Жылнама Ххххххххххххххххххххххххххххххх Қажымға М.Әуезовтен



бет2/2
Дата13.11.2016
өлшемі383,36 Kb.
#1669
1   2

123456 23 22 10 11»

Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Сталин өліп, Берия атылғаннан кейін жаңа саяси бағыт пен көзқарастарды екшеу мақсатында ұйымдастырылған СССР Жазушылар одағының ХІУ плненумының қорытындыларына орай 1953 жылы 16 қарашада Қазақстан жазушыларының қалалық мәжілісі өтті. Бұл мәжілістің тынысы бұрынғы жаныққан әшкерелеулерден көрі шығармашық талдау бағытына қарай ойысты. Одақтың жаңа төрағасы Ғ.Мұстафин баяндама жасап, жарыссөздің алғашқы кезегі М.Әуезовке берілді. Жаппапй саяси-идеологиялық жазалау саясатының толас тартқанын және қандай да еркіндік тынысының ашылуын үнсіз дәметкен, Бісмілләсін «халықтардың әкесі» Сталиннен бастайтын шығармашылық одақтың зиялыларының сөйлеу мәнері өзгере бастады. Бұл М.Әуезовтің де сөзінен байқалады. Біз жиырма жылға созылған қудалау мен құрсаудан құтыла бастағанын сезген жазушының психологиясын аңғарту мақсатымен оның бұл сөзін шамалы ғана қысқартып беруді жөн санадық.

М.Әуезов: «Жолдастар, сіздердің көпшіліктеріңіз СССР Жазушылар одағынығ пленумына қатыстыңыздар, көпшіліктеріңіз пленумның материалдарын оқыдыңыздар, сондықтан да өздеріңіздің әдеби шаруашылықтарыңызды жауапкершілікпен, жан-жақты, ойлана, сын көзімен шолып шықтыңыздар. СССР Жазушылар одағының кезекті пленумына партия қандай мән бергеніне тоқталып жатпаймын, тек біздің алдымызда тұрған түйінді мәселелерге назар аудармақшымын. Кеңестер Одағының жазушылар ұйымының осы пленумын өткеннен кейінгі ойларымызды жинақтаған соң Қазақстан жазушыларының кезекті сьезіне қандай шығармашылық толғаныспен келетінімізді ойластыра бастаймыз. Көптен бері жазушылардың сьезі өткен жоқ, сондықтан да жекелеген әр жазушы, қазақ әдебиетінің әр жанрына жауапты әрбір шығармашылық секциялар үлкен шығармашылық екпінмен сьезге дайындықтың қарбаласына кірісуі керек...»,– деп бастаған сөзінің ауанынан саяси атмосферадағы өзгерісті бірден байқауға болады.

Бұрын тілге ең алдымен «бастаушы көсем», «партиялық сын», «саяси өрескел қателіктер» деген тіркестермен басталатын әшкерелеуші сөздер қатарға ілінбей қалған. Оның орынын «жауапкершілікпен, жан-жақты, ойлана, сын көзімен» деген шығармашылық ұғымдар ауыстырған. Қазіргі тақырыпты игеруге келгенде қазақ жазушыларының тасырқап жатқанын айта келе «өзара сынды» өзінің сүйікті драматургия жанрынан бастады:

М.Әуезов: «Қазіргі күннің тақырыбына жазған Әуезовтің, Мүсіреповтің, Мұқановтың, Құсайыновтың, Әбішевтің, Иманжановтың пьесалары әлі де нағыз кеңестік драматургияның деңгейіне жеткен жоқ, олар тек маусымдық талаптарға ғана жауап беріп келеді, олар шығарманың әдеби, тарихи, көркем құндылықтарын анықтай алмайды.

Қазіргі кеңес тақырыбына арналған көркем шығармалар да болуы тиіс. Бұл орайдан алғанда біздің борышымыз аса зор. Поэзия да, проза да, сын да осындай қарыздар күйде. Бұл жанрлардың игерілуі жөнінде ерекше тоқталғым келеді. Неге бізде жақсы драматургия жазылмайды, біз неге орыс драматургтерінен үлгі алмаймыз? Бұл тұрғыдан алғанда пленум өте маңызды өтті. Біздің мемлекетіміздің өмірінің екі маңызыды кезеңі үш-ақ шығармада: «Қақ айырылуда», «Любовь Яроваяда», «Бронепоезд –15-69»-те ғана шынайы көрініс тапты. Өзге шығармалар МХАТ-та, Кіші театрда қойылып жатқанымен де, тек К.Симоновтың «Басқыншылық», «Майдан», «Орыс адамы» пьесалары ғана нағыз құндылыққа ие болып отыр. Егерде сіздер «Қақ айырылу» мен «Любовь Яроваяның» қандай пьеса екенін көрген болсаңыздар, онда бұл екі шығарманың кеңестік драматургияны әлемдік деңгейге көтергенін мойындауларыңызға тура келеді. Бұрын сақанада заттық себепкерлікке құрылған тәсілдер қолданылатын. Алайда оның барлығы адамның тұтынушылық сұраныстары. Драматургиялық шығармаларда олар сақналық тартысқа шамалы ғана ықпал ете алатын. Мысалға, Чеховтың «Шие бағында» шіре (шкаф) туралы сөз қозғалады. «Бронепоезд –15-69»-тегі заттық тәсілді алыңыз, темір жолға кім өзінің басын қоюы керектігі жөніндегі тартыс адам мінезін ашуға қандай ықпалды әсер етеді...»,– деп бұрынғы саяси тіркестердің орынын көркем талдаумен алмастырды.

Демек, Мәскеуден ескен «жылы лептің» бір «жылымық» әкелетіні мәтіннің ауанынан-ақ сезіледі. Әңгіме өзегі саяси бағамдаудан көрі көркем ойға құрылды. Нағыз лирик ақындардың шығармашылықтан шеттеп кетуінің себептерін емеуірін таныта сөйлейді. Бұл он бес – жиырма жылдан бері ұмытылған әдеби құбылыс еді.

М.Әуезов: «Қазір қостауға болмайтын беталыс байқалады. Біздің көптеген ақындарымызда өте тамаша шығармалар бар, бірақ олар ақындықтан бойын аулақ салып барады. Менің қояр сұрағым: Сәбит Мұқанов поэзиядан неге кетті, Әбділдә Тәжібаев поэзиядан неге кетті? Оның драматургиялық шығармалары сақнада ұзақ тұрақтамайтын дүниелер. Мен Ғали Ормановпен ерекше есеп айырысқым келеді. Ол өзінің мойынына аса жауапты істі – «Анна Каренинаны» аударуды жүк етіп алыпты, ал мен ол неге поэзиядан кетті? – деп сұрағым келеді. Менің ойымша, олар өзге де үлкен жанрда жұмыс істей отырып, поэзияны да ұмытпауы тиіс», – дейді.

Бұл сұрақтың астары өте терең. Жалған «жасасыннан!» жалыққан ақындар өлеңнен бас тартуға мәжбүр болды. Әсіресе, Ғали сияқты нәзік лириктер үнсіз қалды. Енді поэзияға жасалған бұл өктемдіктің күні санаулы еді. Мұхтар Әуезов соны мекзеп отыр. Иә, сөз түзеле бастады.

М.Әуезов: « Енді сын туралы айтайын. Бұл пленумда сын мәселесі қалайда үнсіз атаусыз қалды, өйткені пленумның сыни деңгейі төмен болды. Жасқаншақ, жарасымсыз сын ғана айтылды. Егерде бес қаруы сай, дайындығы мол, төңкерістен бергі кеңес әдебиетінің дамуына белсене қатысып келе жатқан Ермилов, Фадеев сияқты аса көрнекті оқымыстылары бар орыс кеңес сынының деңгейі мынадай болғанда, әрбір әдеби журналдың сын туралы үзбей жазып жатқанына қарамастан, орыс сынының деңгейі жоғарыда емес екені байқалады. Ол драматургиядан да, поэзиядан да кейін қалып қойғанын есекрсек, онда біздің сынымыздың деңгейі туралы қандай сөз болмақ? Біздің сынымыздың мәдениеті төмен, обьективті емес, өткеннің қалдығы дегенді малташа езіп, керексіз кикілжіңді жиі қоздырады, енді жерде біз бұрын айдағанына көндіріп келген ешқандай репертуарлық комиссиясының, ешқандай бастықсымақтардың бюрократиялық өктем пікірлерімен санаспауымыз керек. Біз енді еркін суреткерміз, ешқандай шенеунікке тәуелді емеспіз. Мұны Мұстафин жолдас өзінің баяндамасында: «Жиналысты азайтып, жазуды көбейтейік» – деп дұрыс айтты. Мен онымен келісемін. Келіңіздер, бәріміз де дос ниетпен жұмыс істейік. Жиналыс – шығармашылықпен айналыса алмайтындарға, «шымшылап» сөйлеп, шырқыңды бұзу үшін керек. Біз оған осы уақытқа дейін төзіп келдік, енді бұдан әрі төзе алмаймыз»,– деп әбден мезі еткен «мәжілісқорлардың» мысын басты.

Шындығында да, кейінгі жиырма жылдың ішіндегі «таптық тартыстан», «ұлтшыл-буржуазияшыл идеологиядан», «өрескел саяси қателерден», «марксизимге жат пайымдаулардан», сын мен өзара сыннан, жібермеген кемшіліктері мен қателерден, «алашорданың бас идеологі міндетінен», хандар мен билердің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаудан әбден мезі болып еді. Кез-келген репертком мен қара шолақ «нәшәндік» жүйкесін тоздырып еді. Бұл пленумда шығармашылық еркіндік пен авторлық құқық мәселесі алғаш рет күн тәртібіне қойылды. Енді, мұндай тоңмойындар мен дөңмойындарға «бұдан әрі төзе алмайтынын» мінбеден мәлімдеді.

Қисыны келгенде сөз арасына сыналай кететін бір жай, М.Әуезов тура осы пікірді сол мәжілісте отырған «репрткомның» бастығы мен комиссия мүшелеріне қара айтқан еді. Соның ішінде уақыттың ауанын аңғара алмаған Қапан Сатыбалдин «еруліге қарулы» қайырамын деп орынсыз қағылған сынаға ұқсап қалды. Ол өзінің сөзінде М.Әуезовке жауап қайырамын деп қайранға шығып кетті.

Қ.Сатыбалдин: «Біз ғой драматургия артта қалып барады, ілгерілеу жоқ дейміз. Шындығында да драматургтердің жағдайы жылдан жылға құлдырап барады. Әуезов жолдас жаңа ақын Тәжібаев – драматург Тәжібаевтан жоғары деді. Мен тәжібаевтің драматургиялық қабілетін бұлай бағалаған ж.Әуезовтің пікірімн келіспеймін... Біздің тәжірибелі жолдастарымыз пікір таластырғанды өте ұнатады. Мысалы, жаңа Әуезов өзінің шешендік қабілетін тамаша көрсете білді, бірақ өзінің (репертуарлық) міндеттемесін орындамады (жолд.Әуезов: «Роман жазып жатырмыз, немене оны жақтырмайсың ба?). Романды жазу керек. Бірақта өзіңіздің негізгі жанрыңызды ұмытпағаныңыз жөн. Егер қателеспесем, драматургия сіз үшін басты жанр емес пе. Сіз ұзын-ырғасы 20-дан астам пьеса жаздыңыз, ендеше соңғы уақытта театрдың репертуарын неге ұмыта бастадыңыз? (жолд.Әуезов: Роман жазып жатырмын дедім ғой). Міне, бар кілтипан осында. Сіз неге роман жазуға уақыт табасыз, неге пьеса жазуға уақыт таба алмайсыз? Мүсірепов те – драматург, ол да роман жазып жатырмын дейді. Бұл жай ғана сылтау, бірақ сіз пьеса жазуды ұмытпауға тиіссіз. Мүсірепов пен Әуезов – жетекші драматургтер, тарихи оқиғалар мен ертегі, аңыздардың негізінде пьеса жазуға шебер, ал қазіргі тақырыпқа ұсыныс жасасаң, роман жазып жатырмын дейді. Репертуардың жоспары Қазақстан Орталық комитетінің бюросында бекіліп қойған. 1952 жылы 27 желтоқсан күні Орталық комитетінің бюросы бекіткен тақырыптық жоспар бойынша бұл пьесалар осы уақытқа дейін жазылып бітуі тиіс болатын, олар неге роман жазады, пьеса неге жазбайды? Олар неге драматургияны екінші қатарға қояды? Мүмкін Әуезов пен Мүсірепов жолдастардың шеберлігі жетіспей ме? Жоқ, олай емес, олар бірінші кезекке кесек романды қойып, драматургияны кейнге ысырып отыр. Басқа жолдастарға басқа жағынан келейік, ал аталған жолдастар туралы жаңағыдан өзге себеп таба алмай отырмын»,– деп қадалды Қапан Сатыбалдин.

Әрине, қиын кезде моральдық, материалдық, шығармашылық демеу берген драматургияға екеуінің де өкпесі жоқ еді. Бірақ мынау туып келе жатқан «жылымықтың» қас-қабағының ашық кезінде өмірлік маңызы бар басты шығармаларын жазып қалуға ұмтылды.

Бұдан кейін М.Әуезов өзін де драматург – ақындардың санатына жатқызып, поэзиясыз пьеса тумайтынын, поэзиясыз пьеса жүректі жылытпайтынын тілге тиек ете келіп:

«Мен неге толқып сөйлеп отырмын дейсіздер ме? Менің алдымда осы арада ж.Бақбергенов сөйледі. Мен оның сөзіне соншама наразы болдым. Оның өз сөзімен айтсам, дәл осындай дауыс көтеріп сөйлеуді мен өзіме ар санаған болар едім. Дәл осылай сөйлеуге, Бақбергенов жолдас, жол беруге болмайды, бұл әдепсіздік. Біздің бәрімізде де қателік бар. Кемшіліктерімізді көрсеткен көптеген мақалалар да есімізде. Сонда жаңағы мақалалардағы жағымсыз сілтемелердің барлығын жинап алып, не ана, не мына жазушының бетіне түкіре беруге бола ма? Олар да адам емес пе, оның үстіне Мұстафин жолдас өзінің кемшілігін жасырған жоқ қой»,– деген уәж айтты.

Иә, Әуезов әпербақан сынның уақытының өтіп бара жатқанын, тіпті, өтіп кеткенін сол кездегі жас, майдангер жазушының түсінбегенін «түсінбей», батыра пікір білдірді. Шындығында да журналист қаламгер «науқаннан кешігіп» қалып еді. С.Бақбергеновтің бұл сөзі де «жасасындатқан жалаулы майданның» соңғы «урасы» болғандықтан да одан қысқаша ғана үзінді келтіреміз:

Сәуірбек Бақбергенов: «Жолдастар! Мен редакция қызметкері болсам да, редакцияның емес, өзімнің жеке басымның пікірін айтуға праволымын ғой деп ойлаймын. Демек өзімнің пікірімді көптің ортасына салмақпын...

Біз әдебиетіміздің осындай өскен өресін, зор табыстарын айтумен қатар, кемшіліктерінде ортаға салып, оны батыл сынап отыруға тиістіміз. Меніңше, қазақ әдебиетінің бұдан да көрікті болып, шарықтап өсуіне кедіргі болып келе жатқан бір нәрсе, – баспасөздерімізде әлденеше рет сөз болып жүргендей жікшілдік екені даусыз.

Жазушы Ауезов пен Мұқанов бастаған екі топ әдебиетімізге кеселін тигізіп, жастарды тәрбиелеу, оларды өсіру ісіне бөгет болып отыр. Бұл жөнінде, өткен қыста партияның орталық органы – “Правда” газетінің “Сын орынына дәріптеушілік” деген мақаласында мәселені өте көтерді. Біз бұл мақаладан кейін жікшілдіктің тамырына балта шабылар деп үміттенген едік. Бірақ, ол үміт әлі елес болып қана келеді.

Нақ осындай жақсы ниетпен мен быйыл ”Правда“ газетінің сол мақаласын талқылаған жыйналыста біраз жазушылардың кемшілігін, қателерін ашық түрде айтқан болатынмын. Әсіресе, Мұстафиннің “Қарағанды” романындағы өрескел қателерді айтқан болатынмын. Мен бұл қателерді сөйлеместен бұрын жазушылар ұйымының сол кездегі председатель Жаймұрзин жолдасқа, кітаптың редакторы Тілеков жолдасқа айтқан болатынмын. Мен осы сынымнан кеін кітаптың алты жерінен жөндеу енгізілді. Демек мен өзінің бұл сыныммен Мұстафинге көмектестім деп түсіндім. Бірақ ол оны көмек деп түсінбей, мені қуғындай бастады.

Ал “Қарағанды”романының кәзіргі тарап жүрген қазақшасында әлі де үлкен қателер бар. Бұл қатенің ең бастысы – Рысбек пен Жаппар деген екі жаудың қосылып алып, совет үкметін барынша балағаттайтын жері. Бұл жауларға берілген трибун, бұл пропаганда! Мәселен, “Ақ қайың” сыяқты романдағы жау Лозневойдың үкметке тіл кигізгенін көрдік бе? Жау тілімен, балағаттаған сөзімен емес, ісімен жау болып көрінуге тиіс. Бұлай етпегенде қате болып шығады.

Мен піш-піш өскен емеспін, мен әруақта ашық сынап, ашық айтып келемін. Әлі де ашық түрде, айқайлап, дауысым жеткенше айта беремін. Мен совет үкіметі нақ осылай етіп тәрбиелеген.

Мен сыннан да, сынаудан да қорықпаймыз; Партия бізді солай тәрбиелеген. Халтурный, серый шығармалармен күресу керек, оны қор керек деп партия үйретіп отырғанда, жаман шығармаларды көре тұрып үндемей қалуға менің күшім жетпейді.

Біздің әдебиетімізге кесел болып жүрген мына нәрсені,айта кету артық болмайды. Егер біреу Ауезовты, немесе оның жақтастарын сынаса, оны Мұқановтың тобына қоса салады. Егер біреу Мұқановты, немесе оның тобын сынаса,оны Ауезовтың тобың қоса салады. Сөйтіп, барлық адал, дұрыс сындар жоққа шығып жатады. Әңгіме мұнымен ғана тынса екен-ау, тіпті оны қуғынға салады, өсекші, анау-мынау деген атақтар тағады. Ондай сыншылар екі жақтың да жемтігіне айналады.

Пыш-пыш өсек айтып, бірін мақтап, бірін жамандап, сан құбылып күн өткізуге болар еді. Әрқайсысына бір жағынуға да болар еді. Бұл менің арым бармайтын жұмыс. Мен кім көрінгенге жағымпазданып, жазушы деген атақ алуды ар көремін. Мұның өзі жазушылықты қорлағандық болар еді.

Қолайсыздау болса да, мынадай бір фактіні айтуға тиіспін. Қазақ әдебиетіне қызмет ете бастағанына отыз жыл болған Мұстафиннің д не бәрі 3-4 кітабы бар. Оларың өзі әлгі айтқандай. Ал, әдебиетке қызмет ете бастағаныма үш-ақ жыл болған менің де үш-төрт кітапшам бар..»,– деп даурығыпты Сәукең кезінде.
Иә, «Жазушы Әуезов пен Мұқанов бастаған екі топ әдебиетімізге кеселін тигізіп, жастарды тәрбиелеу, оларды өсіру ісіне бөгет болып отыр!» немес «Бұл жауларға берілген трибун, бұл пропаганда!» – деген «жасасындатқан ұрандар» арысы алты ай, берісі осыдан үш ай бұрын айтылса, ұран емес үкімге айналар еді. М.Әуезов те ондай сөзді «айтқаныүшін арланбас» еді, керісінше, іштен тынып тыңдар еді. Енді, міне, оққа шабылған қылыштың жүзі босқа шабылды. Уақыттың қас-қабағы қалай тез өзгерген!

Осы күннен бастап көтерілген Мұхтар Әуезовтің беделі мен мысы енді ешкімге дес бермеді. Тіпті Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің де айдыны мен айбыны, айбары мен атағы, соған қоса ілескен шатағы да Мұхтарды сескендіре алмады. Ол мәңгілік даңқ тұғырына көтеріліп бара жатты.

Шығындап шыңға шығып бара жатқан кешегі иықтастарын биікке ұзатып салып тұрып, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов оны тағы да бір рет және ең соңғы рет етегінен тартып қалуға тырысты. Оған себеп болған «...» атты пьесасы. Замануи тақырыпқа жолы болмайтынын біле тұрып қалам тартқан М.Әуезов шырғаға өзі барып түсті. Осы пьесаны қалайда құлатуға ықыласы ауған екі дос өзара хат алысты. Бұл тұста Ғ.Мүсірепов С.Мұқановтың жағына шықты. Бұл оқиғаның саяси қу,ынға қатысы шамалы болғандықтан да тек С.Мұқановтың Ғ.Мүсіреповке жазған хатын ұсынумен щектелеміз.

(С.Мұқановтың хаты)..........................

Әрине, пьесе сақнаға жіберілмеді. Бірақ та оған енді М.Әуезовтің жығасы қисаймайтын. Оның есебі – өзге, адымы – алып еді. Енді оған тек таң қалып қана қарау жарасатын. Жеңсе – мақтап қана жеңе алатын – өзге бір уақыт пен кеңістікке көтеріліп кетіп еді.

...................хххххххххххх........................

1958 жылы 10 көкек күні Жазушылар одағының С.Омаров төрағалық, Ғ.Ахмедов хатшылық еткен, төралқа мүшелері С.Мұқанов, С.Бегалин, Ә.Әбішев, К.Хасанов, Д.Снегин бастатқан 82 адам қатысқан мәжілісі өтті. Онда Қ.Жармағамбетов бір кезде өзі «халық жауы Кенесарыны дәріптеген», ұлтшыл, буржуазияшыл, «атышулы Абайдың ақындық мектебі» деген бағытты қалыптастырушы, «фольклор мен эпос саласында жалған ғылыми ұстанымды орнықтырған», ислам шариғаты мен түрікшілдік ілхамды насихаттаған, «феодализмді үлгі тұтқан», «хандардың жоқтаушысы» деп атаған М.Әуезовке:

«Жолдас М.Әуезов – аса көрнекті қазақ қазақ жазушысы, Сталиндік сыйлыққа ие болған атақты 4 томдық «Абай» романының авторы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі, шығыстанушы ғалым», – деген мінездеме беріп, – «Осы мәжіліске қатысып отырған Қазақ ССР-нің астанасы Алматы қаласының барлық жазушыларының атынан Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің кандидатурасын СССР Ғылым ак адемиясының толық мүшелігіне ұсынды».

Иә, уақыттың талабы қалай өзгереді десеңші. «Ара» журналының бас редакторы Қ.Жармағамбетов осы арқылы М.Әуезовтің алдына өзінің бетін жылытып алды деу әбестік болар, бірақ аса ұғымтал, асқан білімпаз, өте талантты, өткір осынау талант иесінің жандүниесі, ішкі нәрі «жасасындатқан» кезеңнің тұсында жанып кетіп еді. Арлы азамат өзінің ожданымен бетпе-бет қалған шақтағы жанталасқа шыдамай, орыстың орта қол ақыны Сергей Семьянниковтың:

Начну с того, что я еще не умер,

Что сплетни обо мне – для дураков,

Я просто эту смерть придумал,

Чтобы отдохнуть на время от врагов, –

дегеніндей, өмірінің соңын табалаудан тыс жалғыздықта өткізіп, туған жері Торғайда оқшау бөлмеде өмірден қайтты.

Ол да бір тағдырдың тауқыметі шығар.

Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх(

МҰҚАНОВ: Пьесаны бір оқығанда ойда қалмайды екен, бірнеше рет оқығанда түсінікті, мәселені шешуге мүмкіншілік болатыны рас екен. Мысалы анадағыдай емес қазіргі оқығанда біраз ойландырды. Кемшілігін көрсете айтсақ оған автор ренжімес деймін. Өйткені анада Әбішевтің пьесасын оқығанда біз театрға ұсынсақ та артынан жоғарғы орын алып тастады ғой. Сондықтан бұдан былай қаттырақ қарамасақ болмас жолдастар.

Осы пьесада ойыны көп кісі Күклян. Сыйхыр кемпір Қ... ұйқтатуға ешбір жоқ сыяқты.

Фантазия атымен болмасын демеймін бірақ Күкляннің ролі көбейіп кеткен, ойлану керек. Сонымен қатар Қортқаны Күкляннің қызы деуге қыймайды кісі. Қобландының бытовой жағы, махаббат жағы көрінседе героический жағы әлі еркін берілмеген. Потриотизм дегенде, ел үшін, отан үшін күресу жоқ, жетпей жатыр. Осыны дәлелдеу керек. Мұнда күрес өте жіңішке алынған сыяқты. Отан үшін күресті көтеріңкіреу керек.

Жолдастар, драматургиямызға бір жаңа нәрсе келген сыяқты, оған сөз жоқ. Менің ұсынысым “Қобландыны” автор әліде айтылған кемшіліктерді еске ала отырып, режессормен бірге істеп болған соң тағы президиумда қарасақ, сонан кейін театрға ұсынсақ деймін.

ТАЖИБАЕВ– Осы пьесасының оқылуы жеткілікті болды. Негізінен алғанда пьеса жаман емес, қай жағынан алсақта. Сондықтан автор режессормен бірігіп істеуді тапсырып театрға ұсынсақ деймін.

АУЭЗОВ – Пьеседегі геройлар әлі дәлелденбеген деді, ККеклянді басқаша көрсету керек, Иран мәселесін алып тастау керек, деген сыяқты пікірлер айтылды. Және героизмді күшейту қажет деді, сөйлеген жолдастар. Осылардың барлығын пьесені қабылдап ала отырып қосымша айту керек еді. Өздеріңіз жазушысыздар, даматуріксіздер, қай уақытта болсада жазушылар ұйымы пьесені окончательно редакциясымен алмайды ғой. Пьесе сахнаға қойылған соң барып алынады. Оқыйғаны күшейту де театрмен істескенде жөнделеді.

Пьесе жөнінде сіздермен дауласамын. Бұл пьесе тарихи емес. Бұл эпос драма. Бізде бұлақ жазу бұрын болған жоқ, біз соны жазуымыз керек. Өйткені адам баласының мәдениетін алатын болсаныздар эпостан жоғары әдебиет жоқ. Эпоста реалистический элемент көп. Осы пьеседе махаббат, достық, араздық бәрі бар. Сонымен қатар бүгінгі күнге соз нәрсе деймін. Мен бұл жөнінде Ғабиттің қарсы пікірлері өте әрі емес деймін. Біз дүние жүзінің әдебиетін қуымыз керек. Пушкин батыс әдебиетін оқыды, Абай орыс әдебиетін оқыды. Солай болатын болса мен Шехспирден бастап Гогольді, бүгінгі Жамбылға дейін оқыдым.

Күклянді көп айттыңыздар. Ондағы мақсат сол заманның тілін көрсету ғой. Сіздер қазақ халқының ұғымындағы тарихи дейсіздер, ол дұрыс емес деймін. Жолдастар, мен бұл пьеседе жаңалық іздедім. Бұл шығармам потриоттық шығарма. Мен імше тарихқа аудар деген сөз, ол жазба деген сөз, ол жазба деген сөз. Театрда оқығанда пьесені жақсы деп едің, енді отвергайт етіп отырсын. Шынында жазушылар ұйымында оқығында соңғы редаксиясы болмайды ғой. Сондықтан айтылған замечанияларды театрмен, режессормен түзеуге тапсырып, пьесені неге қабылдамайсыздар? Күклянді түзеймін, Қортқан да қараймын.Қобландының ролін күшейтінкіреймін.
УСЫНЫС:

Жолдас Ауэзовтың “Қобланды” атты пьесесі көрсетілген кемшіліктер тағыда түзетуді керек еткендіктен, театрмен істесіп қарап шығу авторға тапсырылсын. Содан кейін Жазушылар ұйымынын Президиумында қаралатын болсын.

Ххххххххххххххх

  • Әй,Қайым, сендердің түрмедегі жайдайларың қалай болды? Қандай әдіс – тәсілдермен сұрап тергеді, қинамады ма? – деп абақты өмірінің шындығын білгісі келді. Мен қарсы сұрақ қойғым келді де, әуелі Мұханның өзінен сұрадым.

  • Сізді 1930 жылы Ташкентте ұсталғанда жағдайыңыз қалай болды? – дедім. Мұхаң бір күрсініп алды да, орындығына шалқая түсіп, баяу бастан өткен оқиғасын ойланып алды да, қоңыр даусымен:

  • Онда біздер, ұлтшылар, бәріміз үлкен бір үйде жатамыз. Төсек– орнымыз таза, тамағымыз уақытылы беріліп тұрады. Бір– бірімізбен еркін әңгімелесіп, пікір алысып, кеңесіп отыратынбыз. Тергеуге алып барғанда аздаған қысымдар, қытымырлықтар болып тұратын. Кейін Алматының түрмесіне ауысқанда бұл жағы жиіленіңкіреп кетті, – деп барып тоқтады. Мен Мұхаңның көп білуге ұмтылған бала мінезді қылығына іштей күле отырып:

  • Мұқа, онда Сіздер жұмақта болыпсыздар ғой, ал біздер нағыз тозақтың отында күйіп–жанған ақырзаман пенделеріне ұқсайды екенбіз. Жазығымыз жоқ болса да, күні–түні ұйықтатпай, аяғымыздан тік тұрғызып қойып терген, ол аз болғандай, ұрсып–жекіріп, сатып алған құлындай ақыра қорлағанын қайтесіз. Сонда айтары: «Мына қағазға қол қой», – деп өздері жазып келген нұсқасын ұсынады. «Қол қойсаң болды, сенің бізге керегің аз, үйіңекете бер. Бізге керегі Мұхтар Әуезов. Сол туралы жазылған мына қағақға қол қой қоймасаң, не боларыңды өзің білесің», – деп әкіреңдейді.

  • Өтірік анықтамаға қол қоймауға бекіндім. Ол кезде жасым отыздан асқан, күш–қайратым бойымнан қайтпаған кезім. Алдағы күндерде не болар екен деп алаңдаулымын.Тергеушілер бір күні мені бір жеке бөлмеге қамап кетті.Ішінде еш нәрсе жоқ. Тек қана ортасында туник құрулы тұр. Бұл не, мені турник ойнасын деп қойған ба деп таңдандым. Байқасам, бір уақтарда бөлмем қатты жылынып, бірте–бірте ысып барады. Табаным күйіп барады. Саса бастадым. Не қыларымды білмей дағдарып тұрып, жан қысылған соң құрулы тұрған турникке асыла кеттім. Көп тұруға қолым шыдамай барады. Турниктен қолымды жіберейін десем, табаным ыстыққа тиіп күйетінін сезіп тұрмын. Жандалбасамен турникке асылып, қолымқарысып қалыпты. Оны мен есім ауғандықтан сезетін халім жоқ. Біз кезде өздері келіп мені босатып алыпты. Тағы да есім кірген соң «қол қойдың» астына алды. Көнбеді. Екі–үш өткен соң тағы да «қол қой» деп қыстады. Қасарыстым. Көнбеген соң кешегі бөлмеме апарып тағы да қамап қойды.Бірақ бөлмеде құрулы тұрған турник жоқ. Үй ысыса не лаж етем деп ойланып тұрғанда, бөлменің суи бастағанын сездім. Бөлме суығы үдеп барады. Тісім тісіме тимей қалтврап барамын. Өлместің қамын жасап, үйді айнала зыр жүгірдім. Тоқтасам қатып қаламын, тек жүгіру ғана жанды сақтап қалмақ. Жүгіре–жүгіре талып түссем керек. Ес–түссіз жатқан мені тағы да өздері сүйреп алып шықты. Шамасы сырттан бақылап тұрса керек. Әрең дегенде есімді жиып, басымды көтерсем, тағы да қағазды алдыма тоса қояды. Тістеніп тұрып қасарыстым. Тоңғаным әлі тарқамай дір–дір етіп азаптанып тұрмын. –Абақтыдағы тұрағыма қарай кеттім.

  • Таңертең тағы да тергеу басталды. Тергеуші түлкі бұлаңға салды. Жылы сөйлеп өз бпсыңды, бала–шағанды ойласаңшы деп қамқорси түсті. «Мына қағазға қол қой да, бізден қоштасып, үйіңе кетсеңші», – деп қағазды нұсқады. Пікірімнен қайтпасымды білді де, белгі беретін түймесін басып қалып еді,еңгезердей екі жігіт жемтігін іздеген төбеттей дүрдие кіріп келді.Тергеуші мені алаңдату үшін сөйлей беріп еді, артымда тұрған екеуі қас қағым сәтте резинка қапшықты басымнан аяғыма қарай кигізіп жіберді де, мені құлатып, қапшықтың аузын байлап тастады. Сол арада–ақ мені үшеулеп сыртымнан таяқпен жабыла ұра бастады. Бар болғаны басымды қорғалақтап, тұншығып бара жатырмын. Тұншығудан есім ауып қалыпты... Қаптың аузын ашып, мені шығарып тастағанын білмеймін. Есім кіріп, көзімді ашып, маңайыма қарасам: әлгі үшеуі маған албастыдай үңіле қарап күлісіп тұр. «Қасапшыға ет қайғы, қара ешкіге жан қайғы» деген осы екен–ау деп жатырмын. Үшеуі мені тұрғызып алды да, баяғы әдеттеріне басып қағаз бен қаламды алдыма қоя қойды. Мен түк көрмегендей тұра бердім. Үшеуі ақырып –бақырып, мені жұдырықтап, үйден қуып шықты... Міне, алдын ала ойластырылған не бір азаптың тозағынан өтіп, жиырма бес жылға «халық жауы» деген статьямен сотталып, Қарлагқа жөнелтілдім емес пе, Мұқа, – дедім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет