Жоба эскизін құрастыру Қарастырылатын сұрақтар



бет2/7
Дата19.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#181495
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жоба эскизін құрастыру
КОНУС ЦИЛИНДР

6) жер учаскесі - осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі; 7) комиссияның оң қорытындысы – тиісті жергілікті атқару органдарымен құрылатын комиссияның жер учаскесін беру туралы хаттама шешімі нысанындағы қорытындысы; 8) нобайлар - жергілікті жердің маңызды элементтерін көрсететін, көз мөлшермен түсіруде орындалған сызба; 9) сервитут - бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашалықтары және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығы; 10) тапсырыс беруші – жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш білдіретін азаматтар мен заңды тұлғалар; 11) үшінші тұлғалар – мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және жерге орналастыру жүргізген кезде құқықтары мен заңды мүдделері шектес жер учаскелерінің меншік иелері (жер пайдаланушылар).

  • 6) жер учаскесі - осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі; 7) комиссияның оң қорытындысы – тиісті жергілікті атқару органдарымен құрылатын комиссияның жер учаскесін беру туралы хаттама шешімі нысанындағы қорытындысы; 8) нобайлар - жергілікті жердің маңызды элементтерін көрсететін, көз мөлшермен түсіруде орындалған сызба; 9) сервитут - бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашалықтары және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығы; 10) тапсырыс беруші – жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш білдіретін азаматтар мен заңды тұлғалар; 11) үшінші тұлғалар – мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және жерге орналастыру жүргізген кезде құқықтары мен заңды мүдделері шектес жер учаскелерінің меншік иелері (жер пайдаланушылар).

Мемлекет меншігіндегі жерлерден жер учаскесін берген кезде жаңа жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеу комиссияның оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу тапсырыс берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу мынадай жағдайларда: 1) жер учаскелерін бөлген кезде; 2) жер учаскелерін қосу (біріктіру); 3) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (конфигурациясы, шекаралары, алаңдары) өзгерген; 4) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою немесе сатып алу жағдайларында жүргізіледі. Жерге орналастыру жобасы мынадай ретпен қажетті іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді: 1) жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш; 2) дайындық жұмыстары; 3) жерге орналастыру жобасын әзірлеу; 4) жерге орналастыру жобасын қалыптастыру; 5) жерге орналастыру жобасын бекіту; 6) жерге орналастыру жобасын орындау. Дайындық жұмыстарының құрамында жоспарлау-картографиялық материалдарды іріктеу, мемлекеттік жер кадастрында жерге орналастыру, қала құрылысы, орман орналастыру, геодезиялық және картографиялық құжаттамаларда қамтылатын жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау және зерттеу жүргізіледі. Белгілі бір жер учаскесі туралы мемлекеттік жер кадастры мәліметтері қағаз және электрондық тасығыштарда, сонымен қатар белгіленген тәртіппен жер учаскесінің есепке алынған жері бойынша техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана отырып, жер кадастры мәліметтерінің банкіне тікелей рұқсат ету түрінде беріледі.

  • Мемлекет меншігіндегі жерлерден жер учаскесін берген кезде жаңа жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеу комиссияның оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу тапсырыс берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу мынадай жағдайларда: 1) жер учаскелерін бөлген кезде; 2) жер учаскелерін қосу (біріктіру); 3) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (конфигурациясы, шекаралары, алаңдары) өзгерген; 4) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою немесе сатып алу жағдайларында жүргізіледі. Жерге орналастыру жобасы мынадай ретпен қажетті іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді: 1) жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш; 2) дайындық жұмыстары; 3) жерге орналастыру жобасын әзірлеу; 4) жерге орналастыру жобасын қалыптастыру; 5) жерге орналастыру жобасын бекіту; 6) жерге орналастыру жобасын орындау. Дайындық жұмыстарының құрамында жоспарлау-картографиялық материалдарды іріктеу, мемлекеттік жер кадастрында жерге орналастыру, қала құрылысы, орман орналастыру, геодезиялық және картографиялық құжаттамаларда қамтылатын жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау және зерттеу жүргізіледі. Белгілі бір жер учаскесі туралы мемлекеттік жер кадастры мәліметтері қағаз және электрондық тасығыштарда, сонымен қатар белгіленген тәртіппен жер учаскесінің есепке алынған жері бойынша техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана отырып, жер кадастры мәліметтерінің банкіне тікелей рұқсат ету түрінде беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет