Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Физика 8-сынып



бет1/6
Дата13.11.2019
өлшемі459,44 Kb.
#51697
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
!22-ОШ БЖБ Физика 8-сын қаз
7-сынып қмж обнавленка
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Физика

8-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.



МАЗМҰНЫ



1-ТОҚСАН 3

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 3

«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 3

«Заттың агрегаттық күйлері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 9

2-ТОҚСАН 14

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 14

Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 14

«Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 18

3-ТОҚСАН 23

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 23

«Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 23

«Электромагниттік құбылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 29

4-сурет 31

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 35

«Жарық құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 35

1-ТОҚСАН

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

8.3.1.1 – молекула-кинетикалық теорияның негізгі

қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау

8.3.1.2 – температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу

8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру

8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау

8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау





Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қолданады

  • Температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектейді

  • Жылу алмасу процесі кезінде алған / берген жылу мөлшерін анықтайды

  • Жылу берілудің түрлерін салыстырады

  • Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут



Тапсырма

  1. Контейнерлерде бірдей газдың молекулалары берілген. Дөңгелекшелер газ молекулаларын, бағдаршалар газ молекулаларының қозғалыс бағытын және жылдамдығын сипаттайды. Ұзын бағдарша жоғары жылдамдықты сипаттайды.

Қай контейнердегі газдың тығыздығы жоғары және температурасы төмен?

[1]



  1. Абсолют нөл температураның мәні қандай?

А) 273 °С

В) 100 °С

С) 0 °С

D) -273 °С



[1]



  1. Массасы 5 кг мырыш бөлігін 100 ºС-қа қыздыру үшін 20 кДж энергия берілді. Мырыштың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз.

[2]



  1. 1 суретте энергияның суда тасымалдануын зерттейтін екі тәжірибе көрсетілген.

Cурет 1




Тәжірибе 1

Суық су астынан бірқалыпты баяу қыздырылып жатыр. Жоғарыдағы мұз бөлігі су қайнамастан бұрын ериді.



Тәжірибе 2

Суық су жоғары жағынан бірқалыпты баяу қыздырылып жатыр. Арнайы тор көмегімен суда астында ұстап тұрған мұз бөлігі жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де қатты күйде болады.





а) Шыны арқылы энергияның (жылудың) тасымалдану процесі қалай аталады?

_____________________________________________________________________________ [1]

b) Бірінші тәжірибеде төмендегі судан жоғарыдағы мұзға энергияның берілуін сипаттайтын негізгі процестің атын жазыңыз.

_____________________________________________________________________________ [1]

Жоғарыдағы (b) процесс қалай жүзеге асатынын сипаттаңыз.

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

[1]

с) Неліктен 2-тәжірибеде, төмендегі мұз бөлігі жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де ерімеді? Екі себебін ұсыныңыз.



  1. ___________________________________________________________________

  2. ___________________________________________________________________

[2]

5. Массасы 500 г таскөмір толық жанғанда бөлінетін жылуды пайдаланып, су массасының қанша мөлшерін 20 ºС-тан 70 ºС-қа дейін қыздыруға болады? Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/(кг·ºС), таскөмірдің меншікті жану жылуы 30 МДж/кг.

[4]


Жалпы балл: 13


Бағалау критерийлері

Тапсы рма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы



Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қолданады

1

Тығыздығы жоғары және температурасы төмен газ орналасқан контейнерді анықтайды;

1

Температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектейді

2

Абсолют нөл температураның мәнін анықтайды;

1



Жылу алмасу процесі кезінде алған / берген жылу

мөлшерін анықтайды





3

Жылу мөлшерінің формуласын қолданады;

1

Мырыштың меншікті жылу сыйымдылығын есептейді;

1

Жылу берілудің түрлерін салыстырады



4

а) Шыны арқылы берілетін жылу берілу түрін анықтайды;

1

б) Судан мұзға берілетін жылудың берілу түрін жазады;

1

Жылу берілу процесін сипаттайды;

1

с) Төмендегі мұзға жылу берілмеудің бірінші себебін жазады;

1

Төмендегі мұзға жылу берілмеудің екінші себебін жазады;

1

Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтайды



5

Жылу мөлшерін есептеу формуласын қолданады;

1

Таскөмірдің толық жанғандағы бөлінетін жылу мөлшерін есептейді;

1

Суды қыздыруға қажетті жылу мөлшерін есептейді;

1

Судың массасын есептейді.

1

Жалпы балл

13

«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

төмен

орташа

жоғары

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі

қағидаларын қолданады





Молекула-кинетикалық теорияның негізгі үш қағидасын барлық нақты жағдайларда қолдану қиындық тудырады.

Молекула-кинетикалық теорияның негізгі үш қағидасын кез келген жағдайды түсіндіргенде кішігірім қатеге жол береді.



Молекула-кинетикалық теорияның негізгі үш қағидасын барлық жағдайда дұрыс қолданады.











Температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектейді

Температураның өлшем бірлігін ХБЖ-не түрлендіру қиындық тудырады.

Температураның өлшем бірлігін ХБЖ-не түрлендіру кезінде қате жібереді.

Температураның өлшем бірлігін ХБЖ-не дұрыс түрлендіреді.



Жылу алмасу процесі кезінде алған / берген жылу

мөлшерін анықтайды





Жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау қиындық тудырады.



Жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтайды, есептеулерден қате жібереді.



Жылу алмасу процесі кезінде алған/ берген жылу мөлшерін анықтайды.



Жылу берілудің түрлерін салыстырады



Жылу берілу түрлерін айыру қиындық тудырады.



Шыны арқылы берілетін жылу берілу түрін анықтауда, судан мұзға берілетін жылудың берілу түрін жазуда, жылу берілу процесін сипаттауда қиындықтар туғызады.

Тасымалдану процесі сипаттайды.



Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтайды



Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау қиындық тудырады.



Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтайды, есептеулерден қате жібереді.



Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтайды.



7




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет