Жобаның өзектілігі 3 Жобаның мақсаты мен міндеттері 9



бет6/10
Дата15.06.2023
өлшемі0,56 Mb.
#178846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дипломдық жоба соңғы версия
задание 3, русский ответы, serve (1), Сабақтың тақырыбы Түрлі көзқарас, біртұтас ұлт! Сабақтың мақсаты-emirsaba.org, problema kultury v rabote e. kassirera opyt o cheloveke, грибоедов слайд, Австрийский композитор Йозеф Гайдн прожил долгую жизнь
7

Ген. репетиция

11.05.2023ж

8

Театрландырылған концерт

12.05.2023ж



Жобаның сценарийлік бағдарламасы


Ән «Түсімде көремін» ( сурет 1)
1 - сюжет: Кейіпкердің өмірге келуі;
Лэд «Әлеуметтік ролик»
« Ғұмар Сұлтанбектің «Ішімдікке құмарлықтың отбасы татулығын бұзатыны туралы хореографиялық видеоролигі»
2 - сюжет: Алғаш мектепке баруы; (сурет 2)
Поэзия «Бірінші және соңғы рет» (сурет 6)
Жанымды жегідей жеп мұң, қанымды қарайтып қайғы.
Алқымнан алған азаптан, мазақтан
Бойымды буған ашудан қашудан шаршап,
Сенің алдыңа кеп жығылғам бір рет.
Сол кезде бусанды денем, басым жеңілдеп, миым масайды,
Көзімді жұмдым, бу алды әлем.
Жарысқан, құрысқан, тырысқан түрлі түсті әлемнен түкте жоқ.
Тұманның арасынан тыныштық таптым.
Ешкім іздемейді, мазаламайды.
Ғажап, иә?
Сенің жаныңда бағынбаймын мен ЕШКІМГЕ
Ешкім мені басынбайды!
Жоғалады ғасыр қайғым, жасырмаймын!
Тағы бір рет, тағы бір рет, тағы бір рет
Оо кайф!
Нирванаға сүңгіп барамын, үңгіп барамын
Тоқтаусыз, ноқтаусыз асаудай.
Дәміңнен, иісіңнен
Бас алмай, қаша алмай
Мен саған жіпсіз байландым осылай.
Бірінші және соңғы рет.
Содан бері, өмірден жиерінген, жеңілген шағымда
Саған қарай еліре жүгіремін
Қарсы айырылып көкірегім
“Құтқаршы” деп өтінемін, өкіремін
Бір рет, тағы бір рет
Міне, мен енді сенің – ҚҮЛЫҢМЫН!
Сенсіз күнім жоқ, түнім жоқ.
Қазір менің сенен басқа түгім жоқ.
Қуанбаймын, күле алмаймын,
Мен енді сенсіз өмір сүре алмаймын.
Барымды тіктім, жанымды тіктім
Неліктен? Не үшін?
Елікпен, еріккен СЕН үшін!
Мені тірідей жоқтап жылаған анамнан да
Жер, аспан, ғаламнан да
Сүрініккен, теріс айналған тірліктен
Бәрінен бас кештім…
3 - сюжет: Жоғарғы оқу орнына аттануы (сурет 3)
Поэзия»Уақытында тоқтағаным»
Денең солып жаннарың жасқа толған
Бұл бір дерт жасап алған өзім қолдан
Шыға алмай шырмауынан есірткінің
Адасып бара жаттым түзу жолдан
Ақыл айтқан адамды елемедім
Сұрқия сайтандармен ере бердім
Құстай ұшып жүргендей қанат байлап
Жердегіге мән беріп көзге ілмедім
Ол жоқ болса тынысым тарылғандай
Күй кешемін ми шекем жарылғандай
Жан жағыма қарасам тірі жан жоқ
Көзің жоқ меңіреу бір ғаріп жандай
Денем күйіп барады жалын оттай
Жеңе алмаймын түрім жоқ қалар тоқтай
Жалғанның бар қызығы осы екен деп
Ойлаппын бұдан басқа рақат жоқтай
Ұйқтап жатқан екенмін түс көремін
Артыан бір зұлымның мен еремін
Тұманның арасында демім жетпей
Ай далада адасып мен келемін
Сайтан қысып бетімен күліп жүрмін
Алдым тұйық қараңғы жерде жүрмін
Оянғандай ұйқыдан бір уақытта
Адасып жүргенімді сонда білдім
Мен қайдамын жамағат айттыңдаршы
Құтқаратын тірі жан бар ма мені?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет