Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Физика 8-сынып



бет1/6
Дата01.02.2020
өлшемі330,58 Kb.
#56913
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
!22-СОР Физика 8 кл ОШ каз -конвертирован



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Физика 8-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Физика» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс негізгі орта білім беру мектебі мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.


Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

МАЗМҰНЫ


1-ТОҚСАН 4

«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

2-ТОҚСАН 12

Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12

3-ТОҚСАН 19

«Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 19

«Электромагниттік құбылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 23

4-ТОҚСАН 28



«Жарық құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 28

1-ТОҚСАН


БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

        1. – молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау

        2. – температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу

8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру

8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау

8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау


Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қолданады

  • Температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектейді

  • Жылу алмасу процесі кезінде алған / берген жылу мөлшерін анықтайды

  • Жылу берілудің түрлерін салыстырады

  • Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну Қолдану


Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

  1. Контейнерлерде бірдей газдың молекулалары берілген. Дөңгелекшелер газ молекулаларын, стрелкалар газ молекулаларының қозғалыс бағытын және жылдамдығын сипаттайды. Ұзын стрелка жоғары жылдамдықты сипаттайды.

Қай контейнердегі газдың тығыздығы жоғары және температурасы төмен?

[1]



  1. Абсолют нөл температураның мәні қандай? А) 273 °С

В) 100 °С

С) 0 °С


D) -273 °С

[1]


  1. Массасы 5 кг цинк бөлігін 100 ºС-қа қыздыру үшін 20 кДж энергия берілді. Цинктің меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз.

[2]


  1. 1 суретте энергияның суда тасымалдануын зерттейтін екі тәжірибе көрсетілген.


Cурет 1


Тәжірибе 1

Суық су астынан бірқалыпты баяу қыздырылып жатыр. Жоғарыдағы мұз бөлігі су қайнамастан бұрын ериді.



Тәжірибе 2

Суық су жоғары жағынан бірқалыпты баяу қыздырылып жатыр. Арнайы тор көмегімен суда астында ұстап тұрған мұз бөлігі жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де қатты күйде болады.


(а) Шыны арқылы энергияның (жылудың) тасымалдану процесі қалай аталады?



[1]
(b) Бірінші тәжірибеде төмендегі судан жоғарыдағы мұзға энергияның берілуін сипаттайтын негізгі процестің атын жазыңыз.

[1]
Жоғарыдағы (b) процесс қалай жүзеге асатынын сипаттаңыз.





с) Неліктен 2-тәжірибеде, төмендегі мұз бөлігі жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де ерімеді? Екі себебін ұсыныңыз.

1.

[1]

2.

[2]



  1. Массасы 500 г таскөмір толық жанғанда бөлінетін жылуды пайдаланып, су массасының қанша мөлшерін 20 ºС-тан 70 ºС-қа дейін қыздыруға болады? Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/(кг·ºС), таскөмірдің меншікті жану жылуы 30 МДж/кг.

[4]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет