Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Мотивация түсінігінің мәні және даму кезеңдері Бірінші және екінші қажеттілік Мотивацияның маңызды теориялары ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет10/10
Дата20.10.2023
өлшемі154,5 Kb.
#187189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жансая Тфп-201К

Врум бойынша мотивация моделі



Жұмыс күшінің мотивациясын күшейтуде үміттену теориясының практикалық маңызы бар. Әр түрлі адамдардың қажетсінуі түрліше болатындықтан, олар нақты көтермелеуді түрліше бағалайды. Демек, ұйым басшысы ұсынатын көтермелеуін салыстыруы тиіс.
Әділеттілік теориясы. Әділеттілік теориясы бойынша, адамдар жұмсаған күш – жігеріне тиісті көтермелеуді субъективті бағалап, осы тектес жұмысты басқа адамдар қалай қабылдайтындығын салыстырады. Олар көтермелеуді әділетсіз бағалаған жағдайда психологиялық шиеленіс пайда болады. Тұтастай алғанда, егер адам өз еңбегі дұрыс бағаланбады деп санаса, онда ол күш – жігер жұмсауын кемітеді. Егер ол өз еңбегін бағалады деп санаса, онда ол, керісінше күш – жігерін жұмсауды бұрынғы деңгейде қалдырады немесе тіпті арттыра түседі.
Портер – лоулер моделі. Портер – лоулер моделі кеңінен қолдау тауып отыр. Мұнда мотивация жұмыскерлердің қажетсінуінің, үміттенуінің және әділетті көтермелеуінің басты қызметі болатындығына негізделген. Жұмыскерлер еңбегінің нәтижелілігі олардың күш – жігер жұмсауына, жеке басының өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, сондай – ақ өз рөлін бағалауына байланысты. Жұмсалатын күш – жігер көлемі жұмыскерлердің көтермелеуді қаншалықты бағалайтындығына және өзіне деген мадақтауға сенімділігіне байланысты. Портер – Лоулер моделі бойынша, еңбек нәтижелігі қанағаттану сенімін туғызады.


Қорытынды

Қорыта айтқанда, мотивация дегеніміз бір бағыттағы мақсатқа жету үшін адамдардың белгілі бір дәрежеде жұмсаған ынта – жігері, көрсеткен табандылығы және талпыну деңгейі немесе әркімнің өз мақсаттарына және ұйым мақсаттарына жетуі үшін өзін және өзгелерді қызметке тарту процесі.


Мотивацияны процесс ретінде қарастырғандықтан, оны бір – бірімен тығыз байланысқан алты кезең ретінде қарастыру керек.
Біз әр түрлі мотивация теорияларының екі категорияға бөлеміз: мазмұндық және процессуалдық.
Мотивацияның мазмұндылық теориялары адамдарды дәл солай әрекет жасауға мәжбүр ететін ішкі оянуларға негізделген. Бұл орайда Абрахам Маслоу, Дэвид Мак Клелланд, Фредерик Герцберг еңбектері қарастырылады.
Мотивацияның процессуалдық теориялары адамдардың түсінігі мен дүниетанымына байланысты өздерін қалай ұстайтындығына негізделінеді.
Процессуалдық теорияларына: күту теориясы, ақиқат теориясы және Портер – Лоулер теориясы жатады.
Мотивацияның мазмұндық немесе процессуалдық теорияларының мағынасын түсіну үшін алдымен мына түсініктердің мағынасын меңгеріп алу қажет. Олар – қажеттіліктер және сыйлықтар тапсыру.
Психологтардың айтуынша, адамдар физиологиялық және психологиялық жетіспеушіліктер салдарынан қажеттілікті сезінеді.
Алғашқы немесе бірінші қажеттілік табиғаты жағынан физиологиялық болып табылады және туа пайда болады. Бұған: тамақ ішуге, суға, ауаға, ұйқы, тыныштық қажеттіліктерін жатқызуға болады.
Қосымша қажеттілік табиғаты жағынан психологиялық болып келеді. Мысалы табысқа жету, құрметке ие болу, үстемдік қажеттіліктер.
Бастапқы қажеттіліктер адамдарға ген арқылы беріледі, ал қосымша қажеттіліктер тәрбие арқылы жинақталады.
Қажеттіліктер және мотивациялық мінез – құлық, тәртіп.
Қажеттіліктерді тікелей бақылау немесе өлшеу мүмкін емес. Оларды тек адамдардың мінез – құлқына қарап бағалауға болады.
Қажеттілік пайда болса, онда ол адамның ынта – жігерін оятады.
Басқару тұрғысынан алғанда мотивация, басқарушының атқарушыларының ішкі қозғаушы күштерін қойылған мақсатқа қарай бағыттау үшін қолданылатын тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.
Мотивация – бұл, өзін және басқаларды өзінің жеке бастық мақсатына немесе ұйым мақсатына жету үшін жандандыратын, ынталандырып құлшындыратын процесс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет