Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жұлдыздар жүйесі жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Өз беттерінше тапсырма орындауға, тиянақты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар:Бейнефильм.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, кестемен жұмыс.
САБАҚ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Жаңа сабақ: Жұмбақты шешу: Қараңғыда жымыңдайды жанады, Жарық түссе, бірден сөніп қалады. Жұлдыз-жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен. Жерге ең жақын жұлдыз-Күн.Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді.(планета-грекше адасушы жұлдыз деген сөз)