Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет43/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   108

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ойма жасайтын станоктардың құрылысы мен баптау тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; оюды белгілеу және сапасын тексеру тәсілдері; шынының, қара және түсті металдардың, металл емес материалдардың механикалық қасиеттері; кесу құралының геометриясы және қайрау ережесі; қаріптер мен жазулардың түрлері; шектеулер мен қондырмалар жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері; ұлттық әліпбилер; латын қаріптері және негізі графит қаріптер.

Жұмыс үлгілері

1. Күрделі пішінді әріптер, индекстер, жазулар, сандар - электрографты қолдана отырып бөлшектерде ою немесе өңдеу.

2. Қолмен жазылған баспа әріптер - ою.

3. Беті тегіс, цилиндр немесе конус бөлшектер мен бұйымдар - белгілеу, күрделі емес пішінді штрих, шәкіл, сан және әріптік белгілерді салу.

4. Өлшеу құралдары (микрометрлер, қапсырмалар, белгілеуіштер, шаблондар, калибрлер, штангенциркульдер, тереңдік өлшеуіштер және т.б.) - қолмен немесе пантографта сан, әріп, зауыт маркасын және реттік нөмірлерді ойып салу.

5. Белгілерінің биіктігі 3,5 мм астам топтық және жалғыз сан және әріптік таңбалар - ою.

6. Пломбирлер - штихельмен немесе бормашинаны пайдалана отырып керту.

7. Сфера бұйымдарының беті - монографияны ою.

8. Фирмалық кестелер (күрделі емес) – қолмен ою.

9. Күрделі емес трафареттер – қолмен ою немесе өңдеу.

10. Қарапайым, желілік, дөңгелек шәкілдер – ою жасайтын станоктарда ою.

11. Рамаларында әртүрлі пішінді үшке дейін белгісі бар әріптік немесе сан қаріптері бар штемпельдер мен таңбалар - қолмен ою арқылы жасау немесе өңдеу.

12. Штихельдер, кескіштер - жасау.

§ 13. ОЮШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі ою жұмыстарын сызбалар мен көркем суреттер бойынша қолмен немесе станоктарда орындау. Әртүрлі материалдардан жасалған симметриялылықты сақтай отырып, бұйымдардың сыртқы және ішкі бетінде ұсақ белгілерінің саны көп әртүрлі қаріпті жазуларды орындау. Суреттерді 4-6 топтағы алмас қырына теңестірілген шыны бұйымдарға салу. Металл дискінің, абразив дөңгелек және абразив ұнтақтардың көмегімен орындалған айнада көркемдеу жұмыстары. Әртүрлі қаріпті шет тіліндегі мәтіндерді жасайтын станоктарда және көшірмеде ою. Қызмет көрсетілетін ойма жасайтын станоктар мен аппараттарды баптау. Күрделі ойма жұмыстарына, термоөңдеуге арналған арнайы құралдарды жасау және оларды жетілдіру.

Білуге тиіс: әртүрлі ойма жасайтын станоктар мен аппараттардың құрылысы мен кинематикалық схемалар, ойма жасайтын станоктардың құрылысы мен механизмдері бөлшектерінің өзара іс-әрекеті; қызмет көрсетілетін ойма жасайтын станоктарды баптау және дәлдігін тексеру ережесі; әртүрлі тоқ өткізгіш және оқшаулау материалдарының қасиеттері; кедергіні есептеудің негізгі ережесі; өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережесі; шыны бұйымдарын ою арқылы өңдеу тәсілдері; абразив материалдардың қасиеттері; қаріптер мен жазулардың түрлері; ерекше графикалық негіздердегі қаріптер; күрделі ойма жасайтын құралдың геометриясы және оны қайрау және жетілдіру ережесі; қисық сызықты және тік сызықты бетті үйлестірген кезде күрделі белгілеу және кескіндеу тәсілдері; ою сапасын тексеру әдістері және техникалық сызу ережесі; шектеулер мен қондырмалар жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

Жұмыс үлгілері

1. Беті тегіс, цилиндр немесе конус бөлшектер мен бұйымдар - белгілеу, күрделі пішінді штрих, шәкіл, сан және әріптік белгілерді салу.

2. Күрделігі орташа белгілері мен қаріптері бар фирмалық тақташалар – қолмен ойма жасау.

3. Монеталық, төс белгілік және штемпель құралдары – ойма жасау.

4. Белгілерінің биіктігі 1,5 - 3,5 мм астам топтық және жалғыз сан және әріптік таңбалар - ою.

5. Лекало, Иогансон тақталары – қышқылмен өңдей отырып, дұрыс және дәлме-дәл қаріптерді салу.

6. Сүргіш бедерлерге арналған қола мөрлер (гербсіз) – ою.

7. Фарфор бөлшектерге арналған нығыздауыш қалыптар – белгілерді ою.

8. Бұйымдардың сфералық беті – көркем монограммаларды ою.

9. Циферблаттар – күрделі пейзаждарды ою.

10. Штемпельдер мен резина мөрлер (көркем бейнелері мен гербі жоқ) - жасау.

11. Күрделілігі орташа металл штемпельдер мен таңбалар (жұлдызшалары мен т.б. бар) - жасау.

§ 14. ОЮШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Симметриялылықты сақтай отырып, бөлшектердің ішкі және сыртқы беттерінде ұсақ белгілері мен штрихтері көп стильді жазулары бар күрделі, жоғары дәлдікті ою жұмыстарын станокта сызбалар мен көркем суреттер бойынша орындау. 7 және одан да жоғары алмас қырына теңестірілген шыны бұйымдарға сурет салу. Металл диск, абразив дөңгелек және абразив ұнтақтардың көмегімен айнада орындалатын көркемділігі жоғары жұмыстар. Құралдық микроскоптың көмегімен ұсақ рельефті ою. Күрделі көркем бейнелерді суреттер, эскиздер немесе фотографиялық үлгілер бойынша белгіленген өлшемдер бойынша бейнелерді үлкейту немесе кішірейту арқылы қолмен ою және өңдеу. Ойма жасайтын станоктар мен аппараттарды баптау.

Білуге тиіс: ойма жасайтын станоктардың құрылысы және олардың дәлдігін тексеру тәсілдері; сызба геометрия негіздері; шыны бұйымдарын ою кезінде қолданылатын дискілердің негізгі түрлері; шыны бұйымдарын ою арқылы өңдеу тәсілдері; абразив материалдарының қасиеттері; ақаулықтардың түрлері және оларды жою шаралары; көркем бейнелерді, күрделі суреттер мен жазуларды шығыңқы және ойылған бетке графикалық түзу; құралдық микроскоптың мақсаты мен қолданылу ережесі; қисық сызықты тоғыспалар мен кескіндерінің үйлесімі кезінде анағұрлым күрделі белгілеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Болат білікшелер – түсқағаз және қағаз өндірісіне арналған суреттерді ою.

2. Күрделі жазулары, техникалық немесе көркем бейнелері бар фирмалық тақтайлар - ою.

3. Белгілерінің биіктігі 1,5 мм дейін топтық және жалғыз сан және әріптік таңбалар - ою.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет