Желтоқсан жұлдыздары



бет4/9
Дата20.06.2018
өлшемі238,73 Kb.
#43674
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

- Біз, 10 сынып оқушылары, осы конференциядан алған әсерімізді жинақтап келіп былай деп міндеттеме қабылдадық.

1. сынып оқушылары жасөспірімге темекінің зиянын үнемі түсіндіріп отырамыз.

2. Темекі тарту біздің ата-салтымызда болмаған, ал оны қазіргі кездегі шегушілер біздің халқымызға зияндық жасап отырғанын насихаттаймыз.

Бекіту сұрақтары:

1.    Темекі тартумен күрес жүргізіле ме?

2.    Темекі тартатын жас пен тартпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?

3.    Темекіні тастауға бола ма?

4.    Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?

 

 

Салауатты өмір салты


Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбала, оқушылардың газеттері, магнитафон, қолшатыр.
Сабақтың мақсаты:
1.     оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2.     ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3.     адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1.     Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.

-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

Біздің хажлқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.

Магнитофоннан тыңдау:


1.     денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу.  Тамақтың берекесі де осында.
2.     Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3.     Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.

(«Мың бір хадистен»)
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»
Ұраны: 
«Денсаулық –зор байлық».

2- топ «Салауат»
Ұраны: 
«Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»

2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:

І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.



ІІ Кластер құру.
ІІІ «Түсіп қалған әріптер». 
Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ:  Денсаулықты нығайту жолдары.

2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. 
1-    топ: 1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)

2-    топ: 1. Г…и…на (гигиена)


2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)

IV. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды. 
V. Шығармашылық тапсырма:
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.

2- топ:
…………………………………………күлеміз,


………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді. 
1-оқушы: 
Жымысқы жау- арақ мынау.
Аңқылдаған жалпылдаған.
Аңқау жұртым қазағым.
Сенгіштіктің көнбістіктің,
Тарттың әдбен азабын.

VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

VII Қорытынды: 
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.

Менің сүйікті мамандығым
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Өткізу формасы: дөңгелек үстел
Қатысушылар: 10-11- сынып оқушылары

1.Кіріспе сөз
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

2. Пікірталас
1) «Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады?»
2) Ата-аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін?
3) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
4) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.

3. «Ең жақсы» ойыны
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл-------------(эколог, географ, бақташы)
Ең тәтті----------------(аспаз, кондитер)
Ең ақшалы------------(банк қызметкері,экономист)
Ең күлкілі----------------(клоун)
Ең жауапты ---------------- (сот, бухгалтер)
Ең салмақты------------------- (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті----------- (бизнесмен)

4. Суретті тест
Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті--------- жақсы, көңілді
Бұлттың суреті---------- орташа
Жаңбыр------------ төмен

Қорытынды
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.

 

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, ыңғайлас


салалалас туралы түсінік беру
    ә) қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
    б)  оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу
Сабақтың типі:  Дәстүрлі
         Түрі:  Жаңа сабақ
        Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, венн диаграммасы
      Көрнекілігі:  слайдтар, оқулық, нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Назарларын сабаққа аудару
- Балалар, тақтаға назар салып қарайықшы. Тақтада әр түрлі суреттермен безендірілген мақал сөздер берілген, соны шешіп алып, мақалдардығ мазмұнына ой жүгіртейік.
Кіріспе.
Тіл дегеніміз –  адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан атамыздың: «Жан көріністерінің ең қымбаты– ой, ой тілі –сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны…» деген сөзі дәлел деуге болады.
Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.
Біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе?
Міне, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз қандай тақырып екен?
ІІ. Жаңа сабақ:
«22-қыркүйек тілдер мерекесі». Бүгін сол 22 қыркүйек.Грамматикалық
тақырыбымыз «Ыңғайлас салалас». Біз алдымен, грамматикалық тақырыбымыздан бастайық. Себебі біз мәтінмен жұмыс жасағанда да осы грамматика міндетті түрде қажет. Ең бірінші, ауызша сұрақтарға жауап берейік.
а)  Грамматикамен жұмыс:
Сөйлем дегеніміз не ?
- Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Салалас құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?
- Енді балалар, біз сабақтас пен салаластың айырмашылығы қандай екенін венн диаграмасы арқылы түсіндіріп өтейік. (бір оқушы шығып жазады)
- Салаластың түрлері таныстырылып, оның ішіндегі ыңғайлас салаласқа тоқталамын.
ә) Сөздікпен жұмыс:
Мәнерлеп оқу
ә) ұлан-байтақ, мереке, жүлделі  сөздерімен сөз тіркестерін құрау
б) Тілдер күні,ұлт, қызықты  сөздерімен құрмалас сөйлемдер құрау
в) жариялау  сөзін сөз құрамына талдау
Ұлан-байтақ  – широкий
ұлт – национальность
Тілдер күні  – день языков
жариялау – объевлять
тойлау – праздновать
ұйымдастыру – организовать
білгір  – всезнающий
жүлделі  – призовой
сайыс  – состязание
мереке -  праздник
қызықты – интересный
б) Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап бере отырып, диалог құрастыру
3. Мәтінге ұқсастырып, құрмалас сөйлемдерді
қатыстыра отырып, қысқаша мәтін жазу
в) Тапсырмалармен жұмыс:
1. Мәтіндегі жай сөйлемдерден 3-4 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құрап, толық синтаксистік талдау жасаңдар.
Үлгі: 22 қыркүйек – Тілдер күні, бұл мерекені біздің мектепте қызықты
атап өтеді.
Талдау үлгісі: 2 құрамды ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем(жалғаулықсыз)
1 жай сөйлемі: жақты, жалаң, толымды
2 жай сөйлемі: жақсыз, жайылма, толымды
2. Тест тапсырмаларымен жұмыс:
1. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;
В. Себеп-салдар салалас;                       Е. Талғаулы салалас;
С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.
2. 22 қыркүйек қандай мереке?
А. Жаңа жыл                          D. Тіл мерекесі
В. Жеңіс мерекесі                                      Е. Бірлік күні
С. Республика күні                                     F. Ата заң күні
3. Балалар ертеңгі тамақтарын ішіп болды да, далаға қарай жүгірді
А. Жалңаулықты  ыңғайлас салалас;      D. Түсіндірмелі салалас;
В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;
С. Қарсылықты салалас;                           F. Жалғаулықсыз ыңғайлас  салалас.
4. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
А. 3                                          D. 5
В. 1                                          Е. 7
С. 8                                          F. 6
5. Берілген жалғаулықтардың қайсысы ыңғайлас салалас ұүрмаластың жалғаулығы?
А. Бірақ, дегенмен, алайда                             D. Кейде, біресе, бірде
В. Өйткені, сондықтан, сол себепті, және      Е. Да, де, және, әрі
6.  Кем дегенде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
А. Күрделі сөйлем                                  D. Құрмалас сөйлем
В. Жай сөйлем                      Е. Толымды сөйлем
С. Атаулы сөйлем                                  F. Лепті сөйлем
7. Мемлекеттік тілді білу ….
А. Парыз                                                  D. Керек  емес
В. Оқу                                                       Е. оқай
8.  Тіл туралы заң ең алғаш қай жылы қабылданды?
А. 1997 жыл, шілде                              D. 1989 жыл, қыркүйек
В. 1991 жыл, маусым                          Е. 1989 жыл, маусым
ІІІ. Сергіту сәті
Жұмбақтар шешу
1. Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)
2. Отыз екісі диірмен тартып,
Бір қапқа салады. (тіс, тіл)
3. Екі әскер соғысып жатыр,
Ортасында бір елші. (тіс, тіл)
4. Әрі сүйексіз,
Әрі тиексіз. (тіл)
5. Ақ тоғайдық ішінде
Кісінейді күрең тай. (тіл)
IV. Үй тапсырмасын беру:
“Мемлекеттік тіл – менің тілім!” ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер қатыстыра отырып, шығарма жазып келу және ол сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
V. Бағалау.

Туған өлкем, қандай көркем!

Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: - Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
- Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
- Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
- Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, табиғат көріністері, сазды сурет, гүлдер, шарлар.
Барысы:
Қазақстан Республикасының Гимні айтылады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар №16 орта мектеп оқушылары дайындаған «Қазақстан – туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары сендерге
өсиет болып қалады. Ал сол болашақ иегерлері, сендер қандай болуларың керек?
Бүгінгі тәрбие сағатындағы мақсатымыз:
табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру.

Оқушы: 1. Қазақстан – туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем.
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.

2. Құшақтап бір өзіңді, туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.

3. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.
4. Сондықтан, алдымен табиғатқа сәлем берейік.
1 - оқушы: Армысың, алтын күн!
2 - оқушы: Көгілдір көк аспан!
3 - оқушы: Бармысың, құстарым!
4 - оқушы: Қанатты достарым!
5 - оқушы: Суларым таза ма?
6 - оқушы: Талдарым аман ба?
7 - оқушы: Бас ием тауларға
8 - оқушы: Жамылған қарларға,
9 - оқушы: Жайқалған даланы,
10 - оқушы: Табиғат - Ананы
11 - оқушы: Көруге сағынып
Бәрі: Келген біз балаңыз!

Оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Оқушы: Кең дала көркемсің сонау жатқан,
Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.

Оқушы: Ойласақ табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,
Ал қоғамсыз табиғатты өлі деңіз.

Мұғалім: Пай, Пай, Пай! Қазақстан ардағым - ай!
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, ардағым - ай.
Туған елім - сен қандай ыстық едің!

- Өз елім деп, өз жерім деп тебіренбейтін адам барма сірә! Жоқ! Олай болуы мүмкін де емес. Өйткені сен «Туған жер» деп соққан жүректерде мәңгі орын алған қасиетті даласың.
ХОР: «Туған жер» Б. Бейсенова.

Оқушы: Табиғаттың өзіндей,
Ерке нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл - ару
Күзетейік көз ілмей.

Оқушы: Нәзік гүлдер - әніміз,
Жайнап өссін бауымыз.
Еңсесі биіктеп барады,
Гүлдерге оранған тауымыз.

Оқушы: Гүлдер деген жыр – аңыз
Қолға ұстап шығамыз.
Сол гүлдерден сұлулық,
Тазалықты ұғамыз.

Оқушы: Кілемденіп құлпырып,
Жүздерінен нұр тұнып.
Өсе берсін, гүл - қыздар,
Биге қостық нұр қылып.

БИ: «Гүлдер»

КӨРІНІС:
Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.
Күн: Оу, Раушан, түрегел! Әлемге жарық жайылды, құстар да оянды.
Раушан гүл: Қазір күн көке,.... қазір ақ сәуле.
Күн: Жауқазын, аш көк аспандай көгілдір көзіңді! Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
Жауқазын: Қазір ашайын көзімді қазір...
Күн: Қызғалдақ көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалын жұрт.
Қызғалдақ: Жарайды, қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын.
Күн: Қырмызы шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
Қырмызы: Қазір, алтын Күн!
Гүлдер:
5 Күніміз ашық болсын!
6 Жеріміз кең болсын!
7 Ауамыз таза болсын!
8 Суымыз тұнық болсын!
Бәрі: - Гүліміз жақсы өссін!

Мұғалім: Жердің көркі жасыл саялы,
Қамқоршы бол алақанмен аялы.
Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан - жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.
Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

Оқушы: Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген
Көкті жұлма, болады обал деген.
Ата - анамыз жыланға үйге келген,
Ақ сүт құйып басына жоғал деген...

Оқушы: «Ұя бұзба!» деймін мен балама,
Өсиетті қандай ғажап жан ана!
Тал - теректі тамырынан қиятын,
Тас жүректер әлі де көп арада

Оқушы: Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар, «Жер - ырыстың кіндігі, Жер - байлықтың көзі» деп жерді өте жоғары бағалаған.
Мұғалім: Адамдар еңбектен нәр алған,
Үйреніп әр құстан, әр аңнан.
Жүруге, жүзуге, жүйткуге,
Және де самғауға жаралған.
Адам табиғат сұлулығынан әдемілікті, жарасымдылықты, кеңдікті, талғамды өз бойына сіңіреді. Көлдегі аққу тербелісінен би қимылдарын, бұлбұлдан ән салуды үйрене алады, жан - жануарлардан қамқорлық жасауды үйренеміз. Жалпы табиғаттың адамға сыйлар қуанышын үйренуге болады, сол үйренгенімізді өзіміздің басқа адамға қуаныш сыйлау әрекетімізден көре аламыз.

Ән: « Өз елім» Хор
Оқушы: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Оқушы: Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,
Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін - ай жер жетпейді бір өзіне,
Қойнауың тұрған байлық қазыналы.
Оқушы: Сен неткен Отан – Анам ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер Ұлы Отан – Ұлы Отан – Қазақ елім!
Хор: Жаса мәңгі, Қазақстан!
Қорытынды.
Мұғалім: Туған еліміздің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Атамекенімізді, Отанымызды мақтан етейік!
1. Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
2. Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
3. Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
4. Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
5. Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, қолдайды.
6. Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды.
7. Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер.
8. Отан – ана, Отан – үлкен
Қазақстандай туған ел!
9. Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
10. Сенен бақыт тарайды,
Баршамызға Ұлы Отан.
11. Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
12. Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен, Отан.
13. Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы.
14. Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз.
15. Ризамыз саған біз
Ұлы Отан анамыз.
Хор: « Атамекен»

Каталог: uploads -> doc -> 0e02
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e02 -> Cабақтың тақырыбы: Cуреттермен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0e02 -> 28 Ш. Уалиханов атындағы орта мектебі кмм 2016-2017 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысының жылдық есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет