Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ. СӨЗДІҢ ДӘЛДІГІ. ІСКЕРЛІК ӘЛЕМІ



бет2/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай
Ахметова М.К, attachment, attachment, TEST, Улул, Улул, Pdf, Pdf

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ. СӨЗДІҢ ДӘЛДІГІ. ІСКЕРЛІК ӘЛЕМІ.


Сабақтың мақсаты. Терминология ғылымы туралы мәлімет беру. Тұрмыстық қарым-қатынаста әдеби тілдің нормаларын сақтап, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, ой бөлісе отырып, ой – пікір, сөз еркіндігіне баулу , кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.


Тірек сөздер: іскерлік, кәсіпкер, капитал, еңбек ресурстары, ынталылық, кәсіпорын коммерция, өндірістік технология, тәуекел, инновациялық шешім, ресурстар, өтем, экономикалық пайымдау, тұтынушы, әріптес, дәлдік, ақпарат, ақпараттық жүйе, жобалау, дерекқор (деректер базасы), сараптау, келісімшарт.
1. Мәтінді оқыңыз. Терминология туралы өз білгеніңізбен мәтінді жалғастырыңыз.

І. Экономикалық терминология негіздері.


Тіл тірі организм іспетті. Әсіресе ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Мұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының терминологиялық жүйесінен байқалады. Сондықтан да термин жасауды қалыптастырып, реттеп, терминологияны жүйелеу қажет.

Терминология – терминдер жиынтығы.


1910-1930 жылдар аралығында үстемдік етуші орыс тілінің мүддесі көзделіп, термин жасау мен шет тілдер сөздерін қабылдауда өзге ұлт тілдерінің ерекшелігі ескерілмеді. Ұлт тілінде термин жасауға еркіндік берілмегендіктен тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала бастады.
1990 жылдардан бері қарай ұлттық ғылыми терминологияны дамытудың жаңа принципін жасау қолға алынды. Көптеген жаңа терминдер жасалып, қолданысқа ене бастады. Қазіргі терминологияда халықаралық деп аталатын терминдерді қазақшаға аудару, жазу, қабылдау және көптеген терминология комиссиясы бекіткен сөздердің қазақша баламасы бола тұра тұрақты қолданылмай немесе шет тілдегі нұсқасы жарыса қолданылып жатады. Мысалы: мәртебе (статус), сынып (класс), мәтін (текст), әлеует (потенциал). Ал кейбір терминдер түрліше аударылып, әртүрлі қолданылуда. Мысалы: спонсор – демеуші, мияткер, қолдаушы, ткань – ұлпа, тін, клетка – жасуша, торша т.б. Осы мәселелерді арнайы зерттеп, тиісті қорытынды шығарудың терминология үшін маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет