 131. үйірлі мүше.
Сөйлемде күрделі мүше тәрізді бір сөзге қатысты болып, бір сұраққа жауап беретін, бірак өз ішінде сөйлемдік қасиеті бар сөздердің синтаксистік тобы үйірлі мүше деп аталады. Мысалы, Қызылбалақтың машығына бойы үйренген жуас торы ат үріккен жоқ. (М. Әуезов). Бұл сөйлемде Қызыл-балақтың машығына бойы үйренген деген (қандай?) ат сөзін анықтап тұр. Бірақ әдеттегі күрделі анықтауыштан айырмашылығы сол — бұнда өз ішінде бастауышы — баяндауышы бар сияқты, сондықтан жеке сөйлем сияқты болып көрінеді: бойы (несі?) үйренген (қайткен?), бірақ сөйлемге тән интонациясы болмағандықтан, өзі қатысты (анықтайтын) сөзімен (ат) түйдектеліп, бір интонациямен айтылатындықтан, жеке сөйлем бола алмайды, сөйлем мүшесінің ерекше түрі, үйірлі мүше деп аталады.

Үйірлі мүше есімше я сын есімге аяқталып, үйірлі анықтауыш, іліктен басқа септік жалғаулы зат есімге я заттан басқа сөзге аяқталып, үйірлі толықтауыш, атау тұлғалы сөзге аяқталып, үйірлі бастауыш болады. Мысалы: Білімі күшті (кім?) мыңды жығады (Мақал).Құлақ естігенді (нені?) көз көреді. (Мақал). Сондай-ақ сөйлем ішіндегі таң ата, күн бата, жаз шыға сияқты мезгілдік тіркестер үйірлі пысықтауыш болады.


§ 132. ОҚШАУ СӨЗДЕР.
Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, тек айтылатын ойға қатысы бар сөздер кездеседі. Олар сөйлем мүшесі бола алмайды, себебі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Олар — қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз.

137
Қаратпа сөз сөйлемде тыңдаушысының ойға назарын аудару үшін қолданылады, сондықтан ол адамға байланысты немесе кейде көркемдік үшін адам мәніндегі жанды-жансыз ұғым атаулары да болып келеді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды. Сөйлемде дала сөзі — қаратпа сөз, мағыналы сөз болса да, сөйлем мүшесі бола алмайды, өйткені бірде-бір сөзбен грамматикалық байланысқа түспеген. Дала Жамбылды деген сөздердің арасында грамматикалық байланыс жоқ екені белгілі. Тыңда, дала, дегенде де грамматикалық байланыс жоқ: дала 3-жақтағы зат есім, тыңда — бұйрық райдың 2-жағында айтылған етістік, тыңда дегеннің грамматикалық байланысы сен тыңда және Жамбылды тыңда.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе, алдына үтір қойылады. Қаратпа сөз ерекше қарқынмен, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады.

Қыстарма сөздер сөйлеушінің айтылған пікірге әр түрлі көзқарасын білдіреді: қуанышты, өкінішті, сенімді, өтінішті, мақұлдауды, ой иесін көрсетіп, сөйлемнің мағыналылығын, бейнелілігін арттырады. Ал, сөйлем құрамына енуі пікірді жинақты, орамды, дәл түсіндіруге жәрдем етеді. Қыстырма сөздер жеке сөздермен де, сөз тізбегімен де, тіпті сөйлеммен де айтылады.

Қыстырма сөздер сөйлем ішінде үтірмен және кейде сөйлем күйінде келгенде жақшамен бөлініп, оқшауланады. Мысалы: Шынында, бұл — ойланатын жұмыс екені рас (Ғ. Мұстафин). Кім біледі, бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас (Б. Майлин). Рас, менің байқауымша, сіздің халық — ақын халық (М. Әуезов.)

Одағай сөз. Оқшау сөздердің бір түрі — одағай сөздер айтушының көңіл күйін, сан түрлі сезімін, эмоциясын білдіру үшін қолданылады.

Одағайлар қалыпты баяу дауыспен айтылғанда, жазғанда одан кейін үтір қойылады, ал көтеріңкі дауыспен айтылса, леп белгісі койылады. Мысалы: Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!— деді (М. Әуезов). Е, бәрекелді, шыныңды айттың ғой! (Г. Мүсірепов). Әй, әттеген-ай!деп, еріксіз қамыққанын өзі де білмей, үйіне қарап аяңдады. Оқтын-оқтын күрсініп: аһ!дегенде, жүрегі қарс айырылады. (Б. Мұқаев). О, мерейлерің үстем халайық!— деді ортадағы топтың алдында келе жатқан дембелше бойлы қара жігіт (Ә. Әбішев).
§ 133. СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ ОРЫН ТӘРТІБІ.
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста колданылады. Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады. Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшелері ыңғайында былай болады.

137
1. Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады, көбіне сөйлемнін бас жағында болады да, баяндауыш сөйлемді аяқтап тұрады. Мысалы: Бейсен Жомартпен кейін қайтты (Мұстафин). Тек кейде төл сөзді сөйлемнің автор сөзінде (-деді ол дегенде) бастауыш баяндауыштан кейін келуі мүмкін.

2. Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен, анықтауыш өзінің анықтайтын сөзінен, пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады. Мысалы: Қаражанның ашуы көздің жасына да айналды (М. Әуезов). Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес. (Мұстафин). Берілген сөйлемдерде Қаражанның (кімнің?), көздің (ненің?) деген анықтауыштар ашуы, жасына деген анықталушы сөздерінен, жасына (неге?) деген толықтауыш айналды деген толықтайтын сөзінен, еш уақытта (қашан?), мұндай (қалай?) деген пысықтауыштар өздері пысықтайтын қуанған емес деген сөзінен бұрын тұр.

3. Бір ғана анықталушы сөзге қатысты бірнеше анықтауыш сөйлемде былай орналасады: анықталушы сөзге ең жакын анықтауыш зат есімнен болған, одан әрірек сын есімнен, есімшеден және сан есімнен болған анықтауыштар, ең әріде ілік септікті сөзден болған анықтауыш тұрады. Мысалы: Жұмысшылардың жалаңдаған өткір темір күректері жерді қояр емес.

Бұл көрсетілгендер — сөйлемдегі сөздердің әдеттегі орын тәртібі. Кейде әр түрлі мақсатпен сөздердің сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі бұзылып қолданылуы да мүмкін. Ол көбінесе өленде, ауызекі тілде, ұран түрінде айтылған сөйлемде, немесе белгілі бір сөздерге ерекше назар аудару мақсатынан туады. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!— Дала, Жамбылды тында. Тарт қолыңды Вьетнамнан!— Қолыңды Вьетнамнан тарт.

Осындай белгілі мақсатпен сөйлемдегі сөздердің қалыпты орын тәртібінің бұзылып қолданылуы инверсия деп аталады.


§ 134. ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде түрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалан, сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді. Мысалы: Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді (Мұст.) деген үш сөйлемнің алдыңғы екеуі тек бастауыш пен баяндауыштан құралған: Кім сасыңқырап қалды?— Олжабек — бастауыш, Олжабек не істеді? (қайтті?) сасыңқырап қалды — күрделі баяндауыш; кім үндемеді?— Олжабек — бастауыш. Олжабек не істеді?— үндемеді — баяндауыш. Бұлар — жалаң сөйлемдер. Үшінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден де құралган: Кім келеді?— бұлар — бастауыш, бұлар не істеді?— келеді — баяндауыш; қайда келеді?— иегінің астында — мекен пысықтауыш,

138
кімнің иегінің астында?— жігіттің — анықтауыш, қандай жігіттің?— жалқау — анықтауыш, қай жігіттің? баяғы — анықтауыш. Сөйтіп, бұл сөйлемде бастауыш (бұлар) пен баяндауыштан (келеді) басқа пысықтауыш (иегінің астында), анықтауыштар (жігіттің, жалқау, баяғы) да бар, сондықтан ол жайылма сөйлем болып табылады.

Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін жақты сөйлем дейді де, бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың езі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрін жақсыз сөйлем дейді. Мысалы: Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзірлеген жауабы еді. (М. Әуезов). Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бірінші сөйлемнің баяндауышы — сөйлеп қапты (не істеді?), бастауышы жок, бірақ оны табуға болады: кім сөйлеп қапты?ол, яғни бала, ол екінші сөйлемнен көрініп тұр. Екінші сөйлемнің баяндауышы — жауабы еді (бұл — не?), бастауышы — бұл (не жауабы еді?). Сондықтан бұлар — бастауышы бар я жоқ болса да, баяндауышы арқылы табуға болатын жақты сөйлемдер. Ал үшінші сөйлемнің баяндауышы (қайтті?)— көзім жете қойған жоқ, бұл — фразалық (идиомдық) тіркес, сондықтан сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқарады: көзім деген сөзді бір бөлек, жете қойған жоқ дегенді бір бөлек талдауға болмайды. Бұл сөйлемнің бастауышы жоқ, оны табуға да болмайды. Сондықтан бұл — жақсыз сөйлем.

Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді. 1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді, барғым келмейді т. б.

2) түйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, сөйлеуім мүмкін, айтуы тиіс т. б.

3) -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды т. б.

4) Баяндауыш кұрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек-сілесі қатты, шарасы қалмады, тас-талқаны шықты, мойнына су құйылды т. б.

Сөйлемде ойға катысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнін түрін толымсыз сөйлем дейді. Мысалы, Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Купі сыртынан қайыс белбеуін буып алды (Ә. Нұрпейісов). Көзінен жасы ыршып кетті. (С. Сейфуллин) деген үш сөйлемнің алдыңғысы — толымды сөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді?шықты) да, бастауышы (кім шықты?Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты?— сыртқа және қалай шықты бір ытқып) та жұмсалған.

139
Сондықтан бұл — толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді?буып алды)иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалган, бірақ оны табуга болады: кім буып алды?ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп калған. Сондықтан екінші, үшінші, сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.

Ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың, құбылыстың, мезгілдің мерекенің, мекеннің аты аталып көрсетілгендей жай сөйлемнің ерекше түрін атаулы сөйлем дейді. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан; шартты түрде сөйлем деп танылады. Оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді. Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кез... Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сұлы Көл-шүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты (С. Сейфуллин) дегенде, алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1—2— сөйлемдер: кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3—4— сөйлемдер: Көкшетау маңы және Айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр. Сөйтіп, келесі сөйлемге мезгілдік, мекендік жағынан кіріспе ретінде жұмсалып тұр. Осы мысалдан көрінетіндей атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де кұрала береді.


Пысықтау үшін сұрақтар.
1. Сөйлем деген не? 2. Сөйлемнің қандай белгілері болады? 3. Сөйлемнің айтылу мақсатына карай қандай түрлері бар? 4. Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер қалай жасалады? 5. Сөйлем мүшесі деген не? 6. Сөйлем мүшесі қалай бөлінеді? 7. Бастауыштың ерекшелігі неде және қалай жасалады? 8. Баяндауыш қалай жасалады жәнс бастауышпен қалай байланысады? 9. Толықтауыштың жасалуы мен сұрақтары қандай? 10. Анықтауыштың ерекшеліктері мен жасалуын мысалмен көрсет. 11. Пысықтауыштың түрлері мен жасалуын мысалмен көрсет. 12. Сөйлем мүшесіне талдау тәртібін мысалмен керсет. 13. Бірыңғай мүшелердің ерек-шелігі неде және жалпылауыш сөзбен ара қатынасы қандай? 14. Айқындауыштың мәнін түсіндір. 15. Үйірлі мүше деген не және күрделі мүшеден айырмашылығы неде? 16. Оқшау сөздердің мәні неде және қандай түрлері бар? 17. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін мысалдармен көрсет. 18. Жай сөйлемнің құрамы мен құрылысына қарай қандай түрлері бар? 19. Жай және жайылма сөйлемдердің ерекшеліктері неде? 20. Жақты, жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы сөйлемдер қалай жасалады?
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
§ 135. ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Жай сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір

140
интонациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Ералы, Ойқұдық үстінде жауынды бүркер сүр аспан жиі түнереді. (М. Әуезов) деген сөйлемде 9 сөз қолданылып, бір ғана ойды білдіріп тұр. Сөйлемде бір баяндауыш (не істеді?)түнереді, бір бастауыш (не түнереді?)аспан қолданылған, қалғандары — тұрлаусыз мүшелер: жиі (қалай түнереді?)— кимыл-сын пысықтауыш, Ералы, Ойқұдық үстінде (қайда түнереді?)— мекен пысықтауыш, сұр (қандай аспан?)— анықтауыш, жауынды бүркер (қай аспан?)анықтауыш.

Төбесінде көзі қанталаған қарақұс отыр, іргесінде ініне жүгірген суыр ғана жүр. (3. Қабдолов) деген сөйлем екі жай сөйлемнен құрылған, өйткені бұнда екі бастауыш және екі баяндауыш бар: отыр (не істеді?)— баяндауыш, қарақұс (не отыр?)— бастауыш және жүр (не істеді?)— баяндауыш, суыр (не жүр?)— бастауыш. Сөйтіп, екі жай сөйлем кұрмаласып, күрделі бір ойды білдіріп тұр.

Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара мынадай жолдармен байланысады:

1. Интонация арқылы іргелес байланысады. Мысалы, Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша, сарғылт өнділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен. (С. М.) Бұл — екі жай сөйлемнен құралған: 1— сөйлемнің баяндауышы (не?)бірінші рет еді, бастауышы (не бірінші рет еді?)көруі, 2-сөйлемнің баяндауышы (кім екен?)— жігіт екен де, бастауышы түсіп калғаң, бірақ оны табуға болады (кім жігіт екен?)ол. Бірак, бұл екі жай сөйлем әрқайсысы бөлек-бөлек болмай бір интонациямен айтылған: бірінші жай сөйлемнен кейін даус ырғагы көтеріңкі айтылып кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі бір ойды білдіруге дәнекер болып тұрады.

2. Жалғаулык шылаулар ( кейде септеулік шылаулар) арқылы байланысады. Мысалы: Сырбай қонақтарын сол далаға онша көңілді қалыппен басқарып апара жатқан жоқ, себебі биылғы егін шығымы әлсіздеу (С. Мұқанов). Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді (М. Әуезов) деген құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен себебі деген жалғаулық шылау мен соқ деген септеулік шылау байланыстырып тұр.

3. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнін (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, кұрмаласа байланысады. Мысалы: Құрыммбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен (Б. Майлин) деген құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы шын болса шартты рай тұлғасында келіп, тиянақсыз болып, сөйлем бітпей, келесі жай сөйлеммен жалғасып байланысып тұр.

141
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер өз ара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас сөйлем болады. Мысалы, Бұйрық нақ осылай болса керек, резервтегі күштің бәрі осы араға төгілді (Бақ.), деген құрмаластағы әрбір жай сөйлем бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде колданылған, сондықтан жеке-жеке айтыла алады, олардың баяндауыштары осылай болса керек және төгілді тиянақты тұлғада келіп тұр.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне бағына байланысып, бағынған сынарының (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келеді. Ондай құрмаласты сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Қаланың көлемі үлкен болғанмен, көп этажды үйлер сирек болатын. (3. Қабдолов) деген құрмалас екі сөйлемнен құрылған. Бірінші сыңарының баяндауышы — үлкен болғанмен тиянаксыз тұлғада, есімшенің -ған тұлғасына көмектес жалғауы жалғанып колданылған. Өйткені бұл баяндауыш тұлғасымен сөйлемді аяқтап бітіруге болмайды. Сондықтан бірінші жай сөйлем келесі екінші жай сөйлемге бағынып тұр.

Кемінде үш жай сөйлемнен құралып, олар бір-бірімен салаласып (бағынбай, тең дәрежеде) та, сабақтасып (бірі екіншісіне бағынып) та байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Әрқайсысы ашылған кітаптын, аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді (С. Сматаев) деген кұрмалас төрт жай сөйлемнен кұралған. Бірінші сөйлем мен екінші сөйлем сабақтаса байланыскан, өйткені бірінші сөйлемнің баяндауышы (себелеп) көсемше жұрнақты (-п) тиянақсыз тиянақсыз тұлғада келіп, екінші сөйлемге бағынып тұр. Ал екінші сөйлем мен үшінші және төртінші сөйлемдер бір-бірімен салаласа байланысқан, өйткені олардың әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп (төгілді, бүркене ме, сейіліп кетеді), әр сөйлем бір-біріне бағынбай, жеке-жеке қолданыла аларлық қасиетте келген. Сөйтіп, жай сөйлемдер бір-бірімен әрі сабақтаса байланысып, бірі екіншісіне бағынып, соның нәтижесінде бірінің баяндауышы тиянақсыз тұлгада жұмсалып, әрі салаласа байланысып, жай сөйлемдер бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде, соның нәтижесінде баяндауыштары тиянақты тұлғада қолданылған. Сондықтан (жай сөйлемдер әрі сабақтаса, әрі салаласа байланысатындықтан) аралас құрмаластың құрамында үш және одан да көп жай сөйлем болады.


§ 136. САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өз ара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрма-

142
ластың түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты тұлғада келетіндіктен, ол жай сөйлемдерді жеке-жеке де колдануға болады. Мысалы, Салық қырман басына келіп, Жүзбай карттың үйінен шай ішіп қызара бөртіп, терлеп-тепшіп отыр еді, водовозбен салып ұрып Саша Гармош деген комбаиншы жетіп келді (Ш. Мұртаза) деген құрмаластың екі жай сөйлемін бөлек-бөлек айтуға болады: Салық қырман басына келіп, Жүзбай қарттың үйінен шай ішіп қызара бөртіп, терлеп-тепшіп отыр еді. Сөйлемді осы баяндауышпен аяқтап, бітіруге болады, өйткені баяндауышы отыр еді тиянақты тұлғада қолданылған. Салаластың екінші сыңары да өз алдына жеке сөйлем бола алады: Водобозбен салып ұрып Саша Гармош деген комбаиншы жетіп келді.

Салалас құрмаластың кұрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен екі түрлі жолмен байланысады:

1) интонация арқылы мағыналарының жақындығына қарай іргелес байланысады. Мысалы, Сырбайдың қыш кесектен соққан үш бөлмелі үйі бар екен, соның біреуі қонақ жайына арналған екен (С. Мұқанов). Малдары не күн көретінін білмейміп, қора маңында бір шошактан артық шөп көрінбейді (Мұстафин). Алғашкы мысалда кұрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем жалпылық мәнде қолданылып, екінші жай сөйлем ол ойды нақтылап тұр: бірінші жай сөйлемде Сырбайдын үш бөлмелі үйі бар екені жайында болса, екінші жай сөйлемде сол үш бөлменің біреуі қонақ жайына арналғаны айтылып тұр. Екінші мысалда бірінші жай сойлем мен екінші жай сөйлем бір-бірімен мағыналық жағынан себеп-салдарлык, қатынаста жұмсалған: құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем бірінші жай сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіріп тұр. Сөйтіп, іргелес келген екі я одан да көп жай сөйлем бір-бірімен өз ара белгілі мағыналық қатынаста айтылады да, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада келсе де, бірінші жай сөйлем аяқталған тұста дауыс ырғағы бәсеңдеп бітіп қалмай, көтеріңкі қалыпта айтылады да, интонация тиянақсыз болады, одан кейін кідіріс (пауза) жасалып, екінші жай сөйлеммен ұласа байланысып тұрады;

2) салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара жалғаулык, шылаулар арқылы да байланысады. Жай сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынасқа қарай оларды байланыстыратын мынадай жалғаулық шылауларды көрсетуге болады: 1) Ыңгайлас мәнді да, де, та, те, әрі, және, мен жалғаулык шылаулар; 2) Қарсылық мәнді бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар; 3) себеп-салдар мәнді өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар; 4) талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, яки болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар; 5) кезектес мәнді кейде, бірде, біресе тәрізді жалғаулық шылаулар. Мысалы: Қазір тұрыңдар деген белгі берілді де, дос-жарандарым түгел түрегелді (Б. Бұлқышев). Адам даусы екені анық, бірақ не



143
айтып жатқанын айыру мүмкін емес (0. Сәрсенбаев). Дәметкеннің жүрегі бұл кезде ерекше тулап кетті, өйткені, оның ойынша, осы тоқтаған тракторда немерес Күлжан болуға тиіс. (С. Мұқанов).
§ 137. САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара белгілі мағыналық қарым-қатынаста айтылады. Араларында мағыналық қарым-қатынас болмаса, жай сөйлемдер бір-бірімен кұрмаласпас та еді. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қатынасы әр түрлі болады. Бірде екі жай сөйлемдегі ой мезгілдес, ыңғайлас болып, белгілі ортақ касиеттері арқылы құрмаласса, енді бірде бір жай сөйлем білдіретін ойға екінші сөйлемдегі ой қарама-қарсы мәнде айтыла-ды. Келесі бірде жай сөйлемнің бірі екіншісіндегі берілген ойдың болу себебін не салдарын білдіреді, енді бірде бірі екіншіде айтылған ойдың мазмұнын аша түседі, басқа бірде екі сөйлем білдіретін ойдың біреуі ғана жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіреді, енді бірде жай сөйлемдер білдіретін ой кезектесіп жүзеге асатындығы байқалады. Міне құрамына енген жай сөйлемдердің өз ара бір-бірімен осы сияқты мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынандай алты түрге бөлінеді: ы ң ғ а й л а с салалас, қарсылықты салалас, с е б е п-с а л д а р салалас, і л і к т е с салалас, талғаулы салалас және к е з е к т е с салалас.
§ 138. ЫҢҒАЙЛАС САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өз ара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде, қарым-қатынаста айтылған салаластық түрін ыңғайлас салалас дейміз. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой қатарлас; бір мезгілде, бір мәнде болып жатады я олар бірінен соң бірі болатын іс-әрекетті білдіреді.

Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (және, да, де, әрі) арқылы да, жалғаулык шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Осыған қарап оны жалғаулықты ыңғайлас салалас және жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз. Мысалы, Өнерді түсінбейтін инженер нашар инженер, қиялдай алмайтын конструктор конструктор емес, музыканы сезінбейтін және поэзияның кереметін түсінбейтін ғалым әншейін өзін жұтатқан адам (Т. А. Ильина). Винтовканың шаппасын тежеп қойғанда затвордың серіппесі сығылады да, потенциялық энергия жиналады (III. Мұртаза) дегенде, бірінші кұрмаласта ыңғайлас мәндегі үш жай сөйлем бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз, іргелес байланысқан: олардағы ой — өнерді түсінбейтін, қиялдай алмайтын, музыканы сезіне алмайтын инженер, конструктор, ғалым туралы да, екінші



144
салаласта винтовканың шаппасын тежеп қойғанда, біріншіден, затвордың серілпесі сығылуы және, екіншіден, потенциялық энергияның жиналуы жайында айтылып, ол екеуі де жалғаулық шылау аркылы байланыскан. Әрі, да, де жалғаулық шылаулар кейде әр жай сөйлем сайын кайталанып келіп те, қайталанбай бір-ақ рет қолданылып та ыңғайлас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырады, ал және жалғаулық шылауы ешбір қайталанбай бір-ак рет колданылып, жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырады. Кейде ынғайлас салалас екеу емес одан да көп жай сөйлемнен де құралып, жай сөйлемдер әрі жалғаулық шылау арқылы, әрі жалғаулықсыз іргелес байланысады. Мысалы: Хауыздың бетіндегі фонтандардың көлеңкесі дір ете түсті де, кипаристердің жапырақтары сыбдырлады, осы сәтте сән-салтанаты тілмен айтып жеткізгісіз сарайдың есігі баяу ашыла берді ("Қазақ әдебиеті") деген салаластың бірінші және екшші жай сөйлемдері бір-бірімен де жалғаулық шылауы арқылы байланыскан да, екінші және үшінші жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықсыз, іргелес байланысқан.
§ 139. ҚАРСЫЛЫҚТЫ САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой екіншісіндегі ойға карсы мәнді білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дейміз. Қарсылықты салаластың кұрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де, сөйткенмен) арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Осыған қарап оны жалғаулықты қарсылықты салалас және жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп екіге бөлеміз. Жалғаулықсыз қарсылыкты салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына үтір және сызықша қойылады. Мысалы, Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп (Б. Полевой). Біз бұл кезде жер бетінде қанша тұрғын адам болғанын да білмейміз, бірақ халық неғұрлым жиі мекендеген кейбір жерлерде адамдар тамақтың үнемі жетімсіздігін сезіне бастауы ықтимал (В. В. Дежкин). Әрі түртінектеді, бері түртінектеді,түк таппады (Қ. Найманбаев) дегендегі бірінші және екінші салаластар — жалғаулықты қарсылықты салалас, олардың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен сонда да және бірақ деген жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан да, үшінші кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз, іргелес тұрып байланысқан. Қайткен күнде де әр салаласта бірінші жай сөйлемде айтылған ойга екінші жай сөйлемдегі ой қарсы мәнде келіп отырады. Бірінші салаласта бірінші жай сөйлемдегі ой жоғары қарай өсе алмауы болса, екінші жай сөйлемде солай бола тұрса да, бұтақтарының көп екендігі айтылады. Екінші салаласта бірінші жай сөйлемдегі ой жер бетіндегі тұрғын адамның санын білмеу болса, екінші жай сөйлемде соган қарама-қарсы халық жиі мекендеген кейбір жерлерде адамдар тамақтың жетімсіздігін сезіне бастауы ықтимал

145
екендігі айтылады. Үшінші салаласта бірінші жай сөйлемдегі әрекет (әрі түртінектеді, бері түртінектеді) екінші жай сөйлемде ешбір нәтиже бермегендігі (түк таппады) көрсетілген.
§ 140. СЕБЕП-САЛДАР САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластын, түрін себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп-салдар салаласта бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе, екіншісі білдіретін ой оның салдары болып табылады. Сөйтіп, салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады. Бірде себеп мәнді жай сөйлем бұрын тұрып, салдар мәнді жай сөйлем кейін тұрса, бірде керісінше салдар мәнді сөйлем бұрын тұрып, себеп мәнді жай сөйлем кейін тұрады.

Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.

Жалғаулықты себеп-салдар салаластар өйткені, себебі деген шылаулар арқылы құрмаласқанда, алдыңғы жай сөйлем салдар мәнді болып келеді де, екінші жай сөйлем ондағы ойдың болу себебін білдіреді. Жалғаулықты себеп-салдар салаластар сондықтан, сол себепті шылаулар арқылы құрмаласса, алдыңғы жай сөйлем екінші жай сөйлемдегі ойдың болу себебін білдіріп, себеп мәнді болып келеді де, екінші жай сөйлем салдар мәнді болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің де бірде біріншісі себеп мәнді, екіншісі салдар мәнді болса, бірде біріншісі керісінше салдар мәнді, екіншісі себеп мәнді болып та қолданылады. Жазуда олардың айырмашылығы тыныс белгісінен байқалады: егер біріншісі себеп мәнді жай сөйлем, екіншісі салдар мәнді жай сөйлем болса, олардың арасына үтір қойылады, ал себеп мәнді жай сөйлем кейін келіп, салдар мәнді жай сөйлем бұрын тұрса, бірінші жай сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады.

Мысалы, Тегі, бұл шоқу көзді ағызудың ғана тәсілі болмау керек, себебі көзі аққан жылан тулап бетімен лағады да, ақыры өледі. Әдетте оруды ең кұрметті кісі бастауға тиіс, сондықтан көпшілік бұл қүрметін Сырбайға көрсетпек болды. Ботаны ағыс алып кетер деп қауіптене отыра Сырбай оның ноқтасының бауын босатып жіберді: басын тартса, құлағына су кетірермін деп ойлады (С. Мұқанов). Құмның ыси бастауынан қашып аң біткен Бет-пақтың даласына қарай өтіп кетсе керек, таңертеңнен бері не бір қарақұйрық, не бір киік кездеспеді аңшыға (С. Мұратбеков) дегенде, алғашқы екі саластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен себебі, сондықтан жалғаулық шылаулары арқылы құрмаласқан да, соңғы екі салаласта жалғаулықсыз, іргелес байланысқан. Үшінші салаластың бірінші жай сөйлемі салдарлық мәнде жұмсалған (Ботаның ноқтасынын, бауын Сырбайдын, бо-



146
сатып жіберуі) де, екінші жай сөйлем оның себебін білдіреді (себебі — егер өйтпесе, ботаның құлағына су кетеді деп ойлауы), сондықтан бұл жай сөйлемдердің арасына қос нүкте койылады. Соңғы садаластың бірінші жай сөйлемі екінші жай сөйлемдегі ойдың себебін білдіріп тұр. (Құмның ыси бастауынан аң біткеннің Бетпақтық даласына қарай өтіп кетуі), екінші жай сөйлем оның салдары болып тұр) сондықтан не бір қарақұйрық, не бір киік аңшыға кездеспеді). Бұл жай сөйлемдердің арасына үтір койылады.

141. ІЛІКТЕС САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы жалпы мәнді білдіріп, соңғысы оны аша түсетін, түсінік беретіндей қарым-қатынасты білдіретін салаластық түрін іліктес салалас құрмалас сөйлем дейміз. Іліктес саластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен ешбір жалғаулық шылаусыз, іргелес орналасып интонация арқылы байланысады. Кейде бірінші жай сөйлемнің құрамында іліктес мәнді түсінік беретіндей мағыналық қарым-қатынасты білдіретін сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай сияқты сілтеу есімдіктері болып, олар көбіне бірінші жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып тұрады. Мысалы, Артқы тракторлардың жарығынан жұрт енді ғана шамалады: әр трактордың артында кіші-гірім үйдей боп ұбақ-шұбақ сүйретілген бірдемелер келеді (С. М.). Ашуланғаны сонша— өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды. (Мұст.) Бірінші салаластағы алғашқы жай сөйлемде жұрттың артқы трактор жарығынан енді ғана шамалағаны жайыңда айтылса, келесі жай сөйлемде оның не екендігі яғни әр трактордың артында кіші-гірім үйдей боп ұбақ-шұбақ сүйретілген бірдемелер келетіні нақтылана баяндалған. Екінші салаластағы бірінші жай сөйлемде ашуланғаны сонша болып, оның мәні, түсінігі келесі жай сөйлемде ғана ашылады: өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды.
§ 142. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуіндегі ғана іс-әрекет, қимылдың жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың түрін талғаулы салалас дейміз. Талғаулы салаластың құрамыңдағы жай сөйлемдер бір-бірімен әдетте не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, әйтпесе, әлде шылаулары арқылы құрмаласады. Бұлардың ішінде не, немесе, я, яки, әлде шылаулары бір-ақ рет қолданылып та, қайталанып та жұмсала береді. Мысалы: Кезге ілінетін ұзын шидің басын, селдір қамысты талшық етеді, немесе анда-санда кездесетін тікенді шенгелді, қарағанның басын түйелер үзіп-жұлып талшық етеді. (М. Әуезов). Сіз менің жалакымды беріңіз, әйтпесе біз қоштасамыз. (А. Грин). Бұл салаластардың бірінші жай сөйлемдерінде айтылған ой жүзеге асса өзге ілінетін ұзын шидің басын, селдір қамысты
147
талшық ету және Сіздің менің жалақымды беруіңізді), екінші жай сөйлемдердегі айтылған ой жүзеге аспас еді,— ол — тек бірінші жай сөйлемдегі ой жүзеге аспаса ғана болатын іс-әрекет.

Кейде талғаулы салалас үш жай сөйлемнен құралады да, олардың алғашқы екеуі ма, ме сұраулы шылаумен қолданылып, сонғы жай сөйлем алғашқыларында болжал, тұспал жасалған ойдың, іс-әрекеттің қорытындысын, түйінін білдіреді. Мысалы: Сол шабыс қосылды ма, болмаса өзінің бала көңілінің сенделуі осындай ма Абай бір уақытта жылау үстінде лоқсып-лоқсып булығып кеп құсып-құсып жіберді (М. Әуезов).


§ 143. КЕЗЕКТЕС САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ойдың кезектесіп келуін көрсететін салаластың түрін кезектес салалас дейміз.

Кезектес салаластың кұрамындагы жай сөйлемдер әдетте бір-бірімен кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді шылаулардың қайталанып колданылуы арқылы құрмаласады. Мысалы: Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала тон белестер кездесіп жатыр (С. С.) деген сөйлемде бірде көлдердің қалып жатуы, енді бірде белестердің кездесіп жатуы бірінен кейін бірі кезектесіп болып отыр.


§ 144. КӨП ҚҰРАМДЫ САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Салалас құрмалас сөйлемнің құрамында кейде екі ғана жай сөйлем болмай, одан да көп жай сөйлем болуы мүмкін. Ондайда жай сөйлемдердің арасындағы мағыналық қарым-қатынас бір текті, бірыңғай болуы да, әр түрлі болуы да мүмкін. Саластың құрамына енген жай сөйлемдердің мағыналық карым-катынасы әр түрлі, байланысу жолы әрі жалғаулықтар арқылы, әрі жалғаулықсыз, іргелес болып келсе, ондай саласты көп құрамды салалас дейміз. Мысалы, Өкпелі адамша Олжабекке тура қарай койған жоқ, екі көзі бораздада: ішкі өгіздін бірі аяғын шалыс басып еді, шыбыртқысы шарт етті, өгіз бір қайқандап бораздаға түсе қойды. (Мұст.) деген кұрмаластың құрамында 5 жай сөйлем бар. Бірінші жай сөйлем мен екінші жай сөйлем бір-бірімен өз ара ыңғайлас мәнде байланысқан, екінші және үшінші жай сөйлемдер өз ара іліктес мәнде, үшінші мен төртінші және төртінші мен бесінші сөйлемдер өз ара себеп-салдар (алдыңғысы себеп те, кейінгісі салдар) мәнде байланысқан. Бұл жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара іргелес, ешбір шылаусыз құрмаласқан.
Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2. Жай сөйлемдер бір-бірімен қалай құрмаласады? 3. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар? 4. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Салалас құрмалас

148
сөйлемнің сабақтастан және аралас құрмаластан айырмашылығы неде? 6. Салалас құрмаластың құрамындагы жай сөйлемдер бір-бірімен қандай тәсілдер арқылы байланысады? 7. Салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің өз ара мағыналық қарым-қатынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді? 8. Салаластың қай түрлері әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз болады? 9. Салаластың қай түрі тек жалғаулықты болады? 10. Салаластың қай түрі тек жалғаулықсыз болады? 11. Ыңғайлас салалас құрмалас дегеніміз не? 12. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен қалай байланысады? 13. Қарсылықты салалас құрмалас дегеніміз не? 14. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара қалай байланысады? 15. Себеп-салдар салалас құрмалас дегеніміз не? 16. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара қалай байланысады? 17. Іліктес салалас құрмалас дегеніміз не? 18. Іліктес салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің өзара мағыналық қарым-қатынасы қандай және қалай байланысады? 20. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің өзара мағыналық қарым-қатынасы қандай және олар бір-бірімен қалай байланысады? Көп құрамды салалас құрмалас дегеніміз не? 22. Салалас құрмаластың кұрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгілері қойылады?
§ 145. САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз.

Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлем баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.



Мысалы, Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше, оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабактарды қырқып та үлгірді. (С. М.) деген құрмалас екі жай сөйлемнен құрылған. Бірінші жай сөйлемнің бастауышы — саусақтары (несі?) да, баяндауышы — жинап үлгіргенше (саусақтары не істегенше?), екінші жай сөйлемнің бастауышы — орақ (не?), баяндауышы — қырқып та үлгірді (орақ не істеді?). Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені оның баяндауышы тиянақсыз тұлғада айтылған: Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше... Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейміз. Ал құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем тиянакты болады да, өздігінен дербес айтыла алады: оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабақтарды қырқып та үлгірді. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз. Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқы (шартты белгісі /-----/) және басыңқы) (шартты белгісі І-----І ) жай сөйлемдерден құралады.

149
Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауыш тұлғаларына қарай белгіленеді. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары етістіктің көсемше, шартты рай тұлғалары мен есімше тұлғаларына кейбір жалғау, жұрнақ үстеліп, немесе септеулік шылаулар тіркескен түрінен болады. Оны мына схемадан байқауға болады:

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бастауышымен қиыса байланыспайды: бастауыш әр түрлі жақта т9рса да, баяңдауыш өзгеріссіз болады: Тек бағыныңқы сөйлемнің баяyдауышы етістіктің шартты рай тұлғасынан болғанда ғана, ол бастауышпен жақ жағынан және жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Оны мына схемадан көруге болады:

150

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет