Жұмыстың өзектілігі: Жазушы Тахауи Ахановтың «Боран» романының тілдік қолданысын зеріктеу. Жазушы шығармасындағы көркемдік құралдардың қолданылуын айқындау. Жұмыстың нысаны


Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық



бет5/76
Дата08.02.2022
өлшемі120,19 Kb.
#130876
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Боран романы
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, 19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы
1.Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық.
2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама – қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден.
4. Фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір – біріне қарама – қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады. Мысалы: Қол жүйрік – тіл қысқа, қарға адым жер – ит өлген жер [6, 120 бет].

Антонимдердің ерекшеліктері:
Антонимдердің өзіндік ерекшеліктері бар:
1.Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады. Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама – қарсы бағасының атауы болып табылады.
2. Антонимдер кез келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: суық – жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады.
3. Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай – ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.
4. Антонимдер – семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама – қарсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер – лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол сала.
5. Антонимдер лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады. Себебі оларға әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жаңа сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағының кең екендігін көрсетеді.
6. Бір – біріне қарсы мағыналас жұрнақтары ( - лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті, - сыз, - сіз) арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама – қарсылығы антонимдік қарама – қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына туғыза алмайды. Өйткені – лы, -лі екендігін көрсетсе, -сыз, -сіз жұрнағы белгілі бір затта не құбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді. Бұлар затқа, құбылысқа, жаңа мағына бермейді. – сыз, -сіз болымсыздық категориясын туғызатын қосымша болып танылады [6, 48 – 49 бет].
Антонимдерге ең бай сөз табы – сын есімдер. Ал, етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды – көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады [6, 49 бет].
Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр.
Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді.
Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түрлі (бар – жоқ) және түбірлес (жанды – жансыз, таныс – бейтаныс) лексемалар енеді.
Эквиполентті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі арқылы орныққан ассоциативті қарама – қарсылық бар. Олардың өздерін іс – әрекетке байланысты туындаған қарама – қарсылықты лексемалар, лексикалық конверсивтер, үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер және жыныстық, туыстық нышандары, тәулік уақыты, әлеуметтік қатынастары т.б.мағыналық жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады.
Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар құрайды, ал привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар өнімсіз қатарға енеді [6, 51 бет].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет