Жм-909 Мейірбек Бағдат Практикалық сабақтың тақырыбы:№1. Психологияға кіріспе. Жеңіл деңгей


Психологияның зерттеу әдістеріне мысал келтіріңіз



бет7/8
Дата01.12.2023
өлшемі50,16 Kb.
#194499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЖМ-909 Мейірбек Бағдат Сурактарга жауап (1)
Шырын иммун, Мейірбек Бағдат .ЖМ-909. 7-апта, ЖМ-909 Мейірбек Бағдат ОББӨЖ (пс.13), ЖМ-909 Мейірбек Бағдат (пс (2)
3. Психологияның зерттеу әдістеріне мысал келтіріңіз.
Байқау әдісі. Ғылыми әдіс ретінде байқау әдісіне белгілі талаптар қойылады. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (құбылысын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын), жалпы әрекетін байқауға болады. Байқау әдісінің елеулі артықшылығы-адамның психикалық көріністерінің табиғилығы сақталатындығында.
Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің артықшылығы- зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін күтіп отырмай, оны өзі туғызатындығында. Психологиялық эксперименттің екі – лабороториялық және табиғи жағдайдағы формасы бар.
Лабораториялық эксперимент. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны эксперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Бұл әдісті жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет. Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсіну, еске түсіру) зерттеу үшін де көп қолданады.
Табиғи эксперимент. Бұл эспериментті психологияға тұңғыш енгізген орыс психологы Лазурский (1874-1971). Оның лабораториялық эксперименттен айырмашылығы – адам әдеттегі жағдайда сыннан өтеді. Бұл экспериментті жүргізу кезінде алдын ала баланың белгілі іс - әрекеттері зерттеледі және онда психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс береді. Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және эксперименттердің жақсы қасиеттерін біріншісінің табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде.
Әңгімелеу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда әңгіме мақсатын алдын ала айқын анықтау және негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды Әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілетін жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейінен мұқият талданады да, осыған орай тиicтi қорытындылар жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет