Каймолдина Динара Кажимуратовна Мұғалімнің портфолиосы с есебі



Дата07.05.2017
өлшемі112,03 Kb.
#16038

Каймолдина Динара Кажимуратовна Мұғалімнің портфолиосы С есебі

3-топ 3-деңгей

Өскемен қаласы


Есеп С

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп


«Әлем өзгергендіктен сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз»-деп С.Бич айтқандай мен өзгерудемін және өзгеріс енгізудемін.

Осы Бағдарламаға деген өзімнің жұмыс істейтін ортамда семинарлар, Кембридж Бағдарламасы бойынша оқып келген мұғалімдермен болған пікірталастарға барған кезде қатты қызығушылығым оянды. Көп жылдар бойы бір сарынды болып келген білім беру әдістері өз маңызын жоғалта бастаған сияқты көрінетін маған. Дәстүрлі сабақтарымызда оқушы қызығушылықтарын арттыру үшін (ол әрине ізденімпаз, жаңашыл мұғалім болса) әр жерден көрген, оқыған немесе өзіміз ойлап тапқан әдістерімізбен әркім әр түрлі жұмыстар жасап жүрдік. Мысалы, біреу сын тұрғысынан ойлау, біреу модульдік технология, енді біреу даралап, саралап оқыту технологиясы т. б жұмыс жасадық. Бір ортақ мәмілеге келген шешім болмады. Өзіміз қалап, сүйіп келген мамандығымыз болса да жалыға бастағанымыз анық еді. Сондықтан білім саласында бір серпіліс, жаңалық бізге қажет болды. Осыған орай осы Бағдарламамен оқып келген мұғалімдердің сабақтарын көрген кезде өз басым қызығушылығым қатты оянды. Мектеп басшыларынан сұрана жүріп осы курсқа жолдама алдым. Алғашқы «Бетпе-бетке» келген кезде теорияны оқу кезіндегі қиындықтарды да болды. Енді ойланып қарап отырсам сол кезде тренер біздің өзіміздің санамызда сыни ойлауға деген қабілетімізді қалыптастырып жатыпты. Енді қарап отырсам, ол кезде бізде күнделікті тақырыптар арқылы өзіндік реттелулер қалыптасып отырған екен. 4 аптаға созылған «бетпе-бет» кезеңі аяқталған кезде бізде жаңа ойлар мен тұжырымдар қалыптаса бастады. Бірінші «Бетпе - беттен» соң «Өрлеу» орталығынан жаңашыл ұстаздар аттанды.

Ең алдымен, өз мектебіме барып мектеп басшысымен кездестім. Алған білімім жайлы, Бағдарламаның мақсат, міндеттері жайлы хабарлап, әңгімелестім. Мектеп басшысы жаңашылдықты құптайтынын, басшылық тарапынан қандайда болсын көмекке әзір екендігін айтып, менің көңілімді жайландырып тастады. Мектеп басшысынан қолдау тапқаным маған күш-жігер берді. Келесі кезекте әріптестерім тұрды. Олардың сұраулары бойынша мектеп әкімшілігімен кеңесе отырып әріптестік кеңесті жоспарлап өткіздім. Кеңес барысында Бағдарламаның мақсат, міндеттерімен таныстырып, 7 модуль туралы жалпылама түсінік беріп өттім. Сынақ алаңы ретінде алатын орыным, сынақ обьектісі болатын сынып туралы кеңестім. Және орта мерзімді жоспарымның тақырыптары туралы, мақсатым мен күтілетін нәтижем туралы болжам жасап, кеңестім.

Сонымен қатар, сынақтан өткізетін сыныбымның сынып жетекшісімен, ата-аналарымен кездесулер өткіздім. Балаларының осындай сынақтан өту обьектісі болатындықтарынан хабардар еттім және әлемдегі өзгерістер туралы ата-аналарды таныстырдым. Сынақтан өту барысында балаларға, маған қолдаудың қажет екендігін айтып түсіндірдім. Сынып ата-аналарының дені жас ата-аналар болғандықтан олар маған қолдау жасайтындықтарын, балаларының жаңалық көшінен қалмауларын тілейтіндіктерін білдірді. Сынақ сыныбы ретінде өзімнің екінші жыл сабақ беретін, жақсы білетін 6-сыныпты алдым. Сыныпты таңдау барысында мектебіміз шағын жинақталған мектеп болғандықтан топқа бөлуге икемді 8 оқушысы бар сыныпты таңдадым. Бұл жерде менің 7 модуль бойынша көшбасшылығым жүзеге асты.

Мектептегі тәжірибеден өту уақытымыз шектеулі болса да жеті модульді жүзеге асыру барысында көптеген өзгерістерге қол жеткіздім.

Тәжірибеге барғаннан кейінгі алғашқы сабағымды жоспарлап алып, ресурстарымды дайындап, сабаққа келдім. Ең бірінші сынып бөлмесіне өзгеріс енгіздім, яғни сынып парталарын топтық жұмысқа ыңғайлап өзгерттім. Сынып оқушыларына бұл өзгерістер жақсы әсер етті, сыныпқа кіре салыстарымен «Апай, бүгін ашық сабақ бола ма?» деп таңданып жатты. Мен осы әрекетіммен сыныптың қызығушылығын оята алдым. Оқушылардың бұл сұрақтарынан «Шынында да біз белгілі бір ашық сабақ кездерінде ғана басқа атмосфера, сабақ түрін жасаймыз екен ғой» деген ойға қалдым.



Сынақ сабақтарымды бастамас бұрын топтың «Алтын ережесін» жасап алдық. Бұл да оқушы үшін жаңалық болды. Ережемізді сынып бөлмесінің көрнекті жеріне іліп қойдық. Басқа сабақтарымызда да оқушылар ереже тәртібін сақтап отырды. Әрбір сабақтарымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін үнемі «Шаттық шеңберін» құрдық, «Мен бақыт тілеймін...» атты ойындар ұйымдастырдым.

Бірінші «Бетпе-бетте» ресурстарды соңғы парақтан бастап талдап отырдық, сол кезде мен ештеңе ұға алмай, қиналып қалып жүрдім. Енді қарап отырсам, ол кезде біз сыни ойлауға, қорытындыны өзіміз жасауға үйреніп жүріппіз. Осыдан түйгенім, сыни ойлау жоғарғы білімі бар біздерге қиындау болды, біз өзіміз алған білімге сәйкес барлық ақпараттарды өңделген, дайын қалпында қабылдауға қалыптасып қалған екенбіз. Мысалы, өз пәнім бойынша айтар болсам дайын анықтама береміз, оқушы жаттайды, сол анықтаманы пайдаланып есептер шығарады. т.б. Яғни сыни ойлауға жағдай жасамайды екенбіз. Ал сынақ сабақтарымды өткізу барысында керісінше бірінші материалды береміз, оқушы қорытындыны өзі жасады. Осыған сәйкес сабағымда қолданған «Ойлан, жұптас, талда» әдісі маған өте ұнады. Жаңа тақырып кезінде мәтінді дайындап әкелдім де, оқушы алдына бердім. Топ мүшелері оны оқып, жұптаса отырып бірін-бірі оқытты, өзара талдап постер қорғады. Оқушыларға бұл тапсырманы берудегі мақсатым, сенім көрсету, оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу, оқушының бүгінгі оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беру, оқушы қиындыққа кездескенде кеңес беру, оқушыға ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу, әрбір оқушының сезімі мен көңілін түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алу болды. Тапсырмада сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту мақсатында Мерсердің әңгімелесудің зерттеушілік түрін қолдандым. Тапсырма барысында оқушылардың бойынан байқағаным, зерттеушілік әңгімеде оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істеу арқылы, бір идеяны талқылау арқылы ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырды. Оқушылар зерттеушілік әңгіме арқылы постерді қорғаған кезде, өз ойларын толық жеткізіп, болжамдар мен мысалдар арқылы дәлелдей білді. Оқушыларымның белсенділіктері мені тәнті етті. Сынақ сабақтарымда қолданған «Микрофон» әдісі де маған қатты ұнады. Микрофонды ала отырып оқушы сыныптастарына сабақ барысы туралы сұраған кезде кей біреулерінің көздерінен толқуды да байқадым. Себебі, сыныптастарына қандай сұрақ қойсам деп қобалжып тұрғандары болды. Сынақ сабақтарымның барысында А деген оқушының бойынан өзгерістер байқадым. Дәстүрлі сабақтарымның барысында «үндемес» оқушы болып жүрген А, топтық жұмыс кездерінде өз ойын айтып, тіпті бағалау кезінде пікірталас тудырып отырды. Санаулы уақыттардың ішінде оның осындай өзгерістерге келгені мені қуантты. Сынақ сабақтарымның барысында қолданған әдіс-тәсілдерімнің оқушыларға нәтижелі әсер еткендерін бақылай отырып, білім саласында осындай ортақ білім беру жүйесіне тоқталғанымыздың тиімді болғанына көз жеткіздім. Сынақ сабақтарымның әр біреуінен кейін сынып оқушылары кері байланыс кезінде стикерлерге Н деген сабаққа ынтасы төмен болған оқушым «Сабақ өте қызықты болды. Сызықтық функция туралы ұқтым. Келесі сабақ та осындай болса екен...», «Бүгін сабақ жақсы өтті. Мен белсене араластым. Функция туралы білдім. Әсіресе жасаған «Өрмекшінің торы» атты кері байланыс қатты ұнады» деп жазыпты. Бұдан байқағаным, оқушыларымды дәстүрлі сабақта қорытындылау кезіндегі «Бүгін қандай тақырып өттік?» деп жауыр болған сұрақтармен қажай бергеннен қарағанда кері байланыс арқылы түрлендіріп қорытындылаған тиімді деген тұжырым жасадым. Оқушыларым сынақ сабақтарымның барысында өзгерді, себебі, сабаққа деген көзқарастары өзгерді. Осыған орай оқушылар үй тапсырмасын, басқа тапсырмаларды қалдырмай орындап келуге тырысатын болды. Оқушының өз бетімен білім алуына жағдай жасасақ болды екен ғой деп ойладым. Осы сынақ сабақтарымды өткізу барысында оқушыларым «Апай ертең қандай сабақ өтеміз?» деген сияқты сабағымды асыға тосатындықтарын байқатты. Бұл мені өте қатты қуантты. Аз уақыттың ішінде болса да өзімнің де, оқушыларымның да бойынан осындай өзгерістер байқадым.

Сонымен қатар, мен сабақ беретін сынып оқушылары бағалау түрлерін жақсы түсіне алды. Сынақ сабақтарымда формативті, суммативті бағалау түрлерін жүзеге асыра алдым. Формативті бағалау түрлеріне өзін-өзі бағалау, оның ішінде геометриялық фигуралар арқылы, «Бес саусақ» әдісі, смайликтер арқылы бағалау түрлері болды. Топ басшыларының сабақ соңындағы суммативті бағалау жүзеге асты. Бағалау кездерінде оқушылар критерийлер арқылы бағалауды жақсы ұғына алды. Себебі, сабақтың кезеңдері бойынша бағалау кездерінде Ш деген оқушым тіпті, келесі топтың тақырып барысы бойынша түсіндіру кезінде дауыс ырғақтарына дейін назар аудара отырып бағалады. Алғашқы сабақтарымда бағалау әдісіне оқушыларды қалыптастыру қиынырақ болды. Десек те, келесі сабақтарымда оқушыларым бағалау критерийлері арқылы бағалауға жетісе бастады. Тіпті өзара пікір таластырып қалатын кездері де болды. Бұл менің оқушыларымның өзіндік реттелуге бейімделе бастағаны деп есептедім.

Сынақ сабақтарымның барысында мектеп ұстаздарының сұрауымен 7 модульді қолдана отырып сабақ көрсеттім. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» (Strong, Wаrd& Grant, 2011) [1;6] деген пікірге сәйкес аз да болса жаңалықтарды көрсетуге тырыстым. Мұғалімдердің қызығушылықтары жоғары болды. Сындарлы оқытудың кейбір әдіс-тәсілдерін қолданып жүрген мұғалімдер өз пікірлерін айтып жатты. Сондай пікірлердің бірі бағалау кезіндегі «Бес саусақ» әдісіне қатысты болды. Әріптестерім бағалаудың бұл түріне оң көзқарастарын білдіріп өтті. Мектептегі мұғалімдерді қызықтыра алғанымды мектеп өміріне өзгеріс әкелдім.

Сынып оқушыларының өз пікірлерін айта алу мәселесі тұрғысынан кедергі болмады. Себебі, 6-сынып оқушыларына табиғилық пен тәуелсіздік тән болды. Сондықтан олардың бойынан экспериментке дайынбыз деген құлшынысты байқадым. Өздерінің түсінген, түйсінген мәселелерін ашық айтып отырды.

Тәжірибе уақытында сындарлы оқытудың тиімділігіне көз жеткізген сияқтымын. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанды жер мен көктей айырмашылықтарды байқадым. Зерттеуші Выготский пікіріне сай оқушыға ЖАДА-сын қалыптастыра отырып білім берудің тиімділігіне толықтай келісемін. Себебі, оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды» (ықпалды) адамның рөлі арқылы қамтамасыз ете аламыз. Бұл пікірге дәлел ретінде сыныптағы үлгерімі төмен болған Е, Н сынды оқушыларымның өзгерістерін айтуыма болады. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда бұл оқушылардың сабаққа деген белсенділіктері тұрақты емес еді. Үй жұмысын бірде орындаса, бірде орындамай келетін, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде материалды игере алмай қалатын. Ал топтық жұмыстар кезінде олар кітаптан бір сұрақ болсын дайындап, таратылым материалдарын шолып болса да оқып шығуға әрекеттер жасап отырды. Дәстүрлі сабақтарымызда топтық, жұптық жұмыстарды кей сабақтарымызда ғана қолданып келдік. Ал жүйелі түрде топпен, жұппен жұмыс жасау өз нәтижесін береді деген ойдамын. Осы интербелсенді әдістер көмегімен көптеген әдіс-тәсілдерді қолданып сабақтың, құрылымы мен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырдым.

Осы тәжірибе кезеңінде мен де сабақтарымда формативті бағалауды және оқушылардың өзін-өзі бағалаулары, бірін - бірі бағалаулары және кері баланыстар жүргіздім. Кері байланыс әр сабаққа рефлексия жасауда және оқушылар өз істеріне рефлексия жасаулары үшін өте қолайлы екени сөзссіз. Дәстүрлі сабақтарымда кері байланыс және формативті бағалау болмаған, тек өзім бағалаумен ғана шектелетінмін. Бағалаудың түрлерін өзгертуім менің өзгерісімнің бірі екенін байқадым. Әр сабақтарымда оқытуды жақсарту үшін бағалаудың басты факторын басшылыққа аламын.

Ақпараттық–коммуникациялық әдіс–дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдердің сабақ беруіне көмектесетін маңызды құрал. Сондықтан да оқыту барысында осы технологияларды пайдалану тиімді, маңызды. Дәстүрлі сабақ кезінде мен тек ашық сабақтарда ғана АКТ пайдаланатын болсам, қазір әр сабағыма қоландым. Сабақтарымда электронды оқулықты пайдалану өте қолайлы болды. Сызықтық функция және оның графигін электронды оқулықтан көрсету арқылы оқушылардың көз алдарына елестету арқылы түсінікті болды. Тест орындату кезінде де ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану өте тиімді болды. АКТ құрылғыларының әсіресе компьютердің жетпеуі және уақыттың аздығы кедергі болды. Осы кедергілерді еңсеру барысында мен басқа АКТ құрылғыларын яғни телефонды қолдандым, уақытты тиімді пайдалауға дағдыландым. Болашақта әдістерімді үнемі түрлендіріп отыруым керек екен.

Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектеп бағдарламасын өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және акселерация модельдерін қолдана алатындығын атайды, әр стратегия талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуге көмегі зор екенін айтады. Осы уақытқа дейін дарынды және талантты оқушылармен жұмысты жалпылама жүргізетінмін. Ал қазір біз әр сабағымызда қарастырамыз. Аз уақыттың ішінде дарынды және талантты оқушыларды анықтап олармен жұмыс жасағанда нәтижелі болды. Алдағы уақытта осы жұмысымды жалғастыруым қажет.

Осы бағдарламаны игеру кезеңінде мен күнделік жазуды қолға алдым. Белгілі осы уақытқа дейін күнделікті үнемі жаза бермейтінмін. Күнделік жазу әр мұғалімге пайдалы болғаны шындық. Күнделік арқылы мен өзімнің әр ісіме рефлексия жасауды үйрендім. Осы уақытқа дейін рефлесия жасасам да оны үнемі жүргізбейтінмін. Әр сабағымның соңында рефлексия жасау арқылы келесі сабағымды жоспарлауға дағдыландым. Мен рефлексия жасаудың маңыздылығын, әр сабақ сайын жасап отыру қажет екенін түсіндім.

Біз басшылыққа алып отырған бағдарлама оқушыларға білім берумен қатар олардың алған білімін есінде сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтіп, зеректік, іскерлік қасиеттерін жетілдіреді деген қорытындыға келдім. Көбінесе топтық жұмыста оқушылар ерекше белсенділікпен жұмыс істеді. Топтық жұмыс іс-әрекеттері бірін-бірі оқыту, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік береді, осыған сай кейбір қиыншылықтар азаюда: сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың санының азаюы. Және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуы байқалды.

Оқушыларымнан жұмыс барысында мынандай өзгерістер байқадым:

-Топтық, жұптық жұмыста бірлесе жұмыс атқара алды;

-Әркімнің пікірі құнды екенін бағалай алды;

-Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді;

-Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артты;

-Өз пікірлерін ашық айта білді.

Менің тәжірбиемдегі өзгерістер:

-ОМЖ және КМЖ жасауда өзгеріс енгіздім;

-Ынтымақтастық атмосферасын тиімді ұйымдастыру;

-Ауыспалы топта жұмысты ұйымдастыруды;

-Сыни тұрғыдан ойлануға тапсырмалар дайындауда;

-Әріптестермен бірлесе жұмыс істеу;

-Оқушыларға өзара бағалау жүргізуге мүмкіндік беру.

Болашаққа даму

-бағдарламаның модульдерін ықпалдастыра отырып, жаңаша сабақ жоспарыг құрып, одан әрі қызықты ұйымдастыру;

-Тиімді әдістер арқылы бағдарлама идеясын жүзеге асыру арқылы бағдарлама идеясын жүзеге асыру;

-Топпен, жұппен жұмыс жүргізуді жалғастыру;

-Оқушыларды өз білімдерін нақты бағалауға үйрету;

-Мектебімізде курстан өткен ұстаздармен қауымдастық құру;

-Әріптестеріммен пәннің білім сапасын арттыру мақсатында «Lesson Study» әдісін тәжірибеме енгізем.

-Шеберлік сыныбын өткізу.

Қорыта айтар болсам, бұл жаңа бағдарламаның маған берері көп болды, атап айтсам түбегейлі өзгердім демесем де, өз сабағымда жаңа технологияны енгізе отырып оқушыларым ұжым болып, бірлесе жұмыс істеді, өз ойын ашық нақты жеткізе алатындықтарын көрсетті, бір-бірін әділ түрде бағалауға үйренді. Оқушыларымның бойында сапалы білім ала отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері пайда болды, оны ары қарай дамыту үшін талмай еңбек етуім керек. Болашақта бұл бағдарлама бойынша жұмыс істеуді жалғастырамын деп сеніммен айта аламын, өйткені менің іс-тәжірибемді түбегейлі өзгертуге берері мол деген қорытындыға келдім.



«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін–тек олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»-деп Альберт енштейн айтқандай мен жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып оқушыларыма тек бағыт–бағдар беруші боламын.


Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, , «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

  2. Мектептегі тәжірбие кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012-66бет.

  3. Бағдарлама. Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012-120 бет.

Каталог: uploads -> doc -> 123a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
123a -> Сабақ тақырыбы: Адамдардың қысқы еңбегі Сабақ мақсаты
123a -> Сабақ типі : жаңа сабақты меңгерту Сабақ түрі : көрнекі сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет