Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өтілетін күні: Білім беру саласы



бет31/34
Дата20.12.2021
өлшемі166,06 Kb.
#103812
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ертегі қмж

Күтілетін нәтиже:
Білді: Ертегінің кеіпкерлерің бейнелеуді, мазмұндап айтуды білді.

Игерді: өз ойларын айтуды, ойларын дұрыс жеткізуді игерді.

Меңгерді: ертегі айта білуді меңгерді.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегілер елінде

Тақырыбы:«Күшік, мысық және тышқан достығы»

Мақсаты: Ертегіні оқу арқылы түсінуге үйрету. Диалогты сөздерді мәнеріне келтіріп айта білуге дағдыландыру.


Қызмет

кезендері



Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-

ояту


Шаттық шеңбері

Қайырлы таң балалар. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Қане, барлығың бір-бірлеріңнің көздеріңе қарандаршы. Мен сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің, сенімділіктің, достықтың, әдеміліктің белгісін көріп тұрмын. Қазір барлығымыз осы жақсы көңіл – күйімізбен шаттық шеңберін құрайық.

Біз шаттық шеңберімізде бір-бірімізге жақсы теңеулер айтамыз.

-Сен аққудай әдемісің

-Көбелектей сұлусың

-Күн сияқты мейірімдісің

Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады.

Ұйым-

дастыру


іздену

Балалар бүгін «Күшік, мысық және тышқан достығы » ертегісін тыңдайсыңдар.

Күшік: «Ав - ав» мен күшікпін,

Күшікпін күшікпін

Түні бойы жатпаймын,

Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»

Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,

Мысық: «Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.

Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.

Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу – мияу.

Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».

Мысық: жарайды онда мен сені құтқарайын.

Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.

Мысық: «Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.

Добым менің, добым менің.

Өзің неткен көңілді едің,

Зымырайсың, зуылдайсың.

Бірақ бізден құтылмайсың.

Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.

«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.

Мысық: «Ля - ля - ля - ля» (әндетіп екеуі күшіктің үйіне барады.)


Мысық: Ой, үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен.

(сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді)

Мына тышқан қайдан шықты?, тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын. А, бәлем ұсталдың ба?

Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен де саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.

Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.

Тышқан: «Шиқ - шиқ» рахмет күшік, мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық. (Тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып ән айтады.

Сергіту сәті

. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

‒ Ал, балалар, біздің шаршағанымыз басылып, бойымыз сергіп қалды.

‒ Балалар, енді мына мақалды жаттап алайық.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Балалар ертегіні тыңдады


Берілген тапсырмаларды орындады.

Сергіту


жаттығуларын жасады


Рефлексивті

түзету

Оқушыларды марапаттау,бағалау.

Балалар жауап берді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет