Кештің мақсаты: Оқушыларды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту



Дата14.02.2018
өлшемі485,29 Kb.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам...

(ақын, драматург Исраил Сапарбаймен кездесу кеші)



Кештің мақсаты: Оқушыларды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Қазақша би. (10 сынып қыздары)



1-жүргізуші:

Мен ақынмын –

Періштемін ендеше!

Сенбегендер өзі білсін, сенбесе.

Өзге түгіл Аллаға аян ақиқат

Өмір сүре алмайтыным пендеше.

Мен ақынмын елге еншісін тең бөлер,

Қараша үйін хан тағымен тең көрер!

Қара бастың харекетін қаузаған

Қадірімді қайдан білсін пенделер?

Мен ақынмын –

Періштемін ендеше!

Сенбегендер өзі білсін, сенбесе.

Өзге түгіл Аллаға аян ақиқат –

Өмір сүре алмайтыным пендеше – деп жырлаған сыршыл лирик ақынымыз, халқымыздың белгілі композиторы, талантты драматург Исраил Сапарбай ағамыз жұбайы Жұпар апамызбен және Сатыбалды Дулати ақын-атамыз бүгінгі әдеби кешіміздің қонағы болып отыр.

2-жүргізуші: Өңіріміздің талантты ақыны, дарынды тұлғасы Сатыбалды Дулати атамызды, «Аппақ гүлдер» әнімен көпшілікке танымал болған марқұм Қуаныш Төлеметовтей дарынды ақындарымызды дүниеге келтірген «Майсалы Майбұлақ» ауылына қош келіпсіздер! Әдеби кешімізді ашу мақсатында сөз кезегі мектебіміздің директоры К.Найзабаевқа беріледі.

3-жүргізуші: И. Сапарбай атамыздың өмірі және шығармашылығы туралы шағын бейнежазбаға көңіл аударайық.

1-жүргізуші: М.Шаханов атамыз махаббатқа «Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін» деп ерекше сипаттама бергені секілді шығармашылық адамына шабыт сыйлайтын ең керемет сезім – махаббат. Ешқашан жазылып бітпейтін бұл мәңгілік тақырыпқа қалам тартпаған адам жоқ деуге болады. Махаббаттың шайыры атанған Исраил Сапарбай ағамыздың «Егіз лебіз» әнін қабыл алыңыздар. (Еңлік, Нургелді)

6-сынып оқушысы Үсіпхан Үміт «Заман»



2-жүргізуші: Қазақ қыздары әрқашан сұлулықтың, адалдықтың, имандылықтың символы іспетті болған. Көркіне ақылы сай етіп жырланған Құртқа, Қарашаш, Гүлбаршын, Жібек, Баян секілді арулар осыған дәлел. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйел-ана. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыз «Қыз – болашақ ана! Әйел бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей - еліміз толық түзелмейді»-. десе, И.Сапарбай ағамыз:

Саяқты санға қосып сыртта қалған,

Адал жар, азаматқа жұп бола алған

Көремін өмірсерік өнегесін

Ақжүніс, Қамқа, Назым, Құртқалардан...деп жырлаған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» өлеңін қабыл алыңыздар.

«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» өлеңін жатқа оқу (3 оқушы) фон музыка.(Ғабит, Бигелді, Иманжүсіп)

Көмекбай Камшат «Ғұмыр сазы»

3-жүргізуші: Поэзия адам жанын әрқашан да жұмсартады, жаныңа сұлулық, нәзіктік, мейірімділік сезімін ұялатады.Себебі поэзияда адам жанын қаталдықтан, ашушаңдықтан, мейірімсіздіктен емдейтін бір құдіретті күш бар. Кез келген адамға қона бермейтін осындай құдіретті күштің иесі Исраил Сапарбай ағамызды және киелі Нұратадай қара шаңырақтан өсіп –өнген, үлбіреген гүлді де, сарқыраған суды да, құшағы ажырамас махаббатты да, қайғысы мен қуанышы қатар жүретін бұл жалғанды да өз өлеңіне қосқан Сатыбалды Дулати ақындарымызды ортаға шақырамыз.

3-жүргізуші: Исраил ағамыздың сөзі мен әніне жазылған «Қуыршақ» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Исраил аға, Сатыбалды ата, оқушылар сіздерден өздеріңіздің жандарыңызға жақын бір-екі өлеңдеріңізді оқып берулеріңізді сұранады.

1-жүргізуші: Біздің оқушылар сіздердің шығармашылықтарыңызбен жақсы таныс. Ендігі кезекті толғандырып жүрген сұрақтары бар болса оқушыларға берейік.


  • Исраил ата, қазіргі жас ақындарға деген көзқарасыңыз қандай?

  • Сіздің 150-ге тарта ән мәтіні мен 70 әннің авторы екендігініз белгілі. Қазіргі кездегі жас әншілердің әндеріне көңіліңіз тола ма?

  • Өмірде неден ұтылып, неден ұттым деп ойлайсыз?

  • Сатыбалды ата, ақындыққа неше жасыңыздан бастап бет бұрған едіңіз?

  • Ойды көркемдеп жеткізу үшін ақындық шеберлік, шалқар шабыт қажет. Сатыбалды ата, сіздің өлеңге деген шабытыңыз қай кезде оянады?

  • Сіз сұлулықтың иесі қыздар жайлы өлеңдерге көп қалам тартқансыз. Өз анаңызға арнап жазған өлең шумақтарыңыз бар ма?

  • Жұпар апамызға арнаған бір өлеңіңізді оқып беріңізші.

  • Сіздің М.Мақатаев секілді табынған музаңыз бар ма?

  • Сіз де көп ақындар сияқты Абай салған сүрлеу соқпаққа бет бұрған кезіңіз болды ма?

Саханада Ө. Жалбиев «Жұлдызым» әнімен

3-жүргізуші: Ортада ақынға арнау өлеңімен 6 сынып оқушысы Үсіпхан Үміт. «Мен де сіздей болсам деймін». Шапан жабу рәсімі, Жұпар апаға гүл сыйлайды.

Би. Қазақ қызы. (8 сынып)



Хор «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

2-жүргізуші: Ақындық өнер – сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтик, дәстүр мен шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі дей келе бүгінгі «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты әдеби-сазды кешіміз өз мәресіне жетті, Исраил аға, Сатыбалды ата алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет.

ОҚО, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылы.

«Майбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.А. Тажибаева




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет