Желтоқсан жұлдыздары



бет6/9
Дата20.06.2018
өлшемі238,73 Kb.
#43674
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мен және менің отбасым

Мақсаты: Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту жолымен  бала  мен ана арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты  нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін күшейту;

 

Көрінекіліктер:Түрлі қағаздар, интерактивті тақта, сиқылы таяқша,

видео материалдар, слайд-шоулар.

 

Кіріспе (Мұғалім сөзі)

Сәлеметсіздер ме  құрметті оқушылар, ата-аналар!

Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер!

 

            -Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің  жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты.



            Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап., өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.

            Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін.» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр,»деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!

Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі.

Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық ,тек жақсылық тілеймін.

 

1.Шаттық шеңбері

Енді келесі кезекте сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Экранда көрсетілген балаңыздыздың есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек айтуларыңыз керек.

       - балам айдың жарығында дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп айсұлу қойған екен. Ай қабақты сұлу, ақылды болуларыңа тілектеспін.

-          баламның есімін атасы Диана деп ********

-          баламның есімін Ержан ер мінезді жан болсын дегені, жігіттер, сіздерге нағыз ер мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа тілектеспін.

Әр тілектен соң  3 рет қол соғып қошеметтеп отырамыз.

 

2.  «Біз бақытты жанұямыз»  Суреттер әлемі 

Ендігі кезекте тақтада балаларыңыздың өз отбасына байланысты салған суреттері бар, сол суреттерді кезепен тауып алуларыңыз керек. Ал балалар орындаңызға жайғасуға болады.  (Музыка)

-Сонымен өз балаларыңыздың суретін табуда қаншалықты қиын болды?

- қандай белгісіне қарап таптыңыз?   3-4 анаға



3.Видео-ролик Құрал Айдана

-Кей оқушыларға өздігіне тапсырмалар берілген болатын. Шаршағанымызды басу үшін ортаға Айдананы шақырсам…



4. Слайд-шоу Диана

Ортамызда диананың анасы отыр. Диана бүгін сыныбымыздың , мектебіміздің , тіпті облысымыздың намысын қорғауға кетті десек те болады. Бүгін өзі болмаса да өз отбасы жайында дайындаған слайд –шоу материалын көріп тамашалайық.

 

-Дина апай, сіз қазір қандай сезімде отырсыз? Қандай әсер алдыңыз? Жалпы ана баласы бір қадам жанынан жырақ кеткенде  қандай сезімде болатынын айтып жеткізсеңіз?



5. «Біз  біргеміз»

Келесі тапсырмамызға көшейік

Қолдарыңызға фламастер, маркер алып алдымен аналарда ортаға шақырамыз.

Сіздер кез келген бір заттың суретті бастайсыз,  музыка тоқтаған кезде сіз де тоқтайсыз.

 

Енді ортаға  сол аналардың балаларын шақырамыз, сіздерді қошеметпен орындарыңызға жайғастырамыз.



Сіздер аналарыңыз бастаған суретті аяқтап  және бір суретті бастап кетесіздер.музыка тоқтағанда тоқтатып, орындарыңызға жайғасып,  аналар ортаға шығып суретті аяқтайды.

Суреттеріңіз көңіліңізден шықты ма?

Қандай әсер алдыңыз? Тапсырма несімен ұнады?

 

6.Тыныштық сәті

Келесі кезекте тыныштық сәтін бұзбай  Ержанның өз отбасы жайлы дайындаған бейне материалын тамашалайық.

 

7. Тренинг Сиқырлы таяқша

Ортаға 4 отбасын шақырамыз

Кез келген парақты алып сөзді оқисыз да келесі отбасына бересіз олар отбасы болып әр жаман қылықтың бір жақсы жағын ойлап табу  керек.

Мысалы : 

 Сараң——-Үнемшіл           

өтірік айту————-ренжітпеу үшін

 Төбелесу—–  біреуді қорғау

 сабақтан қалу——–балаға ие болу

 Ұрысу—жаманнан сақтау       

қорқу——өзін қорғау

Кек сақтау——-ренжігенін білдіру

Ұшқыр ойларыңыз бен ұттқыр жауаптарыңыз үшін  көп рахмет сіздерге.

 

8. Тренинг «Өтінемін»  ойыны

Тағы да сіздерді ортаға шақырамыз.

Сіздермен бір ойын ойнап көрейік

«Өтінемін»  ойыны

-Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөдерді білесіздер?

Рахмет, ғафу етіңіз. өтінемін

Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер Егер  мен «Өтінемін » деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет, Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.

-Секіріңіздер,

- өтінемін ,қол шапалақтаңыздар.

-оң аяқтарыңызды көтеріңіздер.

- өтімін, оң жақтағы көршіңізге қараңыз

-құлақтарыңызды ұстаңыздар.

-өтінемі, отбасы боп құшақтасыңыздар.

Рахмет,орындарыңызға жайғасуға болады.

 

9. Қысқа метражды фильмі

 Келесі  кезекте сыныбымыздың болашақ маманы, техниканың құлағында ойнайтын мырза жігіт Нұрзаттың сіздерге арнайы дайындаған қысқа метражды фильмі бар, соны ұсынамыз.

 

10.Тренинг  «Жазбай танимын»  

Барлығымыз ортаға шығып  шеңбер жасайық. Құрметті аналар, бүгін біз ана мен бала арасында битти де болсын қарым –қатынастың жақындайына өз үлесімізді қостық деп есептейміз. Сіздерді арнайы шақырғандықтан бізде білім алып, тәрбиеленіп отырған көз қуаныштарыңыз-балаларыңызды көздеріңіз жұмулы болса да, жазбай танитындықтарыңызда көрсетсеңіздер.

 

-Құрметі ата-аналар, міне бүгінгі сіздерге арналған «Менің отбасым-менің байлығым » атты шарамыз аяқталып та қалды. бүгінгі сабақтан түйгендеріңіз, ұнаған жаттығулар, жұмыстар болса өз тілектеңізді білдіреміз десеңіздер сөз сіздерде. 



Қолдарыңыздағы параққа ұсыныс, тілек жазуларыңызды сұраймыз.

Осындай қарбас шаруасы көп күннің арасынан уақыт тауып келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар.



Атадан қалған асыл сөз

Мақсаты: Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Көрнекілігі:Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. Ұлттық нақышты сөздер, сөзжұмбақ, ребус, ойын «Бой жазу», т.б. ойындар.
(«Ата толғауы» күйі жәймен ойнап тұрады.)
1-оқушы: 
Ата салты – ардақты
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

2-оқушы:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз – дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
3-оқушы:Өмірде не жетім?
4-оқушы:
Өмірде тоғыз жетім бар.
Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Ханы ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса –әкім жетім.
Су жоқ құдық – жетім,
Ұлы жоқ әке – жетім.

Қызы жетесіз болса ана – жетім.
Шәкіртсіз ұстаз – жетім,
Ата-анасы жоқ бала жетім.
5-оқушы:Үйде кім, елде кім қадірлі?
6-оқушы:Үйде қонақ, қарт, бала қадірлі.
Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.
7-оқушы:Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
8-оқушы:Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек, Жоқты бар, ашты тоқ ететін де ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
9-оқушы:Елді кім, үйді кім бүлдіреді?
10-оқушы: Елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.
Әкім ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Үйдегі алтын қазық кім?
11-оқушы: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың.

Ойын: «Дауыссыз дыбыстарды қойып, сөздерді дұрыс оқу. Ребус шешу.
«Бой жазу» ойыны:
10. Кіші жүздің биі (Әйтеке), Орта жүздің, Ұлы жүздің биілерін атау.
11. Жұма күндері қазақтардың баратын жері (мешіт)
12. Сәті күн (сәрсенбі)
13. Аптаның қасиетті күні (Жұма)
12-оқушы:Адамға ақыл беретін кімдер?
13-оқушы:Ата-ана, ұстаз, дос. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.
Адамның ақылы қайда?

14-оқушы: 
Ханның ақылы тағында,
Әкенің ақылы жанында.
Ғалымның ақылы басында,
Ананың ақылы жасында.
Жігіттің ақылы жақсылығында,
Ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Тәрбиеші: Күнделікті өмірде үлкен адамдардың айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын өткізейік. Кім көп біледі, кімнің есінде қалғанын көрейік

1-оқушы: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.
2-оқушы:Жыңғылмен тас қамшылама.
3-оқушы:Итке ожаумен ас құйма.
4-оқушы:Аққуды атпа.
(Осылайша балалар тыйым сөздер айтып жарысады)
«Қазақша» би.
Тәрбиеші: Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Жерден ауыр не бар?

1-оқушы:Жерден ауыр – ақыл, білім.
Тәрбиеші:Судан терең не бар?
2-оқушы:Судан терең – оқу, ғылым.
Тәрбиеші:Оттан ыстық не бар?
3-оқушы:Оттан ыстық – адамның өмірі.
Тәрбиеші:Көктен биік не бар?
4-оқушы:Көктен биік – тәкәппардың көңілі.
Тәрбиеші:Алтын алаш деген не?
5-оқушы:Алтын алаш деген – Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
«Менің елім Қазақстан» әні орындалады.
Тәрбиеші:Ендігі сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды бір оқушы бастауы керек, ол кімге доп берсе, сол оқушы мақалды жалғастыруы керек. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылатын мақалдар.

1.Таппасаң сөздің жүйесін / отына өзің күйесің.
2.Ақылдың сөзі қысқа / көпке болар нұсқа.
3.Шешен сөз бастар / батыр қол бастар.
4.Қылыш жарасы бітеді / сөз жарсы бітпейді.
5.Көп ішінде сөйлеген / ойға салмай сөйлеген.
6.Көсемдіктің белгісі / шешендіктің белгісі.
7.Көп сөз – күміс / ас сөз алтын.
8.Жақсы жігіт аспандағы жұлдыз / Жақсы қыз жағадағы құндыз.
9.Әке көрген оқ жонар / шеше көрген тон пішер.
10.Өткір тіл дарын / ұзын тіл жауың.
11.Келісті сөз – күміс / жемісті жұмыс – алтын.
12.Тоқсан ауыз сөздің / тобықтай түйіні бар.
13.Тіл тас жарады / тас жармаса бас жарады.
14.Жігіт болсаң жеті елдің тілін біл / немесе жеті түрлі ғылым біл / допты тәрбиешіге қайтарып береді.

Тәрбиеші: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай «Ақыл сөз, нақыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле білу керек. Әсіресе, тәрбиешілердің, мұғалімдердің әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын естеріңе сақтағандарың жөн.

Алтын күз - 2012



Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз - 2012» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Жоспары:

  1. Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)

  2. Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушының екеуі де мәнерлеп оқуы керек)

  3. Өнер сайысы (екеуінің де өнері тамашаланады)

  4. Мерекелік дастархан мәзірі (күзгі өнімджерден үйден дайындап әкелуі керек)

  5. Үй тапсырмасы (күзгі жапырақтардан аппликация жасау)

  6. Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)

  7. Білгенге-маржан (сұрақ-жауап)

  8. Қорытынды

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазтра даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

Келтіретін ардайымсезім күйін,

Көресіздер қызықтың неше түрін

Әншінің анықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп. Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық.

Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат көрген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн барма байлығын ол тегін берген!?

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,

Кеттік те қызу істі дереу бастап

Астық жеміс, мақтасын …. –бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап. Нағыс сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әдәлқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.

Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бал айын

Ханшайым тапқыр қыз болды,

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал ханымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды

Би де билеп, ән айтты,

Қуаныштан шалқыды. Ханшаларымыз бен ханзадаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Хархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыздың екеуі де күз тақырыбына көркем сөз оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, жүріс-тұрысына да қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді.  әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылысберген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымзы

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық біздің мектептің ханшалары мен ханзадаларының арасында әншілер де, бишілерде бар екен. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Көркем сөз оқу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз мерекелік дастарханмәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, ханшаларымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін. Саусағынан бал тамған ханшаларымыздың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділқазылар алқасынан өнер сайысының бағасын сұрасақ.

Қараңдаршы көз тоймас, күз деген бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші,

Бір молшылық жатқан шалқып,

Ал, балалар, кім біледі,

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

«Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай сары қауын,

Көп піскен соң бақ ішінде. Ал енді сайысымыздың бесінші бөліміне кезек берейік.

О заманда қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі-бірін

Өнерпаздар – дарындар

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздер ідайындаған қолөнерін. «Үй тапсырмасы» бөліміде қатысушыларымыз  күзгі жапырақтардан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген жапырақтарымен таныстырсын. Сүйкімді сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашалап болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.

Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.

Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек, сайыскерлеріміздің жапырақтардан жасаған аппликацияларының бағасын көрсетсеңіздер екен.

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол ніріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады. Мұнда конверттегі сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Алтын күз - 2012» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

 

Қыз сыны – 2013


Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.


2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару қыздар – 2012» байқауына қош келдіңіздер!.


Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

Мың бұралған арулар аңдап басып,


Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,


Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.


Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Тайпақова С.М. – мектеп директоры
2. Айтжанова З.Е. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қалмағамбетов А.Е. – кәсіподақ комитетінің төрағасы
4. Табимбаева М.И. – технология пәні мұғалімі
5. Байқатов А.М. – бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,


Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,


Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».


Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,


Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі

1. «Қыздың жиған жүгіндей»


Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»


Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3.«Қызға қырық үйден тыйым»


Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

5.« Шеше көрген тон пішер»


Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»


Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

Кедеймін деп қысылма,


Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

ІV кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады


(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?


Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе

Сұлу қыздар, ару қыздар


Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз


«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
VI «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

1-ші арудың сұрақтары.


1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9.Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-ші арудың сұрақтары.


1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А.Бақтыгереева).
6.Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
8. Әнші Мадина … (Ералиева)
9.Тай, құлынның анасы? (Бие).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.

3-ші арудың сұрақтары.


1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
9.Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.

4-ші арудың сұрақтары.


1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)
8. Әнші Тамара… (Асар)
9.Ешкінің төлі ? (лақ).
10. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.

5-ші арудың сұрақтары.


1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
7. Көздің суы (жас)
8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
9. Қобыландының жары ( Құртқа)
10. Ең зор байлық (денсаулық)

6-шы арудың сұрақтары.


1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)
4. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)
5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)
6. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
7. Жарға тұтылатын зат (кілем)
8. Жылқыда не жоқ (өт).
9. Әнші Роза … ( Рымбаева)
10. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)

6-шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары.


Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Қыздар - ай» әні. Орындайтын Жолдығулов Сырым
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

VII Қорытынды:


Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жігіт сұлтаны – 2013


- Уа, халайық, халайық


Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Көңілді кеш жасайық
- Құрметті ұстаздар , оқушылар, ата-аналар сіздерді 3-4сынып оқушыларының арасында өтетін жігіт сұлтаны сайысын көруге шақырамыз.
- Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәдік шықты
Біліммен тапқырлықтың жырысыңдар
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - дей келе әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
1...
2...
3...
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Ал, қанекей қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
(әділ-қазылар алдындағы белгіленген номерлерді таңдап алу)
-«Жігіт сұлтаны сайысымыз» 6 кезеңнен тұрады.
1-кезең Таныстыру
2-кезең Өз-өнерін көрсету
3-кезең Білімнің мініп кемесін
4-кезең Ойға шабуыл
5-кезең Үй тапсырмасы
6-кезңе Спорт - денсаулық кепілі
Сайыскерлеріміз дайын болса сайысымызды бастайық.
1-кезең Таныстыру
Жақсы адам кімге болсын болар пана
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылыда сай келетін
Шақырайық Оңталапты енді ортаға

Қуантады білімімен Арсен


Қол соғып қарсы енді оны біз
Білімің берік болсын талабыңа
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз

Өнерге жастайынан жақын туған


Қазақтың дарынының жолын қуған
Өз өнерін көрсетер Дамир жігіт
Өзгеге ісі өнеге, үлгі боп тұрған

Салт-дәстүрін бабалардың


Сақтап биік самғаймыз біз
Ата - әке ағалардың, 
Нұрлы жолын жалғаймыз біз - деп ортаға Дамирді шақырамыз

Қыздарды сыйлай білетін


Жөн сөзді айта білетін
Қырандай алғыр, 
Сұңқардай өр, 
Достыққа адал ұлымыз Ғарифулла

Қорықпаймын дауылдан, 


Қорықпаймын ауырдан
Өжет, өткір болсын деп
Атам қойған Ғалым деп

2-кезең Өз өнерін көрсету


3-кезең Білімнің мініп кемесін(тест сұрақтарына жауап беру)

4-кезең Ойға шабуыл


Жастықта әр тараптың басын шалсаң, 
Қармақты тәуекел деп суға салсаң
Еңбегің еңбектенген кетпес зая
Міндетке бір жетесің ойыңа алсаң

5-кезең Үй тапсырмасы (өз қолдарынан жасаған қол өнер бұйымдарын көрсетіп, неден қалай жасағанын айтып береді.)

6-кезең Спорт - денсаулық кепілі(спорт түрін көсетеді)

Бойларыңда от бар екен байқадым


Жүректерде шоқ бар екен байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым
Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Қорытындылау.

Кел, Жаңа жыл!



1 - жүргізуші:
Бүгін бәрі өзгерек,
Жарқын күлкі, сөз бөлек
Тілек айтып, күттік біз,
«Кел, Жаңа жыл» төрле! – деп»
2 - жүргізуші:
Жаңа жылда жасарған
Жаңа шырша жас арман
Жалт - жалт етіп көрінер
Аппақ әлем құлпырған
Қымбатты бүгінгі жаңа жылдық кешімізге келген қонақтар!
1 - жүргізуші:
Армысыздар, бармысыздар құрметті халайық! Жылдағы дәстүрмен жаңа жылды думандатып, жырлатып қарсы алу үшін әсем шырша қасына жиналып қалыппыз. Қош келдіңіздер!
Екеуі бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
2 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
1 - жүргізуші:
Міне, біздің асыға күткен жаңа жылымыз да табалдырықтан аттағалы тұр. Бәріңізге де жаңа жыл – бақыт жылы, бейбіт жыл болсын!
Осы кезде ортаға клоун шығады.
2 - жүргізуші:
Қанеки балалар, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық!
Аяз ата мен Ақшақар келеді.
1 - жүргізуші:
Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер! Біздің балалар сізді сыйлығы мол Аяз атаны асыға күтуде. Сіздерді көрмеген бір жылда сағынып қалдық. Сіздермен қауышу қуанышына ұл - қыздарыңыз ән - күй, биден шашу даярлап келіпті.
Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл».
2 - жүргізуші:
Аяз ата! Көрдіңіз бе? Бүгін жаңа жылға жиналған балалардың бәрі көрікті, бәрі де көңілді. Осы тойдың «Ақ патшасы» өзіңіз Аяз ата. Асу - асу жерлерден шаршап келдіңіз, көңіл көтеріңіз, ән тыңдаңыз, балалардың биіне бірге билеңіз. Ендеше сыныбымыздың биші ұл - қыздарының жастар биін тамашалайық!
1 - жүргізуші:
Жеңісбек, өткен жылға өкпең жоқ шығар, 2012 жыл сені несімен қуантты?
2 - жүргізуші:
Әрине, өткен жылға өкпем жоқ, 2012 жыл біз үшін ерекше жыл болды. Себебі: ең басты жаңалық, біз бастауыш сыныпты ойдағыдай аяқтап, азамат атанып, жоғары бесінші сыныпқа өтіп, жаңа ұстазымыз Жанар апаймен табыстық.
1 - жүргізуші:
Ия, әрине ескі жыл біз үшін жаман болған жоқ. Ендеше алғысымызды айтып шығарып салу үшін ортаға Ескі жылды қошеметпен қарсы алайық!
Ескі жыл шығып: Балалар ортаға жаңа жылды алып келдім.
Қоштасады.
Жаңа жыл айтады. Осыдан соң музыка ойналып, ескі жылды шығарып салады.
2 - жүргізуші:
Аяз ата, келесі орындауда ән, «Туған жер».
1 - жүргізуші:
Аяз ата, келесі орындауда сыныбымыздың қыздарының «Үнді биін» қарсы алайық.
2 - жүргізуші:
Әсем екен әндері,
Әй - әй екен сөздері,
Шыршалары көк екен
Көңілдері тоқ екен
Мұндай жақсы балалар
Ай жұлдызға пара - пар
Бола қоймас бізге айып
Тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар айту.
Аяз ата, келесі орындауда сыныбымыздың биші қыздарының биін тамашалайық. «Қызыл өрік». Қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші: Иманғали
Жаңа жылым - әсемсің
Гүл өндірер түзге де
Әр сәті бақ әкелсін
Ұстаздарым сізге де, - дей келе мерекелік құттықтау сөз кезегін сынып жетекшіміз Жанар апайға береміз.
Тілек айтылады және ата - аналармен ойын ойнау.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Біздерде ойын - сауық жалғасады
Тамаша күй тартылып, ән салады
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.
1 - жүргізуші: Иманғали
Ендеше, Жеңісбек, ортаға сыныбымыздың өнерлі баласы Батырбек Мұхтардың өнерін тамашалайық: Мультфильмнен көрініс.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Аяз ата, біздің балалардың билері, өнерлері сізге ұнап жатыр ма? Біздің балалардың бәрі өнерлі. Ортаға Аружан мен Әлияның орындауында «Ақжайнақ» әні.
1 - жүргізуші: Иманғали
Жеңісбек, біздің сыныптың ұлдарының да КВН көрсеткісі келіп тұр, тамашалап көрсек қайтеді.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Ендеше ортада сыныбымыздың ұлдарынан құралған әзілкештер тобы. Қарсы алайық! КВН: Иманғали, Әділет, Бақытқали.
1 - жүргізуші: Иманғали
Сүйсінтеді бишілердің қимылы
Шеттерінен жайнап тұрған қыр гүлі
Билерінен мін таппайсың бірде - бір
Құдайдың шын таңғажайып сыйлығы.
Ортада сыныбымыздың биші қыздары. Носса биі.
Ал, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық!
Иманғали, Жеңісбек:
Аяз ата, Ақшақар! Келесі жылы Жаңа жылға дейін сау болып тұрыңдар!
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Саған әзір жаңа жыр
Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл!
1 - жүргізуші: Иманғали
Құрметті қонақтар! Осымен жаңа жылдық думанды кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Ақ моншақты арулар

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз-елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Жүргізуші: Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр,бақытты өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Ақ ару» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Жумагалиева Қ.Т. сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1) ..................... қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
2) ................... қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
3) ........................ қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
4)Ақша бетті ........................
Ұқсайды хор қызына
5) ........................... үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
6)........................ қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
7)Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
.................... да қатарынан қалмаған.
8)Атыңнан айналайын ..................... деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
9) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
........................... алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
10) - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып,би де билейтін.
.................. өнерлі қызымыз.

Жүргізуші:


Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. ...................................................................................................................
2. ...................................................................................................................
3. ....................................................................................................................
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін-өзі таныстырады. (5 мин)
2-шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3-шарт. «Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың шашын сәндейді де атын айтады.
4-шарт. «Кім жылдам?» (5 мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
б) Түйме қадау
в) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
5-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі. 
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І тур таныстыру.
5 А
5 Б
6 А
6 Б
7 А
7 Б
8 А
8 Б
9 Б
10 А
10 Б
11 А
11 Б
2 тур: Өз өнерін көрсету
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
3 тур: Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз шашқа сән жасау.
4 тур: «Кім жылдам»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) 2 мин
б) Түйме қадау 2 мин
в) Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады). 1 мин
5 тур: «Сұрақ-жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай қойылады.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)
6. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)
7. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
9. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
10. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
11. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
12. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
15. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т.б. (мата)
16. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)
17. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
18. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
19. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
20. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
21. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
22. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
23. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
24. Бағалы металл (алтын)
25. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
26. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
27. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
28. Су моншақты(бисер) ең көп шығаратын ел (Жапония)
29. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
30. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық! 


Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан, 
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы) 
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер. (Қол) 
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік) 
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
Биология: Таза табиғаттан алынатын талшық түрлері (мата, зығыр, жібек, жүн)
Қолөнер: Киіз үйдің жабдықтарын ата. (кереге, уық, шаңырақ, түндік, босаға)
География: Кофенің отаны. (Африка)
Сурет: Байлық пен молшылықты бейнелейтін ою-өрнек (қошқармүйіз)
География: Төрт түліктің киелісі - түйе малының шыққан жері. (Орта Азия, Қазақстан)
Сурет: Магиялық ою. (тұмарша)
Биология: Етте қандай дәрумендер тобы бар? (А,Д,ПП,В)
Медицина: Ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақта тиісті дәрумендердің болмауынан адам қандай ауруға ұшырайды? (авитаминоз)
Технология: Киімдегі қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атаймыз? (аксессуарлар).
Медицина: Тамақтың энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
Физика: Тоқты өткізбейтін материалдарды ата. (пластмасса, фарфор, резеңке, құрғақ ағаш).
Геометрия: Ою-өрнекке түрлендірудің қай түрі қолданылады? (симметрия)
География: Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ (ОҚО)
Медицина: Адам тамақтан улануда қандай ауруға ұшырайды? (интоксикация)
Ауыл шаруашылығы: Топырақтың құнарлылығын арттыруға қолданылатын заттар. (тыңайтқыштар)
География: Кестенің Отаны қай ел? (Қытай)
Медицина: Гемоглобин түзілуге қатысатын дәрумен. (ПП)
Сурет: «Дастархан» натюрмортының авторы кім? (А. Ғалымбаева)
Сызу: Заттың үлкен кішілігін білдіретін сан (масштаб)
Өнер: Өнер саласын зерттеген академиктің аты (Марғұлан)
Тарих: Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің бастапқы элементтері қай дәуірге жатады (тас дәуіріне)
Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік. 
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс-шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

Каталог: uploads -> doc -> 0e02
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e02 -> Cабақтың тақырыбы: Cуреттермен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0e02 -> 28 Ш. Уалиханов атындағы орта мектебі кмм 2016-2017 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысының жылдық есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет