К. Я. Парменов эксперименттің техникасына қана назар аудармай, сонымен қатар, оқыту процесіндегі методикасына да басты назар аударды. Ол былай деген Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжіри



бет4/24
Дата30.01.2022
өлшемі220,15 Kb.
#130167
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Лекция Химиялык эксперимент
өөә, 3ada9d697b5996b9d17251a97de8af8c39063d0a
Дәріс 7,8.

ТақырыбыОрта мектепте химиялық эксперименттерді  өткізу ерекшеліктері. 

 


  1. Көрнекі  немесе демонстрациялық  тәжірибе технологиясы.
    2. Зертханалық  тәжірибелерді  қою.
    3. Практикалық  сабақтарды қою.
     

  1. Көрнекі  тәжірибе  технологиясы.

Көрнекі эксперимент негізінен жаңа материалды түсіндіру кезінде оқушыларда  заттар,  химиялық  құбылыстар  және  процестер  туралы       нақты  көзқарастар  қалыптастыру  үшін  жүргізіледі.  Ол  өтілген материалды аз ғана уақыт ішінде қорытындылау немесе маңызды қорытындыларды түсіндіруге  мүмкіндік  береді,  сонымен    қатар   ол  зертханалық тәжірибелерді және басқа да эксперимент түрлерін, жеке операцияларды жасауды  үйретеді.

Көрнекі эксперименттер келесі жағдайларда жүргізіледі:



  • тәжірибе жүргізу техникасы оқушылар үшін қиын болған жағдайда;

  • тәжірибені кейбір қауіпті заттармен (концентрлі қышқылдармен, сілтілермен, сілтілік металдармен жұмыстар, жоғары кернеулі электр тогымен жұмыстар және т.б.) жүргізу керек болған жағдайда;

  • тәжірибе жүргізуге қажет құрал-жабдықтар саны жеткіліксіз болған жағдайда;

  • көрнекі экспериментке сабақтың аз уақыты ғана берілетін болғандықтан, жұмысты жылдам жүргізу керек жағдайда.

Әрбір көрнекі эксперименттің бақыланатын құбылыстың сипатына байланысты және сабақтың нақты оқу-тәрбиелік міндеттеріне байланысты өзіне тән ерекшеліктері бар.

Сонымен қатар, химиялық көрнекі эксперимент төмендегі талаптарға сай жүргізілуі керек:



  • эксперимент көрнекі жүргізілуі керек (демонстрациялық столда жасалып жатқан жұмыс барлық оқушыларға толық және жақсы көрінуі керек);

  • эксперименттің жүргізілу техникасы қарапайым және түсінікті болу керек;

  • эксперимент олқылықсыз сәтті жүргізілуі керек;

  • қауіпсіз жүргізілуі керек.

Көрнекі  эксперименттің  педагогикалық  нәтижелігі,  оның  білімге       және  эксперименттік  білік  пен  дағдыға  әсері  экспериментті                 жүргізу техникасына тәуелді.

 

 



Дидактикалық міндеттерді шешу тәсілдері бойынша демонстрациялық эксперименттер  төмендегідей болып бөлінеді:

  •  заттың қасиеттерін зерттейтін эксперименттер;

  •  белгілі бір заттардды алуға немесе қосуға арналған эксперименттер;

  •  негізгі химиялық түсініктер, заңдар – теорияларды түсіндіретін эксперимент түрлері.

 

  1. Зертханалық тәжірибелерді  қою.

Зертханалық тәжірибелер - мұғалімнің бақылауымен оқушылар өз бетінше орындайтын жұмыс түрі. Зертханалық тәжірибелер жаңа материалды толық ұғыну үшін, теориялық білімді практика жүзінде жасап көріп толық және нақты, дәлелді білім алу үшін сабақтың кез-келген ыңғайлы бөлігінде жасалатын тәжірибе түрі. Зертханалық тәжірибелер сабақтың барлық бөлігін алмайды, тек белгілі бір бөлігінде ғана жасалады, яғни тәжірибені қай уақытта жасау ыңғайлы екенін мұғалім өзі алдын-ала ойластырып шешеді.

Көрнекі эксперименттпен салыстырғанда зертханалық тәжірибе орындау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жасайтын болғандықтан оларда біртіндеп эксперименттік білік пен дағды қалыптаса бастайды. 

Зертханалық тәжірибелердің демонстрациялық эксперименттпен ұқсастығы мұғалім жаңа материалды теория жүзінде түсіндіргеннен кейін оқушылардың білімін толықтыру үшін, оларда заттардың қасиеттері, химиялық процестер туралы көрнекі көзқарастар қалыптасуы үшін оны практика жүзінде оқушылардың өзі жасап көреді, бақылаған құбылыстарын талдауды, салыстыруды, бейнелеуді және қорытындылауды үйренеді.

Зертханалық тәжірибелерді жүргізуге төмендегідей талаптар қойылады:



  • оқушы жұмыстың мақсатын, міндетін және оның орындалу ретін толық түсінуі керек;

  • жұмысқа қандай реактивтер қанша мөлшерде қажет және олардың концентрацияларын да білулері керек;

  • жұмысқа қажет құрал-жабдықтар жиынтығын және әрбір құралдың қандай роль атқаратындығын білулері керек;

  • жұмыс жоспарын алдын-ала құрып, қажетті реакция теңдеулерін жазып, қажет болса қондырғының суретін салып, жұмыс барысында қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екендігін қайталап, дайындалып келулері керек;

  • сабақтың алдында мұғалім әрбір оқушының зертханалық жұмысқа дайындығын толық тексергеннен кейін ғана жұмыс жасауға рұқсат береді;

  • жұмыс жоспар бойынша ретпен орындалуы керек, мүмкіндік болса әрбір оқушы жеке орындағаны, тіпті екі оқушы бірігіп орындағандары дұрыс;

  • бастысы физика-химиялық құбылыстардың ең маңызды сәттерін байқай білулері керек;

  • байқаған, бақылағандарын дәптерге түсіріп, талдау жасап, салыстырып, қорытынды жазулары керек.

Дұрыс ұйымдастырылып жүргізілген зертханалық тәжірибелер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді, эксперименттік білік пен дағды қалыптасады.      

 


  1.  Практикалық  сабақтарды қою.

Зертханалық тәжірибелерге қарағанда практикалық жұмыс оқушылардан өз бетінше жұмыс жасауды көбірек талап етеді, яғни оқушылар үйден алдын – ала дайындалып келуі керек: жұмыстың мақсатымен, мазмүнымен, оны орындау ретімен үйде танысады, конспектілейді, жұмыс жасау жоспарын құрады. Оған қоса жұмысқа тікелей қатысы бар теориялық материалды қайталайды. Ол жұмысты түсініп істеуге үлкен септігін тигізеді. Практикалық жұмысты оқушы өз бетімен жасайтын болғандықтан оның жауапкершілігі, жинақылығы, тіпті тәртібі артады. Нәтижесінде дағды қалыптасып, пәндік құзыреттілік пайда болады.

Практикалық жұмыс жасау кезінде оқытушының рөлі:



  1. оқушының сабаққа дайындығын тексеру;

    1. жұмыс барысында кездесетін техника қауіпсіздгі ережелерін білуін және оны сақтауын қадағалау;

  1. тәжірибенің дұрыс орындалуын бақылау;





        1. оқушы тәжірибені түсініп орындап жатқанын бақылау;

          1. қажет болған жағдайда жеке дифференциалды көмек көрсету керек;

            1. жұмыс үстеліндегі реттілік тазалықты бақылау.

 

Практикалық сабақ кезіндегі оқушының іс – әрекетін және жазған есебін және т.б. бағалаудың критерийлері:



  1. Әрбір тәжірибені қатесіз және ұқыпты орындау;

  2. Реактивтермен, құралдармен жұмыс жасай білу;

  3. Сабақ барысында тәртіпті және техника қауіпсіздігін сақтау;

  4. Есепті (жазбаша) дұрыс, сапалы жазу (реакция теңдеулерін жазу). 

 

Әрбір практикалық жұмысты жүргізу уақыты оқу жоспары бойынша анықталады және практикалық жұмысқа арнайы сабақ жоспары жасалады. Сабақ жоспарында оқытушы бүкіл сыныптың және жеке оқушылардың жұмысына қалай бақылау және байқау жасау керек екендігін жұмыс жасау барысында оқушылар техникалық және теориялық сипаттағы қандай қиыншылықтармен кездесуі мүмкін екендігін жұмысты дұрыс жасалуы үшін оқушыларға қандай көмек көрсетуге болатындығын жоспарлайды. 

Сонымен қатар жоспарда:


  • реактивтерді немесе құралдарды ауыстыру мүмкіндіктері

  • кейбір жағдайларда тіпті тәжірибенің ауыстыру мүмкіндіктері (Тәжірибенің мазмұнын ауыстыру жағдайда, мысалы, тартпа шкаф болмай қалған жағдайда, оқушыларға сол сабақты теориялық жағынан сұрақтар тумайтын етіп түсіндіріп өту керек);

  • оқушының сабаққа теориялық дайындығын тексеруге арналған сұрақтар тізімі жасалады;

  • тәжірибені орындау техникасы бойынша нұсқаулар беріледі және т.б.

 

            

        2  сурет. Зертханалық                                  3  сурет. 

        ыдыстардың әртүрлі                              Практикалық жұмысты

        типтегі суреттері                                     жүргізу технологиясы

 

Қазіргі кездегі мектептердегі практикалық сабақтар оқушылардың зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыруға мақсатталмаған. Орта мектептердегі практикалық сабақтардың жаттығулармен  сиппаталып, білімділік маңызы болуы керек. Практикалық сабақтардың қарапайым, әрі жас ерекшелігі мен оқушының дамуына байланысты тапсырмалардың да қарастырылуын қамтамасыз ету керек.



Практикалық сабақтардың негізгі сипаттары келесідей:

Практикалық сабақтар өтіліп жатқан курспен тығыз байланыста өткізілуі тиіс. Практикалық сабақтардың негізгі оқу курсынан қалып кетуін қалыпты жағдай деп есептемеу керек.

Практикалық сабақ үшін жалпы оқу жоспары ішінен арнайы сағаттар бөлінуі керек.

Мұғалім практикалық сабақты жеке тақырып бойынша сабақтың жұмыс барысына қарай жоспарлайды. Төмен сыныптарда бұл бір сағаттық уақытқа, ал жоғарғы сыныптарда екі сағаттық сабақтар ретінде жоспарлануы керек. Кейбір жұмыстар, орныдалу жағдайына байланысты екі сағаттан кем емес уақытқа созылуы мүмкін (мысалы, газдың молекулалық массасын анықтау, т.б.)

Көпшілік жағдайда практикалық сабақтар оқушылар материалды өтіп болғаннан кейін жүргізіледі. Оқушының зертханалық сабақтағы экспреименттік жұмысынан практикалық сабақтың айырмашылығы да осында.

Практикалық сабаққа оқушы алдын ала дайындалып баруы керек: оқушы жұмысқа қарасты барлық  жағдайларды білуі тиіс. Дайындық жұмыс кезінде бақыланатын құбылыстар мен химиялық процестерге, жасалуы керек шаралардың техникасына және жағдайға сәйкес  болжамдарға бағытталуы керек.

Зертханада оқушы сарамандық жұмысының жұмыс дағдысы мен жеке жұмыс жасауға үйренумен қатар, ол кейбір жағдайларда өзінің болжамын да ұсына алады.

Барлық тәжірибелер жеке басқарушылықпен немесе оқулықта көрсетілгендей нұсқаулықтар бойынша орындалады .

Нұсқаулықтар оқушылардың химиядан жалпы дайындықтарын,сарамандық жұмыстың техникасын меңгере білу дәрежесіне және жас ерекшеліктерін ескеру тиіс.

Төмен сыныптар үшін тапсырмалар қарапайым, ал нұсқаулықтар толық болуы керек; жоғарғы сыныптарда, керісінше, нұсқаулықтарды қысқаша түрде беру керек.

Нұсқаулықтар оқушылардың жеке жұмыс жасауы үшін қарапайым, әрі мұғалімнің қосымша нұсқауын талап етпейтіндей етіп дайындау керек.  Сонымен қоса нұсқаулықтар оқушының жұмысын қиындатпау керек.

Нұсқаулықтар келесі бөліктерден тұруы керек:

Қажетті зертханалық құрал- жабдықтар мен реактивтердің тізімі;

Жұмысты орындауға қажетті нұсқаулықтар (құрылғыны жинау, жұмысты түрлі кезеңге бөліп орындау және т.б.);

Алынған материалмен не істеу керектігі жөнінде көрсетілім;

Қорытындыға қойылатын талаптар;

Құрылғыны жинастыруға арналған көрсеткіш.

Зертханалық сабақтарға қарағанда практикалық сабақ процесі кезінде оқушылар зертханада жұмыс жасау техникасын жоғары дәрежеде меңгерулері тиіс.

Мұндай жұмыстардың  нәтижесінде оқушылар зертханалық құрылғы мен іс- әрекеттер жайында нақты мәліметтер алады.

Oқушылардың практикалық жұмыстары бойынша есебі оқушылардың экспермиенттік жұмыстарында үлкен орын алады. Оқушылар өздерінің байқауларын жазып, құрылғылардың суреттерін салады, т.б. Осының  барлығы есептерде көрсетілуі керек. Мұндай есептер жасау оқушыларды жұмысқа мұқият қарап , оны нақтылыққа, құыптылыққа үйретеді.

Байқауды түсіндіру мен қорытындыларды  реттеу  оқушылардың логикалық тұрғыдан ой санасының артуына, білім сапасының жоғары болуына оң әсер етеді.   

Жаңа тақырыпты бекітуде сарамандық жұмысты қолдану мұғалімге жаңа материалдың қаншалықты игерілгендігі және одан ары қарайғы іс- әрекеттерді жоспарлауға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет