Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


І.2.2. Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет2/3
Дата29.01.2018
өлшемі488,13 Kb.
#36001
1   2   3

І.2.2. Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Ойыл ауданы – Ойыл өзенінің оң жағында, Ақтөбе облысының батысы, 270 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 11, 4 шаршы киллометр, 6 ауылдық округке бөлінген. Ірі елді мекендері: Қайыңды, Қараой, Қаратал, Көптоғай, Кемер, Сарыбиі, Екпетал, Сегізсай, Ақшатау , Қаракемер.

Ойыл 1918 жылы Алашордалықтарға облыс орталығы болған. 1921 жылы Орал облысы бөлініп ( құрамы 14 болыс) аудан атанды. 1922 жылы тарады. 1927 жылы Адай уезінен бөлінді. 1928 – 1930 жылдары Алтықарасу ауданы атанған. 1930 жылдан Ақтөбе округі кейін облыс құрамына қарады, содан бері қазіргіше аталады. Облыстың батысында Атырау, Орал облыстары шекаралас Ойыл өзені оң жағы 270 км халқы 2764 (1999жыл) жер көлемі 11,4 шаршы киллометр. Кезінде (1937- 1947жыл) аудан көлемінде 70 астам ұжымшарлар болған, кейін солардың негізінде 7 кеңшар ұйымдасқан. Тары өсіруде Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасады. 1971 жылы ірі табысы үшін Жетікөл кеңшары Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталған. 1985 жылы «Құрман» кеңшары қой санын 50253 жеткізіп ірі табыстарға жетті. 1985 жылы ауданда 4663 жылқы, 278 түйе, 15638 ірі қара, 243656 қой болған. Екпетал орман шаруашылығы бар. Аудан 2000 жылы 19, 7мың ірі қара, қой – ешкі 75.0 мың, жылқы – 4,6 мың ,түйе – 0,2 мың, 143 трактор, 48 комбайн, әртүрлі маркадағы 705 автокөлік бар. 2000 жылы (фермерлік) қожалықтар – 228.

Меншік түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар : барлығы – 122. Одан шағыны – 110, оның 59 – мемлекттік, 51- жекелік; Орташасы – 8, оның – 8 мемлекеттік, 1 - жекелік: ірісі – 4 , оның 1 – мемлекеттік, 3 – жекелік. Ауданда тарихи ескерткіштермен қорымдар, мешіт – медреселер көп болған . Аяпберген мектебі, Тайсойған мектебі, «Қызыл мектеп» атанған алғашқы (1910жыл) оқу орындары ашылған. Қазірде 25 мектеп (10 орта, 6 негізгі, 9 бастауыш), бір кәсіптік – техникалық училище – лецей, 4 бала – бақша, 22 кітапхана, 6 клуб, 2 мәдениет үйі, 2 кинотеатр, 6 аурухана, 6 емхана телеорталық, почта, архив, музей бар.

Ойыл Шұбарқұдық тас жолы, Ойыл, Қобда, көтерме жолы өтеді, округтер орталықтарымен көтерме жолдарымен байланысы бар. Негізгі тұрғындары қазақтар. Аудан орталығында сонымен бірге орыстар, татарлар тұрады. Бірақ бұл ұлттар саны 1970 жылмен салыстырғанда кеміген. Оны кейбір әлеуметтік, экономикалық жағдайларға және тарихи отандарына оралуына байланысты алыс, жақын мемлекттерге көшумен түсіндіруге болады. 1999жылы 1989жылмен салыстырғанда аудандағы тұрғындар саны азайған.

1989 жылы 19884 тұрғын болса, 1989 жылы 21635, 1999жылы 20864 адам болды. Халықтың жүз пайызы ауылда тұрады. Халықтың тығыздығы φ шаршы км – ге 1,8 адамнан келеді. Халық тығыздығы Ойыл кеңшарында – 5591, Қайыңды кеңшарында – 1550, Қараой кеңшарында – 1560, Қаратал кеңшарында – 1513 , Көптоғай кеңшарында – 1403, Кемер кеңшарында – 1290, Сарбие кеңшарында – 1539 тұрғындар бар.

Аудан халқының 6 жастан жоғары 17678, адамның 816 – ның жоғары білімі бар. Ал қалғандар аяқталмаған жоғары, арнаулы орта, жалпы орта, негізгі орта, бастуыш білімдері бар.

Өндіріс өнеркәсібі.

Кәсіпкелік қызметі, шағын және орта бизнесті дамытуда әлеуметтік экономикалық ахуалымызды жақсартудың қайнары екеніне көзіміз жетті. Егер кәсіпкерлік қызметпен 1996 жылы қырық сегіз, 1998 екіжүз елу үш субъекті айналыса, осы жылда 1,8 есеге артып, 2849 жетті немесе ол ауданда белсенді жұмыс жасаушылардың жартысына жуығын құрайды.

Ірі өнеркәсібі жоқ шағын аудан үшін шағын бизнесті дамыту оңай емес сондықтан соңғы екі жылда ғана жаңадан 76 шаруашылық жүргізуші кәсіпкерлік субъекті, шаруа қожалықтары. бір сауда үйі, ауылшаруашылық таулары дүкендері ашылды. Кәсіпкерлікке қызметтің өрістеуі жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің де ахуалын жақсартты. Өткен жылы кәсіпкелік субъектілер өндірілген өнімнің үлесі аудан бойынша өндірілген өнімнің 70 пайызын құрады, тиісінше кәсіпкерлерден салық түрінде түсетін өнімдер соңғы жылдары екі есе артты.

«Бизнес – Инкубатор» қоры Ресейден жабдықтар әкеліп, жерге төсейтін плита тас шығара бастады. Плита тастың екі түрі шығарлады. Қор жанынан сонымен бірге ағаш үй жасау жұмысы да ілгері жылжуда. Әрбір ағаш үй тапсырыс бойынша жасалады.

Тігін және жұмсақ мебель шығаратын цехтар жұмыс жасайды. Бұл цехтардың шығарған өнімін жергілікті халыққа ұсынады.

ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Барқын құмы және оның физико-географиялық жағдайы
Барқын құмы-аудан өңірінде ерекше қорғауға алынған жер болып табылады. Оның аймағы 17232 га жерді алып жатыр. Құмының ұзындығы 18 км, ені 7 км аумақты алып жатыр. Шығысында «Қуырдақты» өзені, батысында Ойыл өзені ағады.

Барқын құмында 100 жылдан асатын алып қарағайлы орман бар. Барқын құмына 1896 жылы полковник Иванов.Н.П. Орынбор қаласынан түйе керуеніне артып, қарағай, қайын, көктерек, қараағаш қөшеттерін отырғызған.

1.Қарағай 295га

2.Қайын 40га

3.Қара ағаш 4га

4.Терек 13га

5.Тал 4268га

Барқын құмы көшпелі құм санатына жатады.

Орман шаруашылығы ағашы жоқ жерлерге ағаш өсірумен айналасып келеді. Барқын құмында ҚР Қызыл кітабына енген емдік шөптер көптеп кездеседі. Бірнеше жеуге жарамды түрлі саңырауқұлақтарда бар.

Барқын құмына көптеген адамдар емделу мақсатында келіп-кетіп жатады. Құм әсері бел ауруы, ревматизм, қол тамырлары ісінуі, буын аурулаынан емдеп жазады. Жылына 700-1000 адам осы құмды емге пайдаланады. Аудан орталығы Ойыл селосындағы және Қаратал селосының тұрғындары осы «Барқын» құмына ас қорыту мүшесін, созылмалы гастрит, аш ішек ауруларын, бүйректін және өт пен дәрет жолдарынын созылмалы аурулурын, зат алмасу, жеңіл түрдегі қант ауруларын емдеуге көптеп келіп жатады.



ІІ.1.1. Барқын құмының өсімдіктер әлемі

Шөпті өсімдіктер:

Ойыл аймағының шөпті өсімдіктер түрлеріне онша бай емес. Бірақта мұнда: жусан, балмия, есекмия, алабұта, қырық буын, балдырған, көк тікен, жолжелкен, еркек шөп, сарғалдақ, бәйшешек, дала жуасы дала сарыисағы, түйе жапырақ, андыз, адраспан, бидайық, софора, түйе тікендері, қарапайым кармила т.б. көптеген өсімдіктер өседі. Орташа биіктіктері 25-30 см,ал өсу көлемі 60%.

Талды ағашты өсімдіктер:

Талды ағаш өсімдіктері Ойыл аймағының өзінде көбінесе жалғыз өсіп тұратын қара ағашпен үйеңкі жиі кездеседі.

Кейбір жерлерде 2 гектарлық ормандар өсіп тұрады. Талды ағаш өсімдіктерінің түрлік құрылымы: емен, үйеңкі, сары акациядан құралады. Орташа талдық көрсеткіштері: Н – 1 , 8 - 2,5 м, Д 4-5 см, жасы 5 – 7 жыл. Топырақ құнары суармалы ашық қызғылт-қоңыр жеңіл саздақты топырақ.

Ойыл өзен жағалауында, екінші жасыл жиелік учаскесінде және оған қосылған жерлерде табиғи өскен ветла талы бар. (Н 12-13 см, Д 10-15 см, жасы 20-30 жыл). Жіңішке жапырақты жидек талы көгалды қызғылт-қоңыр топырақта және ашық қызғылт-қоңыр топырақта орналасқан.

Жасыл жиеліктің №1 учаскесінде 1963 жылғы қара ағаш мәдениеті бар. Көрсеткіштері: Н-1,2 м, Д 2 см-ге дейін.

1964 жылғы қара ағаш мәдениетінің көрсеткіштері: Н 25-30 м, Д 3-5 мм-ге жетті.

Жасыл жиеліктің №2 учаскесінде 1962 жылғы қара ағаш мәдениеті бар. Көрсеткіштері: Н 1-1,5 м, Д 2,5-3 см-ге дейін. Ориан мәдениеті қанағаттандырылады.

Жасыл жиелікке жақын аумақта «Барқын» құмы орналасқан. Талды өсімдіктері өткен заманнан орманшылардың көзіне түскен «Барқын» құмында мынадай тал-ағаштар өседі: қара ағаш, қайын, қанды ағаш, қызыл ағаш, жидек ағаш, ақ терек, көк терек, бәйтерек, емен, үйеңкі, шетен, тел, шілік, долана, қарақат, жіңішке жапырақты жидек, ветла, шырша т.б.

Барқын құмдары Ақтөбе облысының оңтүстік – батыс бөлігіндегі Ойыл өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан. Құм сілемі дөңесті және дөңесті тізбекті құмдармен сипатталады. Өзенің пайда болуына байланысты құмдар хвалын бассейіне құлайтын, негізінен ойыл өзенінің аллювиальді – дельттік құйылысқа дейінгі тұщы су түзілістері болып есептеледі. Ағынмен есілген және құм сілемін түзген, материалдың пайда болуына келсек, онда Гаеля ойынша \ 1949 \, бұл негізінен уралүсті жазықтығының жыныстары.

Флористикалық зертеулер нәтежесінде 1987 – 1988 жылдары 65 – і тұқымға және 23 тұқымдасқа жататын, 75 тұқымды өсімдіктер түрлері анықталған. Тек 2 түр \ қос масақты қылша, қарапайым шырша\ ашық тұқымды өсімдіктерге жатқызылады. Төменгі және жоғарғы архегониальді өсімдіктер есептелген жоқ.

Тұқымдастар түрлерінің қанықтығын анықтау кездерінде ең көп түрлерінің пайда болуында жалбыз тәрізділер, астра тәрізділер крестгүлділер, бұршақ тәрізділер, маревые тұқымдастары орын алып отыр. Зерттелген флораларда олардың үлесіне түрлерінің жартысынан көбі \46 түр немесе 60,5%\ жатады. Маңызды тұқымдастарының бөлігі 1 түрден ғана ие.

Ең негізгілерінің ішінде қарапайым шыршаның қолдан өсірілгендігін атап өту қажет. Адыр – бұдырлы төмен жерлерінде өсуінің грунттық сулардың жақын орналасуының арқасында шырша құмның орнығуына және эрозиялық процестерді болдырмауға жағдай жасайды. Шыршамен қатар бұл жерлерде ең ылғал сүйгіш өсімдіктер түрлерімен сипатталатын қалың шөп жамылғысы кездеседі. Адыр – бұдырлы тұзды субстратты төмендеулерінде топырақтың тұздану процестерінің басталуын көрсететтін, көп гүлді жыңғыл өскіндері кең таралған.

Жүргізілген флористикалық талдау түрдің пайда болу процестерінің интенсивтілігінің әлсіз екендігін талқылауға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтерде, Барқын құмының флорасында ең көп таралған жалбыз тұқымдастары екендігі көрсетілген, ал шөл даланың қияршөп тұқымдасы бесінші орынға ие. Бұның бәрі зерттелген флораның әлсіз сиреуімен сипатталатындығын дәлелдейді. Алайда, қазіргі уақытта климаттық және антропогендік екі факторлардың әсерінен бұл флораның сиреу процесі ұлғаюда.

Өзеннің төменгі ағысы ландшафты қарым қатнаста өте қызықты. Аудан орталығының оңтүстік жағында Ойыл өзені Барқын құмды массивін ылғалдандырады. Мұнда Ойыл тоғайы ол жиде, қарағай орманының солтүстік жағында орналасқан, Орта Азияның өзен бойы ормандарына тән нәрсе. Бұл тоғай ландшафтары бар әдемі арал өз ареалынан 800 километрге дейін алшақтанған. Ойыл тоғайында жиде, терек, жыңғыл, матрикс, қарағаш т.б. ағаштар өседі, ал шөптесін өсімдіктерінен қарабүлдірген көптеп кездеседі. Ағаштар жебілгенмен өрілген. Алақайларында орхидей өсімдігінің сирек түрлері, шоқсары, шөпжияр кездеседі. Ойылдың тоғайы орманы қалың шоқсары шөптері өріліп тұрған кезде джунглиді еске түсіреді, ал оны қоршап тұрған тоғайлар өте биікке өсетін алып қарағаштармен ерекше әсем көрінеді. Осы солтүстік саваннаның негізгі өсімдігі болып алып астықтұқымдастар болып табылады. Ол өсімдік қатты жапырақ ретінде.

Қазіргі таңда – Барқын құмдары бұл құмның 23 мың құмға ағаш отырғызылған құмдар. Мұнда қайың қарағаш, қандағаш, терек қарағай басқа да талды өсімдіктер өседі сонымен қатар өнім беретін өсімдік түрлері де кездеседі, және қазақ ауылшаруашылық институтының орман факультетінің экссперменттік учаскілері бар. Барқын – бұл толығымен маманданған шаруашылық, сонымен бірге подхоздары, мұнда қымызды даярлайтын жерлер, мектебі,дүкендері де бар. Орман шаруашылықтарында тамаша демалу зоналары және пионер, лагерлері бар.

Барқынға сонымен бірге қолдан суарылатын алма ағаш және қарақат бақшаның бақтары өсірілген. Осы Барқын құмының кейбір өсімдік түрлеріне тоқталып өтсем:

Аңдыз. Шоқтығы 2 – 2,5 метр келген көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырғы ірі, қатпарлы, әрі оның ернеулер ара тісті болып келеді. Гүлдері алтын сары түстес себет ернеуінде орналасқан. Әдетте шілде – тамыз айларында гүлдейді.

Қара аңдыз барлық облыстарда өседі. Оның тамырын дәрі жасау үшін ерте көктемде, яғни сәуір – мамыр айларында қазып алады. Одан дайындалған препараттар тыныс жолдарын, асқазан, ауруларының емдеріне пайдаланады.



Бүлдірген. (Fragaria) – раушан гүлділер тұқымдасына жтатын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Бүдіргенің Қазақстанда 2 – түрі: орман бүлдіргені (Fragaria vеrca), жасыл бүлдірген(Fragaria viridis) бар. Олар, көбінесе, таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргенің биіктігі 5 – 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары қос жынысты, гүлшоғыры – көп гүлді қалқанша. Жемісі – жидек (қызыл, қызғылт шырынды). Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшаларынан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал шырынды және дәрілік өсімдіктер. Жемісі дәмді, хош иісті, құрамында А, В1, В2 ...В9, РР, К витминдері, органикалық қышқылдар, фосфор, темір, кальции және т.б. пайдалы заттар болады. Жемісін жинап алғанан кейін мұртшаларын қиып, мезгілімен суарып, түбін қопсытып, тыңайтқыштармен қоректендіреді. Қазақстанның суармалы жерлерде өсетін бірнеше сорттары бар.

Кәдімгі адыраспан – Гармала обыкновенная – Реganum L.

Көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 60 см бұтақтанған тік сабақтары көп, жиі бұтақтанып, жайылып өседі. Жпырақтары кезектесіп орналасқан сағақсыз ұзын, үлкен, жіңішке таспа тәрізді бөліктерге дұрыс тілінбеген. Гүлдері үлкен, ұзын гүл шоғырына бір – бірден орналасқан. Тостағанша жапырақшалар және желектері бестен, аталықтар – он бес. Желектері (ұзындығы 2 см – ге дейін) ақ немесе сорғыш, тотағанша жапықшалары мен ұзындықтары бірдей тілімделінген. Адыраспан мамыр – шілде де гүлдейді, шілде – тамыз айларында жеміс береді. жемісі шар тәрізді үш ұяшықты қорапшалар, үлкен қара дөңес тұқымға толы.

Адыраспан Қазақстандағы ең танымал жабайы өсімдіктің бірі, құрғақ шоқтарын базарларда сатады, шөбін түтінімен үйлерді басқа жерлерді, жұқпалы аурумен ауырғанг адамның бөлмесін аластайды. Пеганин гидрохлордін, бұлшықет аурулары, ішек қатқанда, ішек ауруларынақарсы қолданылады. Клиникалық зерттеуден кейін қол аяқтың селкілдеп семіп қалуы, паркинсан ауруларын жазуға жұмсайды. Сондай – ақ басқа көптеген ауруларға ем ретінде пайдаланады.
ІІ.1.2. Барқын құмының жануарлар дүниесі
Кәсіптік маңызы бар хайуанаттар.

Қазақстанда кең тараған аша тұяқтылардың бірі – жабайы шошқа. Ол ірі өзен – көлдердің бойында өскен қамысты қопаларды, тоғайларды мекендейді. Жабайы шошқаның аталығын – қабан, аналығын – мегежін деп атайды. Қабан мегежінге қарағанда әлдеқайда ірі. Оның салмағы 200 – 320 килограм, ал мегежіндікі 100 – 120 килограмдай болады. Қабанның аузын кере сыртқа шығып, айқасып тұрған сойдақ тісі жақсы жетілген.

Жабайы шошқа негізінен суы мол жерлерді қоныстанып,қамыстың және басқа да өсімдіктердің тамыр – түйіндерін, насекомдарды, құрттарды, кемірушілерді талғамай жейді. Осындай азықты талғамауы жабайы шошқаның ерте дәуірден бері жойылмай сақталып қалуына, кез – келген табиғи ортаға бейімделіп келуіне себепші болған . тағы шошқаның қазба қалдықтарының момонт сүйектерімен қатар табылуы оның реликті жануар екендігін көрсетеді.

Аталған аша тұяқты аңдардың ішінде көп мөлшерде еті мен мүйізі және терісі үшін ауланатын ақбөкен. Оны көпшілік жұрт киік депте атайды.



Дала күзені Бұл жыртқышты көбінесе сасық күзен деп атайды. Себебі оның жауынан қорғану үшін аналық безінен бөлініп тұратын өте жағымсыз иісі бар.

Дала күзені Республиканың барлық жерінде таралған, алайда олар сарышұнақтар жиі кездеседі. Өйткені оның негізгіазығы – ұсақ кеміргіштер. Сасық күзен інінде мекендегенімен өзі қазбай, сарышұнақтардың інін пана қылады.ғалымдардың жүргізген зерттеуі бойынша сасық күзеннің мол қоры Ақтөбе мен Оралда облыстарында шоғырланған екен. терісі аса бағалы оның сәнді терісі шет елдерге шығарлады.

Сасық күзендер дәнді дақылдар зиянкестерді сарышұнақтарды жою арқылы халық шаруашылығында едәуір пайда тигізуде.

Кіші аққұтан. Салмағы 500грам. Бұл құтанның түсі аппқ болады. Мекиенің қауырсындары өте әдемі. Ұшқан кезде басқа да құтандар сияқты тұмсығын алдына, тұмсығын алдына, аяғын артқа созып ұшады. Қазақстанда Еділ, Жайық өзенінің сағасында ұя салады.

ІІ.1.4. Климатына сипаттама

Ауданның географиялық орналасу жағдайына байланысты оның климаты шұғыл континентальды, жазы ыстық, қысы суық, ауа температурасының жылдық амплитудасы жоғары. Сонымен қатар жауын-шашынның аздығымен және тұрақсыздығымен, ауаның құрғақтығымен, тез булануымен сипатталады.

Жылдың ең жылы маусымы-шілде. Жылдың ең салқын маусымы- қаңтар. Аязсыз мезгіл ұзақтығы 160 күн. Жылдың ең жоғарғы ауа температурасы +44 С. Жылдың ең төмен ауа температурасы -43 С. Қары өте аз және көп боранды күндер болады.Желдің бағыты көбінесе оңтүстік-шығыс және шығыс бағыттарда соғады.

Жалпы Барқын құмы аймағының климатық жағдайының ерекшелігі: ауаның өте қатты құрғақтылығын, булану процессінің тездігін және көктемгі-жазғы мезгілінде тікелей күн сәулесінің түсуін, атмосфералық жауын-шашынның дифициттілігін айтып кетуге болады.


ІІ.1.3. Барқын құмы топырағына сипаттама
Барқын құмының релефі дөңесті және дөңесті тізбекті, кейде барханды кейбір учаскелер жазықтық рельефпен сипатталады. Абсолюттік биіктік 100 – 130 м биіктікте ауытқиды. Құмның сумен қамтамасыз етілуі әлсіз, бірақ грунт 3 – 8 метр тереңдікте кездеседі. Соған қарамастан жерасты суының қоры шектеулі, ол жыл бойынша шамалы мөлшердегі үй жануарларын ұстауға мүмкіндік береді.

Оған қарағанда тереңдегі грунт суларының қоры көбірек, ол құмның әр түрлі бөліктерінде сақталған. Олардың көбісі өте тұзды және ауыз су ретінде пайдалануға қолайсыз.


Құм көп мөлшерде ұстауға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды жағдай – қыс кезінде жануарлар қолайсыз ауа райы кезінде пайдаланатын құмдағы өсімдіктер, осы құмның релефімен тығыз байланысты. Бархандарда сирек бұталы ақселеу, куянсуека, сүттіген жерсағыз, қаңбақ. жузген кездеседі. Кейбір бөліктерінде изен қылша, жуа өседі. Ал төменгі бөліктерінде өсімдіктер дүниесі қалыңырақ: вейнек, сексеуіл, бидайық, қоңырбас, жиде т.б. бар.

Ауылшаруашылығында құмдар жыл бойғы жайылым ретінде көбірек пайдаланады. Бірақ негізсіз көп пайдалану өсімдіксіз барқын құмға айналады. Ондай құмдар жайылым ретінде қолданбайды.

Барқын құмының құмды массивтері аллювиалды – құмды шөгінділермен ерекшеленеді.

Рельефтегі өсімдік бір тексіз. Оның құрамы оның қолдану түріне қарай және беткей экспозициясымен сипатына байланысты. Жалпы көп кездесетін өсімдітер (теріскен, жүзген жыңғыл, тамирикс т.б кездеседі.).

Құмда ылғалдылықтың төмен болуына байланысты мұндағы климаттық жағдайлар ауылшаруашылық дақылдарды өсіруге қолайлы емес. Жылдың орташа жауын – шашыны 170 – 220 мм, құрайды, ал ауа температурасы 4,2º. Жылдық жаз мезгіліндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 27 % жетеді. Аяссыз өтетін период – 160 тәулікті құрайды. Жағымды температуралар суммасы 3000º құрайды. Шаруашылық жағдайда мұндай топырақ жер шаруашылығына мүлдем жарамайды. Себебі мұнда топырақтың ылғалдылығы өте аз және органикалық заттарға өте кедей болып келеді. Ашық каштанды топырақтар жайлымға пайдаланады. Табиғи шаруашылық қарым – қатнасында, бұл зона топырағы мал шаруашылығына жайлы. Зоналық топырақ тек қана арнайы жылдарда, егерде жылдық қысқы көктемгі периодында ондағы ылғал жақсы болған жағдайда дәнді дақылдардан жақсы өнім алуға болады.

Топырақ түзуші жыныстар ретінде қатпарлы құмдақ болып саналады. Топырақ беті ашық каштанды құмдақ топырақ пен көрсетілген. Мұндай ашық каштанды құмдақ топырағының өсімдік жамылғысы тым қалың емес. Көбінесе ерекшөп және жусанмен көрінеді. Барқын құмдары өсімдіктерге кедей. Тек қана Ойыл өзенінің бойындағы құмдарындағы батыс жақ перифериясында орман алқабы мен қайың ағаштары кездеседі.

Ауданның сумен қамтылуы негізіне Ойыл өзенімен оған құятын салалардан қамтылады, олардың ішіндегі ең ірілері болып Ащы Ойыл және Қуырдақты болып саналады. Ал құмды массивтердің сумен қамтылуы өте нашар. Сирек құдықтарды тек құмдақ перифериясы бойынан көруге болады

Ашық каштанды құмды және құмайтты топырақта аз толқынды – жазықтықты Саралжын елді мекенінде Ойыл өзеннің жоғары ағысының оң жағалауында орналасқан жалпы ауданы 274 мың гектар.

Топырақ түзуші жыныстар болып көбінесе топырақ шөгінділері табылады. Елді мекенде көп тараған ашық каштанды құмды құмайтты топырақтар болып табылады. Жеке аралдар болып орнатылған жазықтық құмдарының массивтерімен ерекшеленеді.

Осы Барқын құмы аумағында орналасқан елді мекендер мал шаруашылығын, пішен шабу және жайылымды пайдаланады. Ашық каштанды құмайтты топрақтың кейбір учаскелеріне астықты мәдениеттер, негізінен тары өсірледі бұл учаскілерді пайдаланар кезінде бұл жерлердің дефляцияғақатты ұшырайтынын ескеру қажет.



ІІ.1.4. Гидрогафиясы
Барқын құмы ландшафтысының негізгі өзен жүйесі-Ойыл болып табылады. Ойыл өзені бассейіннінің территориясы Каспий маңы ойпаты және Солтүстік – Батыс Каспий маңының тектоникалық батыс борт маңы зонасы болып табылатын, Орал алды жазықтығының құрамына кіреді. Бұл жағдайда Солтүстік – Батыс Каспий маңына Орал өзенінің жазықтығының Ойыл өзенінің сол жағалауы бойынша Каспий маңы жазықтығының Солтүстік – Батыс алаңы, солтүстігінде және батыста – Урал үсті сыртының және Орал алды жазықтығының баурайы оңтүстікте – Үстірт маңы жазықтығы жатады.

Ойыл өзені Орал – Ембі өзен аралықтанының территориясы бойынша солтүстік – батыс бөлігін қамти ағады.

Ойыл өзені – Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстар жеріндегі өзен. Ұзындығы 800 км, су жиналатын алқабы 31500км2 Ақтөбе облысындағы Қандағаш темір жол станциясының солтүстік батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында бірнеше тармаққа бөлінеді, құмнан өте бірнеше көлге құяды. (Ертеде Жайық өзеніне құйған). Өзенің жоғары және орта бөлігіндегі аңғар терең сай – жырамен тілімденген төменгі бөлігі белесті жазықпен ағады. Жерасты, жауын – шашын суымен қоректенеді көктемде қар суымен өзен деңгейі көтеріледі, минералдығы азаяды. Жазда иірімдерге бөлініп, тұздылығы артады. Басты салалары Ащыойыл, Кенжеғалы, Қиыл, Қайыңды. Жылдық орташа су шығыны Ащыойыл тұсында 8,50 м3 \сек. Өзенің балықтары :мөңке , аққайраң, шортан, қаракөз, алабұға, ақмарқа, көксерке, табан, құты, қызылқанат, саған, жайын. Жайылмасы Ақтөбе, Атырау облыстары шаруашылықтарының шабындығы. Суына егін, мал суарлады. Өзен бойына Миялы, Ойыл т.б елді мекендер орналасқан. Басын Мұғаджар тауынан алып, кезінде құм жоталарды жарып отыра Каспий теңізіне құйылған Ойыл өзені қазір Тайсойған құмдарына барып сіңіп, жоғалады. Ащыойыл, Кенжеғалы, Қиыл, Ащықұмды, Шилі, Қандыағаш, Жарлы, Батпақты, Бабатай, Шағырлықұмды, Ащыөзен, Қарасай, Қуырдақты, Қарағанды, Құмды, Қаңбақтысай салаланып, ауданың құба жолдарымен құм белдерін өрнектей ежелгі Ойылға кеп қосылады.
Ойыл өзенінің жайылмасының флористикалық сипатамасы

Ойыл өзенінің жазықтығының зерттелген ауданындағы өсімдік жамылғысында 58 тұқымдасқа және 232 тұқымға жататын, 474 гүлді өсімдіктердің түрі анықталған. Түр қатынасында жиынтықта жалпы есепте 48% - ды құрайтын, ең көп тұқымдастар: астраның – 86, жалбыздың – 51, бұршақтың 37, крест гүлділер – 32, маревые – 26 түрлері болып табылады.

Ең көп түр алуандылығына мына тұқымдар ие: қияқ – 13, жусан – 11, тал- 8, шұбаршөп және жолжелкен – 7 түр, жуа, таспашөп, жылаңқышөп, жалбыз, қарақұмық, табан жапырақ сияқты тұқымдастар 6 түрден тұрады;алабота, жоңышқа, таусағыз -5 түрден , ал қалғандары 1- ден 4 түрге дейін құрайды.

Зерттелген флораның эколого – морфологиялық талдауы 97 түрдің \20,6% \ ксерофиттер, 68 түр \ 14,3% \ - мезофиттер, 147 түр \31,3%\ - мезофиттер тобына жататын, 87 түр \ 18,3% \ - ксерофиттер, 13 түр \2,6%\ - гигрофиттерге және 20 түр \ 4,2%\ - гигрофиттерге, 9 түр \1,9%\ - мезгигрофиттерге жататынын көрсетті.

Тіршілік ортасының сипаты өсімдіктердің экологиялық типіне себепші болады: 84 түр дала ксерофиттері және мезоксерофиттері болып табылады, ал 183 типтік шалғындық өсімдіктер болып табылады. Шалғынды далалыққа 65 түр жатқызылады. Зерттелген флора арасында 53 түр галофиттер және 34 түр псамофиттер кездеседі.

Ойыл өзенінің жайылмасының өсімдік жамылғысының құрылуында әртүрлі тіршілік формалары қатысады, 474 түрдің 10 түрі ағаштармен, 25 түрі бұталар және бұташықтармен, 19 түрі жартылай бұталармен сипатталады. Шөптердің 410 түріайқындалған, оның ішінде 35 түр екіжылдық, 110 – біржылдық, қалғандары 265 түрі көпжылдық өсімдіктер болып табылады.

Түрлердің қазіргі таралуы, олардың ареалдарының нақтылануының және ареалдар типтерінің топтарға жинақталуының негізінде, біз 397 шөптесін өсімдіктер түрлерінің ішінде жайылма шалғындарындағы шөптің қалындығының құрлымында қарағайлы орман (188 түр) және далалық (125түр) флоралары ең негізгі мәнге ие деген нәтежеге келдік. Оңтүстікке жылжуына байланысты жайылмалық шөптердің қалыңдығында Тұрандық және Қазақстанды–Тұрандық провинцияларының шөл даласының үлесінің \72түр\ қатысуы жоғарлайды.

Қарағайлы орманың флорасының арасында паларктикалық \31%\ және еуропалы – сібірлік \ 19% \ түрлері кең байқалады. Еуропалық және Сібірлік флораның қатысу үлесі аз \ 7 және 6% сәйкес \.

Дала флорасы негізіне понтикалық \ 59% \ және жерортатеңіздік \29%\ түрлермен сипатталады.

Шөл дала флорасының құрамына Арал – Каспийлік \ 26% \, орталық азиаттық \ 32% \ , еуропа – азиаттық \ 24% \ түрлер кіреді. Ең жиі кездесетін жерортатеңізді – тұрандық, орта азиаттық, иранды – орталық азиаттық түрлер болып табылады.


Каталог: uploads -> doc -> 01f6
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01f6 -> Сабақтың тақырыбы : Ғ. Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет