Жұбайлар шаттығЫ


олардың арасында әділдік ете алмаудан қорықсаңдар, онда



Pdf көрінісі
бет10/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

олардың арасында әділдік ете алмаудан қорықсаңдар, онда 
бір әйелге 
(үйленіңдер)
немесе қолдарыңдағы күң де болады. 
Міне, осы – жәбір мен зұлымдыққа өтіп кетпеулеріңе жақын 
болған іс»
1
, – дейді. 
Демек, араларын тең ұстап асырау, киіндіру, үй-жай сияқты 
тіршілік үшін қажетті басқа да нәрселермен қамтамасыз етуге 
шамасы келетін адамның төрт әйелге дейін алуына рұқсат 
етілген. Мұның көптеген пайдалы тұстары бар. Негізгілері 
төмендегілер:
1. Бір әйелмен қанағаттанбайтын еркектердің зина 
жасамауына көмектеседі. 
2. Қоғамда жезөкшелердің пайда болуына, ойнастық 
әрекеттердің көбейіп кетуіне жол бермейді. Себебі еркек пен әйел 
бірін-бірі жақсы көріп, жүректері қаласа, олардың алдарында екі-
ақ жол қалады. Не адал, ақ некемен қосылу, не харам іс – зина 
жасау. Әрине, ешбір саналы адам харам жолды қаламайды. 
Ендеше, әрбір жан «Сүйіскен екі жүрек үшін некеден өзге 
(дұрыс) жол жоқ» деген қағиданы есте ұстағаны жөн. 
3. Жесірлер мен тұрмыс құрмай, отырып қалған қыздардың 
санын азайту (әсіресе, үйлі-баранды көптеген еркектер шаһид 
болатын соғыстардан кейін). Олардың арқа сүйер азаматтары 
болмай, өмірлерін өксікпен өткізулері дұрыс па?! Әрине, жоқ! 
Олар да біздің аналарымыз, әпке-қарындастарымыз сияқты 
ошақтарының түтінін тұтатып, өмірдегі қиыншылықтарды
1
«Ниса» сүресі, 3-аят. 


11 
қуаныштарды бөлісетін, өзін аялай білетін, байсалды ерлермен 
тұрмыс құруына құқылы. Ендеше, олар өздері қалаған ерге 
екінші, үшінші яки төртінші әйел болғандары абзал.
Біз шариғатымыздағы көп әйел алуға берілген рұқсатқа 
байланысты мұсылман еместер тарапынан көптеген қате сын-
пікірлер мен қарсылықтарды естіп жүрміз. Сондай-ақ, жалпы, 
әйелдердің қызғаныш білдіруі салдарынан болатын қарсылықтар 
да кездеседі. Бұған жауап іздесеңіз: 
Біріншіден, жоғарыда айтып өткеніміздей, көп әйел алу – 
парыз емес. Бұл – мүбах, рұқсат. Яғни ер кісі бұлай істеуге де, 
істемеуге де құқылы. Бір әйелі бар еркек тағы да үйленгісі 
келгенімен, бірақ оған ешкім екінші әйел болуға келіспесе, екі, 
үш яки төрт әйелге үйлене ала ма?! Әрине, жоқ... 
Ендеше, әйел затының мұндай қадамы ер-азаматтарды көп 
әйел алудан мақұрым етеді. Осымен бұл мәселе шешімін тапқан 
болар еді. Алайда қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Рас, қыз-
келіншектер көп әйел алушылыққа қарсы. Кейбірі тіпті мұны өз 
құқығы мен құрметін кемсіту деп біледі. Соған қарамастан, олар 
жеткілікті дәрежеде байлығы, мәртебесі бар «күйеу жігіт» 
кездесе қалса, оның ұсынысын қабылдайды. Бұл ісімен ол 
тұрмысқа шығып жатқан күйеуінің бірінші әйелін, яғни 
бәйбішесін ашуландырғанына, ал өзінің күндес болып жатқанына 
мән бермейді. 
Екіншіден, көп әйел алуға рұқсат етілген қоғам беделді, 
құрметті қоғам болып табылады. Өйткені әйел қашан да жұбай, 
адал жар мәртебесіне ие. Ол күйеуінің бірінші не төртінші 
зайыбы ма, бәрібір, оның құқықтары басқалармен бірдей. Мұндай 
қоғам психологиялық әрі жыныстық тұрғыдан да жайлы болады. 
Сондай-ақ мұндай қоғамда зина жасау, жезөкшелік, әдепсіздік 
көріністері сирек кездеседі. Өйткені тек мінез-құлықтары 
бұзылып, шектен шығып кететіндері болмаса, жалпы көпшілігі 
харамды аңсамай, құмарлықтарын адал жолмен басуға тырысады. 
Үшіншіден, әйелдің құмарлығы еркектікіне қарағанда 
төменірек болады. Етеккір келгенде, аяғы ауыр болғанда, 
босанған кездерінде еркекке деген құмарлықты сезінбейді. Тіпті 


12 
кейде одан бас тартады. Әйел адам еркекке деген құмарлықты 
етеккірі келер алдында және ол кеткеннен бір апта өткен соң, 
яғни шамамен әр он бес күнде сезіне бастайды
1

Ал еркектің құмарлығы оған қайшы келетін немесе оны 
басатын табиғи әрекеттің болмауынан кез келген сәтте қозуы 
мүмкін. 
Төртіншіден, қыз-келіншектердің көп әйел алуға қарсылық 
білдірулері таңғаларлық іс емес. Өйткені оларды бұл қарсылыққа 
бойларындағы қызғаныш сезімі итермелейді. 
Демек, әйелдің күндесті жақтырмауы, өзінің үстінен үйленуге 
күйеуіне жол бермеуі, табиғи жаратылысына тән қызғаныш 
әсерінен туындап отыр. Бірақ Ақыретке сенген мүмін әйелдің көп 
әйел алуға рұқсат еткен шариғат үкімін жек көруі мүмкін емес. 
Себебі шариғат үкімі адамзатқа пайдалы, күнделікті мәнді 
тіршілікті ескереді. Сондықтан да кімде-кім өзінің екі дүниеде де 
бақытты болуын қаласа, әуелі иманын кемелдендіруі қажет. 
Сонымен қатар Аллаһ тағаланың үкімі мен шариғатына 
толығымен бойсұнуы, бағынуы керек. Аллаһ тағала Құран 
Кәрімде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   164




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет