Жұмыстың өзектілігі: Жазушы Тахауи Ахановтың «Боран» романының тілдік қолданысын зеріктеу. Жазушы шығармасындағы көркемдік құралдардың қолданылуын айқындау. Жұмыстың нысаны



бет4/76
Дата08.02.2022
өлшемі120,19 Kb.
#130876
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Боран романы
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, 19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы
Жұмыстың құрылымы – жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.


1.1 Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы
Антонимдер
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин, Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б.ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.
«Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал – мәтелдерден жиі кездестіруге болады» дейді зерттеуші ғалым С. Ғ. Қанапина өзінің « Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі » еңбегінде [4, 7 бет].

Зерттеуші ғалым К.Қ.Есіркепова өзінің ‟1960 – 1980 жылдардағы әйел – ақындар поэзиясының тілі (Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, А.Бақтыгереева, К.Ахметова шығармалары негізінде)” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. Белгілі сөз зергері Ғ.Мүсірепов ‟Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне бірі жарығын түсіріп тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деп тұрған ойыңды оқушыға дәл жеткізеді. Бұл арада ерекше ескертетін бір нәрсе – әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы, ең алдымен арман осында” деп айтқан болатын.


‟Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын – жазушылар өзара қарама – қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама – қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.
‟Жан – жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі мақсат – мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей емес екендігін байқаймыз”. Антонимдердің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежелері әр басқа. Жеке тұрғанда барлық стильдік аяларды қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдану – барлық стильде бірдей дәрежеде емес. Антонимдерді поэзия тілінде қолданудың маңызы ерекше. ‟ Өйткені, тіліміздегі осы қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар алып, шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды” [5, 26 – 27 бет].
Ғалым К.Аханов ‟Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама – қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір – бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық – айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді” деген [5, 29 – 30 бет].
Ғалым Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен шыққан ‟Қазіргі қазақ тілі” оқулығында: ‟Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын – сапасын, артық – кем қасиетін, мөлшер – көлемін салыстырып, бір – біріне қарама – қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Сараң – мырза, қапа – ырза, қайғы – шат, тұнық – ылат, тірі – өлі, паң – мүлайым, жұмсақ – қатты, т.б.” [6, 117 бет].
Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыру жайында екі түрлі көзқарас бар: бірі – ұғымдардың белгілі бір логикалық қатарындағы қарама – қарсылығына негізделген тіл бірліктерінің қарама – қарсылығын білдіретін антонимдік жұптар тұрғысынан топтайтын Ж.Мусиннің пікірі. Екінші, антонимдерді логикалық, грамматикалық, психолингвистикалық қатынастарға негізделген универсалды құбылыс деп қарайтын А.Жұмабекованың пікірі. Оның пікірінше, осы күнге дейін тіл бірліктерінің қарама – қарсылығы ғана антонимдік жұп құрауға негіз болған, енді логикалық, психологиялық, тілдік ұғымдарды кең көлемде кешенді бағытта Н.С.Трубецкой ұсынған оппозиция әдісі бойынша топтастыру қажет. Антонимдерді топтастыруда дәстүрлі тәсілмен бірге, кешенді бағытта оппозиция әдісін қолдану антонимдердің табиғатын терең түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз [6,120 – 121 бет].
Тілдегі антонимдер қарама – қарсы құбылыстарды біріне – бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте – мөте мақал – мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен төрт жолы бар деп лексиколог – ғалымдар Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев былай көрсеткен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет