Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет12/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Психология - атты оқулығының екінші бөлімінде дидактиканың ұғымын, маңызын, білімдендірудің үлгілі, дәйекті жүйесін, жалпы білім дидактиканың ережелері, ынталы оқыту т.б. мәселелерге ғылыми тұрғыда талдау жасағанын білеміз.
«Тәрбиеге жетекші» атты еңбегі 1924 жылы Орынбордағы Қырғыз мемлекеттік баспасында жарық көрген. Аталған еңбекте оқыту мн тәрбиенің басты сұрақтары қарастырылады.
Ж. Аймаутов еңбегінде баланың интеллектуалды дамуына байланысты білім берудің белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге жылдам жетудің шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның дидактикаға берген ғылыми қағидасы «Дидактика затында грек тілі (дидаксо - үйретемін), бұдан шыққан дидактиканың мағынасы – үйрету яки оқыту пәні» дейді. Автор ағартушылық еңбектерін оқыту жүйесіне бағыттай отырып, оқу пәндерін оқытуда басшылыққа алынатын қағидаларды баяндайды. «Тәрбиеге жетекші» негізінен төрт бөлімнен тұрады:
І. Бала тәрбиесінің мақсаты, міндеті жайында.
ІІ. Мұғалім бала оқыту мәселесінің өзекті сұрағы оқыту жолдарын, әдістерін дидактика туралы жалпы мағұлмат берген.
ІІІ. Мектеп басқару, мектеп салу, тазалық, саулық, тәртіп орнату жайында жазған.
ІV. Өзрегістен бері майданға шыққан жаңа пікірлер, жаңа жолдармен танытыратын мақалалар, әдістерді теріп жазылған.
1929 жылы Қызылорда қаласында орналасқан «Қазақ» баспасында «Комплекспен оқыту жолдары» атты он бөлімнен тұратын мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әзірленген оқу-әдістемелік еңбегі басылып шыққан. Еңбекте білім беру мазмұнына қатысты жұмыс жоспары, күндік жоспар, бағдарлама оның қазақ елінде пайда болу тарихына, мазмұнына қатысты бірнеше мәселелер қарастырылған.
Ж. Аймауытов комплекспен оқыудың тиімділігіне мынандай анықтамалар берген: «Комплекспен оқытқанда:
- ... оқытушы балаға икемделеді. Баланың сұрауын, қызық көруін еске алып, баланың өзіне тапқызуға, істетуге тырысады». Бұл жерде мұғаліммен оқушының арасында дұрыс қарым-қатынас орнап, баланың таным қызығушылығын арттыру мүмкіншілігінің пайда болуы және шығармашылықпен өзбетінше жұмыс істеуге дағдыланатынын айтады.
«... бала өмірді, құбылысты өзі бақылауды, зерттеуді тәжірибе қылады». – дейді, яғни Ж. Аймаутовта теория мен тәжірибені байланыстыру керек деген идеяны қолдайтынын көруге болады.
Ғалымдардың идеяларынан біздің түсінгеніміз балаларға білім беру кезінде өтілетін жаңа тақырыпты өмірмен, тіршілік көздерімен байланыстырып оқыту керек. Себебі баланың ересек адамдарға қарағанда өзін қоршаған ортаны жалпы дүниені танып, білуге деген ынтасы зор.
Ж. Аймаутовтың тағы бір идеясына тоқталсақ: «... сабақ үзіліссіз бірінен-бірі туып, біріне-бірі жалғасып отырады; бір сағатта бітпеген нәрсе екінші сағатта зерттеледі, үзіліс (тыныс) деген сабақтың арасын жіктеу үшін емес тек демалу, бой көтеру үшін істеледі». Бұл айтылған ойдан пәнаралық байланыстың бар екенін білуге болады, ал: « ... керексіз көп материалдар шағындалады, сұрыпталады, тек еңбек пен жаратылысқа, қоғамға қатынасы бар, өмірге керектері алынады»; «... негізгі зерттелетін нәрсе, кіндік тақырып – еңбек». деп айтылған ойлардан комплекспен оқыту оқу пәндерін, білім мазмұнын интеграциялаумен үндес, оның мәніне, негізіне үйлес екені көрінеді.
1922 жылдың аяғында Мәскеуде І-ІІІ саты мектептерге бағдарлама жасалып, жер-жердің мектебіне тәжірибеге, сынға жіберілді. Бағдарламаны жасауға Ресейдегі екі тәжірибе мектебінің жұмысын үлгі ретінде алып, тәжірибелі орыс оқытушыларымен ақылдасып отырып жасалынды. Бағдарлама туралы Ж. Аймауытов өз ойын білдірді: «Төңкерістен кейін орыс мектептері ескі программаны дұрыс емес деп тауып, оқытуды програмсыз жүргізіп байқады. Плансыз істен мән шықпасына көзі жеткен соң, әр жерде сөз көтеріліп, 1921-жылы әр мектеп там-тұм программ жасай бастады. Програмсыз мектеп жолсыз адасқан арбадай екенін ескеріп, 22-жылы Қазақстан білім ордасы бастауыш мектептерге төрт жылдық программ жасап таратты, бірақ ол программ көбінше ескі сүрлеумен жасалып еді.»
Бағдарламаның жыл сайын кемшілігі табылып, түзетіліп, өзгертіліп отырды. Әуелде, бағдарлама үш салаға - жаратылыс, еңбек, қоғам бөлініп жазылса, жүре-жүре салалары көбейді, қазақ білім ордасы «жаттығу», «әдіс» дегендерді қосып, саланы беске жеткізді.
Сала көбейген сайын материалдарды үйлестіру, тәжірибесі аз мұғалімдерге қиындықтар тудырды. Тек 1927 жылы барлық салалары қосылған жаңа бағдарлама жазылып шықты. Жазылған бағдарламаның І, ІІ жылдығын өзгертіп, қазақ мектебіне бейімдеп, 1927-жылғы «Жаңа мектеп» журналының №6 санында жарық көрді.

1927-жылғы 4 жылдық бағдарламаның алғашқы желісі







Жаратылыс пен адам

еңбек

қоғам

І

ІІ


ІІІ

ІҮ


Жыл мезгілі.

Ауа, су, топырақ қолдан егілген шөп, астық, мал. Оларды күту


Физика, химиядан қысқа мағлұмат, тұрған жердің жаратылысы. Адам денесінің тіршілігі.


Ресей мен басқа жердің жағрафиясы, адам денесінің тіршілігі.

Қаладағы, ауылдағы үй маңының жұмысы.
Балалар тұраған ауылдың, не қаладағы кварталдың жұмысы
Аймақтың шаруашылығы.

Ресей мен басқа жерлердің шаруашылығы.



Үй іші, мектеп.

Ауылдың. Қаланың қоғам басқаратын мекемелері.


Губерния, аймақ мекемелері тұрған жерінің тарихы.
Ресей мен басқа жұрттардың мемлекет басқару, адам баласының тарихы.

1920 жылдарда жасалған бағдарламаның алғашқы желісінің бүгінгі күндегі бағдарлама мазмұнынан ерекшелігі көп. Кестеден көргеніміздей білім беру мазмұнын құрастыруда ГУС бағдарламасына енгізілген жаңа принциптер негізгі үш тақырыпта жазылған: табиғат, еңбек және қоғам. Бағдарламаның ортасына адамның еңбек іс-әрекеті қойылған. ____________________________________________________ ГУС - Государственный учёный совет. (Мемлекеттік ғылыми кеңес) ГУС – бастауыш, орта және жоғары мектептердің оқу жоспарларын, бағдарламалары мен оқу құралдарды бағдарламаларды бекітетін Ғылыми-әдістемелік басқарушы мүше


Ол сол іс-әрекеттің объектісі және қоғамдық өмір еңбек іс-әрекетінің жалғасы ретінде табиғатпен байланыстырылып оқылуы жазылған.


Ж. Аймауытов ескі бағдарламадағы екі кемшілікті атап көрсетті біріншісі: бағдарламада пәнаралық үйлесімділіктің болмаған,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет