Сабақ тақырыбы: Адамдардың қысқы еңбегі Сабақ мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі19,63 Kb.
#6303
түріСабақ

Тексерілді:__________________

1 «в» сынып дүниетану күні:

Сабақ тақырыбы: Адамдардың қысқы еңбегі
Сабақ мақсаты: Адамдардың қаладағы және ауылдағы айналысатын қысқы еңбек түрлерімен таныса отырып, мәтін мазмұнын сыни тұрғыда талдай білуге үйрету
Түйінді идеялар Тақырыптағы негізгі ойды аша отырып, оқушылардың топта талдау жұмысына қатысуына мүмкіндік беру.
Оқушылар адамдардың қысқы еңбегі туралы білімдерін кеңейтеді және өз білімдерін қолданады. Мәтін тақырыбын ашуға бағытталған шығармашылық тапсырмаларды жекелей, жұпта, топта орындауға қатысады. Адамдардың қысқы тыныс-тіршілігімен танысуға тікелей қатысады. 
Көрнекілігі: Қысқы еңбек түрлері бейнеленген суреттер, қима қағаздар, топтық жұмыс істеуге арналған қосымша таратпа материалдар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) «Сен маған-мен саған» атты ойын ойнату арқылы жағымды орта қалыптастыру, оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау

ә) топқа бөліну
Үй тапсырмасын тексеру
Қызығушылықты ояту
ІІ.Мағынаны тану

Сергіту сәті


Жұптық, топтық
Презентация арқылы шеңберде қимылдар жасатады

-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?




-Республикамызды кім басқарады?

- Біздің президентіміз Н. Назарбаев жылына бір рет Қазақстан халқына өз Жолдауын жолдайды. Биылғы жолдаудың негізгі түйіні- Астанада барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық көліктер жүретін жолдарды тарату. Ендеше, балалар, Президент Жолдауының іске асуына үлесімізді қосайық. Ол үшін біз көлік түрлері арқылы бөлініп, бүгінгі сабақтан жаңа білім алуға ұмтылайық.

Көліктердің суреті бар қима қағаздарды алуды ұсынады.



Үй тапсырмасы бойынша білу, түсіну, талдау сұрақтарын қояды


- Балалар, қыс келгенде сендердің ата-аналарын үйде қандай жұмыстар істейді?

- Енді, балалар, бүгінгі сабақта адамдардың тағы да қандай қысқы еңбекпен айналысатынын білетін боламыз. Топтарға нақты тапсырмалар береді. 
1-топқа: Қаладағы қысқы еңбек жайында сурет бойынша әңгімелеңдер.
2-топқа: Ауылдағы қысқы еңбек жайында әңгімелеңдер.
3-топқа: «Қыстағы қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме құраңдар.
4-топқа: Әріптерді сызық бойымен оң жаққа өткізіп жазыңдар, сол сөзге қатысты мақалдар айтыңдар. 

Мұғалім алдын-ала әзірленген сергіту сәтін жүргізеді.

- Адамның қысқы еңбегі көбіне көктемге даярлық жасауға бағытталғанын байқадық. Ендеше, жұпта, топта қандай қысқы еңбек түрлері арқылы көктемге әзірлік жүргізетінімізді талдайық.

- Балалар, сабағымыз аяқталуға жақын қалды. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді білгім келеді. Ол үшін алдарыңдағы үш түрлі кейіптегі смайликтердің бірін таңдаңдар.

Сергіту сәті:

Оқушылар тұрып қимылдар жасайды.

Оқушылар смайликтер арқылы өздерін бағалайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет