Жүсіп Баласағұнның еңбектеріндегі афоризмдер, ондағы дүниетанымдық көзқарас Мазмұны кіріспе



бет5/5
Дата08.09.2017
өлшемі1,05 Mb.
#31910
1   2   3   4   5

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда XXI ғасырдың бастау шенінде өмір сүріп жатқан қазақ елінің әлемдік кеңістікте өзінің лайықты орын алуын мақсат етіп отыр. Осы биіктерге жету мақсатында, егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы экономикалық өзгерістер барысында қазақ тілі мен әдебиеті, сонымен қатар діні аса асқақ тұруы, тарихымыздағы ұмыт болған пайдалы жәдігерлерді жаңғырту қажеттігі туып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Ұлттық идеяларды іздестіру барған сайын көкейкесті сипатқа ие болып отыр»,− деген сөзі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасын, тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың қайталанбас мұраларын қайта жаңғырту мен жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге бағыттайды. Сондықтан, құнды еңбектерді зерттеп, жастарға таз қалпында жеткізу, олардың бойына ата-бабамыздың өсиет етіп қалдырған асыл мұраларын сіңіру, жалпыадамзаттық құндылыққа, оның ішінде, тіліміз турасын да дүниетанымға жаңаша көзқараспен қарау қазіргі әдібиеттану ғылымының назар аударып отырған мәселелерінің бірі болып табылады [53, 58-59].

Қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгерту «Білім туралы» Заңының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Сол сияқты жастарға рухани тәрбие беру туралы «Қазақстан – 2030» тұжырымдамасында: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,– деп көрсетілген. Бұл ойға ұласатын «Мәдени мұра» бағдарламасында ұлттық тәлім-тәрбиелік ұғым-түсініктерінің бүгінгі ұрпаққа берері мол сан ғасырлық рухани қазынасы туралы айтылады және бағдарлама арқылы халқымыздың бай тарихын, оның ерекшеліктерін әлемдік деңгейге көрсету көзделген. [54, 74-79]

«Құтты білік» дастанынының аталып өткен үш нұсқасының өзіндік ерекшеліктері бар, яғни әрбір қолжазбаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сол себепті ғалымдар үш нұсқасын да өзара салыстырып зерттеп, «Құтты білік» шығармашының ғылымға негізделген толық мәтінін жасап шығару үшін көп еңбек сіңірді. В.В. Радлов бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысты. «Құтты білік» дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зеттеуге С.Е.Малов, Е.Э.Бертельс, А.Валитова, К.Каримов, С.Муталлибов және де отандық Х.Сүйіншалиев, Н.Келімбетов сынды ғалымдардың мол үлес қосты [55, 93-94].

«Құтты білік» - ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. «Құтты білік» дастанының ғасырлар санынан өткен, заманалар бойы мәнін жоғалтпай жеткен түрлі әдеби, тарихи, философиялық, көркемдік заңдылықтары өзінше бар әлем.

«Құтты білік»:

А) Түркі тіліндегі сөзөнерінің, ой өнерінің сөлін бойына жиған, бірегей бітімді поэзия шығармасы;

Ә) Дастанның бүкіл мазмұны ел бірлігін сақтап, елді құтайтуға, қорғауға, өнер, ғылым, білімді дамытуға шақырады. Кісілікті қорлауға, орынсыз қантөгіске, әлеуметтік әділетсіздікке жаны қас ақынның дүниенің қызығы, құты – білім, ақылды, адамшылықта деген мүддесін биік көтерген толғаныс;

Б) Насихат, ғақлия саздары айқын, елдік, мемлекеттік құрылысты егжей-тегжейлі түсіндірген тариқат;

В) Адам баласының отбасы бақытына, тұрмыс-қызығына (бала тәрбиесі, туыстық қарым-қатынас, отбасы, ана, жар, адамшылық) терең мағына қосқан тебіреніс;

Г) Заманның уақытына озмыштығына ойшылдықпен мән берген, дүниенің асыл мәнін байсалды түсіндірген ақылман дастан [56. 9].

Классикалық шығармалар заман сыңайын, дәуір бедерін уақыт көшінің бір үздік сәтіндей хаттап кетеді. Тіршілік, тұрмыстың көркем өрнектері арқылы кезеңдік заңдылықтарды, дидактикалық типтік құбылыстарды тұтас көзге түседі. Дастан бәйіттерінде сараланған әлеуметтік топтардың портреттері, қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың өзекті өрнектері, сан қырлы психологиялық кескіндеулер уақыт озса да тозбайтын, бояуы солғындамайтын таланттылықпен бедерленген суреттер екендігі айқын. Солардың бәрінің тұғырындай тұтас дәуір тұрқы туралы толғаныстары көркемдік қуатымен де, ширыққан шиеленісті күйімен де, шындығымен де бүкіл дастанның идеясын меңзейді. Заман азған, парықсыздық жайлап, надандық талаған тұста қайтіп ел болмақты күңірене, күйзеле жырлаған. Ұлт мұраты, ұлттық қасиет дегеннің бір ұшығы осылар деп білген [57,68-69].

Құтты ел құру үшін не істемек жөн, адам қайдай, қоғам қандай болғаны ләзім, бәрін де жіпке тізгендей ақындық тілмен түгендеп шыққан. Жүсіп көзі көріп, көкірегін өртеген заманның ащы шындығын ашына ақтарады. «Ащы айтты деп кінәлама ақынды, ащы сөздің түбі балдай татымды» дей отыра жан күйзелісін жасырмайды. Жүсіп Хас Хажибтің ақындық мұң-зарын тарихқа жетік қазіргі оқырман да түсініп қабылдайды. Тура бастап, тік сөйлейтін ақиқатшыл арқалы талант осы дастанның түйінді тарауларында барынша серпіліп, ашылады. Жүсіп Баласағұнның еңбегіндегі тәлім-тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер яғни афоризмдердің түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады.

«Құтты білік» шығармасында отбасы, ата-ананың алатын рөлі туралы, бала мінез-құлқы, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді.

Сонымен қатар ғұлама ағартушы «Құтты білік» дастаны - , Х.Сүйіншалиевтің айтуынша, «орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілердің таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп айтарлық әдеби мұра».

Дәуір үні болған кемеңгер жыраулар – ханның шешімін бұқара халыққа, ал халықтың талап-тілегін, уәжін ханға жеткізуші дәнекер буын іспеттес болды. Сөйтіп, ел басқарған хандарға, сұлтандарға ақыл-кеңес беріп, оларға бағыт-бағдар сілтеп отыру дәстүрін қазақ жыраулары жалғастыра түсті.

Жүсіп Баласағұн елді басқару ісінде уәзірімен терезесі тең тұратын қызмет иесі ләшкербасы, әскери қолбасшы, ел қорғаған батырлар деп біледі. Ақын уәзір мен ләшкербасының міндеттері, ел басқарудағы олардың атқаратын рөлі мен қоғамдағы орны туралы айта келіп, уәзір мен ләшкербасын бір аттың басына салынған жалғыз шылбырдың екі жақ тізгініне ұқсатады. Бұлардың бірі – елді қалам-қағазбен басқарса, екіншісі – қылышпен жөнсіздерді жөнге салады.

«Құтты білік» дастанының авторы терең ойлы ақын кедейлер, аш-жалаңаштар, жетім-жесірлер, кемтар жандар туралы айта келіп, ел билеген әкімдерді шапағатты, мейірімді, жомарт, ынсапты болуға, мал-дүниесін мұқтаж жандарға үлестіріп беруге үндейді:

Кездестірсең кедей жанды жолыңда,

Тамағын бер, сусын ішкіз, тілектерін орында.

Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанында жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік, аңқаулықпен аярлық сынды өзара қарама-қарсы қойып салыстыра жырлау арқылы оқырманға осы қарама-қайшылықтар арасында таңдау жасауға мүмкіндік береді. Сол арқылы ақын айтар ойын тереңдете түседі. Мәселен, ақын: ауырмас – денсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса –тірі кездің қадірін түсінбейді, қайғысыз адам қуаныш сезімінің құдіретін толық сезіне алмайды деген секілді бірқатар дүниетанымдық пікірлерін қозғайды.

Дастанда ғұлама ақын ерекше мән беріп, зор шабытпен жазған аса маңызды дүниетанымдық мәселелерлің бірі – адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Ақын жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қоластындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешесіне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек деген сауалға жауап береді. Соның өзінде, Жүсіп Баласағұн жастардың әке-шешесіне көрсететін құрметімен қызметін аса киелі құбылыс деп қарайды. Ақын баланың әке алдындағы парызынислам дінінің қағида-ережелеріменбайланысты түрде алып түсіндіреді [89, 210-211].



Пайдаланған әдебиет көздерінің тізімі:

1. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. Алматы:

Қазақ университеті, 1991.

2. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Көркемдік дәстүр жалғастығы). Зерттеу. Алматы «Ана тілі», 1998. – 256 б.



  1. Әбиева Ж. Педагогика тарихы. Алматы. «Санат», 2006.

  2. Сөнбес жұлдыздар/(Құраст.Б.Ысқақов. – Алматы: Қазақстан, 1989- 271 бет.-(Достық дастаны)

  3. Тухлиев Б. Вопросы поэтики «Кутадгу билиг» Юсуфа Хас Хаджиба. – Т.: Асрматбуот, 2004.- 214 с.

  4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. 4-том

  5. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Көркемдік дәстүр жалғастығы). Зерттеу. Алматы «Ана тілі», 1998. – 256 б.

  6. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 5-т.:Жүсіп Баласағұн. Құтты білік/Көне тіркі тілінен аударып, алғы сөзімен түсініктемелер жазған А.Қ.Егеубаев. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2007. – 536 б. – (Әдеби жәдігерлер)

  7. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдeбиеті бастаулары). Жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2005.- 336 б.

  8. Жүсіп Баласағұн. Павлодар: «ЭКО»ҒӨФ, 2003. – 208 б.

  9. Ысқақұлы Д. Түркі әлемінің рухани жұлдыздары [Жүсіп Баласағұн].//Жалын. 2013.- №10 74-75бб.]

  10. http://bilimkozy.idhost.kz/319-abay-nanbaev-22081845-azrg-semey-obl-abay-aud-05071904.html

  11. Әділдаев Ж. Қазіргі таңда «Құтты білік» дастанының үш нұсқасы белгілі. //Аңыз адам. 2013.-№18

  12. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. Алматы: Қазақ университеті, 1991.

  13. Сөнбес жұлдыздар/(Құраст.Б.Ысқақов. – Алматы: Қазақстан, 1989- 271 бет.-(Достық дастаны) 218-219

  14. Түбі бір түркі тілі. Алматы,1993.

  15. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 5-т.:Жүсіп Баласағұн. Құтты білік/Көне тіркі тілінен аударып, алғы сөзімен түсініктемелер жазған А.Қ.Егеубаев. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2007. – 536 бет. – (Әдеби жәдігерлер)

  16. Егеубай А. «Құтты білік» - түркі әлемінің ұлы мұрасы.//Аңыз адам. 2013.-№18

  17. Йүсүп Ұлық Хас-Хажиб Баласағұни. Құтадғу білік. Наманган нұсқасы.– Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2004. – 226 б.

  18. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдeбиеті бастаулары). Жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2005.- 336 б.

  19. Түрік халықтары әдебиеті тарихы. Хрестоматия. – Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркітану орталығы баспасы, 2005. –342 б.

  20. А.Алиев. “ Қутадғу билиг” ва “Девону луғот ит-турк”нинг Наманган шеваларига муносабати .-// Ўзбек тили ва адабиёти,1970, 6-сон. 35-37б.

  21. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 5-т.:Жүсіп Баласағұн. Құтты білік/Көне тіркі тілінен аударып, алғы сөзімен түсініктемелер жазған А.Қ.Егеубаев. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2007. – 536 б. – (Әдеби жәдігерлер)

  22. Түрік халықтары әдебиеті тарихы. Хрестоматия. – Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркітану орталығы баспасы, 2005. –342 б

  23. Сөнбес жұлдыздар/(Құраст.Б.Ысқақов. – Алматы: Қазақстан, 1989- 271 б.-(Достық дастаны) 218-219

  24. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.- Шымкент, 2005.

  25. Юсуф Баласагуни. Благодатное знание. / перевод С.Н. Иванова М.1990.- 418 стр

  26. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995.

  27. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдeбиеті бастаулары). Жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2005.- 336 б.

  28. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері. [Ерте дәуірден XIX ғасырдың аяғына дейін]. Ред.басқарған Ә.Х.Марғұлан. Алматы, «Қазақстан», 1967. – 388 б.

  29. Сидиқов Қ. “Қутадғу билиг” тўртликларининг инглизча бадиий таржима хусусиятлари. Филол. фан. ном. ... дис. автореф. – Т.: 2010. – 26 б.

  30. Мәдібай Қ.Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2-ші кітап: Оқу құрал. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.-270 б.

  31. Қоңыратбаев Т. Көркемдігі айтарлықтай бтік болмаса да, тарихи қызметі биік ба,аланады.//Аңыз адам. 2013.-№18 13-14

  32. Nazarov B. KutalguBilik: One of the first written monuments of the aesthetic thought of the Turkic people. Режимдоступа:http://vlib.iue.it/carrie/texts/carrie_books/paksoy-4/2-1.html

  33. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 5-т.:Жүсіп Баласағұн. Құтты білік/Көне тіркі тілінен аударып, алғы сөзімен түсініктемелер жазған А.Қ.Егеубаев. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2007. – 536 б. – (Әдеби жәдігерлер)

  34. Маликов Р. Ш. Утопический гуманизм древнетюркского просветителя Х века Юсуфа Баласагуни [Электронный ресурс] / Р. Ш. Маликов // Режим доступа: http://www.fan-nauka.narod.ru/2007-2.html, свободный. (0,75 п.л.)

  35. Жүсіп Баласағұн. Павлодар: «ЭКО»ҒӨФ, 2003. – 208 б.

  36. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдeбиеті бастаулары). Жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2005.- 336 б.

  37. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности.М.-Л., 1951. 271-286

  38. Жүсіп Баласағұн. Павлодар: «ЭКО»ҒӨФ, 2003. – 208 б.

  39. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері. [Ерте дәуірден XIX ғасырдың аяғына дейін]. Ред.басқарған Ә.Х.Марғұлан. Алматы, «Қазақстан», 1967. – 388 б.

  40. Демеуова Л. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы интеллектуалды тәрбие. //Ұлағат. 2010.- №6

  41. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдeбиеті бастаулары). Жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2005.- 336 б.

  42. Әнуарбекқызы Ә. Баласағұн ойларындағы басты мақсат – адамның өзін-өзі тәрбиелеуі.//Аңыз адам. 2013.-№18

  43. Тухлиев Б. Вопросы поэтики «Кутадгу билиг» Юсуфа Хас Хаджиба. – Т.: Асрматбуот, 2004.- 214 с.

  44. Түрік халықтары әдебиеті тарихы. Хрестоматия. – Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркітану орталығы баспасы, 2005. –342 б.

  45. http://www.kultegin.kz/#!2_1_18

  46. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері. [Ерте дәуірден XIX ғасырдың аяғына дейін]. Ред.басқарған Ә.Х.Марғұлан. Алматы, «Қазақстан», 1967. – 388 б.

  47. Әбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика. Алматы. «Білім»,1992.

  48. Сүйіншалиев Х. Орта ғасырлар әдебиет ескерткіші. Алматы.

  49. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы. «Санат», 2006.

  50. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері. [Ерте дәуірден XIX ғасырдың аяғына дейін]. Ред.басқарған Ә.Х.Марғұлан. Алматы, «Қазақстан», 1967. – 388 б.

  51. Әнуарбекқызы Ә. Баласағұн ойларындағы басты мақсат – адамның өзін-өзі тәрбиелеуі. //Аңыз адам.2013.-№18

  52. Жүсіп Баласағұн. Павлодар: «ЭКО»ҒӨФ, 2003. – 208 бет.

  53. Zhemeney I. Balasagun – founder of glorification genre in the Turkic and Islamic literature.//Angyz adam. 2013.-№18

  54. Abilova Z., Kalieva K. Ethnopedagogics. Almaty. “Bilim”, 1992.

  55. Dankoff R. On nature in Karakhanide Literature. Journal of Turkish Studies, 4, 1980.

  56. Yusuf Khass Hajib, Wisdom of Royal Glory (Kutadgu Bilig): A Turko-Islamic Mirror for Princes, translated, with an introduction and notes, by Robert Dankoff. University of Chicago Press, 1983. Pp. 281

  57. Yusuf BalasaguniI. Beneficent knowledge / Translated into English by Walter May. – M., 1998.

  58. Юсуф Баласагуни. Благодатное знание. / перевод С.Н. Иванова М.1990.- 418 стр

  59. http://uyghur.co.uk/en/literature.html

  60. Сөнбес жұлдыздар/(Құраст.Б.Ысқақов. – Алматы: Қазақстан, 1989- 271 бет.-(Достық дастаны)




Каталог: uploads -> doc -> 0874
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0874 -> Литература Учитель: М. С. Ахметова Тема урока Урок поэзии. Стихи С. Есенина и М. Макатаева. Сравнительный анализ
0874 -> Сабақтың тақырыбы: Нарюрморт Сабақтың мақсаты
0874 -> Сабақ: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері»
0874 -> Көкшетау облысының Қызылту ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылы) дүниеге келді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет