Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Мотивация түсінігінің мәні және даму кезеңдері Бірінші және екінші қажеттілік Мотивацияның маңызды теориялары ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Сыйлықтар тапсыру (марапаттаулар)



бет4/10
Дата20.10.2023
өлшемі154,5 Kb.
#187189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жансая Тфп-201К
-985737589, Документ2, Жансая Жеңісбекқызы, Құндылықтар иерахиясы
Сыйлықтар тапсыру (марапаттаулар). Адамдарды тиімді қызметке тарту үшін сыйлықтар тапсыру қолданылады. Мотивация мәселелерін талдау барысында осы әдіске сүйенеміз.
«Сыйлықтар тапсыру» дегенді жәй ғана ақшалай сыйлық деп



түсінуге болмайды, мұның мағынасы үлкен. Сыйлықтар тапсыру - әрбір адам үшін маңызды, өте қымбат. Адамдардың талғамдары әр түрлі болғандықтан, сыйлықтар да әр түрлі болуы қажет.


Ішкі және сыртқы марапаттаулар. Ішкі марапат жұмыстың өзінен жүзеге асады. Мысалы нәтижеге қол жеткізу сезімі - өзін құрметтеу. Жұмыс барысындағы достық пен қарым – қатынас.
Сыртқы марапаттауды ұйымдар жүзеге асырады. Мысалы, еңбек ақы, қызметті жоғарылату, мадақтау және қосымша төлемдер (демалыс ,жеке кабинет беру). Ішкі және сыртқы марапаттарды анықтауүшін, әкімшілік жұмысшылардың қажеттігін ажырата білу қажет. Осы мотивацияның мазмұндық теорияларының мақсаты болып табылады.





  1. Бірінші және екінші қажеттілік

Жұртқа мәлім, адамдарда мұқтаждық қажеттілік аса көп туындайды. Адамдар нендей бір физиологиялық немесе психологиялық жетіспеушілікке тап болғанда, қажеттілікті сезінеді. Қажеттілік бірінші және екінші болып жіктеледі.


Бірінші қажеттілік өз табиғатында физиологиялық болып саналады және де, әдетте, тұрмыстан пайда болады. Бұған мысал ретінде тамаққа, суға, ұйықтауға, жыныстық қарым – қатынас жасауға қажеттіліктер жатады.
Екінші қажеттіліктің табиғаты психологиялық. Мәселен, табысқа жетуге, өзін құрметтеуіне, үйірсектікке, билік етуге, бір нәрсені қажетсінуге құштарлық.
Бірінші қажеттілік генетикалық негізде, ал екіншісі өмір өмір тәжірибесі арқылы қаланады. Адамдарда тәжірибенің жинақталуы алуан түрлі болатындықтан, екінші қажеттіліктің біріншіден едәуір айырмашылығы болады.
Қажеттілік әрекет етуге себепші болады. Адам қажеттілікті сезіне бастағанда, онда талаптану күйі сезіледі. Талаптану – бұл бір нәрсенің жетіспеушілігін сезіну, белгілі бір мақсат көздеу. Бұл мінез – құлықтағы қажеттілік көрінісі, әр мақсатқа жету ниеті болып саналады. Осы тұрғыдан қарастырғандағы мақсат – бұл қажеттілікті қанағаттандырудың өзіндік әрекеті. Адам өз мақсатына жеткен кезде оның қажеттілігі не қанағаттанады, не қанағаттанбайтын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет