Казахстан, Тараз, 14-15 мая 2015 года



Дата29.01.2018
өлшемі145,26 Kb.
#36044
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ

«ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ» ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ ЖАМБЫЛСКИЙ ФИЛИАЛ «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР НАУЧНО-ТЕХНИЧЕСКОЙ ИНФОРМАЦИИ» _______________________________________________________________________________

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 жылдығына арналған «ЖАС ҒАЛЫМ-2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ЕҢБЕКТЕРІ Қазақстан, Тараз, 2015 жылдың 14-15 мамыр

ТРУДЫ V Международной научно-практической конференции молодых ученых, студентов и школьников «ЖАС ҒАЛЫМ-2015», приуроченной к 550-летию КАЗАХСКОГО ХАНСТВА

Казахстан, Тараз, 14-15 мая 2015 года

SCIENTIFIC PAPERS of the V-th International Scientific and Practical Conference for the young scholars and students dedicated to the 550-th anniversary of the KAZAKH KHANATE “ZHAS GALYM-2015”

Kazahkstan, Taraz City, May 14-15, 2015

5 ТОМ (VOLUME 5)

2


УДК 001 (063) ББК 72 Қ 17

Редакция алқасы: Редакционная коллегия: ___________________________________________________________________________ Қожамжарова Д.П. – т.ғ.д., профессор, төраға; Амандосова Р.С. – п.ғ.д., профессор, төраға орынбасары; Жұмабекова Г.А. – ф.ғ.к., ғылыми хатшы; Бұзаубaқова К.Ж. – п.ғ.д., профессор; Оспанбаева М.П. – п.ғ.к., доцент; Бижігітов Т. – ф-м.ғ.к., доцент; Тұрарова А.Н.- ф.ғ.к., доцент; Токберегенова З.С. – т.ғ.к., доцент м.а.; Джилкишиева М.С.- п.ғ.к., доцент; Зияева Г.К. – б.ғ.к., доцент; Кенжебаева А.Т. - п.ғ.к., доцент; Калматаева А.М. - п.ғ.к., доцент м.а.; Ниетбаев Ə.А. - фм.ғ.к., доцент м.а.; Сабыралиева Ж.Ы.- т.ғ.к., доцент; Амандосова С.С.- к.г.н., доцент

Қ 17 Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған «Жас ғалым-2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының 5 томдық еңбектері, - Тараз, 14-15 мамыр. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2015 ж. = 5-томник трудов V Международной научнопрактической конференции молодых ученых, студентов и школьников «Жас ғалым-2015», приуроченной к 550-летию Казахского Ханства. – Тараз, 14-15 мая. Таразский государственный педагогический институт, 2015 г. = 5 Volums of Scientific Papers of the V-th International Scientific and Practical Conference for the young scholars and students dedicated to the 550-th anniversary of the Kazakh Khanate “Zhas Galym-2015”. – Taraz, May 14-15. Taraz State Pedagogical Institute, 2015 -қазақша, орысша, ағылшынша.

ISBN 978-601-7452-53-7 Т.5.-2015- 412 б. ISBN 978-601-7452-58-2 5 томда бұрғылау қалдықтарын шығарып тастау, күн энергиясы, жергілікті жерді көгалдандыру, ауылшаруашылық өнімдері, топырақ экологиясы, Қазақстанның флорасы мен фаунасын қорғау, микробиологияға, ауыз су мəселелеріне, адам ағзасына ауыр метеллдардың əсері, топырақ құнарлылығына мұнай қалдықтарының əсері туралы бірқатар мақалалар жинақталған. Жинақ оқытушыларға, ЖОО оқытушыларына, студенттерге, жоғары сынып оқушыларына арналған. 5 томе содержится ряд статей, посвященных вопросам проблемы утилизации отходов бурения, солнечной энергетике, озеленения местности, сельскохозяйственной продукции, экологии почвы, охраны флоры и фауны Казахстана, микробиологии, проблемы питьевой воды, влияния тяжелых металлов на организм человека. Сборник предназначен для учителей, вузовских преподавателей, студентов, школьников старших классов. In 5 Volume contains a number of articles dealing with aspects of the problem of drilling waste, solar energy, landscaping areas, agricultural production, soil ecology, conservation of flora and fauna of Kazakhstan, microbiology, the problem of drinking water, the effect of heavy metals on the human body. The collection is intended for teachers, university professors, students, high-school children.

УДК 001 (063) ББК 72

ISBN 978-601-7452-58-2 - (Т.5) ISBN 978-601-7452-53-7-(ортақ)

© Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2015 ©Таразский государственный педагогический институт, 2015

ƏОЖ: 558581

ӨСІМДІК ГОРМОНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Байшатыр К., Бейсембаев М.Қ., Дюсенбаева Ж.С. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Өсімдіктердің өсу процесі сыртқы орта жағдайлары мен өсудің ішкі жағдайларының қатынасынан тұрады. Жасыл өсімдіктер организмінде зат алмасуы, фотосинтез жəне тыныс алу нəтижесінде тек қана бірнеше түрлі қоректік қосылыстарды түзіп қоймай, сонымен қатар бірнешелеген физиологиялық белсенді (витаминдер, ферменттер, гормондар) қосылыстар түзіледі. Физиологиялық белсенді қосылыстар өсімдік тіршілігі үшін маңызды қызмет атқарып, аз мөлшерде пайдаланылады. Шындығында өсімдік организміндегі қоректік қосылыстар мен физиологиялық белсенді заттар аралығын айыру бүгінгі күнге дейін анықтала қойған жоқ. Гормондар - биохимиялық процестерді реттейтін өсімдік жəне адам, жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы əсер ететін химиялық зат, эукариоттардың алғашқы мессенджері. Гормондарды жануар жəне өсімдік гормондары деп 2 топқа топтастырамыз. Өсімдік гормондары (фитогормондар) молекулярлық массасы 2кД болады. Фитогормондардың классификациясы жаңа білімнің үнемi жетiлуі жəне оны меңгеруі бойынша күннен күнге күрделене түсіп, қазір:  ауксиндер (Ұлыбританияда 1880 жылы ашылған);  цитониндер ( АҚШ-да 1953 жылы ашылған);  гибберелиндер (Жапонияда 1926 жылы ашылған);  абциз қышқылы (АҚШ-да 1965 жылы ашылған);  этилен (Ресейде 1901 жылы ашылған);  брассиностероидтар (Жапонияда 1968 жылы ашылған) құрайды. [1,2]. Өсімдіктерде болатын амин қышқылдары гормондар түзуге қатысады. Түрлі зерттеулерде триптофамның өзгерістерге ұшырау барысында өсімдіктер организмінде никотин қышқылы түзілуі мүмкін. Жүгері ұрықтарына азотты қоректену ретінде триптофан беріліп жүргізілген тəжірибелерден никотин қышқылы мөлшерінің артқаны байқалмаған. Триптофанның химиялық жолмен никотин қышқылына айналуы жануарлар ағзасында дəлелденген. Алғашқы рет өсімдіктің өсуіне қоректік қосылыстардан басқа физиологиялық белсенді заттардың кажеттілігі, өсімдіктен бөліп алынған тамыр ұшын, қолдан дайындалып, стерилденген қоректік қоспада өсіру нəтижесінде анықталады. Өсімдік жемістері де өзінің өсуінде физиологиялық белсенді заттарды қажет етеді[3]. Өсімдіктің өсу процестері арнаулы заттардың əсерімен реттеліп отырады. Олар өсуді реттеуші заттар деп аталады. Кейбір өсуді реттеуші заттары ағзаның өзінде түзіледі, сондықтан оларды фитогормондар дейді. Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, этилен, абсциз қышқылы жатады. Өсу процесіне əсер ететін химиялық жасанды қосылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды. Адам жəне жануар ағзасының гормональды агенттері жасуша бірден еніп кетеді. Фитогормондардың айырмашылығы - арнайы спецификалық клетканың үстінде орналасқан белок-рецепторлардың көмегімен сіңеді. Ал қалған белок-рецепторлар фитогормондармен

113


өзара əрекеттесіп, құрылысы ұқсас болып келеді. Көбісі фитогормондардың жұп молекулалалырмен əсерлесіп, димеризацияға ұшырайды. Фитогормондарға жалпы қасиеттер тəн: -төменгі концентрацияда белсенділік таныту (10-5 - 10-10 М/л); жануар гормонымен салыстырғанда 2-7 есе аз; -реттеуші белок-дискриминанттардың болуы (байланыстырушы гормондар, қажетті фитогормондардың тобын арнайы байланыстырушы топ) немесе фитогормондардың аналогын стандартты жағдайда байланыстырады. -гормонның əсер ету бөлімшесі бар, яғни биосинтезге арнайы қажетті орны бар; -гормонның транспорты үшін бағыт; -физиологиялық əсер (ағзаның арнайы клеткалық орныдарында зат алмасуға əсер ету); -морфогенетикалық əсер (арнайы гормонның əсерінен қосылыстардың жиналуы). Ағзаның алғашқы хабаршысы ретінде биохимиялық тұрғыдан алғанда екінші реттік органикалық қосылыстар болып есептеледі[8] . Келтірілген қасиеттерге орай фитогормондарға альтернативті анықтама бере аламыз: фитогормондар - өсімдіктердің алғашқы хабаршысы, өсу мен дамуды реттейтін, экзогенді жəне эндогенді əсер етіп, морфогенез бен синтезге əсер ететін қосылыстар. Фитогормондардың синтетикалық аналогы болады. Алайда, олардың қызметі бірдей оң əсер етпейді. Фитогормондар жүз шақты жыл бойы зерттеліп келеді жəне оның тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірақ бұдан əлдеқайда ертерек клеткаларға көптеген химиялық сигналдар əсер ететіндігі туралы мəліметтер болды. Мұндай химиялық (олигосахаридтер, органикалық қышқылдар, стероидтер, хитин жəне бірқатар газ-тəрізді қосылыстар) барлығы бірінші менеджер деген терминдік атпен біріктірілді. Ауксиндермен жүргізілген зерттеулерді мынадай кезеңдерге бөлуге болады: 1) гормонның белсенділігін анықтау; 2) гормон биосинтезінің жолдарын анықтау; 3) ауксинтəуелді транскриптілер мен белоктарды иденфикациялау; 4) ауксинмен реттелуші тұрақты мутанттарды анықтау; 5) репрессор-белоктардың көмегімен гормональдық ретелудің моделін жасау; 6) ауксин рецепторын ашу. Ауксиндерді жəне басқа фитогормондарды зерттеу тарихын қазіргі таңда жетінші кезең - сигналдық трансдукцияның гормоналдық жолдарын карталау кезеңі деп қарастыруға болады. Гормондар - эукариоттардың организмнің (клетканың) сыртқы ортамен немесе организм құрамындағы мүшелердің өзара қарым-қатынастарын үйлестіруші, біріншілік мессендждерлері. Гормондарды жануар жəне өсімдіктер гормондары деп классификациялайды. Жануарлар гормондарын, өз кезегінде, бірнеше топқа бөледі: 1) пептидтер (вазопрессин, окситоцин, ренин, сомастостацин); 2) белоктар (глюкагон, инсулин, парат-гормон, пролактин); 3) май қышқылдарының туындылары (простагландилер, лейкотриендер); 4) амин гормондары - альдесторон, прогрестерон, тестостерон, экстрогендер); 5) гликопротеидтер (лютеиндеуші гормон, хорионикалық гонадотропин) [5,6]. Фитогормондарға жоғарыдағы келтірілген қасиеттеріне байланысты, альтренативті анықтама беруге мүмкіндік береді: фитогормондар өсімдіктердің өсу мен дамуды реттеуші, экзогенді жəне эндогенді əсер етуші, негізінде, белсенді өсу нүктелерінде синтезделетін жəне морфогенез процестерін реттеу үшін басқа мүшелерге тасымалданатын біріншілік мессенджерлері. Фитогормондардың синтетикалық аналогтарының бары екендігі белгілі. Бірақ, бұл фитогормондардың рөлімен барлық уақытта бірдей бола бермейді[7]. Н.П.Кренкенің тоериясы бойынша, онтогенез - жас клеткалардың динамикалық түрде өзгеріп, қартаюы. Жас жасушалардың өсімдіктің бастапқы даму сатысында саны əлдеқайда жоғары. Онтогенездің соңында жас жасушалардың саны күрт төмендеп, қартайған

114


жасушалар көбейеді. Осыған орай, қартайған жасушаларға фитогормонда əсер етпейді. Əдетте, жетілген өсімдіктер фитогормондардың əсеріне сезімтал емес келеді. Кренкенің жаңартылған қисығындағы кері бағыттауыштар фитогормондардың экзогенді əсерінен болатын онтогенездің негізгі кезеңдерінің жас жəне қартайған клеткалардың тепе-теңдік арақатынасы зонасынан тыс, яғни 3-кезеңнен кейін немесе оған дейін жүретінін көрсетеді. Əсер етуші концентрациялардың интервалды жəне динамикасы бойынша фитогормондар улар мен тіршілікке қажетті минералдық элементтердің жотасынан орын алады. Поливаленттілік немесе гормоналдық жауаптың көптүрлілігі ̶ бірнеше реакциялардың бір мезгілде бір фитогормонмен индукциялануы. Бұл қасиеттер ұлпалық ерекшелікке, өсімдіктердің даму жəне метаболиттік белсенділігіне (мүше, ұлпа, клетка) жəне сыртқы ортаның бірқатар жағдайларына тəуелді болады. Мысалы, цитокинин клетканың бөлінуімен қатар тыныс алу саңылауының ашылуын қамтамасыз етеді. Этилен жемістердің пісуін, сонымен қатар гипоксия кезінде (мысалы, өсімдіктерді су басқан кезде) тамыр өзегі аэренхимасының (ауалы кеңістік) қалыптасуын жеделдетеді[8]. Дозалық эффект - гормоналдық əсерінің оның концентрациясына тəуелділігі. Мысалы, индолилсірке қышқылының төменгі концентрациясы (10-10 М) - тамырдың өсуін, орташа концентарциясы (10-5 М) сабақтың өсуін қамтамасыз етсе, жоғары концентарциясы (10-2 М) сабақтың өсуін тежейді. Кооперативтілік (синергизм жəне антагонизм) - гормондардың əрекеттесуінің нəтижесінде бірін-бірі қолдауы немесе бір-біріне қарсы əсер етуі. Кооперативтік, яғни синергизм жəне антогонизм - гормондардың оң жəне теріс əсер етуші қасиеттері. Синергетиктер болып индолилсірке қышқылы жəне гиббереллиндер, цитокининдер, ал этилен - антогонистер. Индолилсірке қышқылы (ИСҚ) мен гиббереллиндер (түйнек пен бадананың өсуі), абциз қышқылы (АБҚ) мен этилен (жапырақтың түсуі), ИСҚ мен цитокинин (апикалды басымдылық), ИСҚ мен фенолдар тежегіштер (клетканың ұзарып өсуі), АБҚ мен гиббериллиндер (сабақтың өсуі), АБҚ мен цитокининдер (тұқымжарнақтың өсуі) көп жағдайда бір-біріне антогонистік түрде əсер етеді[9]. Компенсаторлық эффект - организмде фитогормондардың мөлшері жетіспеген жағдайда (яғни, эндогенді фитогормондар биосинтезінің немесе олардың ассимиляциясының бұзылуы) оған экзогенді гормон қосқан кездегі физиологиялық процестердің бағдарламалы түрде стимулденуі. Мысалы, гибберрел қышқылының (ГҚ) биосинтезі бұзылған өсімдіктерге осы гормондарды қосқан кезде, ол бақылауындағы өсімдік фенотипінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. 1-кестеде фитогормондардың басты кластарының негізгі функциялары келтірілген. Бұл функцияларды өсімдіктердің фитогормондар класы мен олардың қасиеттерін тереңірек талдау барысында зерттеушінің жеке білімін толықтыра алады. Кестеден мыналарды байқауға болады: -əр түрлі гормондардың əсер еткендегі эффектілердің ұқсас болуы; -ұқсас физиологиялық процесстер мен метаболиттік раекциялардың əр түрлі гормондармен реттелуі. Мұндай айқын гормоналдық "полиморфизм" мен "плейотропизм" əр түрлі фитогормондардың өзара əрекеттесуінің қаншалықты жан-жақты екендігінің айғағы бола алады. Кестеде алымда - ырықтаушы гормондар жəне синергетиктер, ал бөлімде алымдағы фитогормондарға антогинст болып табылады (бірдей нəтижеге бағытталған) немесе антогистік (қарама-қарсы нəтижелерге бағытталған) механизмдердің көмегімен іске асып отырады. Синергизм реакцияға қатысушы əрбір гормонның үлесін күшейтеді. Синергист

115


гормондарға клетканың бөлінуін стимулдейтін ауксиндер (ИСҚ) мен цитокининдер жатады. Этилен өсімдіктерде патогенді зиянкестерге қарсы төзімділік пайда болар кезде өзара əрекеттеседі. АБҚ өсуді тежейді де, өсімдіктің тыныштық күйге көшуін қамтамасыз етеді. Антогонизм, керісінше, процеске қатысушы гормондардың əсерін əлсіретеді. Бір үйлі өсімдіктер гүліндегі жынысты реттеуші ГҚ жəне этилен, экзогенезге тікелей қатысы бар ИСҚ этиоляция мен жапырақтың жасыл түске боялуын реттеуші ГҚ мен цитокининдер, дəн өскен кездегі ГҚ мен АБҚ антогонистерге мысал бола алады.

1-кесте Фитогормондардың негізгі кластарының функциялары



Фитогормондар

Функциялары

Ауксиндер (ИСҚ жəне оның аналогтары)

Клеткалардың бөлінуі мен ұзаруының, апикалды басымдылықтың, тамырдың пайда болуының (ризогенез) жəне гравитропизмнің стимуленуі; қаптал бүршіктер өсуінің тежелуі

Гиббереллиндер (ГҚ жəне оның аналогтары)

Сабақтың ұзарып өсуінің, тұқымсыз жемістерінің толысуының, тұқымның тыныштық күйден шығуының (дəннің өсіпөнуі), гүлденудің, бірүйлі өсімдіктер (қияр, жүгері) гұлшоғырларының маскулинизациясы

Цитокининдер (кинетин жəне оның аналогтары)

Клетканың, тыныштық күйдегі бүршіктерінің бөлінуі, тыныс алу саңылауларының ашылуының, каллустардағы сабақтың түзілунің стимулденуі, жапырақтың солуының тежелуі, бірүйлі өсімдіктер гүлшоғырларының феменизациясы

Абцизиндер (АБҚ жəне оның аналогтары)

Жапырақтың солуы мен өсуінің, жемістің пісуінің, тыныс алу саңылауларының жабылуының, түйнектердің, бадана мен тұқымның тыныштық күйге көшуінің стимулденуі; антогонистік фитогормондардың, ИСҚ жəне ГҚ-дары əсерінің бүршіктер дамуының үйлесімділігі

Этилен

Үштік жауаптың (апикалды ілгектің, сабақтың жəне өркендердің жуандауының) стимулденуі, сонымен қатар жапытарақтардың солуы мен қартаюының жəне шіруінің, бірүйлі өсімдіктер гүлшоғырының феминазациясының стимулденуі

Брассиностероидтар

Сабақтың ұзаруының, этилен биосинтезінің стимулденуі; тамыр жүйесінің өсуі мен дамуының тежелуі

Фенолды тежегіштер

Тамырдың түзілуінің, клетканың ұзаруының стимулдененуі, ауксиндер мөлшерінің реттелуі

116

АБҚ бүршіктер дамуының үйлесімділігінде ИСҚ жəне ГҚ тандеміне қарама-қарсы əсер етеді. Синергистер сияқты антогонистер үйлесуінің көптеген мысалдары фитогормондардың өзара əрекеттесуінің онтогенездің тек бір мезгілдегі тұқымның өсіп-өну фазасындағы ГҚ мен АБҚ-ң өзара əрекеттесуі өзгеріп отыруы мүмкін. Егер ауксиндер өркеннің апикалды меристемасынан төмен қарай, яғни базипалды қозғалса, цитокининдер төменнен жоғарыға қарай, тамыр жүйесінен жапыраққа дейін, яғни акропеталды тасымалданады. Бұл жағдайда ксилемада ̶ цитокининдердің трансзеатиндік типінің, ал флоэмада изопентил-аденинді типінің мөлшері басым болады. Гиббереллиндерде тасымалданудың айқын поляризациясы байқалмайды. Олар өркен бойымен екі жаққа бірдей, яғни акропеталды жəне базипеталды тасымалданады. Сондықтан фитогормондардың қарама-қарсы тасымалданатын ағыны олардың өсімдік ұлпаларындағы əрекеттесуінің алғышарты болып табылады. Өсімдіктің жерүсті жəне жерасты мүшелері онтогенезінің əр түрлі кезеңдерінде физиологиялық процестерді реттеуші-гормондардың болуы, сонымен қатар фитогормондардың қарама-қарсы бағыттарда тасымалдау жолдарының болуы мен аккумуляциялануы олардың арасындағы өзара əрекеттесулер болатындығының дəлелі бола алады. Гормондардың қызмет етуі - бұл оның биосинтезінің, клеткаішілік жəне клеткааралық сигналды механизмдердің жəне гормон-тəуелді қосылыстар мен фитогормондардың ыдырау циклдері болып табылады [10]. ИСҚ-индолилсірке қышқылы ГҚ-гиббереллин қышқылы АБҚ-абциз қышқылы



Əдебиеттер тізімі:

1. Полевой В.В. Фитогормоны. – Л.: ЛГУ, 1982. – 248 с.

2. Под ред проф. И.П. Ермакова. Физиология растений. –М.: Академия, 2005. – 429 с.

3. Медведев С.С. Физиологические основы полярности растений. С. : Кольна, 1996. – 159 4. Полевой В.В., Саламатова Т.С. Физиология роста и развития растений. – Л,: ЛГУ, 1991. – 240 с.

5. Дерфлинг К. Гормоны растений. Пер. с нем. – М., 1985.

6. Якушкина Т.И, Е.Ю.Бахтенко. Физиология растений. – М.: Владос, 2005. 343 –с.

7. Г.В.Хелдт.Биохимия растений. – М.:Бином, 2011. – 372 с.

8. Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут.Биология.ІІ том. – М.:Мир, 2005. – 259 с.

9. З.Айташева.Сигнальная трансдукция растений. –А.:Қазақ университеті, 2009.-157173с. 10. Е.Н.Овчарова, В.В.Елина.Биология. – М.:ИНФА-М, 2010 – 417с.

117


МАЗМҰНЫ

Досова Г.Қ., Аманжолова Т.А., Иманбекова К.К., Жұмағалиқызы Б. Биология сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану тиімділігі................................................................................................................................. ..109

Байшатыр К., Бейсембаев М.Қ., Дюсенбаева Ж.С. Өсімдік гормондарының түрлері жəне олардың негізгі функциялары ...................................................................................... 113 Əділбек Р.Е., Əділбектегі Г.Ə. Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық көрсеткіштеріне əсері.................................................................................. .......................... .118 Еркінбек А. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағындағы қабандар санына əсер ететін факторлар жəне қабандар мекендейтін алқаптарды бағалап, сыйымдылығын анықтау................................................................................................... ...................................123 Рахимова З.С., Жапарқан Ш.Н. Биология сабақтарында жаңа технологиялық əдістерді пайдалану............................................................................................................... ...................128 Жұмағалиқызы Б., Молдрахметова О.М. Өсімдіктану пəні бойынша оқушыларда коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.............................................................................................................................133 Жұманова А. Жануарларды қорғауға байланысты қазақ халқының салтдəстүрлерінің танымдық жəне тəрбиелік мəні..............................................................................................................................................136 Ильясов Д.А. Энергия будущего............................................................................................141 Иньятова С., Шолпанқұлова Г. Үй жағдайында өсірілетін бұйра тотылардың кене ауруларынан сақтандыру шаралары....................................................................................................................................143 Жанғазиев А.С., Зияева Г., Ысқақова Г.Д. Вирустар қоздыратын аурулармен күресудің жолдары............................................................................................................... . ....................147 Қайырбай А.М. Ақадыр – алтын бесігім.......................................................................... ...150 Қалиев А.М., Шаукерова А.Н. Техникалық құралдардың адам ағзасына əсері.............................................................................................................................................153 Камшыбаева Г.К., Арыстанова С.А. Качество питьевой воды – гарантия социальной и экологической безопасности……………………………………..………............................. 159 Кан И.С. Использование икт на уроках географии (из опыта работы)……………...........163 Қарабай М., Шолпанқұлова Г. Жауын құрттарын қолданудың маңызы.........................166 Етіш С., Кенжеғұлова А. Қазалы ауданындағы балық шаруашылығы туралы.........................................................................................................................................169 Қосымбетова Ш.К. Жоғары оқу орнында омыртқалылар зоологиясынан оқудалалық практикасын ұйымдастырудың ерекшеліктері.............................................................................................................................172 Куандикова Ж.С., Баданова Н.М. Электромагниттік толқындардың адам ағзасына əсері............................................................................................................................................174 Қуанышбекова Г.С., Шолпанқұлова Г. Қыршаяндардың қазақстанда кездесетін түрлері................................................................................................................................... ... 178 Кунтубаева Д.К. Географическая культура – составная часть общей культуры человека………………………………………………………..………...................................182

МАЗМҰНЫ

Наурызбаева Н.Р., Седелев В.А. Проблемы утилизации отходов бурения................. ....216 Оңласын М.М. , Майданов Е.Д., Сүлеймен Е.М. , Ибатаев Ж.А. Сабын жасауда artemisia terrae-albae өсімдігі жұпарын пайдалану....................................................... ........ 220 Орынбасар Б.Н., Мураталиева А.А. Ақ жүгері өсімдігінен құндылығы жоғары энергетикалық сусын алу жолдары................................................................................. ... ....223 Парманбекова М.Х., Төкен А. Рений ионының ауыл шаруашылық малдарының бауырына əсері жəне оны табиғи адсорбент арқылы сыртқа шығару............................... 227 Қуанышбай А.,Разахова К.О. Табиғи материалдар арқылы заттар жасау жолдары.............................................................................................................................. ...... 231 Рахимова З.С., Жапарқан Ш.Н. Биология сабақтарында жаңа технологиялық əдістерді пайдалану............................................................................................................ .................. ...234 Амангельдиева С.Т., Санай Г.Е., Қарамурзаева У.У. Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен əлеуметтік мəселенің көріну деңгейі…............................ 239 Самидинова Н., Бейсембаев М.Қ., Дюсенбаева Ж.С. Биология пəні сабақтарын оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялардың тиімділігі......................................243

Санай Г.Е., Рустембеков М.К., Алтынханова М.Б. Жастармен əлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы……………………………………………………………………. .... 247 Санай Г.Е., Ускебаев М.Р., Аманжол А., Мусақов Д. Ботаникалық бақтардың экономикалық жəне экологиялық маңызы.................................................................. .. .250 Санай Г.Е., Темирғалиева А. Туристік-рекреациялық ресурстар…………………... ....256 Сарсенбаев К.Н., Rsaliyev S., Кожамжарова Л.С., Карабаева А.А. Количественное определение сигнальных молекул у сортов яровой пшеницы различающихся по устойчивости после заражения ржавчинными грибами pucciniarecondita…........................................................................................................……...259
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет