Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Мотивация түсінігінің мәні және даму кезеңдері Бірінші және екінші қажеттілік Мотивацияның маңызды теориялары ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет8/10
Дата20.10.2023
өлшемі154,5 Kb.
#187189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жансая Тфп-201К
-985737589, Документ2, Жансая Жеңісбекқызы, Құндылықтар иерахиясы
Билік қажеттілікті басқа адамдарға ықпал ету ниетінен көрінеді. Билікке құштар адамдар өз пікірін батыл, ашық айтады, пікір таласынан, өзара сыннан тайсалмайды, өз пікірін өткізуге тырысады. Олар әдетте шебер сөйлейді,әрі басқалардың өзіне ерекше көңіл бөлуін талап етеді. Басшылар көп жағдайда осындай адамдарды басшылық жұмысқа тартады. Билікке құштар адамдардың бәрі бірдей мансапқорлар емес.
Адамның мадақтауға құштарлығы сол адамның жетістігін жариялаумен шектелмейді, оның жұмысты ойдағыдай орындауымен қанағаттандырылады. Мадақтауға өте құмар адамдар кері байланысты ерекше ұнатады, өзіне тәуекел шешім қабылдайды, алдына қолайлы мақсат қояды, басқалардан гөрі өз жұмысына ерекше көңіл бөледі, әрі өзін - өзі ұдайы жетілдіріп отыруға тырысады. Мұндай адамдар қалайда табысқа жетуге тырысады, алайда, бір ғажабы, олар ақшаны өзінің бірден бір жетістігі деп санайды. Бұлар таныстарымен жиі араласуды, достық қарым – қатынас орнатуды, біреулерге жәрдем беруді жақтайды. Басшылар мұндай адамдардың қажетін қанағаттандыруға, оларға көбірек көңіл бөліп, оларды бөлек жинап, жиі – жиі әңгіме өткізіп тұруы тиіс.

Ф.Герцбергтіңекі факторлы теориясы. Экономика саласындағы американдық психолог, әрі маман Герцберг өзі әріптестерімен бірге қажеттіліктерге негізделген мотивация моделін жасады.
Ол көптеген инженерлерге мынадай сұраққа жауап беруін сұрады: «Сіз өзіңіздің қызмет міндетіңізді орындағаннан кейін, қандай жағдайда өзіңізді ерекше жақсы сезінгеніңізді баяндап бере аласыз ба» және «Сіз өзіңіздің қызмет міндетіңізді орындағаннан кейін, қандай жағдайда өзіңізді өте нашар сезінгеніңізді баяндап бере аласыз ба?»
Алынған деректерді, ол екі категорияға бөліп, мұны «гигеналық факторлар», және «мотивациялар» деп атады.



Осындай байқаулардан мынадай ой туды: егер олардың іс әрекеттері жеткіліксіз болса, онда жұмыскерлердің еңбекке құлшынысын бәсеңдететін факторлардың болғаны, алайда егер олардың іс - әрекеттері белгілі бір мақсатқа бағытталса, онда еңбекке құлшынысын тудыруы мүмкін. Егер, мәселен, жұмысорны қоқырсып жатса, қараңғы, тартымсыз болса, әрине, мұның өзі еңбек етуге қолайсыз етуі сөзсіз. Егер жұмыс орны таза әрі жарық болса, тек осының өзі ғана құлшына еңбек етуге едәуір ықпал етеді. Ф.Герцберг бұл факторларды «гигеналыққа» жатқызады. Сонымен, гигеналық факторлар жұмыс жүзеге асырылатын қоршаған ортаға байланысты.
Осы аталғандардан өзгеше, еңбек әрекетін нағыз жандыратын жұмыстың сипаты мен мәніне байланысты мотивтер де болады.
Кестеде эксперименттік зерттеулер нәтижесі келтірілген, сол арқылы жұмыскерлер өз жұмысының қаншалықты тартымды екендігіне, қаншалықты үлес қоса алатындығына сипаттама бере алады.
Ф.Герцберг теориясы бірқатар ұйымдарда тиімді пайдаланыла тұрса да, оған сын ескертпелер айтылды. Демек, мотивацияны ықтимал процесс ретінде қабылдау қажет. Нақты бір адамды нақта жағдайда салыстырып дәлелдеу, оған басқа бір уақыт жағдайында немесе сол ұқсас жағдайдағы басқа адамға сәйкес келмеуі мүмкін. Зерттеу жұмыстарынан байқалғаны, мотивация механизмін түсіндіру үшін, көптеген мінез – құлық аспектілерін және қоршаған орта параметрлерін қарастыру қажет. Мұны жүзеге асырудың өзі мотивацияның іс жүргізу (процессуалдық) теориясын жасауға ықпал етті.
Мотивацияның іс жүргізу теориясы. Іс жүргізу ториясы адамдар әр түрлі мақсатқа жетуі үшін өзінің күш – жігерін қалай бөлетіндігін және мінез – құлықтың нақты түрін қалай таңдайтындығын талдайды. Қажеттіліктің болатындығын теріске шығармай, іс жүргізу теориясы адамның мінез – құлқын тек сол ғана айқындап қоймайды деп есептейді. Осы теория бойынша жеке бастың мінез – құлқы, оның нақты жағдайға және таңдап алған мінез – құлық типінің мүмкін болатын себеп салдарына байланысты қабылдау және үміттену қызметі де болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет