Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет14/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   108
Байланысты:
459822.pptx
 
Әдістемелік нұсқаулар:
Аталған тақырыпты меңгеру үшін келтірілген мысалдарға көңіл 
бөлу керек. Сонымен қатар осы мысалдар арқылы әрбір кезеңнің табиғат байлықтарының 
айырмашылықтарына назар аудару. 
 
Бақылау сұрақтары:
1.
Пәннің мақсаты мен міндеттері 
2.
Басқа ғылым салаларымен байланысы, мысал келтіру. 
3.
Әрбір кезеңдегі табиғат ресурстарының айырмашылығы 
4.
Потенциалды ресурстар неліктен болашақтың ресурсы саналады? 
5.
Қоршаған орта, табиғи орта, табиғи ресурстар түсініктеріне анықтама беріңіз 
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
Дәріс №2 Табиғи ресурстар түрлері және олардың географиялық таралу 
заңдылықтары
Дәріс мақсаты: 
Қоршаған орта компоненттері туралы түсінік беріп, олардың 
қасиеттері мен қоршаған орта жағдайының көрсеткіштерін түсіндіру және табиғи 
ресурстардың жіктелулерін беру.
Дәріс жоспары: 
1.
Табиғатты тиімді пайдалануды басқару жолдары
2.
Табиғи қорлар мен табиғи жағдайлар 
3.
Табиғи қорлар классификациясы 
4.
Табиғатты тиімді пайдаланудың инженерлік шаралары 
1. Қазақстанда табиғатты қорғау заңдары негіздерін жүзеге асыруда қоршаған 
табиғи ортаны қорғау саласындағы басқару, бақылау және қадағалау органдары ерекше 
маңызды рөлді атқарады. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында жұмыс істейтін 
басқару органдарының құрылымы екі қатегорияны қарастырады: жалпы құзырет және 
арнаулы құзырет органдары. 
Мемлекеттік жалпы құзырет органдарына жатады: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, 
жергілікті сайланып қойылған органдар, ҚР Үкіметі, жергілікті атқару органдары.
Арнаулы құзірет органдарына тек табиғатты қорғау функцияларын орындайтындар 
жатады. Елімізде табиғатты пайдалану және табиғи орта сапасын басқару құқықтық 
негіздерін жасау функцияларын Қазақстан Республикасының Парламенті атқарады. 
ҚР Үкіметі қоршаған орта жай-күйін басқаруды өзінің орталық атқару органдары: 
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Экономика және бюджет министрлігі, Энергетика 
және минералдық ресурстар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Жер 
ресурстарын басқару агентствасы арқылы жүзеге асырады. Үкімет және жергілікті үкімет 
органдары табиғи ортаның құрауыштарын қорғау және пайдалану ретін анықтайды
ресурстарды пайдалану төлемдерін бекітеді, заңдарға байланысты табиғатты 
пайдалушылардың қызметін реттейді және биологиялық ресурстарды қалпына келтіру 
шараларын жүзеге асырады. 
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі (МООС РК) – орталық атқарушы орган, ол 
қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару саласында мемлекеттік 
саясат мәселелерін жасайды және жүзеге асырады.
Министрліктің негізгі міндеті қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның 
оңтайлы экологиялық тұрақты даму деңгейіне жету.
Министрлік өзінің қызметін ҚР Конституциясы және заңдары, Президентің, ҚР 
Үкіметінің актілері, басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады.
Министрліктің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті атты ведомствасы бар, сонымен 
қатар ұйымдастыру-құқықтық мемлекеттік мекемелер түріндегі мемлекеттік аумақтық 
органдар бар – облыстардағы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары, сонымен 
қатар Астана және Алматы қалаларында. 
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдар: «Казгидромет» 
Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, «Казавиамет» Республикалық мемлекеттік 
кәсіпорыны, 
«Қоршаған 
ортаны 
қорғау 
ақпараттық-аналитикалық 
орталығы» 
Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны және «Қазақ экология және климат ғылыми-
зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны. 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аң аулау шаруашылығы комитететі 
орман шаруашылығы, жануарлар әлемін қорғау, жаңғырту және пайдалану, ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар және осы салада бақылау-қадағалау функциясы саласындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет