Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өтілетін күні: Білім беру саласы



бет33/34
Дата20.12.2021
өлшемі166,06 Kb.
#103812
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ертегі қмж

Күтілетін нәтиже:
Білді: Ертегінің кеіпкерлерің бейнелеуді, мазмұндап айтуды білді.

Игерді: өз ойларын айтуды, ойларын дұрыс жеткізуді игерді.

Меңгерді: ертегі айта білуді меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Өтілетін күні:05.04.2017ж

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сүйікті ертегілер

Тақырыбы:«Түлкі мен ешкі»

Мақсаты: Ертегіні түсініп, ұға білуге үйрету.мейірімділікке баулып, достыққа тәрбиелеу.


Қызмет

кезендері



Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-

ояту


Шаттық шеңбері

Қайырлы таң балалар. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Қане, барлығың бір-бірлеріңнің көздеріңе қарандаршы. Мен сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің, сенімділіктің, достықтың, әдеміліктің белгісін көріп тұрмын. Қазір барлығымыз осы жақсы көңіл – күйімізбен шаттық шеңберін құрайық.

Біз шаттық шеңберімізде бір-бірімізге жақсы теңеулер айтамыз.

-Сен аққудай әдемісің

-Көбелектей сұлусың

-Күн сияқты мейірімдісің

Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады.

Ұйым-

дастыру


іздену

Балалар бүгін «Түлкі мен ешкі» ертегісін тыңдайсыңдар.

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

Балалр, ертегі ұнады ма?

Кім бұл ертегіден нені түсінді?

Ертегіні айтып бере аламыз ба?

Сергіту сәті

. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

‒ Ал, балалар, біздің шаршағанымыз басылып, бойымыз сергіп қалды.

‒ Балалар, енді мына мақалды жаттап алайық.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


Балалар ертегіні тыңдады


Берілген тапсырмаларды орындады.

Сергіту


жаттығуларын жасады


Рефлексивті

түзету

Оқушыларды марапаттау,бағалау.

Балалар жауап берді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет