Жүрек аускультациясы: қалыпты және патологиялық жүрек тондары. Диагностикалық маңызы



бет7/8
Дата17.10.2022
өлшемі10,5 Mb.
#153434
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№10 ЖүрекТондары

Екінші тонның әлсіреуі:

  • Қолқа және өкпе артериялар қақпақшалары жетіспеушілігі – қақпақшалар өзгерістері – тербеліс әлсіреуі – тонның әлсіреуі
  • Қолқа және өкпе артериясы сағағы тарылуы – сағақ арқылы өтетін қан көлемі аз. Сондықтан диастола алдындағы ірі тамырлардағы қысым төмен, жарты айшықты қақпақшаларға берілетін гемодинамикалық соққы күші де төмен,
  • тон әлсірейді

Екінші тонның күшеюі (акценті) - өкпе артериясы мен қолқадағы 2-і тондар күші салыстырылады. Тонның күшеюін акцент деп аталады: қолқадағы не өкпе артериясындағы 2-і тон акценті делінеді

  • Қолқадағы 2-і тон акценті АГ-нің барлық түрінде кездеседі
  • Өкпе артериясындағы 2-і тон акценті кіші қан шеңберіндегі АГ белгілері: жүрек ақаулары, ӨСОА, кеуде деформациясы, өкпе артериясының склерозы т.б.

Акцент механизмі – артериальды гипертензияда қан бағанасының жарты айшықты қақпақшаларға кері бағытталғанда беретін толқын күші өседі, қақпақшалар дірілі өсуі екінші тонның акценті пайда болуына әкеп соқтырады

Жүрек тондарының саны өзгеруі

  • Тондар дыбысы бірлестігі бұзылуының бастапқы сатысы тонның жарықшақтануы деп, ал жоғарырақ дәрежесін тонның бөлінуі деп атайды.
  • 1-і тонның бөлінуі:
  • - физиологиялық не
  • - патологиялық өзгерістер салдары бола алады.

Жүрек тондары бірлестігі, жарықшақтануы, бөлінуі

1-і тонның жүрек ұшы тұсында физиологиялық бөлінуі іштен терең дем шығарғанда кездеседі

  • Осы кезде кеудеішілік қысым өседі, қан ағымы күшпен өкпе веналарынан сол жүрекшеге құйылады да, митральды қақпақшаның жабылуын тежейді. Сондықтан атриовентрикулярлы қақпақша дыбыстары бөлек естіледі.

В патологических условиях раздвоение 1-і тонның жүрек ұшы тұсында патологиялық бөлінуі мына жағдайларда кездеседі:

  • Үлкен қан шеңберіндегі жоғары деңгейлі АГ: гипертензияға байланысты қолқа қақпақшасының ашылуы 1-і тонның басқа бөліктеріне қарағанда тежеледі
  • Гисс будасының бір аяқшасының блокадасы: қарыншалардың асинхронды жиырылуы
  • Миокардтың қабыну және дегенеративті өзгерістерінде де тон бірлестігі бұзылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет