К. Я. Парменов эксперименттің техникасына қана назар аудармай, сонымен қатар, оқыту процесіндегі методикасына да басты назар аударды. Ол былай деген Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжіри



бет9/24
Дата30.01.2022
өлшемі220,15 Kb.
#130167
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Лекция Химиялык эксперимент
өөә, 3ada9d697b5996b9d17251a97de8af8c39063d0a
Дәріс 13,14.

Тақырыбы:  Эксперименттік  біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру  әдістемесі

 


  1. Эксперименттік  біліктер  мен  дағдылардың жіктелуі.

  2.  Эксперименттік білік пен дағдыларды қалыптастырудың әртүрлі тәсілдері.

  3. Эксперименттік біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру және  жетілдіру  әдістемесі.

 

  1. Эксперименттік білік пен дағдылардың жіктелуі

Химиялық эксперименттерді мүмкіндігінше жиі жүргізіп отыру оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелейді, оның бойында эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына үлкен септігін тиізеді. Үздіксіз жүргізіліп отыратын  эксперимент оқушылардың бойында төмендегідей эксперименттік білік пен дағдылардың қалыптастырады:

Ұйымдастырушылық білігі мен дағдысы:

  1. экспериментті жоспарлау;

  2. экспериментті жүргізуге қажет реактивтер мен құрал-жабдықтарды іріктеп алу;

  3. эксперименттік жұмыс жасау кезінде уақытты, реактивтер мен құрал-жабдықтарды, әдістерді. тәсілдерді ұтымды және орынды пайдалану;

  4. әрбір іс-әрекетін түсініп жасап, өзін-өзі бақылау;

  5. жұмыс орнында тазалық және тәртіп сақтау;

  6. жұмысты өз бетінше орындау.

Техникалық білік пен дағды:

  1. реактивтермен және  құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білу;

  2. дайын бөлшектер  мен ұсақ құралдардан аспап және қондырғы жинау;

  3. химиялық операцияларды орындау;

  4. техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Өлшеу жұмыстарын жүргізуде қалыптасатын білік пен дағды:    

  1. сұйықтар мен газдардың көлемдерін өлшеу;

  2. әртүрлі таразыда (техникалық, аналитикалық және т.б.) өлшеу жұмыстарын орындау;

  3. сұйықтардың температурасын және тығыздығын өлшеу;

  4. өлшеу нәтижелерін өңдеу.

Интеллектуальды білік пен дағды:    

  1. эксперименттің мақсатын және міндеттерін анықтау;

  2. ғылыми болжам ұсыну;

  3. бар білімін пайдалана білу;

  4. байқаған құбылыстарды және процестерді сипаттау;

  5. эксперимент нәтижелерін талдау;

  6. қорытынды жазу.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет