К. Я. Парменов эксперименттің техникасына қана назар аудармай, сонымен қатар, оқыту процесіндегі методикасына да басты назар аударды. Ол былай деген Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжіри



бет2/24
Дата30.01.2022
өлшемі220,15 Kb.
#130167
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Лекция Химиялык эксперимент
өөә, 3ada9d697b5996b9d17251a97de8af8c39063d0a
Дәріс 5,6

Химиялық  экспериментті  ұйымдастыру    мәселелері.

Жоспары:

  1. Химиялық  экспериментті  қоюда  мұғалімнің  жұмысы.

  2. Химиялық  экспериментті жүргізуде  оқушының  оқу  әрекеттері.
    3. Химиялық  экспериментті  қоюда  зертханашының  жұмысы.

 

  1. Химиялық  экспериментті  қоюда  мұғалімнің  жұмысы.

Химиялық эксперименттің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып мұғалім оқушыны теориялық білімдерін нақтылауға, жинақтауға және практика жүзінде іске асыруға үйретеді. Химиялық эксперимент оқушыларға теория жүзінде оқыған, меңгерген түсініктері мен қалыптасқан білімдерін практика жүзінде көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, жасап көруі арқылы тереңдетуге көмектеседі. Оқушылар жинақтаған білім, біліктерін және қалыптасқан дағдыларын тек орта мектепте ғана пайдаланып қоймай, одан кейін де пайдалана алады.

Химия пәнін үйретудің тиімділігі оқу материалын жалпы жоспарлаумен тығыз байланысты. Жоспарлау кезіндегі шешілетін негізгі міндеттер – оқу процесін тиімді қарастыру; оқу материалының көлемін анықтау; сабақ кезіндегі және үйге берілетін тапсырмаларды жинақтау; зертханалық тәжірибелерді және практикалық сабақтарды жүргізу, эксперименттік есептеулерді шешуге арналған сабақтарды жоспарлау және уақытын анықтау, барлық сабақ түрлерін қорытындылау.

Химия пәнін үйретудің тиімділігі оқу материалын жалпы жоспарлаумен тығыз байланысты. Жоспарлау кезіндегі шешілетін негізгі міндеттер:


  • оқу процесін тиімді қарастыру;

  • оқу материалының көлемін анықтау;

  • сабақ кезіндегі және үйге берілетін тапсырмаларды жинақтау;

  • зертханалық тәжірибелерді және практикалық сабақтарды жүргізу;

  • эксперименттік есептеулерді шешуге арналған сабақтарды жоспарлау және уақытын анықтау, барлық сабақ түрлерін қорытындылау.

Химия пәнінің мұғалімі барлық тақырыптар бойынша және белгілі бір сабақ бойынша экспериментті жоспарлай алуы керек, оны әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүргізе білуі керек .

Ақыл – ойдың дамуында теория маңызды роль атқарады, бірақ эксперимент жүргізілетін болса, онда оқушылардың білім сапасы сөзсіз артар еді. Жалпы химиялық экспериментті жүргізу жолын бірнеше этаптарға бөлеміз:



1-этап. Химиялық тәжірибені жасауды теориялық негіздеу;

2-этап. Тәжірибе барысын жоспарлау;

3-этап. Тәжірибеге қажетті құрал – жабдықтар мен реактивтер   жиынтығын дайындау (қажет жағдайда қондырғы дайындау);

4-этап. Тәжірибе барысында қажет техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру;

5-этап. Тәжірибені жоспар бойынша жүргізу, бақылау, қажетті мағлұматтардыжазып отыру;

6-этап. Тәжірибенің аяқталуын мұқият қадағалау;

7-этап. Тәжірибе нәтижесінде қорытындылау қажетті реакция    теңдеулерін, есептеулерді жүргізу;

8- этап.  Тәжірибе барысын және нәтижесін бағалау

Химиялық эксперименттің бірнеше түрлері бар, оның әрқайсысың өзіндік  ерекшеліктері, яғни білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары болады. Бұл мақсаттар оқушылардың химия сабағына деген қызығушылығын, еңбекке баулуын және ең бастысы  құзыреттілігін жоғары деңгейде қалыптастырады .

Мұғалім үшін химиялық эксперимент  бір жағынан , оқушыларды түсіну мен танып білу, олардың өзіндік ерекшеліктерін бағалауға, екінші жағынан, өзіндік құндылық, жұмысқа деген шығармашылық ізденіс және жеке ойларын жүзеге асырудағы негізгі мүмкіндік болып табылады. Мұғалімнің іс – әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақылаған экспериментті мұғалім көрсеткендей етіп жасауға тырысады. Мұғалім көрсеткен эксперименттерді байқай отырып, оқушылар құбылыстың мәнін түсінумен қатар, құралдың құрылысы, оның бөлщектерінің орналасуы, жеке жұмыстарды орындау реті, жұмысты дұрыс істеу мен құрал – жабдықтарды дұрыс қолдана білу жөнінде түсінік алады.   

Мұғалім еңбегінің ең бастысы сыныптағы оқушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Ол әр баланың жас ерекшелігімен жеке қабілеттерін ескере отырып, танымдық қызығушылығын қалыптастыруға міндетті. Жеке жұмыс жүргізу үшін түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану баланың еңбек дағдысын, шығармашыл, дара қабілеттерін дамытады .

Зерттеу барысында тынымсыз ізденіс арқасында кей кездері мектепте елеусіз жүргізілетін үйірме жұмыстарында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеу арқылы оқушылардың дарындылық қабілетін ашуға, ізденіске түсуіне, нәтижесінде оқушылардың  ғылыми жұмыспен айналысып, аудандық олимпиадада жүлделі орындарға ие болуына әкелді. Бұл үлкен жауапкершілікті керек етеді. Мұндағы ерекшелік – оқушы білімді саналы меңгереді, біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, салыстыру, дәлелдеу т.б. дағдыларды қалыптастырады.

Кейбір кезде оқушылар өздері түсінейтін терминдерді жаттау арқылы, берілген материалды тек оқып алуына шектеледі. Химия пәнінің білімділік пен тәрбиелік мәнін терең түсіндіру үшін өмірмен байланысын күшейту қажет.



 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет