Жұбайлар шаттығЫ


«Әйел адамға дүниесі, тегі, сұлулығы және діні үшін



Pdf көрінісі
бет22/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

«Әйел адамға дүниесі, тегі, сұлулығы және діні үшін 
үйленеді. Ендеше, сен діндар әйелмен береке тап. Қолың 
топырақ болсын!»
 – деді»
, – деген
1

«Қолың топырақ болсын!»
дегені – «егер сен діндар әйелге 
үйленбей, басқасына үйленсең, онда зиянға ұшырап, кедейліктен 
қолдарың топыраққа жабысып қалсын!» деген мағынада 
айтылған сөз. Діндар әйел – көркем мінез-құлықты, салиқалы, 
иманды, игі әйел. 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 


20 
Демек, құда түсіп жатқан адамның мақсаты діндар әйелге 
үйленіп, игілікке қол жеткізу болуы керек. Егер діндарлығына 
қоса, дүниесі, беделі, сұлулығы сияқты тағы да басқа сипаттары 
болса, онда нұр үстіне нұр. Дүниесі, беделі, сұлулығы бар дінсіз 
әйелде береке жоқ. Иманы әлсіз, сұлу әйел өркөкірек, байлығы 
бар дінсіз әйел рақымсыз, мансабы бар дінсіз әйел тәкаппар 
болады. Ал діндар әйел мал-дүниесі асып-тасып жатса да, асқан 
сұлу болса да, беделді болса да, кішіпейіл, рақымды, көркем 
мінезді болып келеді. 
Бұл сипаттар тек әйелге ғана емес, еркектерге де қатысты. 
Сондықтан құда түсіп келгенде, қыз жігіттің сұлулығына, 
дүниесіне, беделіне, мансабына алданып қалмай, алдымен оның 
діндарлығына қарауы керек. Ал қалған сипаттар діннен кейінгі 
орында тұрады. Діндар адам әйелін қорғап, онымен тату-тәтті 
өмір сүреді. Әйелінің кемшіліктеріне төзе біледі. Бұл – адам 
қасиеттерінің ішіндегі ең негізгісі. Мұндай адам әйелін жақсы 
көрсе, оны сыйлайды. Ұнатпаса, оған зұлымдық жасамайды. 
Әйелі бірге тұруды қаламай, ажыраспақшы болса, оны 
мәжбүрлікпен 
ұстап 
қалмайды. 
Жанұяда 
орын 
алған 
түсініспеушіліктің барлығын ақылмен, сабырмен, төзіммен 
шешуге тырысады. 
Шындығында, 
жанұялық 
тіршілік 
қиындық 
пен 
жауапкершілікке толы. Адам өмірі, хал-жағдайы жиі өзгеріп 
отырады. Алайда отбасылық тұрмыс дүниеге негізделіп құрылса, 
қолдан мал-дүние кеткен күні хал-жағдайы не болмақ?! Егер 
адамның сұлулығы мен беделіне бола үйленсе, бетінен ажар, 
қолынан күш кеткен күні не болмақ?! Мұндай отбасының ерте 
ме, кеш пе шаңырағы шайқалары анық. Өйткені бұлардың 
тұрмысы тұрақты емес, уақытша нәрселерге негізделген. 
Тұрмыс құру мақсаты дінге негізделсе, оның қазығы мықты 
болары сөзсіз. Өйткені Ислам дініне келген адамның жүрегінде 
мықтап орнаған сенім болады. Олардың істері, сөздері, 
өзгелермен қарым-қатынастары да сол сенімге негізделеді. 
Діндар адамның әйел болса да, еркек болса да Аллаһ тағалаға 
молшылықта шүкіршілік, жоқшылықта сабыр қылатындығы 


21 
баршаға аян. Ол айналасындағыларға бауырмалдықпен жақсы 
қарым-қатынас жасайды. Өмірлік жолдасымен опалы, адал 
тұрмыс кешеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   164




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет