Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә



бет12/16
Дата22.03.2017
өлшемі5,44 Mb.
#12079
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
§ 82. ЕСІМШЕНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан, ыңгайына карай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара аладьг.

1. Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қазақтың қай нәсілден тарағанын Білерсің басқа сөздің жарағанын (М. Дулатов). Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін (М. Ә.) Берілген сөйлемдердегі білерсің (сен не істерсің?) II жақта, сөйлемейтін (екеуі не істейтін?) III жақта келіп сөйлемнің баяндауышы болып тұр.

2. Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшкен ауылды іздеп табалық (Ы. А.). Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел). Берілген сөйлемдердегі көшкен (қай ауылды?), айтқанның (кімнің аузы?), көргеннің (кімнің көзі?) деген есімшелер анықтауыш болып тұр.

3. Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін аткарады. Мысалы: Үнсіз күліп тұрған — бағанағы шәкірт бала (М. Ә.). Баланың қытығына тиетіні — осы жері (М. Ә). Берілген сөйлемдердегі күліп тұрған (кім шәкірт бала?), қытығына тиетіні (не осы жері?) деген есімшелер адам және зат мәнін білдіріп, бастауыш болып тұр.

4. Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім (М. Ә.). Берілген сөйлемде ұялғанды, жауап айтпағанды (нені кешірмейтін?) деген есімшелер табыс септікте жұмсалып, толықтауыш болып тұр.

5. Есімше барыс, жатыс, шыгыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп пысықтауыш кызметін де



80
атқарады. Мысалы: Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап (Ы. А.). Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді (М. Ә.). Берілген сөйлемдердегі білмекке (не үшін я не мақсатпен кетті?) барыс септіктегі және сезген сайын (қашан жыр тереді?) деген септеулікпен тіркескен есімше пысықтауыш болып тұр.
§ 82. КӨСЕМШЕ.

Көсемше де етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті шақка байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қоранның төбесі ашылып қалыпты (М. Ә.)— Анау өрмекшіні көресің бе, не істеп жүр?Көремін, өрмек тоқып жүр (Ы. А.). Берілген сөйлемдердегі ашылып қал-ып-ты, көр-е-сің, көр-е-мін деген етістіктер көсемше тұлғасында (-ып, -е жұрнақтары) жіктеліп келіп (3-жақта -ты, 2-жақта -сің, 1-жақта -мін), іс иесінің қимыл-әрекетін белгілі шаққа байланысты білдіреді: төбесі (яғни ол 3-жак) ашылып қалыпты — өткен шақ, сен (2-жақ) көресің — ауыспалы осы шақ, мен (1-жақ) көремін — ауыспалы осы шақ. Сондай-ақ сөйлемдегі ашылып қалыпты, не істеп жүр, тоқып жүр деген күрделі етістіктердің алдыңғы негізгі етістік сыңары да көсемше тұлғалы етістіктер іс иесінің қимыл-әрекетін білдіріп тұр, қимылдың негізгі мәнін осы негізгі етістіктер (ашылып, тоқып, істеп) білдіріп тұр, көмекші етістік (қалыпты, жүр) жанағы негізгі қимылдың шағы (біріншісі — өткен шақ: қалыпты, оны білдіріп тұрған -ып көсемше жұрнағы, екінші мен үшіншісі — нақ осы шақ) мен қимыл иесінің жағын (үшеуі де 3-жақ — ол) білдіріп тұр. Бұл — көсемшенің етістікке қатысты сипаты.

Көсемше сонымен бірге кейде қимыл, іс-әрекеттің тура өзін білдірмей, оның амалын, сынын, себебін, мезгілін, болу мақсатын білдіріп, үстеу мәнінде де жұмсалады. Мысалы: ...Түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді (Ы. А). Абай да Жұмабай да қызыға тыңдасты (М. Ә.). Төл үйдің пешін жапқалы Назыкеш төбеге шығып еді (Ғ. М.). Бірақ көзінде жайнай жанған от білінді (М. Ә.). Берілген сөйлемдердегі түсіріп алып, қызыға, жапқалы, жайнай деген көсемше тұлғалы етістіктер кимылдың, іс-әрекеттің нақ өзін емес, оның (қимылдың) амалын, сынын, мақсат-себебін білдіріп тұр: қалай жейді?түсіріп алып, қалай тыңдасты?қызыға, неге, не мақсатпен шығып еді?жапқалы, қалай жанган?жайнай.

Сөйтіп, бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында (негізгі етістік болып) қимыл, іс-әрекетті білдіріп, енді бірде қимыл, іс-әрекеттің өзі емес, оның әр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілін білдіріп, екі түрлі мәнде (бірі етістік мәнінде, екіншісі үстеу мәнінде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз.



81
§ 83. КӨСЕМШЕНІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТУРЛЕРІ.
Көсемше етістік түрлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану аркылы жасалады:

1. а, -е, -й жұрнағы арқылы ауыспалы осы шак, жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жұрнақтары жалғанады: жаз-а, кул-е, сөйле-й, қара-й т. б.

2. -ып, -іп, -п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнақтары жалғанады: жаз-ып, кул-іп, айт-ып, сөйле-п, қара-п т. б.

3. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, қара-ғалы, сөйле-гелі, айталы, кет-келі т. -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.


Көсемшенің жіктелуі.
1-ж. мен жаза-мын, сөйлей-мін, барып-пын, келіп-пін.

2-ж. сен жаза-сың, сөйлей-сің, барып-сың, келіп-сің, сіз жа-за-сыз, сөйлей-сіз, барып-сыз, келіп-сіз

3-ж. ол жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті

1-ж. біз жаза-мыз, сөйлей-міз, барып-пыз, келіп-піз

2-ж. сендер жаза-сыңдар, сөйлсй-сіңдер, барып-сыңдар, келіп-сіңдер. сіздер жаза-сыздар, сөйлей-сіздер, барып-сыздар, келіп-сіздер.

3-ж. олар жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті.

Көсемше тұлғасына мынадай жіктік жалғаулары жалғанады. І-жак жекеше -а, -е, -й тұлгасынан кейін -мын, -мін, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -пын, -пін, көпше -мыз, -міз және -пыз, -піз, ІІ-жақ жекеше анайы. Екеуінде де -сық, -сіқ, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сындар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, Ш-жақ жекеше де, көпше де -а, -е, -й тұлгасынан кейін -ды, -ді, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -ты, -ті болып жалғанады.
§ 84. КӨСЕМШЕНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
1. Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің кұрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы, көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Жұмабайдың қалаға бұл

82
жолы не жүмыспен барғанын Абай дәлді білмейді (М. Ә.). Қазылар арызын алып сұрап еді, Меньшиков жауап берді (Ы. А.). Сондай-ақ көсемше тұлғалы етістік жіктелмей-ақ бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да қызметін атқарады. Мысалы: Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегі жарлы-жакыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді (Ы. А.).

2. Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін, жаздым үлгі жастарға бермек үшін (А.). Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты (М. Ә.).

3. Кейде көсемше тұлғалы етістік жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен, септеліп келген есімшеден, тұйық етістіктен болған толықтауышпен бірыңғай мүше болып келіп те қызмет атқарады. Мысалы: Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім (Ы. А.). Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рахат! (М. Ә.). Мадақтап, асыра мақтап, қошеметтегенді ол ұнатпайды. Берілген сөйлемдердегі жолығып, қолын алып деген көсемше тұлғалы етістіктер ақыл сұрайын деп едім — мен не істейін деп едім? (жолығайын деп едім, қолын алайын деп едім және акыл сұрайын деп едім) деген баяндауышпен бірыңгай мүше болып, баяндауыш қызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемде үзілмей, қатаймай деген көсемше тұлғалы етістіктер желпіп соққан — қандай жел? (үзілмей соққан жел, қатаймай соққан жел) деген анықтауышпен бірыңғай мүше болып тұр. Үшінші сөйлемде мадақтап, асыра мақтап деген көсемше тұлғалы етістіктер қошаметтегенді — нені ұнатпайды? (мадақтағанды ұнатпайды және асыра мақтағанды ұнатпайды) деген толықтауышпен бірыңгай мүше болып қызмет атқарып тұр.
§ 86. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК.
Түйык, етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туыңцы түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қызу, сөйлес-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу, қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да түйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал),



83
жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қырнайтын құрал), тұсау (жылқының алдыңғы екі аяғына салатын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Түйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді.

Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.


Тұйық етістіктіқ септелу үлгісі.
А. бару, сөйлеу, айтуы, көрулері, келуім

I. барудың, сөйлеудің, айтуының, керулерінің, келуімнің

Б. баруга, сөйлеуге, айтуына, көрулеріне, келуіме

Т. баруды, сөйлеуді, айтуын, көрулерін, келуімді

Ж.баруда, сөйлеуде, айтуында, көрулерінде, келуімде

Ш.барудан, сөйлеуден, айтуынан, көрулерінен, келуімнен

К. барумен, сөйлеумен, айтуымен, көрулерімен, келуіммен
Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі.
Жақ

I. келуім, келуіміз, келулеріміз

II. келуің, келулерің келуіңіз, келулеріңіз

III. келуі, келулері


§ 86. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ЕМЛЕСІ.
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар-у, қайт-у, көр-у, кел-у. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у, сана-у.

2. Дауысты -ы, -і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, і ды-быстары жазылмай -у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол (у) дауысты дыбыс болып есептеледі. Мысалы: оқы + у оку, та-сы + у тасу, кемі + у кему, ері + у еру.

3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ, к, дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады. Мысалы: ақ + у ағу, кеп + у кебу, тап +у табу, үк + у үгу т. б.

84
Пысықтау үшін сұрақтар:


1. Есімше не себепті етістіктің ерекше түрі? 2. Есімшеде есім сөз таптарының қандай қасиеттері бар? Етістіктің қандай касиеттері бар? Мысалдармен талдап, дәлелдеп бер. 3. Есімшенің жасалуын ата. Есімше етістіктің қандай түбірлерінен жасалады? 4. Есімшенің түрлері есімше жасайтын жұрнактарға қалай байланысты? 5. Есімшенің кептелу ерекшелігі қандай? 6. Есімшенің тәуелдену, септелу ерекшеліктерін айтыңдар. 7. Есімшенің жіктелу ерекшелігін талдап беріңдер. 8. Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысал келтіріп, талдап көрсетіңдер. 9. Не себепті көсемше етістіктің ерекше түрі деп аталады? 10. Көсемшенің үстеумен қызметі мен мағынасы жағынан жақын келетінін мысалдармен дәлелдеңдер. 11. Көсемшенің жасалу жолдарын мысалдармен талдап көрсетіңдер. 12. Көсемшенің түрлерін айтыңдар. 13. Көсемшенің жіктелу ерекшеліктері қандай? Көсемшенін қай түрі жіктелмейді. 14. Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысал келтіріп, талдап көрсетіңдер. 15. Тұйық етістіктің ерекшеліктері неде? Тұйық етістіктің мағынасы жағынан етістіктің басқа түрлерінен айырмашылығы неде? 16. Тұйық етістіктің зат есіммен жақындығы қандай? 17. Тұйық етістік қалай жасалады? 18. Тұйық етістік қалай септеледі? 19. Тұйық етістіктің көптелу, тәуелдену ерекшелігі қандай? 20. Тұйық етістіктің қандай емлелік ерекшелігі бар? 21. Сөйлемдегі қызметі жағынан тұйық етістіктің басқа етістік түрлерінен айырмашылығы кандай?
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ.
§ 87. ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Етістіктің кимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың ету мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Шақ, кез, сәт, уақыт, мерзім сөздері — мезгілдін синонимдері. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдын мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін: 1) үнемі қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрган кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет; 2) сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен кимыл, іс-әрекет; 3) сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін әйтеуір болуға тиісті қимыл, іс-әрекеттер. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Ы. А.). Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі (А.). Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр. Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр (Ж. Ж.). Бұл сөйлемдердегі салғызды, қалмайды, құлпырар, жатыр етістіктері мезгіл (шақ) мағынасын білдіруі жағынан бірдей емес. Салғызды, деген салғызу

85
кимылының сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін білдірсе, қалмайды, құлпырар етістіктері қалмау, құлпыру қимылдарының әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын, ал жатыр етістігі бұл қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып отырғанын білдіріп тұр.

Бірақ мезгіл мағынасы бар сөздің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре бермейді. Мысалы, кеше, бүгін, ертең, биыл сияқты сөздер мезгілдік мән білдірсе де, олардың шақтық қасиеті жоқ. Өйткені бұл сөздерде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық тұлға жоқ. Демек, шақтык мағына сөздің жалпы мағынасынан ғана көрінбейді, ол мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық тұлға болу керек. Сондай-ақ ондай сөздердің мезгілдік мәні шақтық жағынан кейде айқын да бола бермейді. Мысалы, бүгін, биыл деген сөздер сөйлеп тұрған кездегі мезгілді білдіретін сияқты. Егер бүгін, биыл, отыр десек, мезгілдік мағына — сөйлеп тұрған сәтті білдіреді. Ал бүгін, биыл отырған (отырыпты) дегеңде өткен мезгілді, бүгін, биыл, отырар (отырмақ) болса, әлі болмаған мезгілді білдіреді. Міне, осыдан анық көрінетіндей, шақтық мағына жекелеген мезгілдік мәндегі сөздер арқылы емес, етістіктің грамматикалық тұлғасы арқылы беріледі.

Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалары мен етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Шақтық мағына осы тұлғалар арқылы дара етістікте де (кел-іп-ті, кел-ер), күрделі етістікте де (келіп отыр, келіп кет-кен, келіп кет-пек) беріліп отырады.

Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де үшеу. Сөйлеп тұрган сәтке байланысты яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді.

Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол аркылы жақтық мағына берілді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады: оқы-ған-мын, оқы-р-сың, бар-ып-ты, бар-ды-м, бар-мақ-сың т. б.

Күрделі етістікте жіктік жалғау оның құрамындағы көмекші етістікке жалғанады: сөйлеп отыр-ған-сың, сөйлеп отыр-ар-мын.


§ 88. ОСЫ ШАҚ
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналык белгілері:

1. Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді. 2. Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекеттерді көрсетеді.

1. Трактор жер жыртып жүр. Нұрлан хат жазып отыр. Мал өрісте жатыр. Осы сөйлемдегі жыртып жүр, жазып отыр, жатыр етістіктері — сөйлеп тұрған сәттегі қимылдар. 2. Трактор жер жыртады. Нұрлап хат жазып тұрады. Мал өрісте жатады.

86
Бұл сөйлемдердегі жыртады, жазып тұрады, жатады етістіктері — қалыптасқан, дағдыға айналған іс-әрекеттер. Міне осылай, етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде қайталанып тұратынын және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіреді.


§ 89. ОСЫ ШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.
1. Нақ осы шақ.
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.

а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жур деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.
Қалып етістіктерінің жіктелу үлгісі.


Жақ

отыр

тұрмын

жүр

жатыр




I.

II.
III.

отырмын отырсың отырсыз отыр

тұрмын тұрсың тұрсыз

тұр —

жүрмін жүрсің жүрсіз

жүр —

жатырмын жатырсың жатырсыз жатыр

I.

II.
III.

отырмыз отырсыңдар отырсыздар отыр

тұрмыз тұрсыңдар тұрсыздар тұр

жүрміз жүрсіңдер жүрсіздер жүр

жатырмыз жатырсыңдар жатырсыздар жатыр


Отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктері III жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. Бұнда да есімдер (мысалы, зат есім, сын есім, сан есім) сияқты III жақта жіктік жалғауы болмайды. Қалып етістіктерінің үшеуі (отыр, тұр, жүр) екі түрлі мағынада жұмсалады: 1) 2-жақ жіктеу есімдігімен (сен) тіркесіп, II жақ бұйрық мағынасын білдіреді: сен отыр, сен тұр, сен жүр: 2) 3-жақ жіктеу есімдігімен тіркесіп, III жақта жұмсалып, осы шақ мағынасын білдіреді: ол отыр, ол тұр, ол жүр. Ал жатыр етістікті II жақ бұйрық рай мағынасында жат (сен жат) түрінде 3-жақта жіктелгенде, жатыр (ол жатыр) түрінде қолданылады.

ә) Нақ осы шақтың күрделі етістіктің -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.

87
Бұл нақ осы шақ күрделі етістіктен жасалатындықтан да оның күрделі түрі деп танылады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктердің (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктелуі арқылы шақтық мағына беріледі. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып тұр.


Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі.


Жақ

жекеше

көпше




1.

2.
3.

оқып отырмын оқып отырсың оқып отырсыз оқып отыр-

оқып отырмыз

оқып отырсыңдар

оқып отырсыздар

оқып отыр


2. Ауыспалы осы шақ.
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келе-мін, Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.
Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі.


Жақ

жекеше

көпше




I.

II.
III.

айтамын, келемін, сөйлеймін айтасың, келесің, сөйлейсің айтасыз, келесіз, сөйлейсіз айтады, келеді, сөйлейді

айтамыз, келеміз, сөйлесеміз айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер айтасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер айтады, келеді, сөйлейді.


Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемше түрінің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, еңді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет