Жоспар: кіріспе бөлім: РӘміздер тарихы негізгі бөлім: мемлекеттік рәміздер ту елтаңБА



бет7/7
Дата13.12.2021
өлшемі1,82 Mb.
#100280
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
99IKZGL11VxWECC3A1TVJw

Мемлекеттік Әнұран

Менің Қазақстаным

Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев

Жұмекен Нәжімеденов

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны –

Еліме қарашы

Ежелден ер деген,

Данқымыз шықты ғой!

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің жерім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің -Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,Біздің ел осындай!
  • Әнұран — бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді.
  • «Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
  • Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні халықтың сол кездегі гимні болған. Оны ХVІІІ ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.

Алғашқы Әнұран


  • 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті.
  • Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті.
  • Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар: Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.
  • 2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілді.
  • Жаңа әнұранның негізі өткен ғасырдың екінші жартысының 50-ші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән —

  • «Менің Қазақстаным».
  • 2006 жылдың 10 қаңтары — ресми жариялау күні — тарихқа еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде жазылып отыр.
  • Әнұран авторлары:

  • Әнін жазған – Ш .Қалдаяқов

    Сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев
  • Шәмші Қалдаяқұлы Қалдаяқов — композитор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

  • 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының Шәуілдір ауылында дүниеге келген.

    Халық арасында «Қазақ вальсінің королі» ретінде танымал композитор 300-ден астам ән жазған.
  • Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов — белгілі ақын, Жастар сыйлығының лауреаты.



  • 1935 жылы Атырау облысы ,Құрманғазы ауданының Қошалақ ауылында дүниеге келген.

    «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Өз көзіммен», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Жарық пен жылу» және т. б. шығармалары бар.

3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — Қазақстан Республикасының Президенті.

Көптеген ғылыми және әдеби еңбектердің авторы: «Әділеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» және тағы басқа кітаптар.

Халық арасында танымал «Менің елім», «Үш қоңыр», «Жерім менің» патриоттық әндердің сөзінің авторы.

Қорытынды

“Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек.

Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар – халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.”

Н.Назарбаев

Рәміздерімізді құрметтейік!

Еліміздің патриоты болайық!!!

Пайдаланылған әдебиеттер:
  • www.akorda.kz
  • www.egov.kz
  • www.tarih-begalinka.kz
  • www.ulas.kz
  • Wikipedia


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет