Жиырма алтыншы тарау: Сәуегей-балгерлер мен солар секілділер туралы



бет6/7
Дата21.07.2020
өлшемі145 Kb.
#63629
1   2   3   4   5   6   7
ОТЫЗЫНШЫ ТАРАУ:

Жаңбырдың жаууын жұлдыздардың орналасуымен байланыстыру туралы
«Аллаһ Тағала былай деді:

وَتَجْعَلُونَ رِزْقَكُمْ أَنَّكُمْ تُكَذِّبُونَ (٨٢)

«Ақиқатты жасынға шығаруларыңды өздеріңе ризық етесіңдер ме?» («әл-Уақиа» сүресі, 82-аят)».
Осы тараудың «Бірқұдайшылық Кітабына» сәйкестілігі – адамның жаңбыр мен оның берекесін Аллаһ Тағалаға емес, жұлдызға телуінде. (Осылайша,) адам өзінің жүрегін Аллаһ Тағаладан өзге біреумен байлайды, нығметтерді Аллаһтан өзгеге телиді, жаңбырдың жаууының себебін жұлдыздардан деп санайды, ал мұның барлығы таухидтің міндетті болған кемелдігіне қарама-қайшы келеді. Адам кез-келген нығметті Аллаһқа телуге міндетті. Оны Аллаһтан өзге нәрсеге телу харам болып табылады. Бұл таухидтің толықтығына қарама-қайшы келеді, әрі кіші күпірлік болып табылады.
Бұл аятта Пәк Аллаһ Тағала жаңбырдың жаууын Одан басқаға телитіндерге сөгіс білдіреді, мейлі олар жұлдыздар немесе басқа бір нәрселер болсын, әрі мұны өтірік және күпірлік деп атайды.
Аяттан алынатын пайдалар:

  1. Аятта жаңбырдың жаууын жұлдыздарға телудің негізсіз екеніне нұсқау бар.

  2. Аятта жаңбырдың жаууын жұлдыздарға телу өтірік екеніне нұсқалады.

  3. Аятта Аллаһ Тағаланың нығметтері үшін Оған шүкіршілік етудің әрі жаңбырдың жаууын Оған телудің міндетті екеніне, сондай-ақ Ол мұны Өзінің мейірімімен және жақсылығымен істейтініне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Абу Малик әл-Аш'ари, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Менің үмметімде (Исламға дейінгі) надандықтың (жәһилиеттің) адамдар оны тастамайтын төрт қалдығы бар: тектілігін мақтаныш ету (немесе ата-бабаларының ұстанғанымен тәкаппарлану), өзгенін шыққан тегін балағаттау, жаңбырдың жаууын жұлдыздармен байланыстыру және өлілерге жоқтау айту». Содан сол ол: «Жоқтау айтатын әйел өлгеніне дейін тәубе етпесе, Қиямет Күні қара шайырдан (немесе балқытылған мыстан) киім киген және үстін қатпар қаптаған күйде қайта тіріледі», - деп қосты (Муслим, 934).
Абу Малик – бұл әл-Харис ибн Харис әш-Шами, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы.
Бұл хадисте жаңбырдың жаууын жұлдыздарға телудің тыйым салынғанына нұсқалады, өйткені бұл Исламға дейінгі надандықтың (жәһилиеттің) қалдығы болып табылады.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте жаңбырдың жаууын жұлдыздарға телуге тыйым салынғанына, сондай-ақ бұл надандық дәуірінің амалдарының бірі екеніне нұсқау бар.

  2. Хадисте адамдар надандық заманының барлық істерін тастамайтынына нұсқау бар.

  3. Хадисте надандық дәуірінің амалдары Ислам дінінде айыпталатынына нұсқалады.

  4. Хадисте надандық дәуірінің адамдарына ұқсап-еліктеудің тыйым салынғанына нұсқау бар.

  5. Хадисте шыққан текпен менменсінуге тыйым салынғанына әрі бұл надандық заманының амалдарынан екеніне нұсқау бар.

  6. Хадисте өзгелердің шыққан тегін сөгіп қорлаудың тыйым салынғанына нұсқау бар.

  7. Хадисте қайтыс болған адамды дауыстап жоқтауға тыйым салынғанына нұсқау мен мұның жазасының сипаттамасы, сондай-ақ бұл адамды опат етуші күнәлардан екеніне нұсқау келген.

  8. Хадисте күнә қандай үлкен болса да, тәубе оның өтемі болып табылатынына (яғни өшіретітіне) нұсқалады.

  9. Хадисте мұсылман адамға надандық заманының амалдарының қайсысын болса да істеуге рұқсат етілмейтініне нұсқау бар, алайда бұл «егер ол мұндайды істесе, кәпір болады» дегенге нұсқамайды.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Зәйд ибн Халид, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жаңбыр жауып болған бойда олармен бірге Худайбияда таң намазын оқығанын хабарлаған. Намаздан соң ол адамдарға бұрылды да: «Раббыларың не дегенін білесіңдер ме?», - деді. Адамдар: «Аллаһ пен Оның Елшісі жақсырақ біледі», - деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: "Ол: «Менің құлдарымның арасынан Маған иман келтіргендер және иман келтірмегендер айқын болды. Егер адам жаңбыр Аллаһтан және Оның рахымымен жауады десе, ол Маған иман келтіреді де, жұлдыздарға иман келтірмейді. Ал егер адам жаңбыр әлдебір жұлдыздың себебімен жауады десе, онда ол Маған иман келтірмейді де, жұлдыздарға иман келтіреді», - деді" (әл-Бухари 846, Муслим 71).

Муслим, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осыған ұқсас хадисті Ибн Аббастан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізген, әрі онда кейбір адамдардың: «Пәлен жұлдыз үмітті ақтады», - деп айтқаны, әрі сол кезде Аллаһ Тағала мына аяттарды түсіргені хабарланады:




Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет