Жм-909 Мейірбек Бағдат Практикалық сабақтың тақырыбы:№1. Психологияға кіріспе. Жеңіл деңгей


Психология салалары және оларды топтастыру принциптерiн мысал арқылы көрсетіңіз



бет6/8
Дата01.12.2023
өлшемі50,16 Kb.
#194499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЖМ-909 Мейірбек Бағдат Сурактарга жауап (1)
Шырын иммун, Мейірбек Бағдат .ЖМ-909. 7-апта, ЖМ-909 Мейірбек Бағдат ОББӨЖ (пс.13), ЖМ-909 Мейірбек Бағдат (пс (2)
2. Психология салалары және оларды топтастыру принциптерiн мысал арқылы көрсетіңіз.
Дамудың қaзipгi кезеңіндегі психологиялық ғылым- ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесi болыптабылады. Психологияның жеке салалары өзара тығыз байланысты. Қaзipгi кезде психология ғылымының қырыққа жуық салалары бар. Осы ғылымның кейбір салалары: еңбек, яғни нақты ic-әрекет үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Осы тұрғыдан психология ғылымы - педагогикалық,медициналық, әскери, инженерлік, жас ерекшелік, спорт, әлеуметтік, салыстырмалы т.б. болып, бірнеше салаларға бөлінеді.
Педагогикалық психология оқу, тәрбие істepiнің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру - кeйбip оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс icтеудің жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалықпсихология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы.
Медициналық психология дәpiгep мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена деген салаларға бөлінеді.
Инженерлік психология адам мен техниканың қарым - қатынасынан туындайтын психологиялықмәселелерді зерттейді. Ол адамныңмашинамен өзара әрекеті туралы мәселелерді оныңөзінде, негізінен өндірістік механикаландыру мен автоматтандырудын жоғары сатыға көтерілген жағдайында, басқарудың автоматтандырылған жүйесі жағдайында зерттейді.
Психология ғылымының келесі бipтопқа енуіне даму принципі басты негізалады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жас өспірім, кемел, егде жастағылар психологиясы жатады, ал арнаулы психология психикасы кеміс адамдардың түрлі жақтарын зерттейді.
Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін caлaлаp кіреді. Балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардын баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді.
Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен психологияның әлеуметтік (қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады. Психологияның сот, космос, кітапхана, сауда, өнер т.б. сияқты өмір саларына байланысты да түрлері бар.
Психология сондай-ақ жаратылыстану (биология, физилогия, неврология т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдармен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңдегі адамдардың көңіл-күй ерекшеліктерін, егемендік пен тәуелсіздіктің адам психикасына қалайша әсер етіп отырғандығы; ұлттық оқу-тәрбие процесінде болып жатқан түрлі жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты міндеттері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет