«келісілген» Қазақстан Республикасының



бет2/5
Дата10.06.2017
өлшемі0,81 Mb.
#18450
1   2   3   4   5

Тарау 5. Объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
46. Объектілерде жұмысқа жарамды жағдайдағы орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау жүйесі, кәріздеу және суағарлар көзделеді.

47. Объектілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

48. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ішкі су құбырлары және кәріздеу жүйесімен жабдықталған жергілікті ауыз-су көздерін пайдаланады. Су қуятын қолжуғыштарды орнатуға жол беріледі.

49. Тасымалданатын суды пайдаланатын объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған ыдыстар орналастырылған жеке үй-жай көзделеді. Ыдыстар таңбалануы («ауыз су») тиіс және олар апта сайын (және қажет болғанда) жууға және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, тазалауға және дезинфекциялауға жатады. Ауыз суға арналған ыдысты басқа мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

50. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне тасымалданып әкелінетін ауыз-су пайдалануға жол беріледі, тасымалдауды арнайы көлікпен немесе уақтылы тазаланып, жуылып, дезинфекцияланатын ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған арнайы таңбаланған ыдыстарда жүргізеді.

51. Орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі жоқ болған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су барлық ванналар, себезгілер, кір жуатын орындарға, тұрғын жайлардағы қолжуғыштарға, медициналық қызмет көрсету бөлмелері және ас блогындағы қажетті технологиялық құрылғыларға қатынастырғыш (смеситель) орнатылып жүргізіледі.

Технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға сумен жылыту жүйесінің ыстық суын пайдалануға жол берілмейді.



52. Объектілерде ауыз су ұйымдастырылуы тиіс. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, кішкентай бөшкелерге және басқалары) құйылған және шөлмектердегі су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Ауыз-суға арналған кулерлерді (диспенсерлер) өндірушінің нұсқамасына сәйкес үнемі тазалайды. Су ішу үшін таза ыдысты (шыны ыдысты, фаянс ыдысты, бір рет қолданатын стақандарды) пайдаланады. Жеке шөлмекті ыдыстарды пайдалануға рұқсат етіледі. Сақталу мерзімі 3 сағаттан аспайтын жағдайда қайнаған ауыз суды пайдалануға жол беріледі.



53. Стационарлық ішетін су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасындағы биіктігі кемінде 10 см болатын шектеу сақинасы болуын көздейді.

54. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

55. Кәріз жүргізілмеген және жартылай кәріз жүргізілген орындарда объектілерді орналастыру кезінде жергілікті кәріз жүйесін жабдықтайды. Сарқынды суларды, оның ішінде ауладағы дәретханаларды уақтылы тазалау жүргізілетін, объекті аумағының шаруашылық бөлігінде орналасқан гидравликалық (сифондар) қақпақтармен жабдықталған жалпы немесе жекеленген жер астындағы су өткізбейтін ыдыстарда жинайды (шұңқырлар, септиктер).

Сарқынды суларды ашық су көздеріне және оған жақын аумаққа төгуге, сонымен қоса сіңіретін құдықтар орнатуға жол берілмейді.

56. Ішкі кәріз жүйесін топтық, ас блоктары, медициналық үй-жайлардың қабырғаларымен, бөлменің төбесінен, сонымен қоса транзиттік су құбырлары магистральдарының жанынан жүргізуге жол берілмейді. Кәріз қадаларын өндірістік, қойма және тұмыстық үй-жайларында сыланған ашылмайтын қораптарда жүргізеді.

57. Балалардың сурет салуға және мүсіндеуге, өсімдіктермен жұмыс істеуіне арналған үй-жайлары, оқу кабинеттері, шеберханалары, медициналық блок үй-жайлары, ас блогының өндірістік үй-жайлары ыстық және суық су келтірілген қолжуғыштармен, қол жууға және құрғатуға арналған құралдармен жабдықталады.

58. Кәріз жүргізілмеген орындарда (75 адамға 1) САҚ-ты және (30 адамға 1) суды қолмен құятын жуғыштарды орнатуға жол беріледі.

САҚ-та жердің үстінде орналасқан үй-жайлары мен су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыр болады және ғимараттан 25 м қашықтықта орналастырады

САҚ-ты дезинфекциялық құралдарды пайдаланып күнделікті жинайды. САҚ-ты уақтылы тазалайды.

59. Білім беру объектілерін табиғи және жасанды жолмен жарықтандыруды құрылыс нормалары мен қағидаларына сай жобалау қажет. Жасанды жарықтандыру үшін светодиодты, люминесцентті және қуатты үнемдеуші шамдарды қолданады. Жалпы жасанды жарықтандыруды барлық үй-жайларда қарастырады. Бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады.

60. Оқу үй-жайларында сол жақ бүйірден табиғи жарықтандыру көзделеді. Негізгі жарық ағыны оқушылардың алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.

61. Оқу-өндірістік шеберханаларда, спорт залдарында екі жақты бүйірден табиғи жарықтандырумен және аралас (үстіңгі және бүйір жақтан) жарықтандыруға жол беріледі.

62. Ойын және ұйықтайтын бөлмелердегі жарық түсетін саңылауларды күннен корғайтын реттелетін құрылғылармен жабдықтайды.

63. Жасанды жарықтандыру кезінде бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады. Қыздыру шамдарымен жарықтандыру кезінде шағылысқан және шашыраңқы жарықты шамдарды қолданады. Шамдар плафондармен қамтамасыз етіледі.

64. Білім беру ұйымдары объектілерінде жасанды жарықтандырудың нормалық көрсеткіштері адамға әсер ететін физикалық факторлар талаптарын айқындайтын қолданыстағы гигиеналық нормативтерге сәйкес қабылданады.

65. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған объектілердегі оқу үй-жайларға (сыныптарға, кабинеттерге, зертханаларға, шеберханаларға), сондай-ақ оқу залдарына қыздыру шамдары қолданылатын жасанды жарықтандырудың аралас жүйесімен жабдықтайды.

Көру патологиясының түріне байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық деңгейі мынаны құрайды:


  1. жоғары деңгейдегі күрделі алыстан көрмейтін және жоғары деңгейдегі жақыннан көрмейтін оқушылар үшін – 1000 люкс (бұдан әрі – лк);

  2. көздің торлы қабығы мен көру нерві зақымдалған (көздің қарығуы болмайтын) балалар үшін – 1000 – 1500 лк;

  3. көздің қарығуы ауруынан зардап шегетін оқушылар үшін 500 лк-тен артық емес;

  4. жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400 лк деңгейінен аспауы қажет;

  5. әр жұмыс орнын қуаты 40 ватт болатын қыздыру шамдары қолданылатын жергілікті жарықтандыру шамдарымен жабдықтайды.

Шамдар үстелдің бетіне нығыз бекітіледі және еңкею бұрышы мен жарық көзінің биіктігін өзгертуге болатын иілімді кронштейні болуы тиіс.

66. Істен шыққан шамдар уақтылы ауыстырылады. Жұмыс істемейтін, істен шыққан сынап құрамды шамдарды балалар мен оқушылардың қолы жетпейтін жеке үй-жайда сақтайды. Пайдаланылған сынап құрамды шамдарды қоқыс жинағышқа тастауға жол берілмейді. Пайдаланылған сынап құрамды шамдарды сақтау және пайдаға асыруға бағыттау мекеме басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі.

67. Объектілердің ғимараттары орталықтандырылған жылыту жүйелерімен жабдықталуы тиіс. Орталықтандырылған жылыту көзі болмаған жағдайда сұйық, қатты және газ түріндегі отынды қолданатын автономды қазандықты пайдалануға жол беріледі.

68. Шағын жинақталған ауылдық білім ұйымдарының бір қабатты ғимараттарында пешпен жылыту құрылғысын орнатуға жол беріледі. Пешті жағу жеке кіреберісі бар оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.

69. Объектілердің ғимараттары желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталуы тиіс. Ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесі көзделеді. Жылу және ылғал бөлу көзі болып табылатын жабдықтың үстінде сорып-шығаратын шатырлар орнатылады.

70. Желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану кезінде желдету және ауа баптау жүйелеріне, оларды тазалауға, дезинфекциялауға қойылатын талаптарды айқындайтын қолданыстағы гигиеналық нормативтер сақталады.

71. Оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ кезінде желдетеді. Сабақ басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларына өтпелі желдетуді жүзеге асырады. Өтпелі немесе бұрыштық желдетуді балалар болмаған кезде жүргізеді. Өтпелі желдетуді дәретхана үй-жайлары арқылы жүргізбейді. Терезелердің әйнектелуі бүтін шыныдан жасалуы тиіс.

72. Жылу мен шаңның көп мөлшерін бөлетін станоктар мен механизмдерде жұмыс жасайтын шеберханаларды ішке сорып-сыртқа шығаратын желдету жүйесімен, жергілікті шаңұстағыштармен және сорып шығару құрылғыларымен жабдықтайды.

73. Объектілерде үй-жайлардың оңтайлы микроклиматтық жағдайлары (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) қамтамасыз етіледі.

74. Жылыту маусымында ауаның температурасы адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын талаптарды айқындайтын қолданыстағы гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы қажет.

75. Ауа температурасын бақылау үшін білім беру ұйымдарының ойын, оқу және жататын, балаларды тәрбиелейтін және олардың тұратын орындарына, сонымен қоса медициналық пункт жайларына термометрлер орнатылады.

76. Жыл сайын объектілерде инженерлік коммуникацияға, шатырға, жұмсақ және қатты құрал-жабдыққа орындалған жұмыстар туралы акт толтыру арқылы ревизия және жөндеу жүргізеді.

77. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде апаттық жағдайларды жою бойынша жұмыстарды қоспағанда, күрделі және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді

78. Апатты ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол берілмейді. Объектілердің ғимараты объектінің апаттылығы туралы құзыретті органдардың актісі болған кезде апатты жағдайда деп танылады.


Тарау 6. Объектілердің үй-жайларын ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
79. Барлық үй-жайлар таза ұсталуы тиіс. Медициналық үй-жайларды, ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жинайды. Дәретханаларда күнсайынғы дезинфекциялауға едені, есік тұтқалары, крандардың бұрамалары, қолжуғыштар және унитаздар жатады.

Үй жайларды ылғалды тазалауды техникалық персонал жүргізеді, санитариялық тораптарды жууға тәрбиеленушілер мен оқушыларды тартуға жол берілмейді.

80. Белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген қолданылатын дезинфекциялау ерітінділерін таңбаланған ыдыстарда, дайындалған күнін көрсете отырып, нұсқаулыққа сәйкес дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалар мен жасөспірімдердің қолы жетпейтін орындарда сақталуы тиіс.

81. Жинау мүкәммалы (шаралар, шелектер, жөкелер, шүберектер) таңбаланады және әр үй-жайға (санитариялық торап, медициналық блок, оқшаулағыш, ас блогындағы өндірістік үй-жайлар, тамақ ішу залдары, рекреациялар, әр оқу бөлмесі, өндірістік шеберханалар және т.б.) бөлек арналады және арнайы бөлінген орындарда сақталады.

Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының сигналды таңбасы болуы тиіс.

82. Терезе әйнектері, электр шамдарының плафондары және сорып-шығаратын желдету жүйелерінің жалюзді торлары таза қалпында сақталады. Жарықтандырушы арматураны тазалауға және терезелерді жууға тәрбиеленушілер мен оқушыларды тартуға жол берілмейді.

83. Балалар мен жасөспірімдер үшін жаңадан сатып алынған өнімдердің (ойыншықтар, аяқ киім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз және басқ.) сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.



84. Ас блогы үй-жайларына, ұйықтайтын және басқа да бөлмелерге, желдету үшін ашылатын терезелерге, форточкаларға, фрамугаларға шыбындардың және масалардың ұшып кіруін болдырмау үшін шыбын-шіркейге қарсы торларды орнатады.

85. Объектілер дезинфекция, дератизация және дезинсекция бойынша іс-шаралар жүргізеді. Жәндіктердің, кенелердің және өзге де кеміргіштердің болуына жол берілмейді.

86. Объектілерде жануарлардан тірі бұрыш ұйымдастырған кезде ветеринариялық ілеспе құжат бар болады.

Тарау 7. Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

87. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің тұруына арналған объектілер ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда, бөлек тұрған ғимараттарда, сондай-ақ оқу корпустарымен аралас орналасуы мүмкін.

Ұйықтайтын бөлмелердің тұрғын ауданы 1 орынға кемінде 4 м2, полиемиелит және енжар сал ауруларынан зардап шеккен балаларға арналған мектеп-интернаттарда кемінде 4,5 м2 көзделеді.

ТжКБ оқушылары мен ЖОО студенттеріне арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді және 1 бөлмеде 4 адамнан артық тұрмайды.

88. Үй жайлар олардың функционалдық тағайындалымына сәйкес жиһаздармен жабдықталады. Төсек жабдықтары, жаңа және ескі киімдер мен аяқ-киімдер, қатты мүкәммалдардың артық қорларын сақтау үшін қоймалар көзделеді.

89. Балалар тәулік бойы болатын объектілерде оларды жуындыру төсек жабдықтарын, іш киімді және сүлгілерді бір мезетте ауыстыра отырып, график бойынша жеті күн ішінде кемінде бір рет жүзеге асырылады.

90. Киім-кешектерді жуу кір жуатын объектіде іске асырылуы тиіс,таза және лас киімдер аралас жатпауы қажет. Кір жуатын объекті болмаған жағдайда жууды өзге кір жуатын орындарда келісім-шарт бойынша ұйымдастыруға жол беріледі. Инфекциялық аурумен ауыратын науқастардың киім-кешектері жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатқызылады.

91. Төсек жабдықтарын, сүлгілерді ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуатын бөлмеге (клеенкалы және мата) қаптармен жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы қаптар сабынды-содалы ерітіндімен өңделеді. Таза киім жуылған қаппен жеткізіледі. Төсек жабдық жылына бірден реттен кем емес жиілікте камералы дезинфекция жасауға жатады.

92. Бір жатын орынға төсек жабдықтарының жиынтығы (3 жиынтықтан кем емес) көзделеді. Интернат типті ұйымдарда барлық төсек жабдықтары және көрпе-жастық, жаймалар таңбаланады, жеке гигиенаға арналған заттар (тіс щеткалары, тарақтар, жөкелер) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткалары ашық жәшіктерде жуынатын бөлмелерде сақталады.


Тарау 8. Білім беру объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
93. Білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру ұйымдары мыналарға бөлінеді:

1) өндірістік шикізатты сатып алуды, аспаздық тағам өндіруді, білім беретін мекемелердің асханаларын олармен жабдықтауды жүзеге асыратын мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдары (мектептік тамақтандыру комбинаттары, мектептік-базалық асханалар);

2) жартылай фабрикаттардан тамақ және аспаздық бұйымдар дайындауды және оларды өткізуді жүзеге асыратын асханалар-дайындау алдындағы бөлмелер;

3) азық-түлік шикізатынан тамақ дайындайтын және (немесе) өткізетін объектілердің асханалары;

4) дайын тамақты, аспаздық, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын буфеттер, тарату – буфеттері.

94. Объектілердің ас блогтарына осы Санитариялық қағидалар талаптарына қайшы келмейтін қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын нормалық құжаттар талаптары қолданылады.

95. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес олардың талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан (мектептік тамақтандыру комбинаттары, мектептік-базалық асханалар және тағы басқалары) және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан жартылай фабрикаттарды жеткізуге жол беріледі.

96. Ас блогының өндірістік, қоймалық және әкімшілік-тұрмыстық үй жайларынының ұсынылған құрал-жабдықтарының ең төменгі тізбесі осы Санитариялық қағидалардың 4 қосымшасында көрсетілген.



97. Тамақ ішу арасындағы аралық 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс

98. Тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде оқушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру нормалары («брутто» массасында) «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен регламенттелген.



99. Жалпы білім беретін ұйымдарда бірінші ауысымдағы оқушылар үшін 1-2 рет тамақтандыру – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, 2-ауысымдағы оқушылар үшін – бесіндік, ұзартылған күн тобы үшін екінші таңғы ас, түскі ас және бесіндік ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде 5 реттен кем емес тамақтану көзделеді.

100. Жас ерекшелігіне байланысты граммға шаққандағы порциялардың ұсынылатын массасы осы Санитариялық қағидалардың 5-қосымшасында көрсетілген.

101. Өнімдерді алмастыруға осы Санитариялық қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес жол беріледі.

102. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, тауық еті 2 – 7 күнде 1 рет қосылады.

103. Таңғы ас ыстық тамақтан (бірінші және екінші) және ыстық сусыннан тұрады. Сары май, ірімшік, жұмыртқа қосылған бутерброд, шырындар мен жемістерді таңғы асқа қосуға немесе жеке қабылдауға жол беріледі.

Түскі ас салат, бірінші, екінші (негізгі ыстық тамақ еттен, балық немесе тауықтан жасалады, гарнирімен) және үшінші (компот, кисель, шай және шырындар) тамақтан тұрады. Қайнатылған және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады.

Бесінде кремсіз кондитерлік өніммен немесе тоқашпен бірге сусынды (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырындар) ас мәзіріне қосады.

Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тамақтан (гарнирімен ет, балық немесе тауық), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады.

Екінші кешкі ас ретінде қосымша жеміс-жидектерді немесе қышқыл сүт өнімдерін және кремсіз кондитерлік өнімдерді немесе тоқаштарды қосады.

104. Күн сайын тамақтану залында білім беретін мекеменің басшысы бекіткен, тамақтардың атауы, әрбір тағамның шығу салмағы көрсетілетін мәзір ілінуге тиіс. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларына сәйкес келулері тиіс.

105. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау осы Санитариялық қағидалардың 7-қосымшасының 1-нысанына сәйкес деректерді тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының бракераж журналына кіргізе отырып, олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.

Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар қоғамдық тамақтандыру ұйымында сақталады.

106. Балалар мен жасөспірімдер тағамына көрсетілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық - құрал-саймандық зерттеулер нәтижелері болған кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, білім беру ұйымдарындағы оқу-тәжірибелік және бақша учаскелерінде, жылыжайларда өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі 107. Ас блогы үй-жайларына балалар мен жасөспірімдердің кіруіне және оларды тағамдар дайындаумен, көкөністі тазалаумен, дайын тамақты таратумен, нан кесумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды тазалаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді

108. Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді.



109. Балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда «С» витаминімен витаминдеу мектеп жасындағыларға – 100 мг орташа тәуліктік мөлшері есебімен, осы Санитариялық қағидалардың 7-қосымшасының 2-нысанына сәйкес «С-витаминдеу» журналына деректерді енгізу арқылы жүргізеді.

110. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары өндірушінің (дайындаушының) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.

111. Консервіленген өнімдердің жеке қаптамасын ашу алдында ағынды сумен шаяды.



112. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау төмен температуралы тоңазытқыш қондырғыларында, тоңазытқыш камераларында немесе тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Тоңазытқыш және тоңазытқыш камераларында температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.

113. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану ұйымдарында:

1) мыналарды:

простокваша, сүзбе, айран;

туралған ет қосылған құймақтарды;

флотша макаронды;

зельцтерді, форшмактарды, сілікпелерді, паштеттерді;

кремі бар кондитерлік өнімдерді;

морстарды, квастарды;

фритюрде қуырылған өнімдерді;

шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны;

күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

окрошканы;

саңырауқұлақты;

үйде дайындалған өнімдерді;

тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

газдалған және ішімдіксіз энергетикалық сусындарды (минералды және ауыз судан басқа);

чипсилер, кептірілген нан, гамбургерлер, ход-догтарды;

ащы тұздықтар, кетчуптарды;

сағыздарды дайындауға және өткізуге жол берілмейді;

2) мыналарды:

пастерленбеген сүтті, қайнатылмаған немесе термиялық өңдеусіз сүзбені және қаймақты;

суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

алдында ішкен тамақтарды, сондай-ақ алдында дайындалған тамақты;

ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;

тіл, жүрек және бауырды қоспағанда ішек-қарынды;

механикалық түрде еті сылынып алынған және құрамында коллагені бар тауық еті;

генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) генетикалық түрлендіру көздері бар шиізаттарды;

йодталмаған тұзды және жоғарғы және бірінші сортты құрамында темірі бар минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) ұнды пайдалануға жол берілмейді.

114. Білім беру ұйымдарында тамақ өнімдерін сататын автоматтарды орнатуға жол берілмейді.

115. Жаппай сауықтыру ем шаралары ретінде кислородты коктейльдерді өткізуге жол берілмейді.

116. Күн сайын жауапты адам осы Санитариялық қағидалардың 7-қосымшасының 3-нысанына сәйкес дайын тамақтың сапасын бақылау (бракераж) журналына жазба енгізу арқылы дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді. Бракераж комиссиясының құрамы міндетті түрде ұйымдағы медицина, әкімшілік қызметкерін, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін кіргізе отырып обьект басшысының бұйрығымен айқындалады

117. Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын нақты ас мәзіріне сәйкес қалдыруы тиіс. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынама 24 сағаттан кем емес уақыт, келесі немесе демалыстан кейінгі күні (демалыс күндерінің санына қарамастан) дайындалатын тағаммен – таңғы аспен, түскі аспен, бесін немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін сақталуы тиіс


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет