Жоспар жұлын — орталық жүйке жүйесінің негізі Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі а Артқы ми және ортаңғы миға сипаттама


 Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі



бет2/5
Дата26.01.2022
өлшемі32,97 Kb.
#129874
1   2   3   4   5
Байланысты:
СЖ 15
ОББ Тест ЕТ, АЖ-30г01.11.2021, Кол,аяк суйектери, ЖБП метод отчет 2021-2022 1 семестр, лаб 1 басы, бекитуге1, Документ Microsoft Office Word, сабақ жоспары (2), Дж Морено «Социометрия» әдістемесі, Зейнакуль, модуль рп (1), Дифференциалды күшейткіш, Диплом Наурызбай Қатты дискілерге техни, БҚ-9-11 СЕТЬ
2. Орталық жүйке системасының жеке бөлімдеріні қызметі.

а) Артқы ми және ортаңғы миға сипаттама.

Сопақша ми. Сопақша ми ми сауытында орналасқан. Төменгі жағы жұлынмен, жоғары жағы ми көпіршесімен жалғасады. Онда жұйке клеткалары шоғырланып, ядролар құрайды. Сопақша мидың атқаратын қызметі жұлынға ұқсас, ал бірақ бұның реттеу қызметінің әсері күрделірек. Мұнда тіршілік әрекетіне өте қажетті көптеген орталықтар бар. Мысалы, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту т.б. Тыныс алу орталығынан импульстер жұлынға барып, қабырға аралық еттер мен диафрагманы (көк ет) қозғалтады. Соның нәтижесінде тыныс алу еттерінің жұмысы бір қалыпты жүзеге асып, өкпе ырғақты тарылып, кеңейіп тұрады. Жүрек рефлексі де ядромен байланысты. Бұл рефлекс жүректің жұмысын өзгертеді.

Сопақша мида еттің тонусын реттейтін орталықтар бар. Тонус рефлексі балалар дүниеге келген күннен пайда болып, жас жоғарылаған сайын жетіле түседі. Балаларда тері рефлексі де жасалады. Мысалы, санның ішкі жағынан тітіркендірсе, аяқ бүгіледі. Тұжырымдап айтқанда, сопақша мида жоғарыда айтылғаннан басқа да рефлекстер туғызатын жұйке орталықтары бар.



Oртаңғы ми. Ортаңғы ми көпіршенің алдыңғы жағында орналасқан. Oртаңғы ми төрт төмпешіктен, қызыл ядродан және субстанциядан тұрады. Ортаңғы мидың жақсы дамуы бала өмірінің жасөспірім кезеңінде (16 жаста) байқалады. Мидың бұл бөлімі құрылысының күрделі болуына байланысты рефлекторлық қызметі де күрделі болып келеді.

Төрт төмпешіктің екі жұп төмпешіктері болады. Төрт төмпешіктің алдыңғы екі төбешігінде көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы бар. Артқы жұп төбешігі естудің алғашқы рефлекторлық орталығы болып есептеледі. Төрт төмпешік зақымдалса, адамның көру және есту қабілеті бұзылады.

Қызыл ядро-сұр заттың жиынтығы. Бұның негізгі қызметі-еттің тонусын тарату және қозғалту рефлокторлық реакцияның өзара бірлесуін жүзеге асыру. Қызыл ядро статикалық жұмыстың, тұру жағдайдың, жүрудің және автоматтық қозғалыстардың орындалуын реттейді. Осы ядро арқылы импульстер мишықтан жұлынға және миға барады.

Қара субстанцияның қызметі бұлшық еттердің тонусын және әртүрлі нәзік қозғалыстарды реттеп отырады. Мысалы, қол саусақтарының, шайнау және жүру сияқты күрделі рефлокторлық әрекеттердің бірқалыпты байқалуын жүзеге асыру. Ортаңғы мидың басқа ядроларына қарағанда, бұл баяу жетіледі, сондықтан реттеу қызметіне біртіндеп қосылады. Оның баяу жетілуіне меланин пигментінің жиналуы себеп болады. Жаңа туған баланың субстанциясында мұндай пигмент болмайды. Алғашқы рет ол баланың 2-4 жасында пайда болады да, 15-16 жастарында толық байқалады.



Аралық ми. Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан. Ол көру төмпешегінен (таламус) және төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Мидың бұл бөлімі, әсіресе, адамда жақсы жетілген.

Аралық мидың негізгі массасы-көру төмпешігі. Бұл қабаттала келіп, бірнеше ядроға бөлінеді (алдыңғы, ішкі, сыртқы және артқы). Көру төмпешігі арқылы ми қыртыстарына баратын афференттік импульстер өтеді.

Гипоталамус көру бөлімінен, емізік тәрізді денеден және меншікті аймақтан тұрады. Көру бөліміне зат алмасу мен дене температурасын реттеуге байланысты сұр төбешік жатады. Сұр төбешік клеткаларының дифференциялануы және пісіп жетілуі ертерек басталып, 6 жаста аяқталады. Клеткалары мен өткізгіш жолдары содан кейін де, әсіресе, жыныстық жетілу кезінде өседі. Емізік тәрізді денеде екі төбешік болады және ол мидың төменгі бет жағында орналасқан. 2-3 жастан жоғары кездерінде олардың ядролары баяу дамиды, сондықтан дифференциялау 7-8 жасқа дейін созылады. Ал 14-16 жаста ересек адамның ядроларынан айырмашылығы болмайды.

Гипоталамус әртүрлі және күрделі қызмет атқарады. Дене температурасының өзгеруі, зат алмасу процесі, қан тамырларының және клетка аралық кеңістігінің өткізгіштігі, ас қорыту жолдары және несеп бөлу гипоталмустың жұмысына байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет