Семестр барысында тест нұсқасында екі аралық бақылау өткізіледі. Бірінші аралық бақылау алғашқы (7) жеті аптада игерген материалдардың негізінде, екінші аралық бақылау сегізіншіден он бесінші (8-15) апталар аралағында игерген материалдардың негізінде тапсырылады.
Аралық бақылаулардың өткізілу мерзімі алдын-ала хабарланады. Аралық бақылаудың сұрақтары «Бақылау-өлшеу материалдары» тарауында берілген. Аралық бақылауда Сіздің дәріс және семинарлық сабақтардағы жазбаларыңызды, басқа кез-келген кайнар көздерді қолдануыңызға тиым салынады.
Семинарлық сабақтың және СӨЖ-ның тапсырмалары арнайы дәптерде студенттің өз қолымен орындалады.