ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды


Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)



бет11/24
Дата29.01.2018
өлшемі3,58 Mb.
#35664
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Жаңа туылған сәбилердің және кіші жастағы балалардың анатомия – физиологиялық ерекшеліктеріне жатпайтыны:



  1. оттегінің үлкен қажеттілігі;

  2. қабырғалардың көлденең орналасуы;

  3. тыныстың кеуделік түрі;

  4. тыныс жолдарының тарлығы;

  5. сілемейлі қабаттың іркілдектігі.

2. ӨЖЖ жүргізу кезіндегі ............... механикалық жарақат болып табылады.

  1. тыныс жолдарын инфицирлеу;

  2. бірөкпелік желдету;

  3. альвеоланың жыртылуы;

  4. Гипоксия;

  5. Гиперкапния.

3. ӨЖЖ кезіндегі сәбидің дем алу тынысы оның өзінен ........ көп болуы қажет.

  1. 1,5 есе

  2. 2 есе;

  3. 2,5 есе;

  4. 3 есе;

  5. 5 есе.

4. Оксигенотерапия үшін сай емес асқыну түрі:

  1. тыныстың тоқтауы;

  2. жүрек жұмысының тоқтауы;

  3. гипертермия;

  4. сілемейлі қабаттың тітіркенуі;

  5. жөтел.

5. Ұзақ оксигенотерапиякезінде қоспадағы оттегі концентрация болуы қажет:

  1. 80 - 90%

  2. 20 - 40%

  3. 10 - 30%

  4. 40 - 50%

  5. 90 - 100%

6. Оксигенотерапия бұл…

  1. оттегін буындарға жіберу.

  2. асқазан сөлін алу.

  3. оттегімен емдеу.

  4. жүрек – қантамырлық жетіспецшілік кезіндегі алғашқы көмек.

  5. плевралы сұйықтықты алу.

7. Оксигенотерапиякезінде оттегін келесідей мақсатта ылғалдандырады:

  1. жөтелді тудыратын сілемейлі қабаттың құрғақтығы мен тітіркенуін болдырмау;

  2. оттегінің артық шығынының алдын алу;

  3. техника қауіпсіздігін сақтау;

  4. ағзаға токсикалық әсердің алдын алу;

  5. дезинфекция.

8. Жедел оксигенотерапия көрсеткіштері

  1. пульстің жиілеуі;

  2. жөтел;

  3. оттегінің жедел жетіспеушілігі;

  4. температураның көтерілуі;

  5. қан кету.

9. Өкпенің ісінуі кезінде оттегін қалай береді?

  1. оттегі жастығы көмегімен

  2. 50% оттегі, 50% этилспирті Бобров аппарты арқылы

  3. ылғалдандырылған оттегі

  4. 50% оттегі, 50% көмірқышқыл газы

  5. 70% этилспирті, 30% оттегі

10. Өкпесурфактанты:

    1. Вентиляция – перфузиялық қатынасты жақсартады;

    2. Альвеолярлы – капилярлы мембрана арқылы газдардың диффузиясын жоғарлатады;

    3. Ателектаздардың түзілуіне кедергі келтіреді;

    4. Барлық жауаптар дұрыс;

    5. Дұрыс жауабы жоқ.

11. Тыныс жолдарының өткізгіштігінің қайта қалпына келтіру әдісі болып табылмайды:

  1. басын шалқайту;

  2. аузын ашу және төменгі жақты қозғату;

  3. тыныс жолдаының құрамын постуральды дренаж әдісімен механикалық жою және кеуде қуысын қолмен соғу;

  4. тілін тарту;

  5. басын төмен қарату.

12. Өкпенің ісінуі кезіндегі жедел интенсивті терапияға жатпайтыны:

  1. тыныс аналептиктерін тамыр ішіне салу

  2. жұтқыншақтан көпіршікті қақырықты сорын тастау

  3. көбік сөндіргіштерді қолдану

  4. оттегітерапию

  5. кеңірдек интубациюсы

13. Физиологиялық ретінде босану кезіндегі босанып жатқан әфелдің дене массасына қатынасы бойынша қарастырылатын максималды қан жоғалту:

  1. 0,5%

  2. 1%

  3. 3%

  4. 5%

  5. 7%

14. Экламсия кезіндегі құрысу синдромының даму барысындағы басты фактор:

  1. эндотоксинмен бас миымен қозғалу аймағының тітіркенуі;

  2. метаболикалық ацидоз салдарынан қышқыл заттармен бас миымен қозғалу аймағының тітіркенуі;

  3. гипокалиемия;

  4. оныңзатынамайданүктелiқанныңқұйылуы және мидың ісінуі;

  5. эмоционалды тұрақсыздық.

15. Кіші жастағы балаларға жүрекке жанама массаж кезінде кеуде қуысын басу жиілігі ........... құрайды.

  1. минутына 50 – 60

  2. минутына 70 – 80

  3. минутына 80 – 100

  4. минутына 110 – 120

  5. минутына 120 – 130


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

  1. Ауру балада өкпе ісігі. Осы науқасқа оттегін қолданудың ерекшелігі қандай? Манипуляция техникасын айтып беріңіз.

  2. Бөлімшеде оттегі берудің орталығы жоқ, ал науқасқа тез арада оксигенотерапия жүргізу қажет. Оттегімен әлі толтырылмаған оттегі жастығы ғана бар. Мейірбике жастықты қалай толтырады және оны науқасқа қалай дұрыс беруі қажет? Жастықтан оттегіні берудің жылдамдығы қандай?

  3. Жаңа туылған сәбиде пульс жиілігі минутына 54. Жүрекке жанама массаж жасауға бол ма? Жауабын түсіндіріңіз.



3 сабақ

1.Тақырыбы:Механикалық асфиксия, суға кету, электржарақаты кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі қағидалары:

2. Мақсаты: Критикалық жағдайлардағы: механикалық асфиксия, суға кету, электржарақаты кезіндегі мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру бойынша білімі мен іскерлігін қалыптастыру.

Студент_білуі_тиіс'>3.Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • механикалық асфиксия түсінігінің анықтамасы, оның туу себептерін;

  • асфиксияның клиникалық көрінісі және диагностикасын;

  • есін білетін және есін жоғалтқан зардап шеккенге асфиксия кезінде жедел шұғыл көмек көрсету әдістерін;

  • коникотомия көрсеткіштері және берілген манипуляцияны орындау техникасын;

  • шынайы, құрғақ және синкопалы (талма) суға кетудің ерекшеліктерін;

  • суға кету кезіндегі жедел шұғыл көмек көрсетудің алгоритмін;

  • токтың сипатына байланысты ағза функцияларының бұзылу ерекшеліктерін;

  • электр жарақаты кезіндегі интенсивті терапия және өту ерекшеліктерін.

Студент істеу алуы тиіс:

  • есін білетін және есін жоғалтқан зардап шеккенге асфиксия кезінде жедел шұғыл көмек көрсетуді;

  • асфиксия кезіндегі коникотомиякөрсеткіштерін анықтау;

  • коникотомияны өткізуді;

  • суға кеткенге көмек көрсетуді;

  • электр тогымен зақымданғанға көмек көрсетуді.

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  • Асфиксия ағымының негізгі заңдылықтары қандай?

  • Механикалық асфиксия кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның қағидалары қандай?

  • Суға кетудің шынайы, құрғақ және синкопалы (талма) түрлері ағымының ерекшеліктері қандай?

  • Суға кету кезінде зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетудің ерекшеліктері қандай?

  • Электр тогымен зақымдану кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның ерекшеліктері неде?

  • Механикалық асфиксия, суға кету, электр жарақатының реаниматологиялық көмегінің бағалау критерийлері қандай?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  • Тур әдісі;

  • Рольдік ойындар түріндегі кіші топтарда(5-6 адам) жұмыс істеу;

  • АРИТБ бөлімшелерінде жұмыс істеу;

  • Сабақты презентациямен ҚЕТҚ (ТСО) (ДК, мультимедиялық проектор) өткізу;

  • Жағдайлық сұрақтарды шешу;

  • Тесттік сұрақтарды шешу;

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.

  6. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний.Петрозаводск, 1998.

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Шынайы суға кету кезінде шұғыл көмек көрсету барысындағы іс – шаралар тізбегін анықтаңыз (зардап шеккен есін білмейді):



    1. жасанды тыныс алдыру

    2. суға батқанды жағаға жеткізу

    3. тыныс жолдарын судан босату

    4. стационарға тасымалдау

    5. қажет болғанда жүрекке жанама массаж жасау

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

  1. 2,3,1,5,4;

  2. 1,2,5,4,3;

  3. 2,3,5,4,1;

  4. 2,3,1,4,5;

  5. 3,2,1,4,5.

2. Асылу кезіндегі шұғыл көмек көрсету барысындағы іс – шаралар тізбегін анықтаңыз:

  1. ауыз қуысын сілекейден, көбіктен босату

  2. жасанды тыныс алдыру және жүрекке жанама массаж жасау

  3. зардап шеккеннің мойнын қысып тұрған жіптен босату

  4. реанимация бөлімшесіне жедел госпитализациялау

  5. басын максималды шалқайту қажет

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

  1. 2,3,1,5,4;

  2. 3,5,1,2,4;

  3. 2,3,5,4,1;

  4. 3,1,5,2,4;

  5. 3,2,1,4,5.

3.Тыныс жолдарындағыбөгде заттар кезінде шұғыл көмек көрсету барысындағы іс – шаралар тізбегін анықтаңыз (зардап шеккен есін білмейді):

  1. Шалқайтып жатқызады, алақанда эпигастралды аймаққа қояды;

  2. Зардап шеккен адамның төсінің семсер тәрізді өсіндісімен кіндігінің ортасына екі алақанды бір – бірінің үстіне қояды; алақандармен омыртқаға қарай 3-4 рет басады;

  3. Ауыздан ауызға жасанды тыныс береді, егер қажет болса жүректің тікелей емес массажын қолданады;

  4. Науқасты бір бүйіріне, өзімізге қаратып жатқызамыз, осы қалыпта ұстап тұрамыз, алақанның проксималды бөлігімен 2-3 рет жауырынның ортасындағы аймаққа ұрамыз;

  5. Аузын ашып, саусақпен тыныс жолынан шыққан бөгде затты алып тастаймыз.

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

  1. 3,1,2,4;

  2. 3,1,4,2;

  3. 1,3,2,4;

  4. 2,1,4,3;

  5. 3,4,1,2.

4. Асфиксия себептеріне жатпайтыны:

    1. асылу

    2. тұншығу

    3. суға кету

    4. авария кезінде мойын және кеуде қуысының қысылуы

    5. коллапс

5. Суға кету түрлері:

    1. өтірік

    2. шынайы

    3. құрғақ

    4. ылғал

    5. синкопалды

    6. асфиктикалық

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

      1. 1,3,6

      2. 2,3,5

      3. 1,5,6

      4. 2,4,5

      5. 2,3,4

6. Синкопалды суға батудың себептері келесідей болып табылады:

  1. көмейлердiң қылғынуы - су өкпеге түспейді

  2. тыныстың кенет тоқтатылуы және жүректiң тоқтауы

  3. ауаның түсуiне кедергi келтiретiн тыныс жолдары мен өкпені сумен толтыру

  4. жат дененiң түсуі

  5. құстыратын массалардың түсуі

7. Шынайы суға батудың себептері келесідей болып табылады:

      1. көмейлердiң қылғынуы - су өкпеге түспейді

      2. тыныстың кенет тоқтатылуы және жүректiң тоқтауы

      3. ауаның түсуiне кедергi келтiретiн тыныс жолдары мен өкпені сумен толтыру

      4. жат дененiң түсуі

      5. құстыратын массалардың түсуі

8. Құрғақ суға батудың себептері келесідей болып табылады:

      1. көмейлердiң қылғынуы - су өкпеге түспейді

      2. тыныстың кенет тоқтатылуы және жүректiң тоқтауы

      3. ауаның түсуiне кедергi келтiретiн тыныс жолдары мен өкпені сумен толтыру

      4. жат дененiң түсуі

      5. құстыратын массалардың түсуі

9. Шынайы суға бату кезінде тері түсі:

  1. көкшілдеу

  2. бозғылт

  3. алқызыл

  4. сарғыш

  5. терінің гиперемиясы

10. Синкопалды суға бату кезіндегі тері түсі:

  1. көкшілдеу

  2. бозғылт

  3. алқызыл

  4. сарғыш

  5. терінің гиперемиясы


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

  1. 28жасар жігіт тамақтану барысында кенеттен жөтелді, аузымен ауа жұтып, беті көкшіл түске көгере бастап, есінен айырылды. Не жағдай орын алды? Зардап шеккенге шұғыл көмекті қалай көрсетеміз?

  2. Құтқарушылар көлден жағаға орта жастағы суға батқан әйелді шығарды. Куәгерлердің сөзі бойынша 5 минут бұрын суға батқан. Терісі көгерген, жүрек соғысы және тынысы естілмейді, қарашықтары ұлғайған, жарықты сезбейді. Осы жағдайда суға батудың қай түрі орын алды? Қандай тізбекте реанимациялық іс – шараларды жүргізу қажет?

  3. 2 жасар бала бөлмеде «Киндер-сюрприз» ойыншықтарымен ойнап отырып, кенеттен жөтеледі, беті көгере бастайды. Баламен қандай жағдай орын алды? Оған дәрігерге дейінгі алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

  4. Науқас операциядан соң 1 сағаттан кейін реанимация бөлімшесінде төсекте арқасында бетімен жоғары қарап ұйқыда жатқан. Мейірбике 3 минутқа шығып кеткен. Палатаға келе салысымен мейірбике науқасты ес – түссіз, беті көгерген күйде, АҚ анықталмайды, жастықта, мұрнында және аузында құсықты массалары бар. Мейірбикенің қателігі неде? Оған қалай алғашқы көмек көрсетіледі?

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН

Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»

Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі

Пәннің коды:

Курс: 4

Кредит: № 1

Семестр 7

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК

ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Құрастырған:

А.Ә. Әлдешев.

Шымкент – 2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды.

хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.



1 сабақ
1. Тақырыбы: Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектегі штаты – ұйымдастыру және материалды – техникалық қамтамасыз ету.
2. Мақсаты:Cтуденттерге анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектегі штаты – ұйымдастыру және материалды – техникалық қамтамасыз етумен таныстыру.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • Анестезиология мен реаниматологиялық көмек көрсетуде материалды техникалық заттармен қамтамасыз етілуі.

  • ҚР – ның материалды – техникалық және штаттық - ұйымдастыруды регламенттеуші бұйрықтар.

  • ОАРИТ мейірбикенің құқықтық нормасын регламенттеуші құжаттар.




  • Мамандық бойынша тәртіп бұзушылықта медбике- анестезисттің заңды жауапқа тартылу тәртібі.

Студент істей білуі тиіс:

  • анестезиологиямен реаниматологияда мейірбике -анестезисттің орындайтын функционалдық міндеттерін атқаруды.

  • Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын мейірбике іс-әрекетінің құқықтық нормаларын реттеу, заңдылықтарды және заң актілерін, қызметтік міндеттерін орындау.

4. Өткізу түрі:
- ОТҚ қолданып ( ПК, мултимедиялық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау

- Ситуациялық есептерді шешу

- Тесттерді шешу
5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

-АжҚТБ анестезист-мейірбике жайлы бұйрыққа сәйкес анестезист-мейірбикенің міндеттерін және құқықтарын талдау;
- Анестезия-реанимация бөлімінің штаты нормативтерімен, регламенттеуші құжаттары және бұйрықтарымен танысу.

-

- клиникалық тапсырмалар мен ситуациялық есептерді шығару;



- өз бетінше ситуациялық есептер және тест сұрақтарын құрастыру.

6. Таратылатын материал:

1.Схемалар

2.Таблицалар

3.Тесттер

4.Ситуациялық есептер
7. Әдебиет:

Негізгі:

1.А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

2.А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

3.Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии / Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

4.Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

5. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.


Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний.Петрозаводск, 1998.

8. Бақылау (тесттер, ситуациялық сауалдар)

Сұрақтар

1.Реанимация бөлімшесінің дәрігер-реаниматологы тәуліктік кезекшілікте ... төсек орындағы науқасты қарайды.

1) 2

2) 3


3) 6

4) 9


5)12

  1. 2. Реанимация бөлімінде бір мейірбикеге жүктелген максималды төсек орын саны ....құрайды?

1) екі төсек

2) бір төсек

3) үш төсек

4) бес төсек

5) алты төсек

3. Анестезиологияжәне реанимациябөлімшесінде аға мейірбике қызметі..... тағайындалады



  1. 1) мейірбикелер саны қанша болсада.

  2. 2) 3 мейірбикелік қызметте.

  3. 3) 6 мейірбикелік қызметте.

  4. 4) 9 мейірбикелік қызметте.

  5. 5) 12 –ден аса мейірбикелік қызметте.

4. Кіші мейірбикетәуліктікбекеті ...науқасты күту есебінен тағайындалады.

1) 6 төсек - орындағы

2) 3 төсек - орындағы

3) 9 төсек – орындағы

4) 12 төсек – орындағы

5) 20 төсек - орындағы

5. Емдеу мекемесіндегі анестезиология және реанимация бойынша жұмысты басқару құрамында 3 қызметтегі анестезиолог-реаниматологдәрігері болса… жүктеледі.



  1. 1) қаланың ең негізгі анестезиолог-реаниматологына (облыстың).

  2. 2) бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасарына.

  3. 3) терапиялық стационардағы негізгі меңгерушісіне.

  4. 4) хирургиялық бөлім меңгерушісіне.

  5. 5) анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерінің біреуіне.

6. Анестезиологиялық-реанимациялық бөлім ұйымдастырылады … .

  1. 1) қажеттілігіне қарай әрбір емдік-сауықтыру мекеме құрамында

  2. 2) қалалық (орталық қалалық) ауруханаларда.

  3. 3) аудандық орталық ауруханаларда.

  4. 4) қалалық балалар ауруханасында.

  5. 5) облыстық (шеткі, республикалық) ауруханаларда.

  6. 7. 12 реанимациалық төсек орынға қанша анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің лауазымы сйкес келеді?

  7. 1) 4.75 лауазымы

  8. 2) 3.75 лауазымы

  9. 3) 7.75 лауазымы

  10. 4) 9.5 лауазымы

  11. 5) 8,5 лауазымы

8. Тәуліктік анестезиолог-­реаниматолог дәрігерінің бекет қамтамасыз ету үшін не қажет:

  1. 1) 4.75 жүктеме

  2. 2) 3.75 жүктеме

  3. 3) 4 жүктеме

  4. 4) 3.5 жүктеме

  5. 5) 5 жүктеме

9. Ересектерге арналған реанимация бөлімшесінде 1 тәуліктік бекет тазалықшысына ... сәйкес келеді:

  1. 1) 2 орын

  2. 2) 4 орын

  3. 3) 5 орын

  4. 4) 6 орын

  5. 5) 8орын

10. Анестезиология және реанимация бөліміндегі регламенттеуші құжаттар:

1ҚР ДМ 19.06.1994 ж. №238 бұйрығы.

2) ҚР ДМ 23.11.1994 ж №445 бұйрығы .

3) ҚР ДМ 29.11.1995 ж №1188бұйрығы .

4) ҚР ДМ 29.01.1995 ж №02-14/14 бұйрығы.


  1. 5) ҚРДМN 11.06.1996 ж №84 бұйрығы.


Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет