ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды



бет8/24
Дата29.01.2018
өлшемі3,58 Mb.
#35664
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Ситуациялық есептер:

1.«Миокартың жіті инфарктысы» диагнозбен науқас мониторлы бақылауда, ЭКГ – да бірең – сараң экстрасистолия кезінде жиілігі минутына 360 дейін майда тісшелер кенет пайда болды. Науқас ес – түссіз, ұйқы артериясында пульс анықталмайды, тынысы тоқтаған. Көз қарашығы жәймен кеңейді. Арефлексия.



Диагноз қойыңыз. Қажетті іс – шараларды және олардың кезектілігін анықтаңыз.
2. Қабылдау бөліміне 53 жастағы ер кісі төс артындағы және эпигастрий аймағындағы күйдіріп ауырсынуына, көңілінің айнуына, құсуға, басының айналуына, өлімнен қорқу үрейіне шағымданып қаралды. Анальгетиктерден және нитроглицериннен әсер болмаған. Науқас денесі мұздай тер басқан, боз, акроцианоз. Пульсы жіп тәрізді, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы бұзылған экстрасистолия. Жүрек соғуынын жиілігі минутына 54 рет. АҚ 60/40 мм.сп.бб. Кенеттен науқас есін жоғалтты, бірден бозарды, тынысы тоқтады, ұйқы артериясында пульсы анықталмайды, көз қарашықтары кеңейген, фотореакциясы жоқ. Диагноз қойыңыз. Сіздің қолданатын шараларыңыз.
3. Госпитальға дейінгі кезеңде жүргізілген жүрек - өкпе реанимация шараларынан кейін: аппаратта Өкпені жасанды желдендіру , жүрекке тікелей емес массаж, медикаментозды және инфузиялы терапия барысында – науқаста жүрек қызметі жағынан Жүрек соғуынын жиілігі минутына 104 рет соға бастады, АҚ 145/80 мм.сп.бб,. Науқас әлі де ес – түссіз, өзі тыныс ала алмайды. Гипоксиялық комадан шығару бойынша (бақылау – диагностикалық және емдік) жүргізілетін реанимациялық іс – шаралардың жоспарын құрыңыз.
4. Электр тоғымен соққы алған ер кісінің денесі туысқандарына жеткізілді. Жалпы қарағанда – терісі мұздай, боз, арқасында және төменгі аяқ – қолдарының беткейінде көгілдір дақтар анықталды. Тыныс алуы және ұйқы артерияларында пульсациясы жоқ, көз қарашығы кеңейген, фотореакциясы жоқ. Белоглазов симптомы оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз. Сіздің ары қарай жүргізетін іс – шараларыңыз.

5. Өзенге батып кетіп, жапа шеккен адамды «жедел жәрдем» бригадасы жеткізді. Бригада реанимациялық іс – шараларды сәтті жүргізген. Науқастың санасы анық қозғыш, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап қайтарады. Тері қабаты бозарған. Тынысы терең, жиі, жөтел, шырышты қақырықтың бөлінуі. өкпеде қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңында аз мөлшерде ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі, ТАЖ минутына 28 рет. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия минутына 108 рет, АҚ 140/90 мм.сп.бб. Қан талдауында – гипонатрийемия және басқа да электролиттердің төмендегені анықталды, гипопротеинемия, бос гемоглобин, қан плазмасының осмостық қысымы төмендеген, ал несеп талдауында – гемоглобинурия. Сіздің диагнозыңыз? Қарқынды терапия бойынша сіздің шараларыңыз?

4 сабақ

1.Тақырып:Жаңа ингаляциялық анестетиктердің (метоксифлуран, энфлуран, изофлуран, севофлуран, десфлуран) клиниклық фармакологиясы.

2.Мақсаты: Студенттерді қазіргі ингаляциялық анестетиктердің фармокинетикасымен және фармодинамикасымен, әрекет механизмен таныстыру.

3.Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің топтамасын

  • Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің әрекет механизмін

  • Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің фармадинамикасын

  • Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің фармакинетикасын

  • Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің қолданылу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері

  • Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің қолданудан кейінгі кері әсері және асқынуы

  • Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің қолданылуы үшін тиісті буландырғыштар

  • Басқа да дәрілік құралдармен әсері

Студент істей алуы тиіс:

  • Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің қолдану көрсеткіштерін шығаруды

  • Ингаляциялық наркозды жүргізу үшін наркозды аппаратты дайындау

  • Наркозды аппараттың жалғағыш элементтерін дайындау

  • Анестезиологтың жұмыс орнын дайындау

  • Ингаляциялық наркоздың кезеңдерін анықтау

  • Мүмкін болатын асқынуларды диагностикалау және олардың алдын алу

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің топтамасы

2. Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің әрекет механизмі

3. Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің фармадинамикасы және фармакинетикасы

4. Метоксифлуран қасиеттері, әрекет механизмі, қолданылу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштер фармокинетикасы және фармодинамикасы

5. Энфлуран қасиеттері, әрекет механизмі, қолданылу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштер фармокинетикасы және фармодинамикасы

6. Изофлуран қасиеттері, әрекет механизмі, қолданылу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштер фармокинетикасы және фармодинамикасы

7. Десфлуран қасиеттері, әрекет механизмі, қолданылу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштер фармокинетикасы және фармодинамикасы

8. Қазіргі ингаляциялық анестетиктердің басқа да дәрілік құралдармен әсері

9. Мүмкін болатын ингаляциялық наркоздың асқынулары және олардың алдын алу.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  1. Тақырып бойынша сұрақтарды колдана отырып отырып, тур әдісі арқылы тақырыпты талдау

  2. Кіші топтармен жұмыс істеу (топ 2-3 адамнан ЕПҰ- ның кейбір түрлерін талдайды, соңынан басқа топтармен презинтация жасайды.)

  3. ТСО-дан қолдану ( ПК, мултимедиалық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау

  4. Ситуациялық есептерді шешу

  5. Тақырып бойынша тестерді шешу

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Дж.Эдвард Морган-мл., МэгидС.Михаил. Клиническая анестезиология. Т.1, 2, 3. Москва «Бином», С.-Петербург «Невский диалект», 1998,2001, 2003.

  2. Ф.МайклФерранте, Тимоти Р.ВейдБонкора (ред.), пер. с англ. Послеоперационная боль. М., Медицина, 1998.

  3. К.М. Лебединский. Анестезия и системная гемодинамика. Оценка и коррекция системной гемодинамики во время операции и анестезии. Санкт-Петербург, «Человек», 2000.

  4. Интенсивная терапия угрожающих состояний. Ред. В.А.Корячкин, В.И.Страшнов. С.-Петербург, 2002.

  5. Зильбер А.П. Клиническая физиология в анестезиологии и реаниматологии. М.Мед.,1984г.

6.Левитэ Е.М. Введение в анестезиологи-реаниматологию.Учебное пособие/ под редакцией И.Г.Бобринской.-М.,2007.-256с.

Қосымша:

1.Бунятян А.А. Руководство по анестезиологии.М.: Медицина, 1994. С.578-581.

2.Зайцев А.А. Актуальные проблемы лекарственного обезболивания . Л., 1998.С.62-74.

3.Корячкин В.А., Страшнов В.И. Справочное пособие врача анестезиолога. СПб.,1999. 127 с.



7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):



1. Изофлюран:

а) Тыныскөлемін жоғарылатады






б) Функциональдық қалдық көлемін жоғарылатады




в) Гипоксиялық өкпе вазоконстрикциясын жоғарылатады




г) Барорецепторлардың рефлексын төмендетеді




д) Бронхоконстрикцияны күшейтеді

2. Анестетиканың булануында қан/газ бөліндісі коэфицентіне әсер ететін жағдайлар:

а) созылмалы қаны аздық

б) гипоальбуминемиялық

в) барометрлік қысымның өзгеруі

г) клонодином (клофелином) терапиясы

3. Натронды әк (ізбес) (сондірілген әк пен күйдірілген натрий қоспасы)

а) құрамында кальций және натрий бар гидро тотық

б) СО2 күшті сіңірілу уақытында 600 С –қа дейін қызуы мүмкін

в) клиникалық қолданған кезде су түзеді

г) б мен в дұрыс

д) дұрысы а, б және в

4. Типтік циркулярлы контурды қолданғанда науқас көмір қышқыл газын шығарғанда СО2 концентрациясын сіңіруі:

а) жаңа бөлінген газға тәуелсіздігі

б) әдетте ультракүлгін анализатормен өлшенеді

в) минуттық вентиляцияға тәуелсіздігі

г) опиодты қолданғаннан кейін көбейеді

д) натронды әкті қолданғанда жартылай жабық пішінде үнемі азайып отыруы қажет

5. Анестезияның индукциясы кезінде буланатын анестетиктер:

а) индукция басталуындағы бірнеше терең тыныс алу альвеолярлы және тыныс концентрациясының теңдігін қамтамасыз етеді

б) артериалды және веналы концентрация бірдей болады

в) артық қысым тек буға айналмайтын препараттарда ғана болады

г) оңнан солға қарай шунттау индукцияны жылдамдатады

д) оңнан солға қарай шунттау индукцияны жылдамдатады

6. Ұшатын анестетиктерді қолдануға қатысты:

а) қолданылу жылдамдығы вентиляцияның жылдамдығына қатысты артады.

б) жүрек шығымы төмендегенде, индукция анағұрлым төмендейді.

в) заттың еруі ұзарған сайын, индукция соғұрлым төмен

г) жүрек шығарымының өзгеруі ұстау жылдамдығына әсері анағұрлым ерігіш препараттарда нашар болып білінген.

д) Азот тотығы қолданылса, екінші газ нәтижесі фторатан концентрациясын төмендетеді.

7. Төмендегі заттардың ішінде қайсысының наркотикалық белсенділігі жоғары:

а) наркотикалық белсенділігі барлығында бірдей

б) изофлюран

в)метоксифлюран

г)наркотан

д) трилен

8. Науқасқа фторотанды және циклопропанды наркоз қолданғанда ағзаға адреналин жіберуге болмайды. Бұл мына асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін:

- миокардтың жыбырлауын арттыру қаупі.

- наркотикалық заттардың әсерінен адреналинді ыдырататын аминоксидазаның қарқындығының төмендеуінен , оның әсер ету уақытының ұзаруы.

- наркотикалық заттардың әсерінен көмір су алмасуының бұзылуы адреналин енгізгенде гипергликемияға алып келеді

- көрсетілген анестетиктер әсерінен адренорецепторлар реакцияларының бұрмалануы;

- Қойылған сұрақ дұрыс емес; ағзаға наркозды белгілі мөлшері бойынша ендіруге болады.

9. Трихлорэтиленмен берілген наркоз...... тыныс алу жүйесі бойынша жасалады.

- жартылай ашық пішін

- жартылай жабық пішін

- жабық пішін

- маятник

- кері бағыт

10. Фторотанның Цельсия бойынша қайнау нүктесі

- 50,2

- 104,6


- 34,6

- 87,0


- 64,0
Ситуациялық сұрақтар
1. Төмендегі анестетиктердің қайсысы тиреотоксикозбен ауыратын науқастарға қолдануға болмайды?

1. НЛА препараттарын

2. фторотанды

3. Циклопропанды

4. Виадрилды
2. Ингаляциялық анестетиктердің көпшілігіне наркоздың хирургиялық кезеңге өтуі біріншіден тахипноэның азаюы және тыныс алудың тұрақталуымен сипатталады. Бірақ осы көрсетілген анестетиктердің біреуіне қарама қарсы нәтиже тән, наркозды тереңдеткен сайын тахипноэ үдей береді. Осы анестетикті атаңыз:

1. Трихлорэтилен

2. Этран

3. Метоксифлеран

4. Фторотан
3. Қарашық көлемі наркоздан кейінгі ұйқының ұзақтығын сипаттайтын көрсеткіш белгісі болып табылатыны белгілі. Төменде көрсетілген анестетиктердің біреуін қолданғанда бұл симптомның дұрыстығы аз білінеді. Осы анестетикті атаңыз:

1. фторотан

2. метоксифлеран

3. Этран

4. Трихлорэтилен

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН


Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»

Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі

Пәннің коды:

Курс: 4

Кредит: № 3

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Шымкент – 2013.

Кафедра мәжілісінде талқыланды.



хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.

3 кредит

1 сабақ

1. Тақырыбы:Реанимация және интенсивті терапиядағы мейірбикелік күтімнің ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Студенттерді АРИТБ – дағы мейірбикелік процесстің ұйымдастырылуы мен іске асуымен таныстыру.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • АРИТБ-лерін тағайындауды;

  • Реаниматология қызметінің негізгі міндеттерін;

  • АРИТБ бөлмелерінің құрамы, олардың функцияларын;

  • балалардағы ағзалардың және жүйелердің функционалды жағдайының ерекшеліктерін;

  • преэклампсии және эклампсии кезіндегі интенсивті терапия принциптерін;

Студент істей алуы тиіс:

  • Техника қауіпсіздігін сақтай отырып, АРИТБ аппаратурасымен жұмыс істеуді;

  • Жүрек – өкпе реанимациясын жүргізуді;

  • АРИТБ – дағы кез келген емдік – диагностикалық манипуляцияларда дәрігерге көмектесуді;

  • «Амбу» бет – пердесі мен қабы, респиратор және бет перде көмегімен мұрын катетері арқылы оттегі терапиясын жүргізуді;

  • жаңа туылған сәбилерге және кіші жастағы балаларға жүрекке жанама массаж жасауды;

  • шеткі венаға катетеризация жүргізуді;

  • қан кету кезінде инфузиондық терапияны жүргізуді;

  • құрысу синдромы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  • АРИТБ не үшін тағайындалған?

  • Реаниматологиялық көмектің бағалау критерийлері қандай?

  • Реанимациялық қызметтің негізгі міндеттерін атаңыз.

  • АРИТБ – дағы мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?

  • балалардағы ағзалардың және жүйелердің функционалды жағдайының ерекшеліктері қандай?

  • бронхиалды астма, жалған круп, өкпенің ісінуі және балалардағы анафилактикалық шок кезіндегі емнің ерекшеліктері қандай?

  • «орталық қан айналым» түсінігі нені білдіреді?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  • Тур әдісі;

  • Рольдік ойындар түріндегі кіші топтарда(5-6 адам) жұмыс істеу;

  • АРИТБ бөлімшелерінде жұмыс істеу;

  • Сабақты презентациямен ҚЕТҚ (ТСО) (ДК, мультимедиялық проектор) өткізу;

  • Жағдайлық сұрақтарды шешу;

  • Тесттік сұрақтарды шешу;


6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.

  6. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний.Петрозаводск, 1998.

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Терминалды күйге жатады:




  1. талу

  2. жанталас күй

  3. коллапс

  4. жылулық (күн) соққысы

  5. шок

2. Реанимациялық іс – шараларды кідіріссіз жүргізуді қажет ететін зардап шеккен күйінің сипатты белгілеріне жатпайды:

    1. сананың жоқтығы

    2. қарашықтардың реакциясының жоқтығы

    3. күре тамырдағы тамырдың соқпауы

    4. тері қабатының бозарып, суық жабысқақ тер басуы

    5. тыныстың алудың жоқтығы

3. Жүрек тоқтауының негізгі белгілері:

  1. есеңгiреу

  2. тамырдың соқпауы

  3. қарашықтың ұлғаюы

  4. диффуздық көгеру

  5. тыныстың жоқтығы

4. Жүрекке тікелей емес массаждың қарсы көрсетулеріне жатпайды:

  1. кеуде қуысының енетiн жарақаттанулары

  2. массивті ауа эмболиясы

  3. пневмоторакс

  4. жүректiң кенет тоқтауы

  5. жүрек тампонадасы

5. Шеткi күре тамыр катетерiнiң қойылуы үшiн көрсетулер:

  1. зәрдің қауіпті тоқтауы

  2. науқастың санасыз күйi

  3. ұзақ инфузиялардың қажеттiлiгi

  4. күйi белгiсiз көрнектi үлкен емес, бiрақ қолмен басып каралмайтын күре тамырлар

  5. қауіпті жүрек – тамырлық жеткiлiксiздiк

  6. қауіпті қан жоғалуы

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

  1. 3,5; 2) 1,4; 3) 2,5; 4) 1,5; 5) 3,4.

6. Шеткі тамырлық катетердің күтімі үшін қажетті жабдық:



    1. стерильді тартпа, залалсыздандырылған материалға арналған тартпа, стерильді қолғаптар;

    2. троакар, жгут, қайшы;

    3. 10 мл гепаринизирленген ерітіндісі 1:100, 70% спирт антисептик;

    4. ені 7-10 см дәке, 3% сутегі асқын тотығы,корцанг;

    5. шеткi күре тамыр катетерлерi үшiн ораушыдағы стерильді бұқтырмалар

    6. бірнеше өлшемдегі шеткі көк тамыр катетерлері, мақта, стерильді қолғаптар;

    7. 5 мл стерильді физиологиялық ерітіндісі бар шприц;

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

      1. 2,3,4,5; 2) 3,4,6,7; 3) 1,2,5,7; 4) 1,3,4,6; 5) 1,3,5,7.

7. АРИТБ мейірбикесіне 1 тәуліктік бекетіне ....... қарастырылған.

  1. 1 науқас

  2. 3 науқас

  3. 4 науқас

  4. 6 науқас

  5. 10 науқас

8. Хирургиялық бөлімнен науқасты АРИТБ бөліміне ауыстыратын (ілескен) мейірбике .......... болып табылады.

  1. хирургиялық бөлімшесінің мейірбикесі

  2. реанимация бөлімшесінің мейірбикесі

  3. мейірбике - анестезистка

  4. операция мейірбикесі

  5. таңатын мейірбике

9. Реанимацияның базалық кешені ...... болып табылады.

  1. науқастың дұрыс күтімі

  2. жүрекке тікелей массаж

  3. ауыздан ауызға әдісімен ӨЖЖ

  4. жүрекке жанама массаж

  5. дефибрилляция

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

  1. 1,3,5; 2) 1,3,4; 3) 2,4,5; 4) 1,2,5; 5) 1,3,4.

10. ЖӨР базалық кешенінің тізбегін анықтаңыз:

  1. науқасты дұрыс жайғастыру, тыныс жолдарының өтілуін қамтамасыз ету, ауыздан ауызға әдісімен ӨЖЖ, жүрекке жанама массаж.

  2. науқасты дұрыс жайғастыру,жүрекке жанама массаж, тыныс жолдарының өтілуін қамтамасыз ету, ӨЖЖ.

  3. тыныс жолдарының өтілуін қамтамасыз ету, ӨЖЖ, науқасты дұрыс жайғастыру,жүрекке жанама массаж.

  4. жүрекке жанама массаж, тыныс жолдарының өтілуін қамтамасыз ету, науқасты дұрыс жайғастыру,ауыздан ауызға әдісімен ӨЖЖ.

  5. айқын тізбек жоқ

11. Науқас күйінің ең ауыр жағдайы:

  1. тыныстың тоқтауы;

  2. қан айналымның тоқтауы

  3. сананың жоқтығы

  4. құрысулар

  5. 410С – танжоғары температура

12. ӨЖЖ аппаратсыз келесідей әдіспен жүргізіледі:

  1. ауыздан ауызға

  2. ауыздан мұрынға

  3. қап көмегімен

  4. ауыздан мұрынға және ауызға

  5. тері көмегімен

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

  1. 1,3,5; 2) 1,2,4; 3) 2,4,5; 4) 1,2,5; 5) 1,3,4.

Ситуациялық есептер:

    1. Дефибрилляция жүргізу кезінде АРИТБ мейірбикесі келесідей жолмен электродтарды орнатты: біреуін орта қолтық асты сызық бойынша оң жақтан 8 қабырға деңгейінде, ал екіншісін алдыңғы стерналды сызық бойынша сол жақтан 8 қабырға деңгейінде қойып және 100кДж разряд берді. Мейірбикенің іс - әрекетін бағалаңыз.

    2. АРИТБ – да науқас препараттарды енгізу кезіндегі шеткі күре тамыр катетерін кіргізу орнындағы ауыратын сезiнулерге наразылық білдірді. Мейірбикенің іс - әрекеті қандай?

    3. АРИТБ мейірбикесі шеткі катетер процедуралары кезінде науқастың төсегіне бұқтырманы түсіріп алды, содан соң оны көтеріп, осы бұқтырмамен катетердің кіру жерін жапты. Мейірбикенің әркетін бағалаңыз.

    4. Аурухананың қабылдау бөліміне автожолы апатынан толық есін жоғалтқан зардап шеккенді жеткізді. Мейірбике әрекеті.

5. Реанимация бөлімінде дәрігер науқастың өлгенін анықтады. Мейірбикенің іс – әрекеті 2 сағаттан кейін жүргізілді.

а) Ауру балада өкпе ісігі. Осы науқасқа оттегін қолданудың ерекшелігі қандай? Манипуляция техникасын айтып беріңіз.

б) Бөлімшеде оттегі берудің орталығы жоқ, ал науқасқа тез арада оксигенотерапия жүргізу қажет. Оттегімен әлі толтырылмаған оттегі жастығы ғана бар. Мейірбике жастықты қалай толтырады және оны науқасқа қалай дұрыс беруі қажет? Жастықтан оттегіні берудің жылдамдығы қандай?

в) Жаңа туылған сәбиде пульс жиілігі минутына 54. Жүрекке жанама массаж жасауға бол ма? Жауабын түсіндіріңіз.



2 сабақ

1.Тақырыбы: Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Оксигенотерапия. ГБО.

2.Мақсаты:Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегіжедел көмекті ұйымдастыру және іске асыру бойынша білімі мен іскерлігін қалыптастыру.

Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет